Материалдар / Жазғы сауықтыру лагер портфолиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жазғы сауықтыру лагер портфолиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы сауықтыру лагерінен өту кезінде машықкерлерге керек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
453
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК















301- топ студенті

Сырлыбай Аяжанның

Жазғы сауықтыру лагеріне дайындық”

Портфолиосы













Мамандығы: 0105000 "Бастауыш білім беру"

Біліктілігі: 010501 3 - 0105013 "Бастауыш білім беру мұғалімі"

Әдіскері: Алканова Зəуре Сабыржанқызы







Семей 2021 жыл





Балалардың сауықтыру лагері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы

Ережелер


     Жалпы ережелер


1.      Балалардың сауықтыру  лагері қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы осы ережелер  балалардың сауықтыру лагері, балалардың еңбек және демалыс лагері, балалардың профильді лагері, балалардың мектеп жанындағы лагері (бұдан әрі – Балалардың сауықтыру лагері) қызметін белгілейді.

2.      Балалардың сауықтыру лагері өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген), осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

3.      Балардың сауықтыру лагерінде азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша дамыту бағдарламасы іске асырылады.

4.      Білім беру органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, жеке заңды тұлғалар және басқалары Балалардың сауықтыру лагерін қысқы, көктемгі және жазғы каникул мерзімінде, сонымен қатар жыл бойы қалада да, қала сыртында да құра алады. Балалардың сауықтыру лагерінің жұмыс тәртібі мынандай:

          - қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагері жыл бойы немесе білім алушылар мен тәрбиеленушілердің каникул мерзімінде жұмыс істейді. Қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагеріне 7 жастан  15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жіберіледі, жазғы сауықтыру лагерінде болу мерзімі 20 күн, қысқы, көктемгі және күзгі сауықтыру лагерінде болу мерзімі 8-12 күн, жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру лагерінде-20-25 күн;

         - жоғарғы сынып оқушыларына арналған еңбек және демалыс лагері жазғы каникул кезінде ұйымдастырылады және жоғары сынып оқушыларының өндірістік практикасын өткізуді қамтамасыз етеді. Жоғары сынып оқушыларының лагерде болу мерзімі 12 күннен 24 күнге дейін болады;

         - оқушылардың бағдарлы лагері (мектебі) жыл бойы немесе каникул кезінде білім беру ұйымдарының және кәсіпорындардың базасында қалада немесе қала сыртында құрылады.

         - оқушылардың күндізгі сауықтыру лагері 6 мен 12 жас аралығындағы оқушылар үшін жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезінде ұйымдастырылады. Лагерь жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс және мектепке дейінгі ұйымдардың және басқа орайластырылған ғимараттарда құрылады. Балалардың лагерде болу мерзімі 15 күннен 20 күнге дейін болады. Күндізгі сауықтыру лагерін тамақпен және тамақсыз  (сауықтыру алаңдары) ұйымдастыруға болады. 

5.      Балалардың сауықтыру лагерінің негізгі міндеттері:

1)      балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

2)       олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

3)       азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

4)      ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлке тануда, басқа да таным әрекеттерінде білімін, біліктілігін кеңейту және тереңдету;

5)      қоғамдық пайдалы іс-әрекетте дағдыларын практикалық түрде қолдану .

                        

Қызметті ұйымдастыру

6.      Балалардың сауықтыру лагері Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

7.      Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және білім беру қызметі ведмостволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан ҚР заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

8.      Мемлекеттік балалардың сауықтыру лагерінің медицина және педагог қызметкерлері ҚР заңнамасында берілген жеңілдіктерге құқылы.

9.      Балалардың сауықтыру лагері “Білім туралы” ҚР 1999 жылғы  7 маусымдағы Заңына сәйкес бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.     

                        

Қызметінің негіздері

10.  Балалардың сауықтыру лагері балалардың сұранысын, отбасының және өзге де ұйымдардың қажеттіліктерін аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық-мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өз қызметінің бағдарламасын өзі дербес жасайды.

