Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасушаның құрылысы мен қызметін талдау,нақты зерттеу,тірі ағза үшін маңыздылығын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқытушының сабақ жоспары

Тақырып
№14 Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.

Модуль /пән атауы:
Биология

Дайындаған оқытушы: Қайнарбекова Қымбат Қайнарбекқызы
2023 жылғы "___" ____________
      1. Жалпы мәліметтер
      1курс,
     
Сабақтың түрі :тәжірибе сабақ
      Сабақтың мақсаты: Жасушаның құрылысы мен қызметін талдау,нақты зерттеу,тірі ағза үшін маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік:
  Жасуша- тірі ағзаның құрам бөлігі екенін түсіндіру.Қызметін анықтау.
Дамытушылық:
шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;
Тәрбиелілік:
қоғам мен биология  ғылымының дамуында ғылыми  жаңалықтардың маңызы арқылы  оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, ой-өрісін кеңейту, көрнекілік құралдар арқылы эстетикалық тәрбие жақтарына көңіл бөлу; АКТ –ны пайдалана білуге үйрету; Топпен, жұппен, ұжыммен жұмыс істеуді дағдыландыру.
   
3. Күтілетін нәтижелер
Ж
асушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы , эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері  туралы білімін толықтыра біледі; прокариотты және эукариотты ағзалар туралы түсінікті қалыптастыру;
АКТ-ны пайдалануды біледі;
Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.

     4. Қажетті ресурстар
интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, «Жасуша құрылысы» суреттер және слайдтар жинағы, , сызба-нұсқалар т.б.
      5. Сабақтың барысы

Элемент №

Сабақтың элементтері, оқу мәселелеріоқыту әдістері мен формалары


І


3 мин

Ұйымдастыру кезең

1.Сәлемдесу

2.Білім алушыларды түгендеу.

3. Группаны 2 топқа бөлу

4.Топқа сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІ

15 мин

Үй тапсырмасын сұрау

«Ассоциация» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтайды


«Иммунитет»

Shape3 Shape4 Shape2 Shape1


2-тапсырма: Биологиялық диктант.
Сөйлемдердегі бос орындарды толықтырып, дәптерге жазыңдар.
1. Антиденелердің арнайылығы олардың ... өзара ... байланысты болады.
2. Антиген-антидене кешенін қалыптастыруға ... қатысады.
3. Коагуляциялаушы антиденелер ... жеңілдетеді.
4. Цитолизиндер антигеннің ... туғызады.
5. Нейтралдаушы антиденелер антигеннің ... қайтарады.
6. Иммундық жүйеде антиденелерді ... және иммунитет ... жүзеге асыратын дайын құрылымдар жоқ.
7. Иммуноглобулин молекуласының комбинациялық аймағымен байланысу күші ... деп аталады.
8. Антигенді ... арқылы залалсыздандырады.


Бағалау критерийі:

Дескрипторлар:

антигендер мен антиденелердің өзара әрекеттесу механизмін анықтайды

Сөйлемдердегі бос орындарды толықтырады; Антиденелердің антигенге әсер етуін сипаттайды;

3-тапсырма:
«Ыстық орындық» әдісі.
1. Иммунитет дегеніміз не?
2. Антидене денеміз не?
3. Антиген дегеніміз не?
4. Антиденелердің аффинділігі дегенміз не?
5. Антиденелерді анықтау әдісі?
6. Антиденелердің молекуласы қанша тізбектен тұрады?
7. Антидетерминанталар дегеніміз не?
8.
IgM молекулалық массасы қанша?
9. Антиденелердің 80%-ын құрайтын иммуноглобулин?
10. Белсенді орталықтың арнайылығын қамтамасыз ететін не?


Бағалау критерийі:

Дескрипторлар:

1. Антиденелердің арнайылығын түсіндіреді; 2. Иммунглобулиндердің класын ажыратады;

1. Антиденелердің арнайылығын талдайды; 2. Иммунглобулиндердің класын анықтайды;


ІІІ

40 мин

Жаңа сабақ

Миға шабуыл әдісі арқылы қайталау сұрақтары беріледі.
- Жасуша дегеніміз не?
- Жасуша неге тірі?
- Жасуша құрылысы неден тұрады деп ойлайсындар?
- Органоидтар дегеніміз не?
- Жасушаны зерттейтін ғылым қалай аталады?


  1. 1 тапсырма Жасуша бөліктерінің қызметтері.
    Топқа шағын қағаз парақ көрсетіп: Сіздерде жаңа ағзаларды қалай құрау керектігі көрсетілген сұлбалар жинағы бар деп айту.
    Қағазды орап, оны пластик контейнерге салу, сосын ішіне үрленбеген, мойыны кең шар салу. Воронка көмегімен шарды жартылай жабысқақ сұйықтықпен толтырып, аузын буу. Топпқа сұйықтықтың құрамында өмірге қажетті заттардың бар екендігін айту.
    Білім алушылардан әрқайсысының не істейтіндігін жазуларын сұрау: контейнер, қоймалжың шырыш, шар.

    2 тапсырма: Білім алушылардан жасушалық мембрана, цитоплазма құрылымы, ядро іші туралы көбірек білулерін және олардың атқаратын қызметімен байланыстыруларын сұрау .

Жасуша органоидтері

Қызметі

Жасуша мембранасы


Цитоплазма


Ядро


Көрсетілім. Сарымсақ эпидермисі жасушасының заттық шынысын дайындаудың әрбір кезеңін көрсету.

(
Б) Білімдерді бекіту үшін білім алушылардан әрбір кезеңді қайталауды сұрау.
Көрсетілім. Сарымсақтың шамамен 1 шаршы сантиметр бөлігін кесіп алу. Пинцетті пайдаланып, эпидермис бөлігін микроскоптың заттық шынысының ортасындағы кішкене су тамшысына қою. Бір тамшы иод қосып, жамылғы шынымен жабу. Заттық шыныны микроскоп үстеліне орнатып, фокустандыру үшін бекіту.
3 тапсырма Білім алушылар жұмыс дәптерлеріне көріп тұрғандарының суретін салу керек.

4 тапсырма Әрбір топқа жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларын ұсыну. Олар ондағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтаулары тиіс. (Топтық жұмыс)

Қорытынды:

ІV

20 мин

  • Сабақты бекіту

Әр топ немесе оқушы өсімдіктің және жануардың жасушасына тән органоидты тауып, мына диаграмманы толтыруы керек

Сипаты

Өсімдік жасушасы

Жануар жасушасы














V

7 мин

Сабақты қорытындылау

Жасушаның құрылысы және тіршілігі туралы видео көру,талдау

Үй тапсырмасы : «Цитоплазманың құрлысы мен қызметтері» деген тақырыпта реферат дайындап келу.

VІІ

Рефлексия

Білім алушының тақырып бойынша түсініктерін анықтау.



Оқытушының қолы/ Подпись преподавателя___________



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2024
652
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі