Материалдар / Жастарды мамандыққа баулу мақсатында өткізілген «Жүз жолдың бірі - сенікі» атты жетекші мамандардың ұйымдастыруымен Кәсіптік оқыту мамандықтағы оқушыларға өткізілген кездесу-жиының б а ғ д а р л а м а с ы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жастарды мамандыққа баулу мақсатында өткізілген «Жүз жолдың бірі - сенікі» атты жетекші мамандардың ұйымдастыруымен Кәсіптік оқыту мамандықтағы оқушыларға өткізілген кездесу-жиының б а ғ д а р л а м а с ы.

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Оқушыларға таңдаған мамандықтары туралы түсінік беру, қыр-сырларын меңгерту, оларды маман иелерімен таныстыра отырып, кәсіптік бағдар беру. 2. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру,ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 3.Тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2018
372
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ержигитова Ж.Ж, арнайы пәндер оқытушысы.
МКҚКМақтарал аграрлық колледжіОҚО, Атакент кенті.

Жастарды мамандыққа баулу мақсатында өткізілген Жүз жолдың бірі - сенікі атты жетекші мамандардың ұйымдастыруымен Кәсіптік оқыту мамандықтағы оқушыларға өткізілген кездесу-жиының
б а ғ д а р л а м а с ы.

Мақсаты:
1.Оқушыларға таңдаған мамандықтары туралы түсінік беру, қыр-сырларын меңгерту, оларды маман иелерімен таныстыра отырып, кәсіптік бағдар беру.
2. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру,ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3.Тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері, киім үлгілері.
Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу, демонстрация

Жүргізуші:
Мамандық таңдау оңай емес. Жалпы қай саланың да өз қиындығы болады.Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ.
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.
Мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Қазақ Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда деп бекер айтпаса керек. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым –қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез-келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертифакатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге төленетін ақының қажеттілігі.
Танымал және сұранысқа ие мамандықтың бірі бұл - өздеріңіз таңдаған тігінші мамандығы. Бұл сала бойынша белгілі бір жетістікке жету үшін, алға қойған мақсатты дұрыс жоспарлап, өз күшіңізді дұрыс бағалай білу қажет. Әрине тігіншінің шығармашылық біліктілігімен қатар, жұмысыңда табысты болу үшін теориялық бастапқы білімі болу керек. Нағыз маман атану үшін, ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже береді. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы тиіс. Адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кіріскенде ғана, жұмысынан ләззат алады.
Сондықтан, бүгін біздің бас қосуымыздың басты мақсаты – Кәсіптік оқыту және Тігін ісі мамандықтарының қыры мен сырын ашуға, осы мамандықтың иелерімен кездесуге арналады.
Сонымен, бүгінгі жиынымыздың қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.___________________
2. __________________

Жүргізуші:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Мамандық таңдау-қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады. Мамандық - бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абырой кеткізер -деп Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген қонақтарымызға бірқатар сауалдар қоймақпыз.
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтың қоғамдағы ролі ме?
Белгілі кәсіп иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім болу қажет пе?
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
Өз қолыңыздан шыққан киім ұнайды ма, әлде дүкеннен сатып алғанды дұрыс көресіз бе?
Етікші етікке жарымайдыдеген мақалға келісесіз бе? Өзіңізге арнап киім тіккенсіз бе?
Осы мамандықты таңдауыңызға ата-анаңыз себеп болды ма, өз қалауыңызбен қол жеткіздіңіз бе?
Тігінші болу үшін адамға не қажет?
Тігінші болмағанда кім болуыңыз мүмкін еді?
Бүгінгі таңда жастардың басым бөлігінің Ислам дініне және мұсылман киіміне деген қызығушылығына көз қарасыңыз қалай?. Сізде мұндай тапсырыс болған ба?
Кәсіпті меңгеру жолында қиындықтар кездесті ме, оларды қалай жеңдіңіз?
Қонақтарымыздың берген жауаптарына алғысымызды білдіреміз.

