Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖаҺандық құзіреттілік негізіндегі Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖаҺандық құзіреттілік аясындада "Кәсіп және бизнес негіздері"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы ережелер


  1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

2. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу, коммуникация, жаһандық маңызы бар мәселелерді шешу мен талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.

3. Курстың мақсаты: білім алушыларда жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуді және бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыру.

4. Курстың міндеттері:

1) білім алушыларда кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қалыптастыру;

2) кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді көре білуді дамыту;

3) білім алушыларда қаржылық сауаттылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру;

4) бизнес-идеяларды генерациялау және оларды кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдысына ие болу;

5) бизнестің өмір сүруін арттыру мақсатында бәсекелестіктің өзгеретін жағдайларында бизнес-модельдеу және бейімдеу дағдыларын дамыту;

6) зерттеу жүргізу, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

7) өзінің жетістіктері мен өзінің өмірлік ұстанымы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу болып табылады.

  1. білім алушылардың сыни және аналитикалық ойлауын, олардың коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту;

  2. ақпаратты тану, талдау, бағалау, дәлелдерді тұжырымдау, күрделі жағдайларды немесе проблемаларды түсіндіру қабілетін қалыптастыру;

  3. өзінің мәдени ерекшелігін сезіну және әлемнің мәдени сан алуандығын, мәдениетаралық айырмашылықтарды түсіну білігінің дамуына ықпал ету;

  4. әртүрлі мәдениет өкілдерімен өзара іс-қимылға құрмет пен ашықтық танытуға үйрету;

  5. цифрлық ресурстармен, электрондық оқыту платформаларымен, интернетпен және веб-сайттармен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

  6. академиялық адалдық ережелерін сақтауға дағдыландыру.

Осы курс аясында білім алушылар зерттеу дағдыларын дамыту үшін жобалық жұмыстарды орындайды. Әр сабақта олар жобалық іс-әрекеттің реттілігін жүзеге асыру үшін тапсырмаларды орындайды, әр бөлімде жобалық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша: дайындық, жоспарлау, зерттеу, қорытынды, нәтижелерді ұсыну. жұмыстары қарастырылған.

5. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі 10-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

  1. Оқу курсының базалық мазмұны

6. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген бес бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде білім алушылар «Жаһандық құзыреттіліктер» ұғымымен танысады, жобалық жұмыстың тақырыптары мен мақсаттарын, жобалық топ мүшелерін, қажетті ақпарат көздерін, ақпаратты талдау және жинау, нәтижелерді ұсыну тәсілдерін айқындайды. Білім алушылар жоба нәтижелерін бағалау рәсімдері мен критерийлерін белгілейді, жобалық топ мүшелері арасында міндеттерді бөледі.

Екінші бөлімде жаһандық экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да мәселелердің негізгі түрлері қарастырылады. Жобалау жұмысы кезінде білім алушыларға зерттеу жүргізу үшін тақырыпты таңдауда еркіндік беріледі. Зерттеу тақырыбын анықтағаннан кейін білім алушылар халықаралық және жергілікті дереккөздерге шолу жасайды.

Үшінші бөлім аясында білім алушылар әртүрлі мәдениеттер өкілдерінің дүниетанымын түсінуге, толеранттылық танытуға, басқа адамдардың көзқарастарын құрметтеуге үйренеді. Білім алушылар жобаның зерттеу міндеттерін жинауға және нақтылауға, кезең-кезеңімен орындауға кіріседі.

Төртінші бөлім білім алушылардың өзіндік ерекшелігі мен мәдениеттердің әртүрлілігін түсінуін қалыптастыруға, әртүрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесімен танысуға бағытталған. Білім алушылар ақпаратты талдау, түйінді ойларды тұжырымдау және жобаны рәсімдеу бойынша жұмыс істейді.

Бесінші бөлім ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығына арналған. Білім алушылар алынған нәтижелерді түсіндіре отырып, жобаның орындалу барысы туралы есеп дайындайды, негізгі қорытындыларға талдау жүргізеді.


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының оқу бағдарламасына қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптар, тақырыптарды игеруге жұмсалған сағаттар саны және күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттары крсетілген.

Мұғалім тақырыптарды жоспарлау кезінде сағат санына сәйкес оқу тақырыптары мен мақсаттарын өзгерте алады, сынып ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерді және оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып өзгерістер енгізе алады.


Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Білім алушылар:

С/с

Күні

Ескерту

1-бөлім. Жаһандық құзыреттіліктер




1

Жаһандық құзыреттіліктер дегеніміз не

- жаһандық мәселені зерттеу үшін зерттеу тақырыптары мен мақсаттарын анықтау;

- жаһандық мәселелер бойынша көзқарастарды анықтау, сипаттау және сыни салыстыру;

- дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау;

- баламалы көзқарастарды қарастыру және талқылау.

1



2

Жаһандық құзыреттіліктердің маңыздылығы

1



3

Жаһандық құзыреттіліктерді дамыту жолдары

1



4

Жобалау жұмысы. Дайындық және жоспарлау

1



2-бөлім. Жергілікті, жаһандық және мәдени маңызы мәселелерді зерттеу




5

Жаһандық проблемалардың түрлері

- дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау;

- дереккөздердің күшті және әлсіз жақтарын бағалау;

- жаһандық мәселе бойынша өз көзқарасыңызды және оның қалай дамығанын сипаттау;

- дәлелдерді, себептер мен мәлімдемелерді растау үшін дәлелдемелерді зерттеу және талдау.

1



6

Әлеуметтік мәселелер

1



7

Әлеуметтік теңсіздік жаһандық проблема ретінде

1



8

Әлеуметтік теңсіздік. Себептері

1



9

Әлеуметтік теңсіздікті жеңу жолдары

1



10

Қақтығыстар. Ұғымы. Түрлері

1



11

Жанжалдарды шешу жолдары

1



12

Экологиялық мәселелер

1



13

Климаттың өзгеруі

1



14

Ауаның ластануы

1



15

Судың ластануы

1



16

Жердің ластануы

1



17

Жобалау жұмысы. Зерттеу

2



3-бөлім. Әртүрлі дүниетанымдар мен көзқарастарды түсіну және құрметтеу




18

Дүниетанымды түсіну

- жаһандық мәселелер бойынша көзқарастарды анықтау, сипаттау және сыни салыстыру;

- бастапқы және қайталама дереккөздерден дәлелдемелерді жинау, жазу және талдау;

- өз көзқарасын негіздеу үшін себептер мен дәлелдер келтіру;

- дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау;

- дереккөздерге сілтеме жасау және библиографиялық тізімді дұрыс құру.

1



19

Басқа адамның көзқарасын қабылдау мүмкіндігі

1



20

Өзге де мәдениеттерді білдіретін адамдарға құрмет көрсету

1



21

Төзімділік: бір-бірімізді түсінуге үйрену

1



22

Жобалау жұмысы. Зерттеу

2



4-бөлім. Мәдениеттер арасындағы ашық және тиімді өзара іс-қимылға қатысу




23

Мәдени сәйкестікті қалыптастыру

- дәлелдердің, мәлімдеме-лердің, себептер мен дәлел-демелердің негізгі элемент

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.00.2023
2635
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12