Материалдар / Жат қылықтан жирен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жат қылықтан жирен

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ел алдындағы абырой, беделі, қадір - қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенетіндігін, елдің елдігін көрсететін, жердің, елдің иесі өздері екендіктерін ұғындыру. Темекі, ішімдік секілді жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2018
1383
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




8 орта мектебі















Shape1









Өткізген:

Мектеп психологы – Г.З.Туреева

Қатысқан: 7 – 10 сынып













2017 – 2018 оқу жылы





Жат қылықтан жирен

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақтың ел алдындағы абырой, беделі, қадір - қасиетінің жақсылығы
дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенетіндігін, елдің елдігін көрсететін, жердің, елдің иесі өздері екендіктерін ұғындыру.
2. Жаман мен жақсының айырмасын ұғындыру.
3. Темекінің өз ағзасына, айналаға келтіретін зиянын ұғындыру.
4. Шылым шегушілерге ымырасыз болуға, салауаттылыққа, зиянды жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
5. Білімдерін, дүниетанымдарын кеңейту.
6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе :
- Қазақтың ел алдындағы абырой - беделі, қадір - қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенеді. Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз. ХХІ ғасыр табалдырығын аттағанымызға да көп болған жоқ.
Бүгінгі жастар арасында темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады, ғасыр індетіне айналған есірткі де етек алып барады. Президенттің бағдарламасында жастарға айырықша сынның айтылуы осындайдан туындайтын жағдайлар.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулығын құртып оны уландыруға төзіммен қарау тиіс. Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын» деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтқаны белгілі.
«Жаман әдет жұқпалы аурулардай». Сол жаман әдет - қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуіміз керек. Үнді халқының тамаша бір мақалы бар, «Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланның айырмасындай, бірі шөпті сүтке айналдырса, ал екіншісі шөпті уға айналдырады» деген. Темекі де дәл сондай улаушы.
«Екі шындық, бір өтірік» тренингі

Әр қатысушы өзі туралы екі шындық,

бір өтірік айту керек.


ІІ. Негізгі бөлім.
Темекінің шығу тарихы, зияны туралы.
Темекінің әу бастағы отаны Америка екені баршамызға аян. Темекі алқа тұқымдастарына жататын өсімдік. Темекі өсімдігін Еуропаға 1583 жылы Христофор Колумб әкелген. Темекі хош иісіне байланысты ең алғаш сәндік өсімдік ретінде аулаларда, саябақтарда өсірілді. Саяхатшылар темекі шеккен кезде бар нәрсені ұмытып, масаң сезім кешкендерін сезген. Сөйтіп темекі шегуді үндістерден үйренеді де, кейіннен бүкіл Еуропаға тарайды. Бұл күндері темекі жыл сайын сан мыңдаған адамдардың өмірін мерзімінен бұрын қиып түсетін аса қауіпті дертке айналды. Темекінің бір талында 1 мг никотин, 1, 5 мг аммиак, 15 мг шайыр, 20 мг көміртегі оксидтері, эфир майы, саниль қышқылы, азот болады. Темекі түтінінде күйенің миллиондаған бөлшектері болады. Күніне 20 тал темекі тартқан адам 20 жыл ішінде өкпесіне түтінмен бірге 6 кг күйе шөктіреді екен.
Темекі түтінінде радиоактивті полонии бар екені анықталды. Оны темекі өсімдіктерінің тамырлары топырақтағы фосфатты тыңайтқыштардан алады. Темекі түтініндегі никотин болса, жүрек қан тамырларын тарылтады. Темекінің 1 талын тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды. Темекі құрамындағы ең зардабы ауыры никотин уы. Оның бұлай аталуына алғаш Францияға темекіні алып келген француздың Португалиядағы елшісі Жан Никоның есімі себеп болған.
Темекі құрамындағы улы заттардың ағзаға тигізетін әсері, одан таралатын аурулар.
Адам алғаш рет темекі тартқанда одан уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол - аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп қорғаныштық қасиеті нашарлайды. Оған микробтар оңай енеді, суық тиіп т. б. тез ауырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе, рак ауруларына шалдықтырады, өкпедегі рак ауруларының 97 пайызы шылым шегетіндер., газ алмасу бұзылады, өкпеде ауру туғызатын микробтарға, яғни туберкулез таяқшаларының көбеюіне жағдай туады..
Темекі түтінінде радиоактивті заттар да болады. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3, 5 сәулеленуге ұшырайды. Әр темекіде 15 - ке жуық әр түрлі концерогендік заттар кездеседі. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1л қара май жинайды. Үнемі темекі тартқан адамның организмі үнемі никотинді қажет етіп тұрады.
Статистикалық мәліметтер не дейді?
Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80 %- ы темекі тартатындар, тартпайтындарға қарағанда тартатындар арасында ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауыратындар 2 - 5 есе жоғары. 70 %- ға жуығы өлім - жітімге бейім болады.
Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан адам күніне 10 мың немесе жылына 3, 5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3, 2 млн, яғни 33% адам темекі тартады, темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімінің 20%- ы. Қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30 %- ы, өкпе рагының 90 %- темекі зардабынан болады.
Есіңізде сақтаңыз.
Темекіде 0, 8%- 4% никотин болады.
Салмағы 16 - 20 кг итке 1 тамшы никотин берсе сеспей қатады. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 - 8 тамшы никотин жеткілікті. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам бір жылда өкпесіне 1 қорап шайыр жинайды.
Темекі тартқаннан кейін ең алдымен ауыратын мүше – жүрек.

