Материалдар / ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗДАР ТАҒДЫРЫНА ӘСЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗДАР ТАҒДЫРЫНА ӘСЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздардың жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2019
3232
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері» - қыз бала тәрбиесі туралы мағлұмат беру және қыз бала тәрбиесіндегі ислами қағидаттары


Мақсаты:

Қыздардың жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін дамыту.


Күтілетін нәтижелері:

1) Қыз балалардың жат қылықтардың зияны туралы өзіндік мәні бар түсініктері қалыптасады.

2) Темекі, ішімдік, денені жалаңаштау, тағы да басқа жат қылықтардың денсаулыққа зияны және қыздар тағдырына әсері туралы ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алады.

3) Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға және өзгелерден де оны талап етуге үйрене бастайды

Төрайым сөзі:

Қыз бала тәрбиесінде ислами қағидаттың алатын орны ерекше. Имандылық, инабаттылық, парасаттылық секілді асыл қасиеттер бойларына дарыған қазақ қыздарының арасында заман талабына, батыстық, шығыстық бағытқа еліктеп, ұлттық менталитет ұғымынан, игі дәстүр ізінен аттап кетушілер аз да болса кездесіп жатады.

Аллах Тағала жалпы әйел затын сұлулықтың символы, өмірдің гүлі, тіршіліктің сәні етіп жаратқан. Жаратушы Аллах әйел-ананың дәрежесін қол жетпес биікке көтергені сонша, «Жәннат – Аллах разылығын алған әрбір ананың аяғының астында»,- деген. Тіпті Аллах тарапынан әйелдер туралы Құран сүресі түсірілген.

«Қыз өссе – елдің көркі» деп атам қазақ өз қыздарын гүлге теңеген, тек әдемілікке теліген. Қазіргі таңда батыстың басқа да Еуропа елдерінің қоғамдық ой-санасында мұсылмандық ағым ланкестіктің, фантизмнің, ұлттық экстремизмнің, есірткі бизнесінің қайнар көзі деген жаңсақ түсінік, ой-пікір қалыптасып отыр, мұндай біржақты көзқарасқа біздің елімізде қолдау көрсетіп жатпағанымен, жала жабылып, қарадай күйе жағылып жатқан шығыстағы мұсылман бауырларымызға күмәнмен қарап, секем алып қалатынымыз бар.

Ислам діні батыс елдері сипаттап жатқанындай, қантөгіс пен жан түршігерлік әрекеттерге емес, тек ізгілік пен татулыққа үгіттейтін, бейбітшілік пен махаббатқа бастайтын дін екенін, ал осы жолдағы шынайы мұсылмандар бір-бірін өлтірмек былай тұрсын, берілген аманатқа қиянат қылмайтын, өзгенің ақысына қол салмайтын, ала жібін аттамайтын ақ ниетті жандар екенін айтып өткім келеді. Ислам діні керісінше орасан білімнің, мәдениеттің өркениеттің қайнар көзі.

«Адам көркі – шүберек» - дейді атам қазақ. Ислам діні – Аллаһ тағала өз пендесіне, әсіресе, әйел қауымына, балиғат жасына жеткен күннен бастап әурет жерлерін бекітіп, орамал орасын деген.

Құранда әйел адамның киетін киімінің нақты формасы айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін қатты кескінделмейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан басқа барлық жерлерін жабатындай кез-келген киім үлгісін таңдап кисе болады. Бұл шарттарды орындап қыз балаларға өзіне жарасымды етіп сәнді, әрі эстетикаға сай киім киюге ислам діні қарсы емес.

Әр елдің киім кию үрдісі әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай пайда болған. Сондықтан Құран өлшемдерінен шықпау шартымен әр қоғам үлгісін өзінің менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай, өмір сүрген жерінің табиғатына ыңғайлы етіп таңдап алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті әйел адамдардың жас ерекшелігіне қарай кимешегі болған. Ата-бабаларымыз ғұрпымызда орамал тағу жоқ деп, құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да құран өлшемдеріне әрі заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай әр түрлі үлгілерін тігіп киюге неге болмасқа?!

Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі – күн, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді.

Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу – бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті...

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды.

Қазақ халқының мақсаты — әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты. Бұған әсіресе ата-ана қуанады.

Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.

Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды.

Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұлдың тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті, тәрбиелі, тындырымды, іс-әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған.

Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл — өмір заңы» — деген.

Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге қандай ұрпақ әкеліп, қандай тәрбие бермекші? Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.

Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым келеді:

Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді.

«Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.

Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.

Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып,тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.

Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.

Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп — шындықты үйрету мектебі болуы керек.


I Сабақтың кіріспе бөлімі: Қыздардың қызығушылығын ояту.

Мақсаты:

Жаман әдеттер туралы ой – пікірлерін білу, ол туралы естігендерін талдау;

Жат қылықтардың зияны туралы ой салу, осы тақырыпта әңгімелесуге даярлау.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. «Қыздарға жат қылықтар» дегенді қалай түсінесің?

2. Жаман әдеттерге нені жатқызар едіңіз, неліктен?

3. Темекі тарту, арақ ішу қыздарға неге керек?

4. Денені жалаңаштау туралы не ойлайсыңыз?

5. Қыздар неліктен төбелеседі?


II Сабақтың негізгі бөлімі: Жаңа ақпаратпен танысу

Мақсаты:

Қыз балалардың жат қылықтардың зияны ақпараттарды оқи және талдай отырып, дұрыс түсініктерін қалыптастыру.

Темекі, ішімдік, денені жалаңаштау, тағы да басқа жат қылықтардың денсаулыққа зияны және қыздар тағдырына әсері туралы ақпараттарды өмірдегі жағдайлармен салыстыру, бағалау.

Мәтіндермен жұмыс

Тапсырма:

Мәтіндерді оқи отырып, маңызды жерлерін қойын дәптеріңізге жазып алуыңызды сұраймыз

Сіз өз құрбыңызға осы мәтіннен қандай сөйлемді сыйлар едіңіз?

Өзіңіз келіспейтін жерлерін белгілеп қойыңыз және оны түсіндіріңіз.


Темекі тарту

Жас қыздар ешбір қымсынбастан темекі тартып тұра беретін болды. Ал олар болашақта ана болатын нәзік жаратылыстың иелері емес пе? Ертеңгі күні дүниеге нәресте әкелуі керек. Шылымның зияны шегіп тұрған адамның тек өзіне ғана емес, маңайындағыларға да үлкен әсер ететінін ғалымдар баяғыда-ақ дәлелдеп берді. Ал шылым алдымен бойжеткеннің денсаулығына, одан кейін болашақ ұрпағына зауалын тигізеді. Темекі тартқан адам өзінің асқазанын, өкпесін және басқа органдарын бұзады. Өз ғұмырына өзі балта шабады. Шылым шеккен адамдардың орта жасы 60 жас төңірегінде болып отыр. Бұл ұлттың салауатты өмір сүруіне, ұзақ өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізуде. Сондықтан бұл мәселеге халық көңіл бөлуі керек.

Қазір қарасаңыз, жоғарғы оқу орындарында оқитын студент қыздар ешбір қымсынбастан темекі тартып тұра беретін болды. Ал олар болашақта ана болатын нәзік жаратылыстың иелері емес пе? Ертеңгі күні дүниеге нәресте әкелуі керек. Шылымның зияны шегіп тұрған адамның тек өзіне ғана емес, маңайындағыларға да үлкен әсер ететінін ғалымдар баяғыда-ақ дәлелдеп берді. Ал шылым алдымен бойжеткеннің денсаулығына, одан кейін болашақ ұрпағына зауалын тигізеді. Темекі тартқан адам өзінің асқазанын, өкпесін және басқа органдарын бұзады. Өз ғұмырына өзі балта шабады. Шылым шеккен адамдардың орта жасы 60 жас төңірегінде болып отыр. Бұл ұлттың салауатты өмір сүруіне, ұзақ өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізуде.

Бұрын қазақтың қыз-келіншектері былай тұрсын, Қазақстанда тұратын өзге ұлттың өкілдері де ашық түрде шылым шекпейтін. Әйелдердің темекі тартқанын көрген ел-жұрт жағасын ұстап айтып отыратын-ды. Яғни, тағдырдың ауыр тауқыметін шеккендер, үлкен күйзеліске ұшырағандар, бұзылғандар сондай жаман әдетке барушы еді. Ал қазір керемет жоғарғы қызметте істейтін әп-әсем қыз-келіншектердің өзі танауынан түтін жіберіп, шылымды шиырып тұрады. Бұл қалай болғаны?

Әттең, шылым шегетін қыз-келіншектер өздерінің келешегі туралы ойланбай тұр ғой! Шылымның зияндылығы жөнінде үгіт-насихат та өз деңгейінде болмай отыр. Насихат жұмысын мектеп қабырғасынан бастау қажет. Оқу жоспарына енгізіліп, ашық сабақтар түрінде жүргізілсе, көп ұтарымыз анық. Ұрпаққа шылым шегудің жай жаман әдет емес, оның қасірет екендігін ұғындыру қажет ұрпаққа. Бүгінгі таңда СПИД-ті өте қатерлі ауру деп айтып жүрміз ғой. Ал темекі мен арақ екеуінің зардабы СПИД-тен де асып кетеді


Арақ туралы

Екінің бірі осы күні бір шөлмек арақты 500-600 теңгеге сатып алып, сылқытып ішіп жатыр. Қазір ол көп ақша емес қой. Мұндай жеңілдік кейбір адамдардың араққа мүлдем салынып кетуіне жол ашып береді.

Арақтың қазаққа әкелген қасіреті қаншама? Тектен-текке отбасылар ажырасып, шаңырақтары ортасына түсті. Ішімдіктің салдарынан үлкен қылмыстар да жасалып, қаншама бала жетім қалды екен?..

Иә, бұл – ойлансаң, өте қиын жайттардың бірі. Өсіп келе жатқан немерелеріміздің болашағын ойласам, көп нәрседе көңіліме алаң кіреді.

Қазақ деген сенгіш халық қой. Соңғы жылдары сыраны қазақтың жігіттері мен қыздары алып ішіп жүргенін жиі көреміз.

Қазақтың қыздары шетелдіктерге еліктеуден әріге бара алмай жүр. Бір қолында – сыра, аузында – шылым. Онысын өзінше үлкен жетістікке жеттім деп мақтаныш көреді. Осы мақтанарлық қылық па?! Егер мақтанар болсаң, жақсы біліміңмен, білім мен өнерде жеткен биік жетістігіңмен мақтан. Ауылдағы ата-әжең мен әке-шешеңе, бауырларыңа жасаған көмегіңмен мақтан.

Қыздарымыз жаман әдеттерен арылып, ибалылықпен имандылыққа қарай бет бұруы қажет Қазір имандылыққа үйрететін аталар мен әжелер де табу қиын болып тұр ғой. Тіпті, ене мен абысын және келіні қатарласа отырып, арақты сіміріп, оны мақтан тұтатыны өкінішті-ақ. Мұндай енелер мен абысындар жас келінге қандай үлгі өнеге береді дейсің. Қарғыстың жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген ғой. Барлық қазақ әйелдеріне айтылған деп теріс түсініп қалып жүрмеңіздер. Өкінішке қарай, осындай жайлардың көбейіп кеткені шындық.


Денені жалаңаштау туралы

Болашақ ана атанатын қазіргі қазақ қыздары сәнді деп батысқа еліктеп барады. Кіндігінен төмен шалбар, ашық-шашық көйлектер мен жейделер қазақ қызының ұстанатын стиліне айналған тәрізді. Кейінгі кезде ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер де ұмытылып барады. Бүгінде бойжеткендердің жарым-жартылай жалаңаш, кіндіктерін жарқыратып жүре беруі етіміз үйреніп кеткен құбылысқа айналып барады.

Дегенмен, мұны сән деуге келе ме? Өйткені, сән қуған кейбір қыздар өздеріне сондай үйлесімсіз, сорақы көрініп тұрғанын да байқамайды. Қазіргі күндегі сырт көріністің жалаңаштануы рухани жалаңаштыққа әкелмесіне кім кепіл?

Біз әу бастан-ақ, жанның сұлулығын тән сұлулығынан жоғары қойып өскен елміз. Қыздар мен келіндер жасы үлкендерге сонау жерден сәлем беріп, тіпті, дастархан басында тура қарамай, бір қырындап отырған. Ер-азаматтар отырған жерде дауыс көтеріп сөйлемеген, ретсіз күлмеген. Ұлтымыз қыз баланы қылықты қылығына қарап та бағалаған. Жат-жұрттық боп саналатын қыз бала тәрбиесіне айрықша мән берген.

Отбасында ерекше тәрбиемен өскен қыз, кісі көзінше денесін жалаңаштамақ түгіл, әлдебіреудің бетіне күліп те қарамаған. Ал, қазір ше? Ата салтына ескілік деп қарап, батыстың бейәдеп қылықтарын санасына сіңіруден таймай отыр. Әсіресе, ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер қол жетпес сағымға айналуда. Жартылай жалаңаш киім киісі тұрмақ, бұл күнде мұрын мен кіндік тұсын тесіп, сақина кигізіп алатынын қайтесіз?

Сән қуған жастарымыздың кіндігін жарқыратып жүретін осы бір әдетінің орны толмас өкінішке ұрындыратынын елеп-ескере бермейтіні өкінішті-ақ. Статистикалық мәліметтерге құлақ түрсек, 16-20 жас аралығындағы жас қыздарымыздың дені бүйрек ауруына тез шалдығады. Себеп-салдарын алыстан іздемей-ақ, сән қуып жеңіл киіну, қала берді қос бүйірді жалаңаштап, желдің өтіне тоса жүруінен аңғаруға болады. Қыстың қақаған аязы мен жылы күндері соғып тұратын өкпек желдің зардабы қауіпті екенін жастар ескере бермейді.

Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігінің белгісін қылығы ғана емес, сыртқы бет-пішіні, киім киісіне қарап та бағалаған. Осындай ибалы әдеттердің көбісі кейінгі кезде ұмытылып бара жатқаны жан түршіктіреді. Сондықтан, «ұлтыңды сақтаймын десең — қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең — ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Батыстық тәлім-тәрбие үлгісі мен мәдениетіне еліктейміз деп жүргенде, қазақи қалпымызды жоғалтып алмайық…

Жалаң бас, кеудесін ашып, тізеден төмен жалаңаш жүру егде тартқан кексе әйелдерде көп кездеседі. Өкінішке орай, өздерінше заман талғамына сай киініп жүрміз деп ойлайды және соны мақтаныш көреді. Қазаққа жат қылықтарды көргенде қатты қапаланасың. Қарғыстың жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген ғой. Барлық қазақ әйелдеріне айтылған деп теріс түсініп қалып жүрмеңіздер. Өкінішке қарай, осындай жайлардың көбейіп кеткені шындық.

Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды. Белгілі дәрігер Ишанбай Қарақұлов айтқандай: ”Адам жарасымды тәуiр киiне бiлуi керек. Бұған кiмнiң таласы бар. Әйтсе де бүгiнгi жастарға әдебi мен әдетi көпке үлгi жас ұрпақ өкiлдерi екендерiн қашан да, қайда болса да есте сақтаңдар дегiмiз келедi. Өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиянды ерсi әдет қай жерде де жеткiлiктi. Қыс пен күздiң суық күндерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, ендi оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер аз ба? “Әсемпаз болма әрнеге”,— деп Абай осындай ұрпақтарына ескерткен сияқты болады да тұрады.

Бiз жастардың, әсiресе, балаларымыздың әдептi, сыпайы болғанын өте ұнатамыз. ”Әйелдiң бойындағы әлсiздiктi ұнатам” дегенде оларды кемсітіп емес, жоғары бағалау деп түсіну керек.

