Материалдар / Жазғы циклограмма, Маусым айы І апта
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жазғы циклограмма, Маусым айы І апта

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөбекжай тәрбиешілеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың жас мамандарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қырқүйек 2018
26357
78 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маусым айына арналған жоспар. І апта
Апта күні: Жұма: 01.06.18ж
«Қайырлы таң балалар!»«Сәлеметсіздер ме, балалар!»- деп балалардың назарын, көңіл- күйлерін бақылып, балалармен диологты сұрақ-жауап жүргіземіз. «балабақшаға кіммен келдің?», «бүгін қандай мереке?» т.б. Ертеңгілік жаттығуды көңілді саз әуенімен өткізу
«Ойна да ойлан» ББС «Коммуникация»ҰОІӘ: Сахналық көрініс «Бауырсақ»Мақсаты: Әр ұлт ертегілерімен танстыру арқылы, балаларды достыққа, мейірімділікке баулу, рөлдерге бөліп ойнауды ұсыну. «Біреуге ор қазба, өзің түсесін» мақалының мағынасын сұрақ-жауаптар арқылы талқылау.Әдіс тәсілі: Бүгінгі өткен мереке туралы айта отырып балаларды адамгершілік пен имандылық туралы түсіндіру,қалай түсінетіндіктерін сұрақ- жауап арқылы әңгімелесу.
«Табиғатпен бірге»Айнала қоршаған ортаға бақылау жасауды жалғастыру: Ауа- райын бақылау.Мақсаты: Ауа -райына жүйелі түрде қадағалау жасау; маусымның сипатты белгісіне көңіл аударып және біріктіру; барлық жан жануарлардың белсенді өміріне, өсімдіктердің өсуіне және жарығына, жылудың төгілуіне байланысты орнату.Маусым -жаз басы, алмалар гүлдеп болады, күннің төгілуі,ылғалдар -өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт- құмырсқалардың, құстардың келуімен байланысты; 22-маусым ең ұзақ күн, ең қысқа түн екенін атап өткен жөн.Шілде - ең ыстық уақыт; күндізгі күннің ыстығы түн суығына ие болады да, жиі күн күркіреу, жаңбыр болады.Тамыз - күні ыстық, түні суық, температура азаяды. Суыту алғашқы қатуға әкеледі.Балаларға жаз табиғатының өзгерісі жөніндегі білімін нығайту.Қимылды ойын: «Тату, барлығы бірге»Алаңның қарама қарсы жағына тепе теңдікті сақтай отырып, бір жолға қозғалуға балаларды үйрету; бір жылдамдықпен бірін бірі қуып жетпей, жүгіруді үйретіп дамыту.Еңбек: Құмның үстіне құм себу және суаруЕңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.Жеке жұмыс: Балаларға күн туралы мақал жаттату.Күннің шуағы жылы,Ананың құшағы жылы.Өз бетінше ойындар.Су құйыну. Баланың өзінің жеке қолғапшасымен бірінші қол, иық, кеуде және іш, арқа мен аяғын сүрту. Бала басынан төмен қарай су құйынады
«Ас адамның арқауы»Асты ішпейміз асығып, Біз әдепті баламыз. Тойып алып тамаққа,Мықты бала боламыз!Астарың дәмді болсын!
«Тәтті ұйқы»Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстінде малдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып,иектерін тізелеріне тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырындап, үндемей төсектеріне барып жатады.
«Тәтті ұйқыдан ояну»«Реттеуші» . Аяғын иық белдеуімен қойып,бір қолды жоғары,екіншісін жанына созып тұру, мұрнымен дем алып, кейін қолдарының қалыпты жағдайын өзгертіп, ұзағынан дем шығарып «р-р-р-р» дыбысын айту.
