Материалдар / ЖАЗБА (ДИКТАНТ) ЖҰМЫСЫНДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҰТЫМДЫ ҮЛГІЛЕРІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН САБАҚТАСТЫРЫП, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАЗБА (ДИКТАНТ) ЖҰМЫСЫНДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҰТЫМДЫ ҮЛГІЛЕРІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН САБАҚТАСТЫРЫП, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала қос автордың зерттеуімен оқушылармен жұмыс жүргізгенде өз нәтижесін көрсеткен жұмыс. Диктант жұмысын сабақ үстінде ұлттық педагогикамен байланыстыра жүргізудің озық үлгілері көрсетілген. Ұлттық құндылықтарды жазба жұмысында ұтымды жүргізудің озық үлгісі көрсетілген.
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАЗБА (ДИКТАНТ) ЖҰМЫСЫНДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҰТЫМДЫ ҮЛГІЛЕРІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН САБАҚТАСТЫРЫП, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


Рахмет Раиса Әбдікалыққызы- №93 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші

Абдулла Алия Аманжолқызы – М. Горький атындағы №16 мектеп- лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші


Халықтың ұлттық санасының оянып, рухани дамуының жандануы соңғы кездері жан – жақты сипат алып келеді. Өмірде адамдармен қарым – қатынаста, тұрмыс- салтта ұлттық қалыптасудың көптеген белгілері күннен – күнге өріс алуда. Бүгінгі таңда тілін ұмытып, ұлттық әдебиетін білмей, діннен безген жас ұрпақты оң жолға бағыттаудың, оларға тәлім – тәрбие берудің қажеттілігін өмір өзі көрсетіп отыр.Ұлттың болашағын ойлаған қазақ зиялылары мен ұстаздар қауымы жастарды халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі – өнегесі бойынша тәрбиелеудің қажеттілігіне баса назар аударуда.Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор.

Біз тарихқа, ғалымдардың зерттеуі бойынша, Х ғасырдан бастап «қазақ» деген атпен еңсек те, тарихымыз тым әріде жатыр. Халқымыздың әдеп- ғұрыптары, рәсімдері, салт-дәстүрлері, таным-түсінігі, салт-санасы, ырымдары, әдебиеті тағы да басқалары толық жиналып болған жоқ деп ойлаймыз. Сондықтан осы аталып отырған терең де құнды ұлттық мәдениетті жинақтап зерттеу –халықтық педагогика алдындағы үлкен бір міндет болып саналады. Себебі, халықтық педагогика- ең үлкен болашағы зор тақырып, ұлттық қоры мол қазына. Ұлтты ұлт есебінде ерекшелендіретін және басқа ұлт өкілдерінің сыйлап, қадірлететін қасиет- салт-дәстүр мен оған тәуелді тіл. Осы қасиетті, әсіресе, мектеп оқушыларының бойында қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің орны ерекше.

Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып терген мол тәжірбиесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткеншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста , біз халық педагогикасының тағылымдарын қазақ тілі мен әдебиеті сабағында пайдалану арқылы, оқушылардың бойында Отанына деген патриоттық сезімін оятып, адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Сондықтан таңдаған тақырыбымыз өз көкейтестілігін жойған жоқ деп есептейміз.