Күрк - күрк көк жөтел,
Күркілдеген не жөтел
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені
Никотин уын төккені
Жүректің ұстап талмасы
Мишықтың құрғап кеткені
Мүгедек ауру каллекі
Өмірге қатер төнеді
Салауатты өмір сүрейік
Шекпеңіз дейміз темекі.

Алкоголь деген не?

Алкоголь-бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі.Ол шарапта,сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады.

Алкоголь-күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі.

Алкоголь әдетте қанға араласады,одан ары миға шабады.Алкоголь адам ағзасы үшін улы.

Алкогольге тәуелді болу мына жағдайларға соқтырады:

- Спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасының ұзақтығы халықтың орташа жас мөлшерінен 15-20 жасқа төмен;

- Алкогольді шамадан тыс ішу – қылмысты әрекетке барудың жиі себебі;

- Тері ауруларын жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйдегі жағдайда болады;

- Балалар ақыл-ойы кемістігінің 40-60%-ы ата-аналарының ішімдікке бой ұруының салдары;

- Алкоголь орталық жүйке жүйесіне қатты қысымшылық көрсетеді, адам миының жұмысын бәсеңдетеді және есте сақтау процесін тежейді;

- Алкоголь қозғалыс үйлесімін бұзады және тез реакцияны төмендетеді

Ішімдікке салынудың белгілері:

Спирттік ішімдікке тәбетенің тартып тұруы;

Сандық сапаны жоғалту;

«Бас жазу» синдромы немесе абстипнентті синдром (ағза алкогольсіз дұрыс қызмет ете алмайтындықтан, ішкісі келіп тұру);

Алкогольге деген тұрақтылық (толеранттық);

Есте сақтаудың мүлдем құруы;

Алкогольді жүйелі түрде қолдану сипаты.

«Пайдасы мен зияны» тренингі

«Ішімдікті пайдаланудың зияны», «Ішімдіктің қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?»

Осы сұрақтарға жауап жазып, жауаптарыңызды дәлелдеңдер.

Адам ағзасына алкогольдің келтіретін жағымсыз ықпалы:

Асқазан және жіңішке ішек.

Алкогольдің астан өзгешілігі – адамның асқазанында және жіңішке ішегінде қорытылмайды. Алкоголь асқазанға түскен кезде оның бөлігі өзгеріссіз сілекейлі перде және асқазан қабырғасына сіңіп, бірден қан тамыры жүйесіне қосылады. Қалған бөлігі жіңішке ішекке түсіп, өзгеріссіз қанға сіңеді. Алкоголь адамның асқазаны мен тамағындағы тканьдерге жағымсыз әсер ете алады.

Бауыр

Адам ағзасынан алкогольді шығару үшін біздің бауырымыз оны көмір қышқыл газ бен суға дейін бөлшектеуі қажет.Бауыр жұмысының соншалықты бұзылуының белгісі ас қорыту және қан тамырлары жүйесінде көрініс береді.