11.  Балалардың сауықтыру лагеріндегі сауықтыру және білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан- жақты ынта-ықыластары мен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс.

12.  Балалардың сауықтыру лагерінде нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшылықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпы танылған қағидаттарына қайшы келетін өзге идеяларды таратуға тыйым салынады.

13.  Балалардың сауықтыру лагерінде балалар мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес топтар, отрядтар, бағдарлы бірлестіктер құрылады, олардағы балалардың саны 25-30 ( ұл балалар мен қыз балалар бірге) болады.

14.  Топтардың және (немесе) отрядтардың қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген сауықтыру және тәрбие бағдарламаларын ескере отырып, педагог белгілейді.

15.  Жастары қатар және әртүрлі жастағы балалар Балалар паркінде ынта-ықыластары бойынша студияға, ансамбльге, топқа, үйірмеге, театрға (бұдан әрі-топтар) біріктіріледі. Топтардың құрылуы балалардың өз таңдауларына негізделеді. Топтардағы сабақтар біріңғай тақырыптық бағыттағы бағдарламалар немесе кешенді, үйлестірілген бағдарламалар бойынша өткізілуі мүмкін.

16.  Жыл бойы жұмыс істейтін Балалардың сауықтыру лагері балалармен күнтізбелік жыл бойы сауықтыру және оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз етеді. Оқу процесі және үйірмелердегі сабақ үстіндегі жылдың 25 мамырында аяқталады. Жазғы мерзімде үйірмелер білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ауыспалы құрамымен арнайы кесте бойынша жұмыс істейді.

17.  Каникул кезінде жұмыс істейтін Балалардың сауықтыру лагері балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен сауықтыру, туристік-өлкетану және саяхат қызметін, табиғатты қорғау және экологиялық жұмыстарын, демалысы мен көңіл көтеруін қамтамасыз етеді.

18.  Оқыту қызметі тиісті басқыштың бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Үйірмелердің сабақтары үшін аптасына 4 академиялық  сағат беріледі.  6 жастағы балалар үшін аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 35 минут көлемінде сабақ жүргізіледі.

19.  Сабақтар бағдарламаға сәйкес топпен, жеке немесе бірлестіктің толық құрамымен жүргізіледі. Әрбір топтағы оқушылар саны 15-тен кем болмауы тиіс.

20.  Балалардың сауықтыру лагері балалардың, жасөспірімдердің жазғы сауықтырылуы және демалысы мәселелері жөнінде әдістемелік орталық болып табылады. Балалардың сауықтыру лагерінде оқыту және сауықтыру процесін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыс жүргізіледі.

21.  Балалардың сауықтыру лагерінде қызметкерлерден оқыту процесін дамыту және жетілдіру мақсатында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік оңалдыруды қамтамасыз ететін әдістемелік, шығармашылық, бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагокикалық қызмет құруға болады. Олардың қызметі жарғы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

22.  Балалардың сауықтыру лагері әкімшілігі балалардың еңбегі мен демалыс режиміне қолайлы жағдай тудыруды, ата-аналардың тілегін, балалардың жас ерекшеліктері мен педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша белгіленген санитарлық-гигиеналық норманы ескере отырып, сабақ кестесін жасайды және бекітеді.

23.  Балалардың сауықтыру лагерінде сауықтыру және оқу-тәрбие процесі балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Балалардың сауықтыру лагерінде білім алушыларды, тәрбиеленушілерді аурудан сақтандыру, олардың денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру, салауатты өмір салтын ынталандыру шараларының орындалуы қамтамасыз етіледі.

24.  Балалардың сауықтыру лагері көпшілік шаралар әзірлейді және өткізеді, балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы, еңбегі, демалысы үшін қажетті жағдай тудырады.

                       

 Сауықтыру және білім беру процесіне қатысушылар

25.  Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және оқу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері) болып табылады.

26.  Балаларды сауықтыру лагеріне бала қабылдаудың жалпы тәртібін құрылтайшы белгілейді және ол Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.