«Алақай ойын»Ойын:«Күн шұғыласы (сәулесі)»айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіруМақсаты:балалардың ептілігін жетілдіруД.о: «Бұл не?»Мақсаты: сенсорлық , көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.Өзіндік іс -әрекет«Біз көңілді баламыз» Әуенмен би қимылдарын жасау
«Сау бол балабақша!»Балалардың бүгінгі іс-әрекеттері жөнінде әңгімелесу


Апта күні: Дүйсенбі: 4.06.18 ж
«Қайырлы таң балалар!»«Сәлеметсің бе ,жаңа күн!» Балаларды қабылдап алу, дене қызуын өлшеу, денсаулығын байқау. Жаттығулар. «Отырып- тұру» Б.қ Аяқ бірге бір- қолды алға созу, екі- отыру, үш- тұру, бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет қайталау.Астарың дәмді болсын!Ойын: Кім түртті?
«Ойна да ойлан»ББС «Шығармашылық»ҰОҚ: «Шағылысқан күн сәулесі»Мақсаты: (Алақанмен күнді салу), дәстүрден тыс әдіспен сурет салуға баулуКөрнекілігі: Үлгі сурет Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, балалар жұмысы
«Табиғатпен бірге»Теректерді бақылау. Мақсаты: Балаларды теретердің түрлерімен таныстыра отырып, адам өміріндегі маңыздылығын, пайдасын ұғындыру, олардың түрлерін айыра білуге үйрету, жалпы табиғат әлеміне жылы сезімін оятып, оны аялауға, күтіп баптауға тәрбиелеу.Қ.о: «Су шашу» Мақсаты: Жеңіске жетуге деген ынталарын арттыру.Еңбек: Балабақша ауласындағы гүлдердің арам шөптерін жұлу.Жеке жұмыс: Тербеледі ағаштар, Алдамнан жел еседі.Кіп-кішкентай ағаштар,Үп-үлкен боп өседі.Мақсаты: балалардың сөздік қорларын молайту.Өз бетімен ойын.Су ваннасы: 33-32* С су құйыну. Баланың өзінің жеке қолғапшасымен бірінші қол, иық, кеуде және іш, арқа мен аяғын сүрту. Баланы ішімен жатқызып арқаны жұмсақ, құрғақ сүлгімен дене қызарғанша сүртіну
«Ас адамның арқауы»Асқа көңіл салайық, Асап-асап алайық. Тойып алып тамаққа Ойнап асыр салайық!Астарың дәмді болсын!
«Тәтті ұйқы» Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстінде малдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып,иектерін тізелеріне тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырындап, үндемей төсектеріне барып жатады
«Тәтті ұйқыдан ояну» Ұйқыдан жәймен ояту. Жеңіл бой сергіту жаттығуларын орындату.«Ботқа қайнайды». Оң қолымызды ішке, сол қолымызды кеудеге қойып отырамыз. Ішке тартып, кеудеге ауа толтырамыз. Кеудені жіберіп,ішті томпайта көрсетіп дем шығару. Дем шығарған кезде «Ф-Ф-Ф-Ф» - деп, қатты дыбыс шығару.
«Алақай ойын» Ойын: «Балық аулаймыз»Мақсаты: Ептіліктерін арттыруЖеке жұмыс: Олжас, Дамир, М. Бекнұр- Жеңіл ойыншықтардың суда жүзуін бақылауМақсаты: Ауыр, жеңіл ұғымдарын түсінуге қалыптастыру
«Сау бол балабақша!» Ата-аналарға әр баланың бүгінгі уақытын қалай өткізгендігі жөнінде айту. Кеңес беру: (балалар денсаулығына көңіл бөлу), медбикемен бірігіп нұсқау беру.










Апта күні: Сейсенбі :5.06.18 ж
«Қайырлы таң балалар!»Қош келдің, балақай! Балаларды қабылдап алу, t*-сын өлшеу, денсаулығын байқау. Жаттығулар. «Иілу» Б.қ . Аяқтың арасы алшақ, қол белде. Бір оң жаққа қарай иілу,екі бастапқы қалыпқа оралу.үш сол жаққа қарай иілу, төрт бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет қайталау. Астарың дәмді болсын!Ойын: «Жапалақ»
«Ойна да ойлан» ББС «Шығармашылық»ҰОІӘ: Саз. Хореография( маман жоспары бойынша өтіледі.)
