«Жастардың зияткерлік дамуы-табысты мемлекет құрудың кепілі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жастардың зияткерлік дамуы-табысты мемлекет құрудың кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушыларға зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; • Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас оркен» колледжі


«БЕКІТЕМІН»

директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

______ Н.А.Байсалбаева










Интеллектуалды сайыс

Тақырыбы:  «Жастардың зияткерлік дамуы-

табысты мемлекет құрудың кепілі»




Ұйымдастырушылар: Мынжасарова А.К., Оразгалиева М.Ж.



















Қызылорда, 2018

Интеллектуалды сайыс

Тақырыбы: «Жастардың зияткерлік дамуы- табысты мемлекет құрудың кепілі»

Күні: 15.12.2018 ж.

Мақсаты:

  • Еліміздің Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру;

  • Оқушыларға зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

  • Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Барысы:

Жоспар:

  • Таныстыру.

  • Бәйге.(әр топқп 10 сұрақ, дұрыс жауапқа 1 балл)

  • «Тіл шебері» (көп нүктенің орнына тиісті жауабын тауып, үш тілде айту)

  • Көкпар. (саны бар ұяшықтарды таңдап, жауап беріп, тиісті баллын алады)

  • Капитандар сайысы «Егер де мен . . . болсам»

Мұғалім сөзі: Құрметті сайысқа қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер! Еліміздің Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Жастардың зияткерлік дамуы- табысты мемлекет құрудың кепілі» атты интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс басталмай тұрып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Сайысқа кіріспес бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Мұғалім сөзі: Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт. 
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың І кезеңін бастайық.











1 кезең. Таныстыру

ІІІ топ қатысады:

1. «Болшақ» тобы - Дамир (капитан), Марат, Нұрсұлтан, Өмірбек, Фархат.

2. «Асыл тас тобы» - Фариза (капитан), Ерболат, Гүлжайна, Ділназ, Индира.

3. «Бәйтерек» тобы - Әнел(капитан), Нұрсезім, Аружан, Жадыра, Аяулым.

2 кезең. Бәйге. (дұрыс жауапқа бір балл)

Болашақ тобына қойылатын сұрақтар


1.Елбасы басқаратын саяси партия  - НұрОтан

2.Латын тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси лауазым -  президент

3.ҚР Президентінің резиденциясы қалай аталады? -  Ақорда

4.«Жеті Жарғы» заңдары қай ханның тұсында қабылданды?  - Тәуке хан

5.Наурыз мерекесін қазақтар басқаша қалай атаған?  - Ұлыстың ұлы күні

6.Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы -  Ә. Молдағұлова

7.Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады?  - Байқоңыр

8.Астана қаласының мейрамы қай күн?  - 6 шілде

9.Қазақстан халықтары Бас Ассамблеясының басшысы кім? -  Н. Ә. Назарбаев

10.Абылай ханның шын есімі  - Әбілмансұр


Асылтас тобына қойылатын сұрақтар


1.Президент немесе парламент басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі- республика

2.«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? -Жаңа күн

3.Ұлы Отан соғысы жылдарында Невель қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың пулеметші қызы -  М. Мәметова

4.Гиппократ антын кімдер қабылдайды?  - Дәрігерлер

5.Еліміздегі суының жартысы тұщы, жартысы ащы көл  - Балқаш

6.Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)

7.ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)

8.Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)

9.Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)

10. Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)

Бәйтерек тобына қойылатын сұрақтар

  1. Алаш» партиясы құрылған жыл (1917 ж.)

  2. 1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы

  3. Бала туғанда қазақтар қандай той жасайды (шілдехана)

4.Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)

5.«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім болды? (О. Сүлейменов)

6.ҚР Жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? (98)

7.Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)

8.Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)

9.Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)

10.Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

3 кезең. «Тіл шебері». (5-10 ұпай аралығында)

Оқушыларға ақ қағаздар таратылады.

1)Туған жердей жер болмас...

(Туған елдей ел болмас). Ел-страна-country



2)Тіл тас жарады,

(Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stone



3)Ел елдің бәрі – жақсы,

(Өз елің бәрінен – жақсы). Жақсы-хороший-good



4) Жері байдың –

(Елі бай) бай-богатый-rich



5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-work

Ісің бітер.



6) Жеті рет пішіп,

Бір рет кес бір-один-one



7) Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher

8) Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red

9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің. су-вода-water





4 кезең. «Көкпар»



10-1. Қ.Р.-ның Президенті кім?

10-2. Сенің Отаның қалай аталады?

10-3. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды ?

20-1. Қ.Р.-ның рәміздері қалай аталады?

20-2. Қазақстан қандай мемлекет?

20-3. 1 – желтоқсан қандай мереке?

30-1. Тудың авторы кім?

30-2. 16 – желтоқсан қандай мереке?

30-3. Тәуелсіздікке қатысқан қазақ жастары кімдер?





5 кезең. Капитандар сайысы:

«Егер де мен . . .болсам»

Бұл турда әр оқушы бір-бірден шығып, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Тақырыптар жеребе арқылы беріледі. Ең жоғары ұпай 10.

  1. Егер де мен білім министрі болсам.

  2. Егер де мен денсаулық министрі болсам.

  3. Егер де мен кәсіпкер болсам.

  4. Егер де мен спорт министрі болсам.

  5. Егер де мен полиция қызметкері болсам.

  6. Егер де мен әкім болсам.

Қорытынды:

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.

Бүгінгі «Жастардың зияткерлік дамуы- табысты мемлекет құрудың кепілі» атты интеллектуалдық тарихи танымдық сайысы аяқталды.Құрметті көрермендер, сайысымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет!

Сөз сөйлеп, өз ойын айтамын деген адамдар болса, рұқсат етіледі.

Алдағы күндерде баршаңызға сәттілік тілеймін! - деген сөздермен біз сіздермен қоштасамыз.





Егер де мен білім министрі болсам.

_____________________________________________________________________________

Егер де мен денсаулық министрі болсам.

_____________________________________________________________________________

Егер де мен кәсіпкер болсам.

_____________________________________________________________________________



Егер де мен спорт министрі болсам.

_____________________________________________________________________________

Егер де мен полиция қызметкері болсам.

_____________________________________________________________________________

Егер де мен әкім болса



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2024
273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі