400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жасыл шырша жанында»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: шығарманы аяғына дейін тыңдауға, әуен сипатын анықтай білуге баулу. Аспаптарда еркін ойнап, игеруге үйрету. Әуенді ойын әрекеттеріне талпындыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Мақсаты: шығарманы аяғына дейін тыңдауға, әуен сипатын анықтай білуге баулу. Аспаптарда еркін ойнап, игеруге үйрету. Әуенді ойын әрекеттеріне талпындыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Көрнекілік: кішкентай шыршалар, үшбұрыш, металлофон аспаптары, таяқшаға бекітілген жылтырақ әшекейлер, шырша ойыншықтары.

Сөздік жұмыс: шырша, ұлпақар, Жаңа жыл.



Оқу іс - әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті









Мотивациялық-қозғаушылық


«Шырша жыры» әнінің (Б.Бейсенованың жинағынан) ырғағына балалардың

шеңбер бойымен қол ұстасып жүруі ұсынылады.

Ән мәтініне сәйкес қимылдарды үйретіп,

қайталауды сұрайды.

Шеңбер бойымен жүруді, қайырмасында қолдарын екі жаққа созып, аяқтарын

топылдатуды көрсетеді.




Жұмбақ жасырып, шешуін

табуды сұрайды.

Өзгертпейді түр-түсін,

Қымбат әркез жұрт үшін.

(шырша)

Ортаға кішкентай шыршаны әкеліп қояды.

Әуен екпініне ілесе шеңбер бойымен қол ұстасып, жеңіл

жүреді.

Қолдарын екі жаққа созып, шыршаны

көрсетеді.

Аяқтарын бірге

топылдатуға,

ырғақпен ілесуге

үйренеді.


Жұмбақтың шешуін табады.

Шыршаны көріп, қуанады.





Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сұлу сәнді шыршаны,

Көз тоймайтын қарасаң,

Біздер үшін орманнан

Жіберіпті мырза атам,-

деп шыршаны ойыншықтармен безендіруді

ұсынады.

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтары тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.


Ән тыңдау: «Шырша әні»

(К.Қуатбаев, Ж.Смақов)

Балалардан әнді мұқият тыңдауларын сұрайды.

- Ән не туралы?

- Шырша жырын қай кезде айтамыз? - деген сұрақтар қойып, жауап алады.

Дауыс жаттығуы: «Шыршамыз».

Міне біздің шыршамыз, ля-ЛЯ-ЛЯ

Ұнатамыз баршамыз, ля-ля-ля

Жаттығуды әндете, ойнақы орындауды ұсынады.

Ән үйрену: «Жасыл шырша жанында» (К.Қуатбаев, А.Асылбек).

Әннің мазмұнын түсіне, сәйкес қимылдарды

бірге жасауға үйретеді, қайталатады.

Үқсап ұлпа жүнге,

Жеңіл қонар жерге.

Ұлпа қарлар аппақ

Икемді екен биге.

Құрбылармен бірге

Шыр айналып биле.

Би: «Ұлпақарлар» биін қыздарға билеуді ұсынады.

(«Билеп үйренейік» жинағынан). Қар әшекейлерін ұстап, жеңіл жүгіріп, би қимылдарын жасауға үйретеді.

Бізбен бірге жайдары жарқырайды, жайнайды. Айналамыз шыршаны Ойын ойнап баршамыз.



Аспапта ойнау: «Сағат» әуенін оркестрде ойнауды үйретеді (үшбұрыштар, металлофондар).

Екі бөлімнен тұратын, түрлі сипаттағы әуенді ойнауға дағдыландырады.

Балаларға арналған аспаптарда әуен ырғағына сәйкес қатты және жай ойнап көрсетеді.

Шыршаға

түрлі түсті

ойыншықтарды

көңілдене іледі,

қызығушылықтары

артады.


Әнді ынталана

тыңдап, мәтінін

түсініп, сұрақтарға

жауап беруге

талпынады.

Шырша туралы

оз түсініктерін,

білгендерін айтып

береді.



Дауыс жаттығуының

әуенін таза, сөзін

анық орындайды.



Әнді тыңдап,

педагогтің

көрсетуімен қимыл-қозғалыстарын

қайталайды.

Қар әшекейлерін

ұстап, аяқ ұшымен

жеңіл жүгіреді,

әуенге ілесе баяу

қимылдар жасап,

бірге билейді.

Әуен ырғағына

сәйкес бірқалыпты тербеледі.



Көңілді ойынға белсене қатысып, көңіл көтереді



Рефлексиялық-түзетушілік

Жасыл шырша төрдегі дейді: «Бәрің көріңдер мені»

Кеткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр тұнып!

- Біз шыршаны әсемдеп, безендірдік.

-Осы шыршаның суретін салып, туыстарымызға, достарымызға сыйға

тартайық.

Белсене қатысқан балаларды мадақтайды.

Шырша туралы

білетін тақпақ,

өлеңдерін айтып, қуаныш сезіміне

бөленеді.

Балалар қуана

келісіп, қоштасып,

топқа қайтады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуен сипатын ажырату, шығарманы аяғына дейін тыңдау, ән ырғағын шапалақтап көрсетеді.

Игереді: қоңырау, бубен, маракас аспаптарында еркін ойнауды, би қимылдарын бірге жасауды, әуенмен ілесе қимылдауды.

Меңгереді: әннің әуенін таза әндетуді, сөздерін анық айтуды. Ойын шарттарын сақтап, белсене қатысуды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі