Материалдар / Жаздыгүн шілде болғанда.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаздыгүн шілде болғанда.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиетінен Ашық сабақ: Тақырыбы: "Жаздыгүн шілде болғанда". 6 "В" сынып Абай атамыздың "Жаздыгүн шілде болғанда" атты шығармасына арналған ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
419
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 2-бөлім. Абайды оқы, таңырқа!

Мұғалімнің аты-жөні: Дымбаева Гульзат

Мектеп: «№ 10 ЖББ ОМ» КММ

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жаздыгүн шілде болғанда.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

6.3.3.1 орта көлемді шығамаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

Сабақ мақсаты

  1. «Жаздыгүні» өлеңінің мазмұнын түсіну;

  2. Өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау;

  3. «Жаз» тақырыбындағы суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыру;

Бағалау критерийі

  • «Жаздыгүні» өлеңінің мазмұнын түсінеді;

  • өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

  • тірек сөздерді пайдаланып, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор: Шілде, көкорай, өсіп, өзен, ауыл, жылқы,шалғын, ат, суда, құлын-тай ,шауып.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Саған қай жыл жезгілі ұнайды? Не себепті?

  2. Жазда күн қандай болады?

  3. Сен жазда қайда барасың?

  4. Жазғы демалысты қалай өткізбексің?

Құндылықтарға баулу

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

Пәнаралық байланыс

Сабақ мазмұны өлең арқылы әдебиет пәнімен кіріктірілген. Өлеңде қолданылатын сөз тіркестері дүниетану саласымен байланысады.

Алдыңғы білім

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беруге дағдыланған. Шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын түсінеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

5 мин.




Психологиялық ахуал қалыптастыру

С. «Шаттық шеңбері»

Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қимылдармен көрсетеді.

Күннен, жерден нәр алған,

Біз – өмірдің гүліміз.

Бүгінгі күннің сәтінде,

Сәтті болсын күніміз!


С. «Ыстық орындық» әдісі

Сұрақтар:

  1. Абай Құнанбаев кім?

  2. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

  3. Өлеңдерінен үзінді келтір.


Топтастыру

3 түсті стикерлерді сыныпқа таратамын. Стикерлер түсімен 3 топқа бірігеді.

Оқылымалды жұмысы

С. «Галереяда ой шарлау» әдісі

Суреттерді тақтаға шашыраңқы түрде іліп қоямын. Суреттерді талдай отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

Талқылау сұрақтары:

  1. Суреттерден қай жыл мезігілін көріп отырмыз?

  2. Жаз мезгілінде сендер не істейсіңдер?

  3. Жазда ауа райы қандай болады?

Ынталандыру: ауызша мадақтау, қол соғу


Музыка ойналады

3 түрлі стикерлер
















Табиғат, жаз туралы суреттер кескіні



Сабақтың ортасы

28 мин
























Оқылым тапсырмасы

С. Өлеңді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.


Жаз

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көгорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының,

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай,

Айнала шауып бұлтылдап.

Абай Құнанбайұлы


Оқылымнан кейін

ТЖ. «Іші-сырты» әдісі


Өлеңге қандай тақырып қоюға болады?

Өлеңнің негізгі ойы қандай?







Бағалау критерийі:

  • «Жаздыгүні» өлеңінің мазмұнын түсінеді;

  • өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

Дескриптор:

- өлең мазұнына қарай тақырып ұсынады;

- өлеңнің негізгі ойын 2 сөйлеммен көрсетеді;

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды

Бас бармақ жоғары қарап тұрса – Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса – Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса – Мен түсінбедім


Айтылым

ЖЖ. «Хикаят картасы» гарфикалық органайзері

Өлеңнен тірек сөздерді тауып, тірек сөздермен әр суретке сөйлем құрастырып «Жазда» тақырыбында хикаят картасын құрастыр.

Тірек сөздер: шілде, көкорай, өсіп, өзен, ауыл, жылқы,шалғын, ат, суда, құлын-тай , киізүй, шауып.



Тапсырма арқылы саралау:

А. Бұл оқушыларға суреттерге сай сөйлемдер беріледі. Хикаят картасына сөйлемдерді логикалық дамуына қарай суретпен сәйкестендіріп орналастыру сұралады.

Мысалы:

шілде, көкорай, өсіп, өзен, ауыл, киізүй, жылқы,шалғын, ат, суда, құлын-тай ,шауып.


В. Тірек сөздерге сүйеніп, мұғалімнің жетекшілігімен жазады.

С. Мұғалім жетекшілігіне сүйенбей дербес жаза алады.


Бағалау критерийі: тірек сөздерді пайдаланып, суреттер бойынша әңгіме құрастырады

Дескриптор:

  • тірек сөздермен сөйлем құрастырады;

  • сөйлемдер суреттің мәнін ашады;

ҚБ. «Қосу, алу, қызықты» әдісі бойынша өзін-өзі бағалау.

Мақсаты: Оқушының игерген білімі жайында кері байланыс жасау.


Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептін 6- сыныбына арналған оқулық А. Рауандина, Р.Рахметова, А.Юсуп /Көкжиек- Горизонт, 2018.

93- бет





























https://www.google.kz/search?q=жаз+туралы+сурет


Сабақтың соңы

7 мин

Рефлексия «Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.

  1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

  2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?

  3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

  4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

  5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?




фигуралар

Қосымша ақпарат

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сыныптағы саралау жұмысы тапсырма арқылы саралау жолдарымен жүзеге асырылады.

Айталық, қолдауды қажет ететін оқушыларға «Хикаят картасы» гарфикалық органайзері әдісі пайдаланып суреттерге сай сөйлемдер беріледі. Хикаят картасына сөйлемдерді логикалық дамуына қарай суретпен сәйкестендіріп орналастыру сұралады. Орташа қолдау қажет оқушылар тірек сөздерге сүйеніп, мұғалімнің жетекшілігімен жазады. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар мұғалім жетекшілігіне сүйенбей дербес жаза алады.

Сыныптағы бағалау оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарына обьективті түрде кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс беруде мұғалім оқушылардың бағалау критерийлері мен дескрипторларды негізге алып сөйлеуін қадағалайды. Оқушы білімін тексеру қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырылды:

  1. Ауызша мадақтау- «Жарайсың! Тамаша! Керемет!»

  2. «Бас бармақ» әдісі

  3. «Қосу, алу, қызықты»


Сабақ соңындағы «Құпия хат» рефлексиясы келесі сабақты жоспарлауға негіз болады.


  • АКТ-мен байланыс жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • жұптық, топтық жұмыстарда топ ережесін сақтау;

- оқушылар өзара пікірлескенде әдеп- этикетін сақтау;

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!