Материалдар / Жасыл экономика 5 сынып тандау курсы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасыл экономика 5 сынып тандау курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасыл экономика бул 5 сыныпқа арналған таңдау курсы Қазақстандағы жасыл экономиканы дамыту тұжырымдамасы ,балама энергия көздерінің жетекші салалары және оларды географиялық орналастырылуы жайында мәлімет береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1071
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Түсінік хат


« Жасыл экономика » таңдау курс бағдарламасы 5 сыныптарға арналып жасалды. Бұл курста оқушылардың төменгі сыныптардағы дүниетану мен жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар,өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Курс бағдарламасын меңгерген оқушының географиялық сауаттылығы артады. Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы, экологиялық мәселелерінің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол жасыл экономика және балама энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану. Жасыл экономика және балама энергия көздерінің халыққа тигізер пайдасы орасан. Қазіргі кезде дүниежүзі шаруашылығы жер қыртысының пайдалы қазбаларын көп тұтынуда, соның салдарынан пайдалы қазбалардың қоры жылдан-жылға азаю үстінде. Қазақстандық білім беру жүйесінің 12 жылдық білім моделіне көшуі жас ұрпақтың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, отандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру мақсатынан туындады.

«Жасыл экономика» тандау курсының күнтізбелік-тақырыптық

ж о с п а р ы


Р\с

Өтілетін тақырыптар

Сағ саны

Күні


Оның ішінде

Лекция

Практикалық жұмыс

Семинар

1

Кіріспе

1


Лекция



2

Жасыл экономика

1





3

Қазақстандағы жасыл экономиканы дамыту тұжырымдамасы

1




Семинар

4

Дүние жүзінде балама энергия көздерін қолдану

1


Дәріс



5

Балама энергия көздерінің жетекші салалары және оларды географиялық орналастыру

1




Семинар

6

Практикалық жұмыс №1

1



Практикалық жұмыс №1


7

Қазақстанда жел энергиясын географиялық орналастыру

1


Лекция



8

Қазақстанда күн энергиясын географиялық орналастыру

1





9

Қазақстанда балама энергия көздерінің қосалқы салалары

1





10

Биологиялық газды Қазақстан жерінде орналастыру

1


Лекция



11

Қазақстан гидроэнергетикасы

н географиялық орналастыру

1





12

Практикалық жұмыс №2

1



Практикалық жұмыс №2


13

Су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

1




Семинар

14

Қазақстанда геотермалды энергиясын географиялық орналастыру



1


Лекция



15

Жанартылған энергия көздерін енгізу

1





16

Экожүйелерді сақтау және тиімді пайдалану

1





17

Ауыл шаруашылығы

1


Лекция



18

Фермаларды механикаландыру.

1





19

Практикалық жұмыс №3

1



Практикалық жұмыс №3


20

Энергетика

1





21

Балық аулау

1


Лекция



22

Орман шаруашылығы

1





23

Өнеркәсіп

1





24

Қалдықтарды қайта өңдеу кәдеге жарату

1




Семинар

25

Жел энергиясы

1





26

Ауаның ластануы

1





27

Практикалық жұмыс №4

1



Практикалық жұмыс №4


28

Экспо- 2017 альтернативті жасыл экономика

1




Семинар

29

Таза көлікті дамыту

1





30

Табиғатты тиімді пайдалану

1





31

Табиғатты қорғудың негізгі бағыттары.

1


Дәріс



32

Қорлардың тиімділігін арттыру

1





33

Қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру

1


Дәріс



34

Жылдық қорытынды қайталау

1




Семинар

















ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Мақсаты:


Оқушылардың негізгі жасыл экономикалық білім дәрежесін көтере отырып, жасыл экономикалық ұғымдармен тұжырымдардың мағыналарын негіздеу.

Қазақстанда жасыл экономика және балама энергия көздерін анықтап, оларды пайдалану мен географиялық негіздегі орналастыру мәселелерін қарастыру.

Сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалаптастыра отырып, жоғары оқу орындарына дайындау.



міндеттері:



-Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту жолдарын қарастыру;

Қазақстанда жасыл экономика және балама энергия көздерін географиялық орналастыруда ұсыныстарды айқындау;

PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trendsin Mathematics and Science Study) зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуда әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

PISA, TIMSS зерттеулері критерийлері мен Б.С.Блум таксономиясы арасындағы арақатынас PISA, TIMSS зерттеулері критерийлері Б.С.Блум таксономиясы білімді меңгеру деңгейлері

Білу (репродуктивтік іс-әрекету)

Білу – Түсіну

Қолдану (байланыстарды орнату, ұғымдарды пайдалану)

Қолдану

Ойлау (рефлексия)

Анализ – Синтез – Бағалау
Осы пайымдауларға сүйене отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған білімді меңгеру деңгейлері мен ынталандыру, белсенділік және біліктік, білім сапалары арасындағы байланысты анықтау керек.