«Табиғатпен бірге»Құстарды бақылау. Мақсаты:Балаларға құстар туралы мәлімет беру отырып, олардың пайдасын ұғындыру, құстарға құрметпен қарауға ұяларын бұзбай, балапандарына қамқор болуға үйрету. Қ/о: «Үкі» Мақсаты:Балаларды сезімталдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке және қызығушылықты арттыруға тәрбиелеу.Шарты:Ортадан үкі сайланып, оның көзі орамалмен таңылады. Ойынды жүргізуші-үкі көзіндегі орамалдын шешпестен ойыншылардың бірін танып білуі керек.Ойынға қатысушылар үкіні адастыру үшін сырт киімдерін ауыстырады.Ауа ваннасы: Түзу тұру, аяқ алшақ, қолды түсіру. Қолды жан жаққа созу, ауаны ішіне тарту (демалу), санды қолмен соғу, ауаны (дем) шығару. Ауаны сыртқа шығару арқылы «ку-ка-ре-ку», деп дыбыстау.
«Ас адамның арқауы»Денемізді тік ұстап, Дұрыс отырып аламыз. Асты ішпейміз асығып, Біз әдепті баламыз. Астарың дәмді болсын!
«Тәтті ұйқы»Көздерінжұмуды сұрауКірпігімізді төмен түсірсек, Көзіміз жұмылады.Енді еркін демалайық Ғажап қана ұйықтасақ,Жеңіл, дұрыс тыныстасақ,Шаршағанымыз ұмытылып,Денеміз босаңсиды 2 ретұзақ кідірістермен байсалды дауыспен, бала ойын еркінсітетін сазды әуенмен оқу.
«Тәтті ұйқыдан ояну»«Насос». Аяқ бірге, қолды дене бойымен тік ұстау. Терең дем алып, денені жан-жаққа ию. Қолды дене бойымен сырғанатып, терең дем шығарғанда «ыс-с»- деп қатты дыбыстау. Денені тік ұстап тұрғанда және келесі жаққа иілгенде терең дем алып, дыбысты қайталау.
«Алақай ойын»Дидактикалық ойын:«Су,жер,аспан» Мақсаты: Айырмашылықтарын ажырата білуге үйретуЖеке жұмыс: Аймира, Камиль, Аманәлі-Ылғал топырақ пен құрғақ топырақты салыстыруМақсаты: Зейіндерін арттыру
«Сау бол балабақша!»Пайдаланған ойыншықтарды, құралдарды өз орындарына мұқият жинап қоюды дағдылау. Өз өздеріне қызмет ету дағдыларын бақылау. Киіну, ілгектерін салып, бауларын өздері байлап алуларын қадағалау. Ата-аналарға да балалардың өздері киініп, шешініп, жинастырып қою дағдыларын үйде де бақылауларын , үйретулерін айтып, пікірлесіп отыру.
Апта күні: Сәрсенбі: 6.06.18ж
«Қайырлы таң балалар!» Ата-анамен сұхбат. Дене қызуын өлшеу.Жаттығулар.«Бүгіп жаз» Б.қ: шалқалап, жату. 1-аяқтарды бір мезгілде бүгу: 5-рет қайталау.Астарың дәмді болсын!Ойын: «Аюлар мен аралар»
«Ойна да ойлан» ББС «Денсаулық»ҰОҚ: Спорттық ойын- сауық (маман жоспары бойынша өтіледі)
«Табиғатпен бірге»Бұлттарды бақылау.Мақсаты. Балаларға бұлтардың қайдан пайда болатының, түзілуін оның жаңбыр болып жауатынын, бу болып ұшатынын түсіндіру.Ойын: Құммен су жолын жасау. Мақсаты: саусақ қимылын дамытуЕңбек: Ойын аланыңдағы өз ойыншықтарын жинау.Жеке жұмыс: Балаларға бұлт туралы жұмбақ үйрету.Аспанға ұшар бу болып,Жерге қайтар су болып. (бұлт)Балалардың өз бетінше ойындары.Күн ваннасы: балалар күннен қорғап, орамал тағу. кілемше төсеу,баланың жеке сүлгілері жайылып, шалқасынан, етбетінен жатып күнге қызд-ды.5 мин.
«Ас адамның арқауы»Нан қиқымын шашпаймызЖерде жатса баспаймызНан киелі ардақты ас, Қастерлеп оны баптаймыз.Астарың дәмді болсын!