Денеге сурет салу

Бүгiнде жастар арасында денеге сурет салу белең алып барады. Бiр сөзбен айтқанда, адам тәнiне таңба басу және ол суреттердiң небiр жын-шайтан кейпiндегi бейнеге көп ұқсайтындығы жас жеткiншектер психологиясының күрт өзгеруiне бiрден-бiр себепшi болып отыр. Алайда, жастар мұны керiсiнше түсiнедi. Олар үшiн бұл – сұлулық пен өзгеден ерекшеленудiң белгiсi, бүгiнгi қоғамның модасы.

Қазiр мектепте оқитын, «бесiктен белi шықпаған» қыз бала ойланбастан денесiне сурет салдырады. Бiр-екi оқушының әңгiмесiн тыңдап көрсеңiз болды, мұндай татуировкаларды қайда және қалай салдыруға болатындығын жаттап алған. Әрi соған сай қаланың кез келген жерiнен қалаған суретiңдi салып беретiн салондардың қатары да көбейiп отыр. Ал бұл аз десеңiз, адам денесiн қойып, көздiң қарашығына сурет салдыруға болатындығы жөнiндегi жарнамалар да бар. Адам денесiнiң ең киелi әрi нәзiк мүшесi көзге мұндай iс-әрекеттердiң қаншалықты зиян екендiгiн, әрине, олар бiле бермейдi. Тiптi, көзге мұндай суреттердi салдыру кезiнде адамның жанары бiр-ақ мезетте су қараңғы болып қалмайтындығына кiм кепiл...

«Қыз – халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де көрікті. Қазақ хылқы қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, аялап өсірген. Нарықтық заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүргендер де жетерлік. Алайда, бес саусақтың бірдей болмайтынындай, «арзан» алтынға қымбат қасиеттерін алмастыруға дайын қыздарымыз да жоқ емес.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис - шәріптерінде айтылғандай, адам дене мүшесінің салауаттылығын қорғауға борышты. Оны бүлдіріп уландыратын не нәрседен де өзін аулақ ұстауға мәжбүр. Адам тұлғасының он екі мүшесі де Алла тағаланың бізге берген аманаты. Аманатқа қиянат жасап қасты татуаждап, бет жүзін түрлендіру, кіндік, мұрынға пирсинг салдыруға болмайды. Денені сәндемек ойымен адамзат баласы, әсіресе бойжеткен қыздарымыз осындай қисынсыз жолдармен өз денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Түрлі жұқпалы айықпас ауруларға шалдығатындар да кездесіп жатады.


Төбелесу туралы

Қыздың бойындағы нәзіктік оның жан дүниесінің табиғатын ерекше нұрға бөлеп тұрары хақ. Белгілі абайтанушы Омар Жәлел: «әйел күші нәзіктігінде» деген екен. Қыз-қарындас, қыз-ана, қыз-болашақ жар. Қыздың жатжұрттық екенін кішкентайынан құлағына құйып, тәрбиесіне сіңіретін қазақ үшін қыздың орны әрқашан бөлек. Тіпті, ер адамның ауыр жұмысына да жақындатпай, аялап өсіргені белгілі.

Бүгінгі таңда тағдырдың ауыртпалығына төтеп беру үшін қыздар ердің жұмысын атқарса, ол таңсық емес. «Нәзіктігімен қатар бойында қайсарлық та бар екен» дейміз. Ал қыздардың арасындағы кикілжіңді шешу үшін қара күш пен төбелеске жүгінуінің себебі неде?! Қайсарлығын көрсету немесе еріккеннің ермегі ме?!

