Материалдар / Жазғы қауіпсіздік ереже
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазғы қауіпсіздік ереже

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге дайын материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
775
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі

Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық

сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы

мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай

тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған

тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші

орынға қою керек. Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер

саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі

деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын

оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде баларымыздың

өмір қауіпсіздігін тілсіз жау өрттен суға түсіу т б жағдаитардан мүқият болу

керек. Салауатты өмір салтын сақтапй отырып «Дені саудың- жаны сау»дейміз .

Жазғы демалыс кезінді балалрымыз әрине көлге барып суға жүзгілері келеді .

Cуда жүзу тәртібі:

 

СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС

ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ

Егер сіз жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады.

Суық суда (судороги) бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін.

Бұлшық еттің тартылуын сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз.

Егер тартылу санның алдыңғы жақ бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың

саусақтарын  түзеңіз. Егер тартылулар өте қатты болса және аяқтарыңыз түзелмесе,

онда оны қолдың көмегімен істеп көріңіз. Бұлшық еттерді уқалаңыз.

Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып көріңіз. Егер тартылулар

тоқтаса, онда кішкене демалып басқа стильмен жағаға жүзіңіз.Суда көп уақыт

өткізу сізді шаршатуы мүмкін.Шаршағанды немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз

және жағаға қарай жүзіңіз.Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып

демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз..

Отты жер - қуатты жер.

    Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің

негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді

шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса,

үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

      Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:

-Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;

-Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;

-Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;

- Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.

 

  Ата- аналар назарына!

Демалыс   кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік

ережелері

 

1.Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;

2.Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өздерін дұрыс ұстаулары керек;

3.Өрт, су, жағажайға жалғыз бармау, тоғайға жалғыз бармау, техника, еңбек, дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздікті және жолда жүру ережелерін сақтау керек;

4.Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды;

5.Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе бөгде техникаға отыруға болмайды;

6.Басқа жаққа қыдырып кеткен жағдайда мектеп әкімшілігіне  не сынып жетекшіге хабарлау

керек;

 























Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама

Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.

Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.

Есте сақтаңыз!

Қараңғы түскен уақыт пен түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады.

Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз.

Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.

Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.

Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.

Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.

Есте сақтаңыз! Бала ата-аналары – сізден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көше мен үйде тәртіпті болуына үйретсін. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысыңыз!

 









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!