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ПӘНІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТАЛАПТАРЫ

Білуі тиіс:

1. жасыл экономиканың мәнін;

2. міндеттерін;

3. эколгоиялық апат аймақтары;

4. зиянын;

5. қоршаған ортаның экологиясын бақылау жол-дарын;

6. табиғатты тиімді пайдалану бағыттарын;

7. ерекше қорғалатын аумақтарын;

8. экологиялық проблемаларды шешу жолдарын.


Меңгеруі тиіс:

1. тірі организмдермен қоршаған ортаның арақа-тынасын;

2. қазақстанда балама энергия көздерінің қосалқы салаларын .

3. жасыл экономика ұғымдырымен терминдерді;

4. Қазақстанда балама энергия көздерінің жетекші салаларын;

5. экология және табиғат қорғау ереешеліктерін
























Оқушыларға қосымша берілетін тапсырмалар

Жеке тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалар


Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып , олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:


1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, іздену.

2 . Жоспар бойынша:


  • Осы тақырып бойынша не білемін ?


  • Тағы не білуім керек ?


  • Қайдан білуге болады ?



Жауаптары:


  1. адамдардан сұрау;

  2. кітаптардан қарау;

  3. ғаламтор желісінен қарау;

  4. бақылау және эксперимент жүргізу;

  5. материалды жинау және талдау;

Хабарлама:-

-өз бетімен зерттеу жүргізу;

-дайындық;

-хабарлау;
-зерттеу жүргізу;

-ұжымдық зерттеу;



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушы білуі керек:

  • Оқушы ең бірінші зерттейтін ғылыми жұмысының тақырыбын таңдап алу керек;

  • Зерттеу тақырыбының жоспарын жасап, мақсаты мен міндетін анықтау;

  • Зерттеу ауқымын анықтау және жүйелеу;

  • Ақпаратты жинау және өңдеу;

  • Материалды сараптау және жинақтау;

  • Ғылыми жобаларды рәсімдеу;

  • Қорғауға дайындық жұмыс;

  • Жобаны қорғау;

  • Оқушы ғылыми зерттеу тақырыбын таңдай отырып, өз бетінше ізденуге, салыстыруға үйренеді;












Оқу курсының тақырыптық мазмұны

II. Кіріспе сабақтар

Кіріспе сабақтарды ұйымдастыру жоғары сынып оқушыларына жүргізілетін

«Жасыл экономика » атты таңдау курсының бағдарламасы мен осы процесті ойлау тәсілдерін түсінуіне мүмкіндік береді.

II. Жаттығу сабақтары

Жаттығу сабақтары жоғары сынып оқушысының өз бетінше ізденуге, салыстыруға деген қабілеттерін дамытуға арналады. Жаттығу сабақтары барысында оқушы арнайы білімді, іздене білу білігі мен дағдыларын игеруі тиіс.

-Проблеманы көру және анықтау;

-Сұрақтар қоя білу;

-Өз болжамын ұсыну;

-Ұғымға анықтама беру;

-Бақылау ( ойша эксперимент жүргізу);

-Баяндамадан мәтін құрай білу;

-Өзіндік идеяларын дәлелдей және қорғай білу;

III.Оқу, үйрену практикасы

Бұл «Жасыл экономика » атты таңдау курсының бағдарламасының негізгі мазмұны оқушының өз бетімен оқуына, ізденуіне және шығармашылық жобаларды орындау болып табылады. Осы бөлімдегі сабақтар оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің біртіндеп өсуіне қарай құрылады.


Белгілі бір тақырып бойынша зерттеу түрлерін мұғалім ұсынады.

IY. «Жасыл экономика » атты таңдау курсының бағдарламасын презентациялау және бағалау

Оқушының өз жұмысын, алған білімін презентациялау ол үшін өте маңызды. Оқушы атты «Жасыл экономика » атты таңдау курсы жайында тереңірек білуі қажет. Практикасын игеру қажет, өзіндік пікірін дәйектей алуы тиіс, өз ойын тұжырымдап, қорытынды жасай алуы тиіс, сондай-ақ төзімділік, компоненттерінің пікіріне дәйекті жауап қайтара білу,өз әрекетін бағалай білу қабілеттерінің болғаны жөн.

















Оқушылардың білім деңгейін бақылау

Оқушылардың білім, білік дағдысын тексеру оқу үрдісінің негізгі кезеңі болып табылады. Олар оқыту, тексеру, тәрбиелеу және түзету функциясын атқарады.


Білім деңгейін тексеру үшін:

-әрбір бөлімнің соңында қорытынды тексеру жүргізу;

-тексеру формасы мына түрде: тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, іздену, зерттеу тақырыбын көзбен көру, реферат түрінде болады;

-тексеру әдістері мен формалары оқушылардың жас ерекшелігімен анықтау;

-әр бөлімнен кейін оқушы мұғалімге жинаған, зерттеген материалдарын тексерту;

-ғылыми жобаларды рәсімдеу;

-жобаны қорғау.