Бауыр циррозы-бұл бауырдың бұзылуы,

бауырдың сау клеткаларының өлуі.Цирроз алкогольді шамадан тыс көп ішуден пайда болады.

Ми

Алкоголь қанмен тарайтын болғандықтан,ол адам ағзасының барлық жеріне жетеді.Санаулы минуттардан соң миға да келеді.Алкогольде мидің жұмысын тежегіш әрекеттері бар.Алкоголь есте сақтау мен есте қалған ақпараттарды шығаруға жағымсыз әсер етеді.Алкоголь сонымен қатар галлюцинацияға да ұрындырады.

Сезім органдары.

Алкоголь көздің, сонымен қатар құлақтың қызметін төмендетеді. Адамның дәм тату, иіс сезу мүмкіндігі алкогольден әлсірейді. Барлық қозғалыс адамның миымен бақыланады, алкогольді аз ғана ішкенде де қозғалыс бұзылады. Бұл тәртіп бұзушылық қозғалыс үйлесімінің жеткіліксіздігімен және реакцияның төмендеуімен көрінеді.

Тренинг

«Не болуы мүмкін?»

«А» тобы

Егер барлық дәрігерлер үнемі ішімдік пайдаланса,онда біздің қоғамымызда не болуы мүмкін?

«Б»тобы

Егер барлық педагогтар үнемі ішімдік пайдаланса,онда біздің қоғамымызда не болар еді?

«В»тобы

Егер барлық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үнемі ішімдік пайдаланса,онда біздің қоғамымызда не болар еді?

«Г»тобы

Егер барлық спортшылар үнемі ішімдік пайдаланса,онда біздің қоғамымызда не болар еді?

Қорытынды:

Ішімдік адам ағзасындағы барлық органдар мен жүйелерінің зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады.

Ішімдік – жүйке уы.

Ішімдік-қан-тамыр жүйесін бұзады.

Ішімдік-адам ағзасындағы барлық органдармен жүйелер тіндерін өлтіреді.Ішімдік салдарынан бұзылмайтын ағза болмайды.

«Мас күйінде»ұрықтану нәтижесінде пайда болған балалар көбіне кемтар болып туылады.

Тренинг «Пайдалы қағидалар»

Тапсырма: Берілген қағиданың біреуін таңда.Қандай өсиетті таңдадың? Неліктен?

«Дені сау ұрпақ-ұлт келешегі»

Н.Ә.Назарбаев

«Көңіліңді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.»

Ы.Алтынсарин

«Тумай тұрып толдым,жазбай жатып болдым деуден қашу керек.Бұл мінез жаман нәрсеге апарып ұрындырады. Арақ ішу,мастану осыдан туады... болып қалдым екен деп алдыңғыны мүйіздеп,шынтығымен қаққылып, өзіне өзі ғашық болушылық-бұл адамның үлкен соры»

М.Әуезов

«Ей,білімдар,түзу ұста жібіңді,

Кетпе ұмытып,ойлан тек пен түбіңді.»

Ж.Баласағұни

«Шарап ішпей,бәледен жүр қашықта,

Байқа,атанба зинақор да,пасық та.

Сақ бол,шарап,зинақорлық күйгізер,

Олар тонын кедейліктің кигізер».

Ж.Баласағұни

Өмірлеріңіз қызықты да лайықты болуы және өз өміріңнің иесі болуға әсерін тигізетін төмендегі көрсеткіштер:

Өзін-өзі түсіну

Өзін-өзі қалыптастыру

Өзін-өзі бақылау

Дербестік

Өзін-өзі сынау

Жауапкершілік

Сенімділік

«Жоқ»деп айта білу,жетілу

Мақсатқа жете білу



ІІІ. Қорытынды бөлім.

«Вернисаж» тренингі

Әр топ келесі адамдардың суреттерін салу керек.

«А»тобы

Темекі шегетін адамның суретін сал

«Б»тобы

Ішімдікті пайдаланатын адамның суретін сал

«В» тобы

Есірткіні пайдаланатын адамның суретін сал

«Г»тобы

Дені сау,спортпен шұғылданатын адамның суретін сал



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!