Әрбір сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесі – оқушы дамуының негізгі факторы болуы қажет. Желілік кәсіби қоғамдастық аясында біздер бірлесіп жұмыс атқарудамыз. «Кәсіби байланысқа ойы, ниеті үндес адамдардың болғаны жөн»,- деп мұғалідерге арналған нұсқаулықта көрсетілген. Бірлесе отырып, жазба жұмыстарын соның ішінде диктантты түрлендіріп, жаңа технологиялармен байланыстырып өткізуді көздеп, сол бағытта ізденіп келеміз. Халық тағылымдарының негізгі арналарын өз іс- тәжірибемізге енгізу арқылы оқушының бойына патриоттық тәрбие берумен қатар , «тыңдалым», «айтылым», «оқылым», «жазылым» 4 дағдыны халық педагогикасымен ұштастыра отырып бала бойына егем із деп ойлаймыз.Диктант жұмысын түрлендіріп, үнемі мұғалімнің оқу арқылы ғана оқушы санасына құймай , оқушыны тарта отырып жұмыс жасаған тиімді. Біріншіден, оқушы ұқыптылыққа , шапшаңдыққа тәрбиеленсе, екіншіден, қырағылыққа, жауапкершілікке үйренеді, үшіншіден, өзін –өзі дамытады, қалыптасуға қажетті дағдылардың бойында көрініс табуына тікелей өзі араласады. Біз өзіміздің авторлық жобамызды жазба жұмысының инновациялық түрлерімен соның ішінде диктант жұмысының мәтінін этнопедагогикаға негіздедік.

Диктант – латынның «дикто» деген сөзінен шыққан.Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады.Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет. Сонымен қатар қазіргі таңда оқушылардың жазба жұмыстарын тексергенде қатені мұғалім өзі тауып, жазып көрсетеді. Қатемен жұмыс жасағанда оқушы мұғалім тапқан қатені көшіріп жазумен шектеледі. Бұл оқушының ізденуін шектейді. Өзіміздің іс-тәжірбиемізде жазба жұмыстарының қателіктерін шартты белгілер арқылы көрсетіп, қателікті оқушының өзінің табуына әсер етеміз. Жинақта критериалды бағалау өлшемдерін енгізіп отырмыз.Сындарлы оқыту теориясы бойынша оқушы өзін-өзі бағалай білу қажет. Жазба жұмыстарын жаңаша бағалау өте тиімді. Оқушы өзінің жазба жұмысында қандай жетістікке жеткендігін, не жетілдіру қажеттілігін, «өте жақсы» деген бағаны алу жолында еңбек ету, іздену керек екендігін сезінеді. Шығармашылық диктантты критериалды бағалау үлгісі:

Критерий

Дескриптор

Бағалау өлшемі

Ойдың жүйелігі

Ойы тың,жүйелі

2


Идея айқын

1


Көркемдегіш құралдарды тиімді пайдаланған

2

Грамматикалық сауаттылық

Емле,тыныс белгі сақталған

2


Көркем жазуы стандарттық жүйеге сай

1


Сөйлемнің синтаксистік құрылымын сақтай білген

2

Барлығы


10

Өзіміз құрастырған жинағымызда диктанттың бірнеше түрлері беріліп отыр. (Төмендегі кестеде көрсетілген). Шығармашылық диктанттың инновациялық түрлері бірнешеу. Атап айтсақ, «Бестік». «Бестік» диктанттың өзіндік ерекшелігі сол- мәтін әдебиеттен оқып жатқан көркем туындыдан алынады, екіншіден, ол қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырылады, үшіншіден, оқушы әдеттегі диктанттардағы өнімсіз іс- әрекеттен, яғни көшіруші, қайталаушы емес, оның мәтінін өздері құраушы дәрежесінде болады.

«Бестік» диктанттарды поэзиялық шығармалар негізінде де жүргізуге болады. Өлең мәтіні оқушыларға таратылып беріледі.Мұғалім сұрақтарына оқушылар өлеңнен жауап іздеп, тауып жазып отырады. Бұл жұмыстар көру диктантына үндес болып келеді. Салт- дәстүріміздің асыл қазынасының бірі-«батаны» диктант жұмысында тиімді қолдануға болады. Мысалыға, Сөз таптарына байланысты төмендегідей мәтінді ұсынуға болады.

Қандай (ала) биең құлындап құлындап,

Алатауға сыймасын.

Қандай (қара) биең құлындап,

Қайда? (Қаратауға) сыймасын.

Айың тусын оңынан,

Күнің тусын солыңнан.