Әдебиеттер: Оқушыларға арналған әдебиеттер:


1. Қойшиев Т.Қ. Жанартылған энергия көздері

2. Тлеуов А.Ч. Использование нетрадиционных видов энергии в Казахстане

3. Сарқытқан Қ. Тұрғынбеков Н.М. Өндірістік география

4. Бұқаралық ақпарат құралдары: Егемен Қазақсатан Жасыл экономиканы дамыту, Егемен Қазақстан Жасыл экономиканы дамыту.


Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:


www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org


www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org

www.kazatomprom.kz/

energo.gov.kz/

gharysh.kz/news/

www.eurekanet.ru

www.bookz.ru

www.eolss.net/

www.encyclopedia.ru/

school.eb.co.uk













Сабақ №

Пәні: Жасыл экономика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Жасыл экономика

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:


Тілдік мақсат

Жасыл экономика ұғыммен танысады, өз білгендерін ортаға салады. Оқушылардың сыни көзқарасы дамиды, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады; жас ерекшелігі ескеріледі; ой түйініне қарай көшбасшылық анықталады.

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылыр: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.


Күтілетін нәтиже

Көркем жаза алады, сыни ойлай алады, топпен жұмыс жасайды.

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану

25 мин

Жасыл экономика – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр. Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы

Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.

«Жасыл» экономикаға ауысу аясында:

  • қорлардың тиімділігін арттыру;

  • қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру;

  • халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады;

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

  • бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;

  • екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

  • үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

Соңы

/Ой қозғау/
‟Кім жылдам ?„

10 мин

1.Жасыл экономика дегеніміз не?

2. Тұжырымдаманы іске асыру неше кезең жоспарланады

Кері байланыс

3 мин

Менің көңіл-күйім баспалдағы

Бағалау

2 мин

Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан , газет –журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?( тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Күні:....................................................Тексерілді:...................................................



Сабақ №

Пәні: Жасыл экономика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Дүниежүзінде балама энергия көздерін қолдану

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:


Тілдік мақсат

Дүниежүзіндегі балама энергия көздерімен танысады, өз білгендерін ортаға салады. Оқушылардың сыни көзқарасы дамиды, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады; жас ерекшелігі ескеріледі; ой түйініне қарай көшбасшылық анықталады.

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылыр: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.


Күтілетін нәтиже

Көркем жаза алады, сыни ойлай алады, топпен жұмыс жасайды.

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/

Қазақстандағы жасыл экономиканы дамыту тұжырымдамасы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану

25 мин

Энергия көздеріне жалпы сипаттама

Энергия (грек energeia-әсер, әрекет) материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айналатындығы анықталады. Осы жағдайда « Энергия» ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әр түрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік береді. ‟ Энергия „ұғымы сақталу заңына бағынады. Энергия туралы түсінік мәңгі двигатель жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (оттынның жануы, судың құлауы т.б.) нәтижесінде ғана орындалатыны анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезінде белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталады. Электр энергиясы айнымалы тоқтың индукциялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында немесе өзен- сулардың бойында тұрғызылады. Қазіргі кезде дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының біраз бөлігі атом электр станцияларында өндіріледі.Мұнда ауыр ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлінген атомның ішкі энергиясы электр энергиясына түрленеді.