«Тәтті ұйқы»Ұйықтауы қиын балаларды таңдау. Сиқырлы таяқшасын алып, бөлмені аралап жүріп таяқты заттарға тигізіп ұйықтату.. Міне, үстел, кітап сөресі де ұйықтап қалды. Енді бізде төсекте жатып ұйықтайық, сиқырлы таяқшамен баланы түрту.
«Тәтті ұйқыдан ояну»Табанға арналған жаттығулар: Аяқ саусақтарымен қарындашты жина. Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал. Таяқшаларды табанмен тербет. Әр баланың таңдауына қарай беру.Бесін ас. Ас ішу кезінде мәдени-гигеналық шараларды сақтау.Балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау Астарың дәмді болсын!
«Алақай ойын»Қимылды ойын: «Кішкене өзен арқылы» Мақсаты: ептілікке тәрбиелеуЖеке жұмыс: Аягөз, Н. Дамир, Іңкәр- Тастың суға батуын бақылауМақсаты: Ауыр, жеңіл ұғымдарын қалыптастыру
«Сау бол балабақша!»Ата-аналарға әр баланың бүгінгі уақытын қалай өткізгендігі жөнінде айту, балаларға үйге берілген жаңылтпаштарды жаттуларын өтіну.




Апта күні: Бейсенбі: 7.06.18
«Сәлеметсіңдерме, балалар!» Ата- аналармен балалардың көңіл күйі жайлы әңгімелесу.Дене қызуларын өлшеу. Жаттығулар «Жағалауда» Б.қ: қолдарды иекке таянып, етпеттеп жату. 1-6 аяқтарды бүгіп, оларды қозғау. 5 рет қайталау.Астарың дәмді болсын!Ойын: «Ненің дауысы?»
ББС «Әлеуметтік орта»ҰОҚ: Ойындар Имандылық Экологиялық тәрбиеЭкологиялық тәрбие. «Мен табиғаттың бөлшегімін»Мақсаты: Табиғат туралы түсінік беру, ауаны ластанудан сақтауға, табиғат бөлшектерінен жақсы қасиеттерді алуға үйрену.Экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.Қоршаған ортаны ластамауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.Әдіс тәсілі: Бейне таспадан табиғат көрінісін, табиғаттан үйренейік көрінісін тамашалау.Ой қозғау:Не көрдік?Нені байқадық?Сені қоршаған табиғатта үнемі өзгерістер бола ма?Табиғат нешеге бөлінеді?Жұмбақ жасыру арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.Ойын іс-әрекеті Қоршаған орта«Су мен ойнаймыз» (ойындық және ізденушлік іс – әрекет) «Сиқырлы губка» жаттығу ойыны. «Су бүлкілдейді» суды түтікшемен үрлеу
«Табиғатпен бірге» Айналадағы адамдардың еңбегін бақылау.Мақсаты.: Балаларға үлкендердің еңбегін бақылата отырып, оларды құрметтеп, нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.Қ/ойын: «Зейінді бол»Мақсаты: Балалардың зейінің тұрақтаңдыру.Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әртүрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын, сендер оны қайталап тұруға тиіссіздер. Бірақ мен ескерткен қозғалысты, мыс: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әртүрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалыстарды бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатысса ойыннан шығады.Ойын: «Біз тамшылармыз» Мақсаты: Ыдыстағы суды төкпей апаруды үйренуЕңбек: Гүл егілген алаңға сусепкішпен су себу.Жеке жұмыс: еңбек туралы мақал мәтелдер.*Еңбекпен тапқан нан тәтті.*Жалқаудың өмірі мәнсіз.*Бір тал кессең-он тал ек.Өз бетімен ойын.«Десаулық жолын жүріп өтейік!» Ортопедиялық төсенішпен жалаң аяқ тұзды – ылғалды төсенішпен жүргізу; массажды төсенішпен жүргізу.
«Ас адамның арқауы»Ас ішу кезінде мәдени-гигеналық шараларды сақтау.Балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау Астарың дәмді болсын!