Не? (Мал) қосылсың малыңа

Бас қосылсың неңе?(басыңа)

Кетпесін дәулет басынан.

Әдебиет пен қазақ тілін сабақтастыра байланыстырып өтуде:біріншіден, оқушының есте сақтау қабілетін арттырсақ, екіншіден, креативті ойлауға дағдаландырамыз, үшіншіден патриоттық тәрбиеге баулимыз.

«Бестік» диктантына қойылатын талаптарды санамаласақ:

  1. «Бестік» диктантының мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады; дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне белгіленген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін құрастырады;оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады.Сонымен қатар , 5 сыныпта қазақ тілінде өтілген есте сақтауға қажет мәтін негізінде құрастыруға болады. Мысалы, «Лексика» саласы бойынша өтілген тақырыптарда қамтылған сөз мағынасын ашуға негізделген сұрақтар төңірегінде беруге болады. «Қом» сөз неге байланысты қолданылады? Әрбір оқушы өз білгенімен сөйлем құрастырады. «Тосап» дегеніміз не? М.Қашқари сөздігінде «Ал» сөзі неге байланысты қолданылады?

«Модельдеу» 5-сыныптың әдебиетімен байланыстырып қолдануға болады. Ауыз әдебиетінің асыл арналарынан үзінді ала отырып қолданған жөн.

Кезеңдері

Тапсырма

Оқушы жауабы

І модельдеу

«Бесік жыры» неге байланысты айтылды?


ІІ мдельдеу

Әлди-әлди, ақ бөпем


ІІІ модельдеу

Бесік жырын айту арқылы


IVмодельдеу

Түрленген зат есімнің астын сыз


Әлемдік тәжірибеде диктанттарды түрлері өте көп және олар өмірге бір қажеттілік ретінде қолданылып, оқушылардың аса қызығушылығын тудыратын әдіс ретінде қолданылады.Бүгінге дейін біздің қолданып келген диктант түрлері жазылым дағдысына жатқызылып келсе, қазіргі диктанттың жаңа түрлері тыңдалымды игеруге бағытталған тәсіл ретінде қарастырылалы.Жаңа әдіспен орындалатын диктанттың кейбір түрлері бізді қызықтырды, сондықтан өз тәжірбиемізде «терме», «көру», е»скерту», «сөздік» диктанттарының орнына жаңа түрі «Ысқыру», «Жүгіргіш», «Сүйеніп отыру» диктанттарын жүргізіп келеміз. Бұл диктанттар белгі беру, сыбырлау, ысқыру арқылы орындалады. Белсенді іс-әрекет болғандықтан ба оқушылардың қызығушылығы жоғары болады. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі – «Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде де жүргізуге болады. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін құрастыру барысында тапқан сөздерінің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Бұл түрленген диктант жұмысы оқушылардың тікелей өз іс –әрекеттеріне негізделеді.Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде сынайды. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді. Мысалы: Айраннан сүзіліп шығатын қышқыл тағам түрін – май дейміз (бұл жерде оқушы сүзбені табу қажет) Айран – биенің сүті. Оқушы бұл жерде «қымыз» сөзін жазуы керек. Табуға намыссыз сөзі жатады. Осы сөздің орнына «Табу» терминіне тән сөзді оқушы тауып жазады. Мәселен, «мырза жігіт», «топалаң», «ит- құс» т.б.