1882 жылдың 4 қыркүйегі. Әйгілі ғалым, өнертапқыш Томас Эдисон электр тогын қосатын қондырғыны бұрап J.P.Morgan банкінің кеңсесінде 100 шағын лампаны жақты. Төменгі Манхэттен ауданында Эдисон тұрғызған шағын электр стансасынан жерасты арқылы тартылған сыммен 110 вольттық электр қуаты 59 тұтынушыға ток жеткізді. Әлемде электрлендіру дәуірі һәм оған деген тәуелділік те осы күннен басталған еді. Электр қуатын алудың жолы сан түрлі. Мәселен, көмір­ді, мұнай мен табиғи газ­ды және уран­ды пай­далану ар­қы­лы өндіру – бұл бұ­рын­нан қалыптас­қан әдіс. Со­­ны­­мен бірге, сар­қы­рама мен ағын судан, жел мен күннен, тіпті қал­дық­ты, ескі резеңке дөң­ге­лек­ті жағу арқылы да элек­тр энер­гия­сын алуға болады. Бүгін­де Еуро­па ел­дерін­дегі электр энер­гия­сы өн­дірі­сін­де атом энергия­сы­­ның үлесі 25 пайызды, көмір 25 па­йыз­­ды, табиғи газ 25 пайызды, су энер­гиясы 15 пайызды құрайды. Ке­ле­сі көрсеткіш 4 және 3 пайызбен жел энергиясы мен мұнайдан алы­на­тын электр қуатына тиесілі. Көршіміз Ресейде табиғи газ энер­гия өндірісінің 50 пайы­зын, көмір 16 пайызын, атом 17 пайы­зын, су энергиясы 15 па­йы­зын қам­­та­масыз етеді. Қазіргі күні Қазақстанда электр энергиясының 74 пайыз­дан ас­тамы орталық және солтүс­тік ай­мақтардағы көмір кен орын­­дары­нан өндіріліп, оның 66 па­йыздайы дәл сол индустрия өңір­лердің өзіндегі қажеттілікке жұ­м­­­са­лады. Ал оңтүстік өңір­лер­­де энергия тұтыну оны өндіру­ден екі есеге дейін артып, қуат көзі­нің белгілі бір мөлшерін Өзбек­стан мен Ресейден сатып алуға, Қыр­ғыз­станмен айырбас жасау ар­қы­лы импорттауға тура келіп отыр. Энергетика ми­нистр­лігінің мәлі­метіне сүйенсек, тәуелсіздік жыл­дарында еліміздегі көмір өн­діру­ші кәсіпорындар 2,3 млрд тон­на көмір өндіріп, оның 600 млн тоннадан астамы экспортқа шы­ға­рылса, қалған көлемі ішкі қажет­тілікті өтеген. Еліміз көмір­дің барланған қоры жағынан 8-орын алатыны бел­гілі. Десек те, көмір көзінің де таусылатын кезі бо­лады. Қаз­ба байлықты өндіру ар­қылы өндірісті ұлғайтудың өзі шы­ғын мен үлкен тәуекелді қажет ете­тіндіктен әлемнің көптеген мем­лекеттері жаңа жолды таңдап оты­р. Ол энергияның баламалы түр­лері, яғни қалпына келетін, сар­­қыл­­майтын және қоршаған ор­та­ға зиян келтірмейтін энергия көздері. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­­тас­­қан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты ел халқы­на ар­­на­­ған Жолдауында «Көмір­су­­те­гі шикізатының нары­ғын­да ірі ойыншы болып қала оты­рып, біз энергияның бала­ма­лы түр­лерін дамытуға, күн мен жел­дің энер­гиясын пайдаланатын тех­ноло­гия­ларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүм­кіндіктер бар», деп қадап айт­қан болатын. Иә, республика аума­ғының үлкендігі (2 724 902 шар­шы шақырым) мен халықтың орналасу тығыздығының төмен­дігі (1 шаршы шақырымға 5 адам­нан) секілді критерийлер де елді энергия қуатымен жүйелі түрде толықтай жабдықтауда тиімсіз көрсеткіштер беріп отыр. Міне, осы тиімсіздікті шешуге жергілікті өңірлердегі қалпына келтірілетін энергия көздерін пай­да­лану оң әсерін тигізе ала­ды. Бұл тұрғыда оңтүстік өңір­­лер­дегі экологиялық таза энер­­гия көздері ішкі нарықты ар­ты­­ғы­­мен қамтамасыз етіп қана қой­май, көрші елдерге экспорт­тауға мүм­кіндік берер еді. Мәсе­лен, Қытай­да жыл сайын энергия тап­шы­лы­ғы өсіп келеді. Қазақ жері­нің үлкен бөлігі жазық әрі жар­­ты­­лай құрғақшылық­ты өңір­­лер бол­ған­дықтан жел мен күн энер­гия­сын өндіріп алуға қолайлы. Жоңғар қақпасы Жоңғар Алатауы мен Барлық тауының түйіскен жеріндегі әйгілі желді өзектен секундына 70 метрге дейін жететін жел соғады, бұл ТМД аума­ғы бо­йынша аса қуатты жел соға­тын жер саналады. Орталық пен батыс өңір­дегі жартылай құрғақ­шы­­лық ауа райын қоссаңыз, күн энер­­гия­сы бата­рея­ларын орна­лас­ты­рып пай­да­лану­дың маңызы да зор. Қазақ жеріндегі жел­дің жылдық орташа қуаты секун­дына 7 метрден жоғары. Деген­мен, 929 млрд киловатт-сағатты бірден тұтас игеру мүмкін де емес, дамыған мемлектерде де бұл көрсеткіш жалпы энергия өн­ді­рісі көрсеткішінде 20 пайызға жетер-жетпес. 2020 жылға дейін ел Үкіметі 34 жел энер­ге­ти­­ка стансасы (1787 мегаватт қуат­пен) жұмыс істейді деп жос­пар­­ла­ған. Дегенмен, желдің өзі те­гін бол­ғаны­мен, оның энер­ге­ти­­ка­лық жүйесі тегін емес. Алын­­ған энер­гияны тұтынушыға жет­кізу, қон­дыр­ғылардың бағасы бі­раз қар­жы салуды талап етеді. Жел қон­дыр­ғылары сияқты күн бата­рея­­лары да үзіліспен жұмыс іс­тей­ді. Бұлтты күндері, түнде ол қон­дыр­ғылардан тұрақты түр­де қа­жет­ті ток алу мүмкін емес. Жаң­ғыр­­малы энергия көздеріне көшу­дің қиын­дығы бір жағынан оның үл­кен шығынды қажет ете­тін­дігін­де. Сол себепті одан алына­тын қуат­тың құны да қымбатқа түседі. Дегенмен, көптеген мем­лекет­тер, оның ішінде біздің еліміз де бар, салаға айтарлықтай мемлекеттік қолдау көрсетуде. Мәселен, 2016 жылы 1 кВт-сағатқа белгілен­ген тариф 25 теңгеге тең келеді. Энер­­ге­тика министрлігінің жос­­пары­н­­ша, бұл бағыттағы жұ­мыс­тар кезең-кезеңмен іске асы­ры­лып, 2020-2025 жылдардан кейін жаңғырмалы энергия көздері нысандарында электр энер­гия­сын өндіру айтарлықтай арзан­дай­тын болады. Жалпы, еліміз­дегі энергетика саласы инновация­лық жаңалыққа мұқтаж. Егер Қазақ­стан энергетикалық жаңғы­ру бағытын­да өздігінен жаңа тех­но­логияны иге­ре алмаса, да­мы­ған мемлекеттер­дің техно­ло­гия­сын сатып алуға немесе көші­ріп, үйренуге тура кел­мек. Жаңғырмалы энергия көз­­дерін игерудің жүйелі негізі ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін жа­салуы да мүмкін. Көрменің ар­қа­сында елімізге дамушы елдер­дің осы саладағы жаңа техно­логиясы мен соңғы инно­ва­ция­лық жаңа­лығы келетін болады.