«Тәтті ұйқы»«Әлди-әлди» әнін айта отырып, балалардың денесін сипалау, уқалау арқылы ұйықтату
«Тәтті ұйқыдан ояну»«Бала әтеш қанатын қағады». Қолды бос жіберіп, тік тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жанымызға ұстап,жамбасқа қойып қанат қағамыз. Демді ішке тартып «Ку-ка-ре-ку»- деп, шақыру.Бесін ас. Ас ішу кезінде мәдени-гигеналық шараларды сақтау.Балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау Астарың дәмді болсын!
«Алақай ойын»Сюж. рольді ойын: «Дүкен»Мақсаты: Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу
«Сау бол балабақша!»Балаларды өз киімдерін ұқыпты киюлерін қадағалау. Ата-аналарға топта жаттаған тақпақтарын үйдегі жағдайда қайталатуларын өтіну.






Апта күні: Жұма: 8.06.18ж
Сәлем достар! Балаларды қабылдап алу, дене қызуын өлшеу, денсаулығын байқау. Жаттығулар. «Зырылдауық» Қолдарды төмен түсіріп, аяқтардың арасын сәл-пәл ашып тұру. Өзінің тұрған жерін айналып 10-12 қарғулар жасау. Астарың дәмді болсын!Ойын: «Құрсауды дөңгелет»
ББС: «Коммуникация»ҰОҚ: Сахналық көрініс. «Қызыл телпек»Мақсаты: Ертегіні оқып беріп, естеріне түсіру, сұрақтар арқылы балаларды жауап беруге тарту, ертегіні тәрбиешінің көмегімен театрландыру. Балалардың қызығушылықтарын арттыру, қарапайым түсініктерін, өз ойлары арқылы жеткізе білуге үйрету.
«Табиғатпен бірге»Жәндіктерді бақылау.Мақсаты: Балаларды жәндіктердің түрлерімен таныстыра отырып, олардың зиянды-зиянсыз болып бөлінетінін түсіндіріп, қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет беру.Ойын: «Ойыншықты сипаттау»Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шарты: Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықтарына мұқият қарап алуды ұсынады.(1 минут)Мысалы: қуыршақ, түлкі, қоян, түйе т.б.Алынатын қуыршақтар түрлі-түсті және бөліктері бірнеше болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықтың дене пішінің, түр түсін сипаттап беруін сұрайды.Сипаттап берген ойыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.Еңбек: Ойын аланыңдағы шашылған құмдарды сыпыру.Мақсаты: Үлкендермен бірге шамаларына қарай бірлесіп еңбек етуге дағдыландыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Жеке жұмыс: Жәндіктер туралы жұмбақтар жаттату.*Титтей егесің,Қанын төгесін.(маса)*Торын құрып қояды,Шыбындарды жояды. (өрмекші)Баланың өз бетінше ойыны.Су құйыну. Баланың өзінің жеке қолғапшасымен бірінші қол, иық, кеуде және іш, арқа мен аяғын сүрту. Бала басынан төмен қарай су құйынады
«Ас адамның арқауы»Түскі тамақтануға дайындалу. Қасықты дұрыс ұстау, үстел үстінде мәдени гигиенаны сақтауды қалыптастыру. Астарын таусып ішулерін қадағалау.
«Тәтті ұйқы»Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстінде малдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып,иектерін тізелеріне тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырындап, үндемей төсектеріне барып жатады
«Тәтті ұйқыдан ояну»«Реттеуші» . Аяғын иық белдеуімен қойып,бір қолды жоғары,екіншісін жанына созып тұру, мұрнымен дем алып, кейін қолдарының қалыпты жағдайын өзгертіп, ұзағынан дем шығарып «р-р-р-р» дыбысын айту.
«Алақай ойын»Қимылды ойын: «Балықтарды тамақтандырамыз»Мақсаты: Қыстырғышпен құрттарды қысу арқылы саусақ моторикасын арттыру
«Сау бол балабақша!»Ата-аналарға әр баланың бүгінгі уақытын қалай өткізгендігі жөнінде айту. Кеңес беру: (балаларға міндетті түрде бас киім кигізу керек екені жөнінде)












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!