«Жүгіргіш» диктантында тақтаға немесе парақтарға мәтін жазылып ілініп қойылады. Әрбір параққа ат қойылады немесе нөмірленеді. Топтағы оқушылар орын ауыстыра жүріп «тасымалдаушы» да, «орындаушы» да қызметін қоса атқарады. Бұл диктанттың көбінесе сабақ үстінде жүргізілгені жөн. Біз өз тәжірбиемізде этнопедагогиканың негізгі арналарынан үзіндіні ақ парақтарға жазып, қабырғаға іліп қойып, сол арқылы оқушылар жұмыс жасады. Сөзіміз дәлелді болу үшін,6-сыныпта «Сөзжасам» тақырыбын өткен кезде А)Ақлақ – қой сүтінен жасалған, ірімшікке сары май қосылған жеңсік тағам. Ақтүймеш – қауын қағы мен талқанды келіге түйіп жасаған тағам.Ақсорпа – соғым сүйектерін қайта қайнатқанда шығатын сорпа. Ашытқы- нан, қымыз ашытқанда салатын қосынды. Б) Бүрме – сүрленбес үшін мал терісінде орап сақталған ет. Бөртпе- талқанға сүт, май қосылып пісірілген тағам. Быламық – тісі жоқ адамға арналған ас түрі. Бұқпа – қозының, лақтың етінен буға бұқтырылған тағам.Тағам түрлерін бере отырып, оқушыға тың деректер ұсыну арқылы ұлттық мәдениетімізбен аз да болса таныс етеміз және оның анықтамасын білуге дағдыландырамыз. Бұл жаңа инновациялық жазба жұмысының түрін ойын түрінде ұсыну арқылы оқушының біліктілік дағдысынымен қатар ұқыптылық дағдысын қалыптастырып елжандылыққа тәрбиелейміз. Әрбір дала перзенті «Мәңгілік ел» болып қалуды ойласа, салт-дәстүрін, әде-ғұрпын білуі қажет.

Конкурстық диктант- бұл диктант түрін тоқсан сайын бір рет өткізуге болады. Оған әр тоқсанда үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант жарыс түрінде өткізіледі. Жарысқа түсу үшін сынып екі топқа немесе үш топқа бөлінеді. Қай топ диктантты сауатты әрі көркем жазса, сол топ жеңіске жетеді.Бұл диктант түрін алу барысында оқушылардың шапшаңдықтары, қызығушылықтары артып, сауатты жазуға дағдылана түседі. Өзіміздің құрастырған жинағымыздан мысалдар келтіре кетейік: 6- сынып бойынша: Жер шұқу, торқа, биқасап, дүрия ,шидем, уез, тетелес, құлағының мүкісі, қозапия, сүдігер т.б

Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық;әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.

Бұрыннан қалыптасқан «Сөздік» диктанттың қазіргі таңда бірнеше түрі түрленіп қолданылып жүр.Сөздік диктанты №1

р\с

Мұғалім айтатын сөздер

Оқушылар мағынасын ашады

1

Мақал

Халық поэзиясының бір түрі,өнеге алатын сөздің ықшамдалып,дәл айтылған нұсқасы

2

Жұмбақ

Адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсемен салыстыруы

Сөздік диктанты №2.Керісінше сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.

р\с

Мұғалім айтатын сөз мағынасы

Оқушы табатын сөз

1

Киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілінетін, ыдыс-аяқ сақтайтын ыдыс

Аяққап

2

Зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі

Сандық

Әр сыныптың жас ерекшелігіне қарай диктант барысы күрделеніп отырады. 11- сыныптың оқулығы «Сөз мәдениеті мен Шешендіктануға» негізделгендіктен, соған сәйкес тапсырмалар көлемін ыңғайластыруға әбден болады. Бақылау диктанттарын этнопедагогикаға негіздесек, оқушыға Ұлттық Біріңғай Тестілеуде келетін этнопедагогиканың негізі арналарының бірегейі «Шешендік сөздерді» есте сақтауға дағдыландыруда қазіргі таңдағы диктанттың жаңа түрлерінің алатын орны ерекше. Сөздік диктант түрін өзгешелеу етіп былай құру өз тиімділігін көрсетіп келеді.

Мұғалім беретін тапсырма

Оқушы берілген тұлғаның қанатты сөзін жазу қажет

Ж.Баласағұн

Тіл- елшінің қылышы

Жым болып тіл тұрмайды кесілмесе,

Білім –тұл,тілден шығып естілмесе.

Білімді адам тілін билей алады.

Ақылды кісі аз сөйлер

Құтып

Ойлы адамға нақыл сөз қатты ұнайды.

Түмен сөздің түйінін бір сөзбен шеш

Гүлжаһан Кемелбаеваның «Оқушылардың сөйлеу тілі мен жазу тілін дамыту» мақаласында «...Сөздік диктанттың тіл дамытудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады: оқушыларды қазақ тілінен оқып жатқан тақырыптарды қайталап, оны әдебиетпен байланыстыра отырып, жаңа мақсатта пайдалануға, білімдерін тереңдетуге көмектеседі; сауатты жазуға, сөздік қорын дамытуға әсер етеді; есте сақтау қабілетіне игі ықпалын тигізеді»,- делінген. Мақала авторымен толық келісеміз, себебі,біздің тәжірбиемізде өз нәтижесін көрсетті.

«Ысқырық» диктантын мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын немесе белгілі сөздер тобын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктанты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындалған мәтіннің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды.Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер біріңғай бір сөз табынан болуы керек.(2). Бұл диктантты сабақ үстінде пайдалануға болады. Тіпті мұғалім уақытты тиімді пайдаланғысы келсе, берілген жаттығуларды түрлендіруге болады. 5- сыныпта «Зат есім» тақырыбын өткен кезімізде Молықбай қарт қолына қобызын ұстап сарната жөнелді. Айыр – шөп үюге арналған 3-4 тісті ағаш сапты темірден жасалған құрал. Келі - дәнді-дақылдарды түюге арналған құрал.Сүймен – мұз оятын құрал.Кетпен –жер қазуға арналған құрал-сайманның түрі.Зат есімдерді тауып жазуға тапсырма беріледі.

«Жұптық жазу» диктантты екі оқушы бір-біріне арқасын бере отырып, берілген мәтінді оқиды, екінші оқушы жазады. Екеуі кезектесіп жазып, соңында бірін-бірі тексереді. Мысалы, 6- сыныпта «Әдеби тіл мен мәтінің байланысы» тақырыбын өткенде мынадай мәтінді оқушыларға ұсынуға болады. Әрбір жұпқа әртүрлі мәтін ұсынған жөн. «Бұрым кесу» .Бұрым кесу – әйелдерге берілетін ең ауыр жаза. Өйткені шаш, бұрым әйелдің сәні, салтанаты, әйелдік белгісі болып саналған. Қазақтың ежелгі заңы «Қасым ханның қасқа жолынан» бастап еріне опасыздық немесе өте ауыр қылмыс істеген, ел алдында масқара болған әйелдердің бұрымын кесу тәртібі қолданылған. Осындай мазмұндағы мәтіндерді оқушыға ұсынудың тәрбиелік маңызы зор. Техникалық құралдардың қарыштап дамыған кезінде түрлі жаман әрекеттерге еліктеудің алдан алу- әрбір ұстаздың парызы. Бүгінгі қыз бала-ертеңгі ана екенін ашып айтпасақ та, қазақтың астарлы сөзі арқылы ұқтыруға болады. 7-11- сыныптарға кең көлемді мәтіндерді ұсыну арқылы тапсырмаларды күрделендіре беруге болады. 7- сыныпта «Көзбен көру» диктантын алуға болады. Оқушыларға слайдтан бірнеше мәтін үлгісін өзіне таңдатып, үш рет оқытып, жаптыртып қойып жаздыртуға болады. Мысалға, «Есекке теріс мінгізу» тақырыбындағы төмендегі мәтінді ұсынуға болады. «Ата-анасына зәбір-жаба көрсеткен, қол жұмсаған немесе ел- жұртына ел естімеген ұят келтірген жастарды дала заңы бойынша қара есекке немесе қара сиырға теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып,мойнына қара құрым іліп, қорлап,жазалайды».Бұл мәтінің астарында үлкен тәрбиелік мағына жатыр.Ұлт болашағын ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін этопедагогиканың бөлшектерін сабаққа пайдалану-өскелең ұрпақтың иманы мықты тұлға болып қалыптасуына әсері зор. Ата-ананы сыйлаған бала-өзіндік орны бар тұлға болып қалыптасатыны қоғамда дәлелденген.