Соңы

/Ой қозғау/
‟Кім жылдам ?„

10 мин

1.Энергия дегеніміз не?

2. Қазақстан электр энергиясының 74%- дан астады қай өңірде өндіріледі?

Кері байланыс

3 мин

Белгілер әдісі

Бағалау

2 мин

Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан , газет –журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?( тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Күні:....................................................Тексерілді:...................................................









Сабақ №

Пәні: Жасыл экономика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Балама энергия көздерінің жетекші салалары және оларды географиялық орналастыру

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:


Тілдік мақсат

Балама энергия көздерінің жетекші салаларымен және олардың географиялық орналасуымен танысады, өз білгендерін ортаға салады. Оқушылардың сыни көзқарасы дамиды, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады;

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылыр: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.


Күтілетін нәтиже

Көркем жаза алады, сыни ойлай алады, топпен жұмыс жасайды.

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/

Дүниежүзінде балама энергия көздерін қолдану

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану

25 мин

Баламалы энергия көздері
   
 Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден  және т.б. энергия көздерін  пайдалану арқылы алу. 
      Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. 
       Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. 
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз. 
Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың басты мақсаты энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерін төмендету  Әлемдік тәжірибеде солай. Мысал үшін, бір ғана 2009 жылдың өзінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі көрсеткендей, атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 3,4 млн тоннаны құрап, оның 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға тиесілі болған. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстанда жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық отынды – негізінен, жергілікті көмірді және аз көлемде көмірсутекті шикізаттарды жағу жолымен алынатынын ұмытпаған жөн. Стационарлық көздерден еліміздің атмосферасына қалдықтардың 10%-ға жуығын және улы қалдықтардың басым үлесін мұнай және ілеспе газ өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар шығарады. Осы ретте, қалпына келетін энергия көздерін қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін парник газдарын 500 мың тоннадан 2,5 млн т СО2-ге дейін азайтуға мүмкіндік бар. Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап айтсақ, оны электр қуатын өндіру және жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады. Сонымен қатар қайта қалпына келетін энергетика елдің шалғай өңірлерін дамытудың маңызды факторына айналмақ.





Соңы

/Ой қозғау/
‟Кім жылдам ?„

10 мин

1.Баламалы энергетика дегеніміз не?

2. Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың басты мақсаты не?

Кері байланыс

3 мин

Білім ағашы

Бағалау

2 мин

Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан , газет –журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?( тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?













Сабақ №

Пәні: Жасыл экономика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Қазақстанда жел энергиясын географиялық орналастыру

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:


Тілдік мақсат

Жел энергиясының географиялық орналасуымен танысады, өз білгендерін ортаға салады. Оқушылардың сыни көзқарасы дамиды, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады; жас ерекшелігі ескеріледі; ой түйініне қарай көшбасшылық анықталады.

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылыр: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.


Күтілетін нәтиже

Көркем жаза алады, сыни ойлай алады, топпен жұмыс жасайды.

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/

Балама энергия көздерінің жетекші салалары және оларды географиялық орналастыру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану

25 мин

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы “жел полюсі” деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 — 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи “аэродинамикалық құбыр” болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш — Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 — 7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4 — 5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және, әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жел энергетикасының пайдаланудың даму тарихы.

1888 ж. Чарльз Бруш пайдаланған жел генераторы

Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Қоғам мәдениетінің жаңа қалыптасқан кезінде жел энергиясын теңіз саяхатында пайдаланған. Ертедегі мысырлықтар 5 мың жыл бұрын жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Біздің заманымыздың 700 жылдары қазіргі Ауғанстан жерінде тік бекітілген осі бар жел машинасымен дақылдарды ұнтақтау үшін қолданған. Жерорта теңізінде орналасқан Крит аралында ұзын мұнараға бекітілген жел күшімен қозғалатын диірмен жер суландыру жүйесінің жұмысын атқарған. 14 ғасырда голландықтар жел диірменін жетілдіріп, дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданды.

1854 жылы АҚШ-та жел энергиясымен жұмыс істейтін су тарту насосы іске қосылды. Су тарту насосының моделі жел диірменінен қалақшалар санының көптігімен және жел бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап флюгердің болуымен ерекшеленеді. 1940 жылдары осындай жел күшімен қозғалатын диірменнің саны 6 миллиондай еді, оларды су тарту және электроэнергия алу мақсатында қолданды.

Осындай жел диірмендер мал шаруашылық фермасын сумен қамтамасыз етіп тұрды. 20 ғасырдың ортасында жел энергиясын қазіргі заман энергия қоры – мұнай орнын басты. Дүние жүзінің бірнеше рет мұнай дағдарысынан соң, қайтадан жел энергетикасына көпшіліктің қызығушылығы оянды. 70 жылдары мұнай бағасының өсуіне байланысты, энергетика сарапшылары жел энргиясын пайдалану шараларын ұсынды. Мемлекет қаржыландыру қолдауымен өткізілген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелері, жел энергиясын пайдаланудың жаңа технологиясының дамуына жол ашылды.

1981-1984 жылдары Калифорнияның өзінде 6870 жел турбинасы іске қосылды. Бірақ 31 желтоқсан 1985 жылы мұнайдың бағасы баррельге шыққанда 10 долларға түсті, осыған байланысты желқондырғысын шығаратын көптеген шағын компаниялар жойыла бастады. Ал 1998 жылы АҚШ-та желэнергетикасы дамуы қайтадан даму сатысына көтерілді.



Соңы

/Ой қозғау/
‟Кім жылдам ?„

10 мин

1.Жел энергиясы дегеніміз не?

2. Жел қондырғылары қандай бөліктерден тұрады?

Кері байланыс


Менің көңіл-күйім баспалдағы

Бағалау


Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан , газет –журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?( тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



















Сабақ №

Пәні: Жасыл экономика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Қазақстанда күн энергиясын географиялық орналастыру

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:


Тілдік мақсат

Күн энергиясының географиялық орналасуымен танысады, өз білгендерін ортаға салады. Оқушылардың сыни көзқарасы дамиды, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылыр: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.


Күтілетін нәтиже

Көркем жаза алады, сыни ойлай алады, топпен жұмыс жасайды.

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/

Қазақстанда жел энергиясын географиялық орналастыру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану

25 мин

Күн энергетикасы. Күн батареялары.

 

        Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, т.б. энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Аталғандардың ішінде энергияның қосымша көзінің бірі  Күн энергетикасы.

         Күн энергетикасы дегеніміз –  дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы –  күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн тұрақтысы шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370 Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады. «Күн батареялары – күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Қазіргі уақытта көбінесе фотоэлектрлік түрлендіргіш кеңінен қолданылады. Фотоэлектрлік түрлендіргіште энергияның бір түрден екінші түрге ауысуы біртекті емес жартылай өткізгіш құрылғыларда күн сәулесінің әсерінен пайда болатын фотовольттық әсерге негізделген. Түрлендірудің тиімділігі жартылай өткізгіш элементтің электрофизикалық сипаттамасына, түрлендіргіштің оптикалық қасиеттеріне байланысты. Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. 

Соңы

/Ой қозғау/
‟Кім жылдам ?„

10 мин

1.Күн энергиясы дегеніміз не?

2. Күн сәулесінің спектрі неше түрге бөлінеді?

Кері байланыс


Білім қоржыны

Бағалау


Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан , газет –журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?( тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



















Сабақ №

Пәні: Жасыл экономика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Биологиялық газды Қазақстан жерінде орналастыру

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:


Тілдік мақсат

Биологиялық газдың қазақстан жерінде орналасуымен танысады, өз білгендерін ортаға салады. Оқушылардың сыни көзқарасы дамиды, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылыр: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.


Күтілетін нәтиже

Көркем жаза алады, сыни ойлай алады, топпен жұмыс жасайды.