27.  Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен, сауықтыру және оқу процесін ұйымдастыратын және тәртібін реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

28.  Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы туралы дәрігердің қорытындысын тапсыру қажет.

29.  Білім алушылардың, ата-аналардың, (кәмелетке толмағандардың өзге де өкілдерінің), қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен және сауықтыру, білім беру саласындағы өзге де заңнамалық кесімдермен белгіленеді.

30.  Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және педагокикалық қызметіне тиісті кәсіптік білімі бар азаматтар жіберіледі.

31.  Қызметкер мен Балалардың сауықтыру лагерінің еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледі, оның шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

                        

Балалардың сауықтыру лагерін басқару

32.  Балалардың сауықтыру лагерін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге, осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес демократиялық, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркін дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.

33.  Балалардың сауықтыру лагерін алқалы басқару нысаны кеңес, жалпы жиналыс, педагокикалық кеңес және басқа да нысандар болып табылады.

34.  Балалардың сауықтыру лагеріне тікелей басшылықты директор жүзеге асырады.

35.  Балалардың сауықтыру лагері директорын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады.

36.  Директордың орынбасарын Балалардың сауықтыру лагерінің директоры тағайындайды және одан босатады.

                        

Кәсіпкерлік қызмет

37.  Балалардың сауықтыру лагері жарғыға сәйкес білім беру және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебінен кіріс әкелетін қызметпен айналыса алады.

                        

Халықаралық қызмет

38.  Балалардың сауықтыру лагерінің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар, келісімдер мен конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

         

Қорытынды ережелер

39.  Балалардың сауықтыру лагерін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

40.  Балалардың сауықтыру лагері қызметінің тәртібін осы ережемен реттелмейтін бөлікте құрылтайшы белгілейді және ол Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.

 

Балалар мен жастардың  далалық шатырлық лагерiнiң қызметiн

 ұйымдастыру туралы ережелер

                        

Жалпы ережелер

            Балалар мен жастардың далалық шатырлық лагерлерінің қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы осы ережелер  (бұдан әрі – лагерь) далалық шатырлық лагерлер қызметін белгілейді.   

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерлері өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Бала құқығы туралы”, “Бiлiм туралы” Заңдарын және балалар мен жастардың мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының заңдық актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.  

            Лагерь балалар мен жастар дамуына арналған бағдарламалар аясында тәрбие мен  сауықтыру  қызметінің бiр түрi болып болып табылады. 

            Оқушылардың балалар мен жастардың далалық шатырлық лагерi мынадай болуы мүмкiн:

1) күнделіктi;

2) жылжымалы.

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерi жазғы демалыс кезiнде, арнаулы дайындықтан өткен бiлiктi кадрларлары болған жағдайда жалпы орта бiлiм және қосымша бiлiм ұйымдары жанынан құрылады.  

            Оқушылардың күндiзгi далалық шатырлық лагерi ережеге сәйкес әдетте күзгi және қысқы каникул кезiнде, ал жылжымалы далалық шатырлық лагерi көктемгi және жазғы каникул кезiнде ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда күнделікті және жылжымалы лагерлерге жалпы қабылданған ережелер сәйкес бөлінеді: өрт қауіпсіздігі, селден қауіпсіз аймақ, лагерде демалушылар денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігі, қоршаған ортаның эпидиемиологиялық тазалығы және санитарлық-гигиеналық  мөлшердің сақталуы, барлық жағдайда лагерь орналасқан аймақтың табиғи қауіпті апат аймағы т.б. болмауы ескеріледі.

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерi қызметiнiң негiздерi:

  • Оқушылардың белсенді демалысын және бос уақыттарын тиімді пайдалану шараларын  ұйымдастыру;

  • қоршаған орта жағдайына сәйкес қалыптасу біліктерін дамыту және білімдерін пайдалана білуге қалыптастыру;

  • танымдық, шығармашылық, қоғамдық және өзіндік белсенділігін көрсету;

  • денсаулығын нығайту және шеберліктерін көрсету;

  •  азаматтық және патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

  • салауатты өмiр салты дағдыларын  қалыптастыру;

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!