5-6-сыныптарға суретті диктант үлгісін қолдануда оқушының қызығушылығын арттырып қоймай, ерекше ойлауға дағдыландырады. Суретті диктант – берілген суретке қарап сөз тіркестерімен сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрау, әңгіме жазу.

Қазақ халқының тәлімгерлік тәжірибесінің асыл арналарын,мазмұны мен құрылымын зерттеп,ұтымды үлгілерін мектеп тәжірибесіне ендіруге бағытталған бұл жұмысымыз білім беруді дамытудың кейбір жолдарын жасау,оқу- тәрбие ісіне енгізу,жастарға ұлттық тәрбие беруді одан әрі дамыта түсуге аз да болса себебін тигізер деп ойлаймыз.Оқу-тәрбие ісінде бүгінгі күн талабынан туындап отырған келелі міндеттердің бірі де осы.Білім мен тәрбие- егіз ұғымдар. Осыны ескере келе,жазба жұмысы барысында оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай,ұлттық үрдісімізден хабар бере отырып,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете назар аударып отырмыз.Осы мақсатта мұғалімдерге көмекші құрал ретінде 5-11- сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағын құрастырып ұсындық.Сонымен қатар ,бұл жинағымызда жас маманға көмек ретінде жазба жұмыстарын өткізудің әдістемесінде,атап айтар болсақ,жазба жұмысының нормалары,шартты белгілер арқылы қатемен жұмыс,мұғалімнің бағалауы,критерий қою арқылы оқушының өзін- өзі бағалау үлгілерін ұсынуды жоспарладық.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан халық тәрбиесін бүгінгі күнмен ұтымды сабақтастыру, онда қолданылған балалар психологиясына, олардың жас ерекшелігіне орай ықпал жасауды түрлерімен әдістерін оңтайлы пайдалану, адамгершілік тәрбиесінің көрінісін және олардың ұрпақ тәрбиелеудегі әсерін зерделеу, т.б. көптеген мәселелер өзінің лайықты шешімін әлі де болса толық таппай отырғанын айтумыз керек.

Жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі етеді.Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден- бір жолы –олардың осы іске көзін жеткізу,сенімін арттыру деп ойлаймыз. Бұл сенімді арттыруда қазақ тілі мен әдебиеті сабағының мүмкіншілігі мол екеніне жұмыс барысында көз жеткіздік. Халық педагогикасы арқылы оқушы құзырлылығын қалыптастырудың маңызы: оқушы бойында әдептілік, намыс, ынтымақ, бірлік, жолдастық, елін қорғауға дайын болу сияқты жақсы қасиеттердің ірге тасын қалауға болады. Сол себепті де «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деген ұлағатты сөзді ескере келе, біздер, мұғалімдер сол рухани байлықтың қадірін түсініп, шығармашылықпен дамытып, улес қосумыз керек.


Қолданылған деректер:

  1. Айджанова З.Ж.

Этнопедагогика: оқу құралы (қазақ тілінде). – Ақтау: Ш.Есенов атындағы

Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2010.

  1. «Диктанттар мен мазмұндамалар» жинағы. Құрастырғандар: Е. Омарұлы, Ақұлова А, Махамбетова Г . «Білім» баспасы, 2007 жыл

  2. «Салт –дәстүр сөйлейді» Отбасылық хрестоматиясы. С. Керімбай

  3. Malimetter.kz «Диктант, оның түрлері және жазба жұмыстарының классификациясы» мақала

  4. Гоголь атындағы кітапхана блогы «Салт – дәстүр - ұлттық байлық»

Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М













<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!