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы
Мағынаны тану

25 мин

"Басты көрсеткіш қалдықтардан "жасыл" энергияны өндіру көлемінің артуы болып табылады. Қазіргі жағдайда электр энергиясын өндіру үшін биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы таза газ өндіру жоспарланып отыр. Консервативті 2020 жылғы 5 пайыздан 2050 жылы "жасыл" қуат өндіру көлемін 30% арттыру жоспарланып отыр.

Бағдарлама тиісті аумақтың ластануының алдын алып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өз кезегінде тиісті жерлерге бөлу үшін қоқыс тасушы мен конвейер парктерін жаңарту арқылы халықтың қызметке қол жеткізуінің пайыздық көрсеткішін арттыруды мақсат етеді.

"Қазір биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткіші 10 пайызды ғана құраса, 2050 жылға дейін бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін арттырамыз деген мақсат қойып отырмыз. 2020 жылға дейін қоқыстардың қамтылуын 90 пайызға көтеру жоспарланып отырса, 2035 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деп күтілуде"





Биогаз — қатты және сұйық күйдегі органикалық қалдықтардың метандық ашуы кезінде түзілетін жанғыш газ. Биогаз ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсіптерінің қалдықтары ашығанда, ақаба суларда түзіледі. Оның құрамында 55 — 65% метан және 35 — 45% көмір қышқыл газы болады. Биогазды тез жетіліп, мол биомасса беретін балдырларды және басқа да микроорганизмдерді арнайы өсіріп, ашыту арқылы да алуға болады. Ол отын есебінде қолданылады. Органикалық қалдықтардың ашып, ыдырау процесі кезінде түзілетін көмірқышқыл газы атмосфераға сіңіп, оның молаюына әсерін тигізеді.

Биогаздың құрамы, сапасы және тарихы

Адамзат биогазды қолдануды бұрыннан үйренген. Б.з.д I мыңжылдықта қазіргі Германия шекарасында қарапайым биогаздық құрылғылар болған. Эльба бассейнының шалшықтанған жерінде орналасқан Алемандарға, батпақтарда Айдаһарлар көзге түсті. Олар батпақтардың шұңқырларында жиналған ыстық газ - Айдаһардың демі деп ойлаған. Айдаһарды тынышталдыру үшін батпаққа жемтік және тамақ қалдықарын тастаған. Адамдар Айдаһар түнде келетініне және оның демі шұңқырларда қалатынына сенген. Алемандар теріден қалқа тігуді, олармен батпақтарды жауып, газды өз үйлеріне тері құбырлары арқылы өткізуді, оны тамақ дайындау үшін қолдануды ойлап шығарған.Олардың бұндай әрекетке баруы түсінікті, себебі құрғақ отын табу қиын болған, ал батпақ газы (биогаз) бұл мәселені жақсы шеше білген.

XVII ғасырда Ян Баптист Ван Гельмонт іритін биомасса тұтанатын газдар бөлетінін айқындаған. Александро Вольта 1776 жылы іритін биомассаның саны мен бөлінетін газдар саны арасында тәуелділік бар деген тұжырымға келді. 1808 жылы сэр Хемфри Дэви биогазда метан бар екендігін анықтады.

Алғашқы құжатталған биогаздық қондырғы 1859 жылы Үндістанда Бомбейде құрылған. 1895жылы Ұлыбританияда биогаз көшеге жарық түсіру үшін қолданылған. 1930 жылы микробиологияның дамуына байланысты биогазды шығару процесіне қатысатын бактериялар айқындалды. Биогаз құрамы 50 – 87 % метан, 13 - 50 % , Н2-ның, H2 S-тың аз - маз қоспаларынан тұрады. Биогазды СО2 - ден тазалағаннан кейін, одан биометан пайда болады.

Биометан – табиғи газдың толық ұқсастығы болып табылады, айырмашылығы тек пайда болуында. Биогаздан тек қана метан энергия жеткізіп тұратындықтындығын біле отырып, газдың сапасын, газдың шығуын және газдың мөлшерін суреттеу үшін, оның қалыпты көрсеткіштерімен бәрін метанға жатқызады. Газдың көлемі температураға және қысымға тәуелді. Жоғары температура газдың кеңейтілуіне және көлеммен бірге калориялық деңгейдің кішіреюіне әкеліп соғады және керісінше.Сонымен қатар, ылғалдың өсуіне байланысты газдың калориясы да төмендейді. Газдың шығуын өзара салыстыру үшін оларды қалыпты жағдайға қатыстыру (температура oC, атмосфералық қысым 1, 01325 bar, газдың ылғалдығы 0% ) қажет. Негізі, газ өндіру мәліметтерін литрларда (л) немесе м3 метанды кг органикалық құрғақ затта көрсетеді, бұл мәліметтер м3 биогазда м3 таза субстратта берілген мәліметтерге қарағанда нақтырырақ әрі жетік болып келеді.