Қыздардың арасындағы төбелестің түр-түрі жасөспірімдердің қолдарындағы ұялы телефондарда да, сайттарда да жиі ұшырасатын көрініске айналды. Тіпті, телеарналардар да кейде ондай бейнежазбаларды «жаңалық» етіп көрсетуге құмар. Сұлу сымбаты бола тұра, күшке жүгінудің қыздарға жараспайтыны айдан анық. Мейірімділік пен жақсылық үшін жаралған қыздардың кейбірінен бұл қасиеттің кетіп, зұлымдық пен қорлау сияқты жолға бой алдырғаны ма?! Көпшілікті толғандыратыны төбелестің туындау себебі болар. Ерекше қатыгездік байқалатын көріністердің кейбірі кездейсоқ түсірілсе, кейбір төбелестер «арнайы» түсірілім үшін даярланса керек. Қыздар үшін басқа ермек жоқ дегенге де ешкім сенбес. Бәлкім, бұл еліктеу болар?! Көгілдір экраннан сан түрлі зорлық-зомбылық, төбелестің куәгері болып өскен қыздардың сол жолға бет бұруы да таң қалдырарлық емес. Тіпті, мектеп жасындағы қыздар арасындағғы төбелестерді де ара тұра телеарналардан көрсетіп тұратыны белгілі. Ал, шетелдің «шедеврлерінде» ұлдар да, қыздар да төбелесқұмар тұратынын көріп жүрміз.

Қоғамның бөлінбес кикілжіңіне айналған осындай төбелестерді телеарнадан көріп қалғаным бар. Осының барлығын көре тұра туындаған сұрағым біреу-ақ болды: Қыздардың ұяңдығы мен нәзіктігі қай жамандықтың тасасында қалды?!

Бұл төбелестерде, әсіресе, қатыгездіктің белең алатыны рас. Нәзік болмысты қыз үшін біреуді ұрып-соғуды ерлік көріп, мақтан ету, меніңше, ұят нәрсе. Қыздың күші білекпен өлшенеді деген де қазақ үшін жат қылық.

Қыздардың кейбірі ішімдікке, бірі темекіге құмар, енді бірі төбелеске құмар болып алды. Қазақ үшін жаны ашитын адамдарды толғандыратын мәселе де осы болып отыр. Яғни, ұлттың ұрпағын өмірге келтіруші де, тәрбие беруші де – қыздар. Қанында осындай қасиет тамшысы болса, олардың сүтімен сусындаған ұрпақ қандай болмақ?!


IIІ Сабақтың қорыту бөлімі: Қыздардың ойларын білу, пікір алмасу.

Мақсаты:

- Бұрынғы білімдері және жаңа мәліметтерді талдай, өздерінің ой елегінен өткізе отырып, өз ойлары мен жаңа көзқарастарын қалыптастыру.

- Үйдегі, достар мен үлкендер ортасындағы күнделікті қарым-қатынаста ұяттылық, инабаттылық, әдептілік қағидаларын ұстануды және өзге құрбыларынан да оны талап етуді үйрету.

Тапсырмалар:

1) Қойын дәптеріңізге тәтеңізге немесе сіңліңізге (таныс қызға) қысқаша хат жазыңыз. Онда бүгінгі сабақтан не үйренгеніңізді жазыңыз.

2) Өзіңіз үшін бұлжытай орындауға қажетті үш ереже ойлап табыңыз. Оны да қойын дәптерге жазып қойыңыз.

3) Осы жазғандарыңыздың құпия еместерімен бөлісуге болады.



Сабақтың басында алғанымыздан түйетініміз:

Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.

Көрікті қыз – көрген жанды үйіріп, сөйлесе баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.

Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.

Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі

Жеті жетекшіні ұстануға тырыс

Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам. Адамның басшысы – ақылы, Жетекшісі – талап, Жолаушысы ой, Жолдасы – кәсіп, Қорғаны – сабыр, Қорғаушысы – мінез, Сынаушысы – халық. .

Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай он түрлі талап қойған:

1. Әдепті;

2. Ар-ожданы пәк болу,

3. Кеңпейіл кешірімді болу,

4.Мейір-шапағатты болу,

5.Ақыл-парасатты болу,

6. Сабырлы-салмақты болу,

7. Адал, ақ жарқын болу,

8. Мақсат мұратты болу,

9. Өжет батыл болу,

10. Ұят намысты болу

Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған қызға 40 үйде

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!