Жаз күнінде жайнаған
Масатыдай жер сұлу
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу
Өзгеден де ең сұлу
Бәріненде сен сұлу- демекші кезекті айдарымыз сен сұлу айдарына береміз. Сен сұлу айдарымыздың сұлу қызымыз Арыстан Гүлнұрды ортаға шақырамыз

Бүгінгі қонақтарымызға біздің сен сұлу айдарына стилист модельер, дизайнер болып ақыл кеңестерін беруін өтінеміз. Киіміне, шаш үлгісіне бет-әлпетіне мінездеме беріп, өзгертуге кеңес берсеңіздер
Шаш үлгісін, бетін әрлеп жасап болғанша
Ән көңілдің ажары демекші кезекті әнге береміз
3кәсіп қыздарының орындауында Жаяу


Жүргізуші:
Ата-бабамыз қыз баланы жастайынан өнерге баулыған.
Енді, біздің қыздарымыздың шеберліктерін байқау үшін кешіміздің Қыз еркем, кестесімен көркем деген бөліміне кезек береміз. Қыздар ортаға шығып, қолөнер бұйымдарын және муляж жасау өнерлерін паш етеді.
Қыздар ортаға шығып, өнерлерін көрсетеді.
Қыздарымыз қолөнер затын жасап болам дегенше
Қыздардан жасаған қолөнерлерін түсіндіруін сұраймыз.

Жүргізуші:
Армандардың айдынын алса кемең,
Жүрек шіркін соғады қанша елең.
Артық па екен, білмедім, емес шығар?
Арналса да қыздарға қаншама өлең?
Жыр дегенің сезімтал тамшы ғана
Сол тамшыда жатады ар-шұғыла
Қыз болмаса жақсы жыр жазылар ма?
Болмаса олар әдемі ән шыға ма?
Бас иіп табиғаттың ізгі арына
Әсемдіктің көз салдық біз бағына
Қазақтың ән өнері, жыр өнері
Қарыздар ғой алдымен қыздарына-
Деп, келесі кезекті Тігін ісі мамандығының оқытушылары мен оқушылары дайындаған киімдер коллекциясын тамашалауға береміз.
Қыздар ортаға шығады.

Жүргізуші:
Бастайық қызық думан ойын шартын
Кім тапқыр, сол адамды мойындайтын
Ойменен, ақылменен, санаманен,
Білген жөн бәрімізге заман нарқын

Құрметті көпшілік, кешіміздің келесі бөлімі Тапқыр достар студенттер сайысына берейік.
Ойын шарты: керексіз заттан, пайдаға жарайтын зат шығару. Сөздің қысқасы жоқтан бар жасау. Қатысушы оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Жүректің түріп құлағын
Ойланып, бір сәт қарашы
Кімсің сен, қайда тұрағың
Енді қайда барасың?
Құрметті оқушылар, енді оқушыларымыз жоқтан бар жасап боламын дегенше залдағы көрермендер сіздермен арнайы сый –сияпатты бар ойындар ойнасақ. Ортаға ветеринария - ұйымдастыру мамандықтарынан бір-бір студент, талшық және экология мамандығынан бір-бір студент, электрик-механик мамандықтарынан бір-бір студенттерді шақырамыз.
Ойын шарты: Кәсіптік оқыту және тігін мамандығына қатысты құрал жабдықты алдарыңызда тұрған плакаттарға суретін салып, атауын атап беру керек.
ким көп атау жазып (суреттін ұқыпты салған) бөлімнің оқушысына сыйлығымызды табыс етеміз
Жүргізуші: Оқушы
Кім боламын?
Әлде ғалым болам ба?
Бар әлемге танылып,
Әлде спортшы болам ба?
Жарыстарға қатысып,
Балкім тігінші мен болармын
Медаль алып олжалы-деп,- тігін саласын таңдап олжаға кенеліп жүрген ұстаздарымыз өздері модель болып дефилеге шығуда қанекей студенттер қошемет көрсетеміз
киімдер коллекциясын тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!-
дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Бүгін алған білімдеріңізді сынға салып, бір –бірлеріңізбен бәсекелесіп, ой жылдамдықтарыңызды көрсеттіңіздер, сіздерге және келген қонақтарға рахмет!
Бүгінгі кешімізді Білім- асыл қазыналы сандық,
Оны ашатын кілт-еңбек!
деген П. Буасттың сөзімен аяқтаймыз.
Сау болыңыздар.


































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!