Биогаз алу үшін шикізат және өндіріс

Биогаз өндірісіне лайық, органикалық ығындылардың тізімі: қи, құс тезегі, сыралы бытыраның бір түйірі, фекальдық тұнба, балық цехтарының ығындылары(қан, май, шекқарын), шөп, тұрмыс қоқыстары, сүт зауыттарының ығындылары – тұзды және тәтті сүт сарысуы, биодизель өндірісінің ығындылары – биодизель өндірісіндегі техникалық глицерин, шырын өндірісіндегі ығындылар – жеміс-жидек, көкөніс, жүзім сығындылары, балдырлар, крахмал өндірісінің ығындылары, қартопты қайта өңдеу,чипсылар өндірісінің ығындылары – қабықтар, шіріген клубни, кофе қойыртпағы.

Ығыртпалардан басқа биогазды арнайы өсірілген энергетикалық дақылдардан алуға болады, мысалға, сүрлемдеген жүгеріден немесе сильфия, сонымен қатар балдырлардан. Газдың шығуы 1 тоннадан 300 м3 дейін жете алады.

Газдың шығуы құрғақ заттың құрамына және қолданылған шикізаттың түріне тәуелді. Биогазды 1 тонна ірі мүйіз малдың қиынан құрамында 60 % метаны бар 50-65 м3 биогазды алуға болады. Құрамында 70% метан бар 150-500 м3 биогазды әр түрлі өсімдіктер түрлерінен алуға болады. Ең жоғарғы биогаз мөлшерін – бұл құрамында 87 %-ға дейін метаны бар 1300 м3 - майдан алуға болады.

Газдың шығуын теориялық және техникалық жүзеге асыру деп бөледі. 1950-70 жылдар аралығында техникалық мүмкін газдың шығуы теориялықтан 20-30% ғана құрған. Бүгінде шикізаттың жасанды деградациясы үшін энзимдердің, бустерлердің қолданылуы және басқа да қолданыстар ең қарапайым қондырғыларда 60% - дан 95%-ға дейін биогаздың шығуын артыра алады.

Биогазды есептеу кезінде құрғақ зат ұғымы қолданылады (ҚЗ немесе ағылшынша TS) немесе құрғақ қалдық (ҚҚ). Биомассада ұсталынатын су газ бермейді. Практика жүзінде 1 кг құрғақ заттан 300-ден 500-ге дейін литр биогаз алады. Нақты шикізаттан биогаз шығымын анықтау үшін, лабораториялық тәжірибелер жүргізу немесе анықтама мәліметтерін қарау және майдың, ақуыздың, көмірсудың құрамын анықтау қажет. Соңғыларды анықтау кезінде тез еритінділердің (фруктоза, қант, сахароза, крахмал) құрамын және қиын еритіндер (мысалы, целлюлоза,гемицеллюлоза, лигнин) білу маңызды. Заттардың құрамын анықтай отырып, әрбір затқа газдың шығымын анықтауға болады, сосын қосуға болады. Бұрын, биогаз жайлы ғылым болмаған кезде және биогаз қи ретінде ассоцияланған кезде, «жануар бірлігі» деген ұғымды қолданған. Бүгін, биогазды ерікті органикалық шикізаттан алуды үйренген кезде, бұл ұғым кетіп, қолданыстан қалды.

Ашу процесіне әсер ететін факторлар

-Ортаның температурасы

-Ортаның ылғалдығы

-pH деңгейі

Температура

Метан бактериялары өзінің өмір қызметін 0-70C температура мөлшерінде көрсетеді. 90C температураға дейін өмір сүре алатын кейбір штамдардан басқа, температура 70оC-тан жоғары болса, олар өліп қалады. Төмен температурада олар тірі қалады, алайда өзінің өмір қызметін тоқтатады.

Қолданысы

Отын ретінде биогаз электрқуат, жылу немесе бу өндірісінде, немесе көлік жанармайы ретінде қолданылады. Биогаз қондырғыларын тазалағыш құралы ретінде фермаларда, құс фабрикаларында, спирт зауыттарында, қант зауттарында, ет комбинаттарында орналастырылуға болады. Биогаз өндірісі мен қолданысына қатысты көрсеткіштер бойнша өндіріс жағынан дамыған мемлекеттердің арасында жүргізуші орынды Дания алып отыр. Бұнда оның ортақ энергия балансында биогаз 18%-ға дейін алып жатыр. Германия орташа және үлкен қондырғылардың саны бойынша, 8000 мың дана, жүргізуші орын алуда. Батыс Еуропада барлық құс фабрикаларының жартысынан кем емесі биогазбен жылытылуда.


Соңы

/Ой қозғау/
‟Кім жылдам ?„

10 мин

1.Биогаз технологиясы дегеніміз не?

2.Биометан дегеніміз не?


Кері байланыс


Білім қоржыны

Бағалау


Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан , газет –журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?( тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!