Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жазуға үйретуде ойын элеметтерін пайдалану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жазуға үйретуде ойын элеметтерін пайдалану
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.
Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Әр түрлі жастағы оқушылардың оқу үрдісінде сабаққа деген қызығушылығын арттыру әрбір мұғалімнің алдында тұрған мәселе. Дәстүрлі сабақ жүргізгенде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының туындамауын және сабаққа деген зейінінің болмауын байқауға болады. Әсіресе, бұл мәселе ағылшын тілі сабақтарында жиі кездеседі. Бастауыш сыныпта түрлі көңілді әндер, ойындарды қолдану ұсынылады.
Әртүрлі жастағы оқушыларда ағылшын тіліне деген қызығушылығын қалай арттыруға болады? Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақта ойын әдісін пайдалану болып табылады. А.В.Конышеваның ойынша, ойын сабақты өте мазмұнды әрі өте сапалы етеді:
-
Ойын әрбір баланың белсенді танымдық қызметін жекелей де топта да тартатын оқу процесін бақылайтын тиімді құрал болып табылады;
-
Ойын – оқушыларға таңдауға мүмкіндік берілетін, өзін – өзі танытатын, басқаратын, дамытатын еркін қызмет;
-
Ойын – өзінің белгілі бір нәтижесі бар, оқушының мақсатқа (жеңіске) жетуіне ынталандырып, мақсатқа жету жолын сезіндіреді;
-
Ойында жеке оқушыда, топта бірдей (жаман және жақсы оқушы жоқ: тек қана ойыншылар ғана бар); нәтиже ойыншының өзіне, оның дайындығына, қабілетіне, ақылы мен мінезіне байланысты.
Ойын – баланың жеке дамуы үшін маңызды болып табылады. Өйткені сабақта оның дамуы барысында оқушының сезіну жағдайы қалыптасады. Конкурсқа қатысатын оқушы өзінің командасына көмектесуге, дұрыс жауапты табуға тырысады, белсенділігі артады.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайлар оқушылардың өздерінің әлсіз және күшті жақтарын танып білуге мүмкіндік береді. Мұнда оқушылар өзін мүлдем басқа жағынан көрсете алады және ойынға белсене қатысып, өз командасының жеңіске жетуі үшін үлес қосады.
Осы тұрғыдан ойынды пайдалану – сабақ үлгерімі төмен балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятуға, кейін жетістіктерін зерттеуге маңызды негіз болуы мүмкін.
Оқу процесінде ойындар рөлін анықтауда оның көптүрлілігін білу шарт. С.В. Кульневич пен Т.П. Лакоценина ойындардың мынадай жіктемесін ұсынады:
-
Ойын – жаттығулар. Бұл ойын – оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға бағытталған. Ойынды өткізуге әдетте 10-15 минут уақыт кетеді. Бұл жіктемеге әр түрлі викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар, чайнвордтар, мақал-мәтелдерді түсіндіру, жұмбақтар жатады.
-
Ойын – саяхат. Бұл сыныпта және сыныптан тыс іс-шаралар кезінде тікелей жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жіктеме ең алдымен оқу материалдарын тереңдетуге бағытталған.
-
Пәндік рөлдік ойын. Жоғарыда аталған ойындардан ерекшелігі мұнда қатысушылар қиялдағы жағдаяттар бойынша театрландырылған жаттығулар орындап, белгілі бір рөлді ойнайды.
-
Ойын конкурсы – өзіне жоғарыда аталған дидактикалық ойын түрлерін немесе жекелеген элементтерін қосуы мүмкін. Ойынның бұл түрін өткізу үшін қатысушылар топқа бөлініп, командалар арасында сайыс өткізіледі. Ойынның маңызды ерекшелігі – қатысушылар арасында бәсекелестік пен ынтымақтастықтың болуында.
Сыныпты ойын қызметін ұйымдастырудың ерекшелігі қандай? Бір жағынан, ойын сабақтың құрылымының бірі болуы мүкін. Екінші жағынан, сабақ басынан соңына дейін өзіндік даму реті бойынша ойын түрінде өтуі мүмкін.
Бірінші жағдайда, осы мақаланың авторының тәжірибесі бойынша ойынды сабақтың басында және ортасында өткізген жақсырақ. Егер сабақ ойыннан басталса, онда ол оқушыларды белсенді жұмыс істеуге қызықтыратын тамаша әдіс болып табылады.
Алынған ойын нәтижесінде олар хобби мен мүдделерін басқа қызықты іс-шараларға ауыстыруы мүмкін.
Сабақтың ортасында өткізілген ойын – балаларды шаршататын бірдей, біркелкі қабылдау қызметтерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Егер де сабақ басынан бастап ойынға негізделген болса, онда ол жеке кезеңдерге бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
-
Алдын ала дайындық: сынып оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөлінеді, әр топқа үй тапсырмасы беріледі.
-
Ойын.
-
Сабақты қорытындылау: ойынға қатысушылардың жұмысын қорытынылау және бағалау.
Сабақ барысынды ойындарды орынды қолдану үшін балалардың жас ерекшілігі ескерілгені жөн. Бастауыш және орта сынып оқушылары үшін ойын барысындағы олардың жеке қызығушылығы маңызды. Төменгі сынып оқушылары доппен, ойыншықтармен ойнағанды, суреттер, жұмбақтар шешіп, ән айтқанды жақсы көреді. Алайда тіпті осы жас кезеңінде ойын жаттығуларын (викториналар, сөзжұмбақтар), командалық (сахналық койылым, ертегілер) ойындарды енгізу ұсынылады. Ал ересек студенттер үшін сайыстар, викториналар, рөлдік ойындар, топтық жұмыс қызығырақ болып табылады. Ол олардың дағдылары мен көшбасшылық қабілеттерін көрсету үшін және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік береді.
Тәжірибе көрсеткендей, ойынды егер мұғалім оқулық аясынан шығып, пәнаралық байланыс орнатып өткізсе қызығырақ болады.
Оқу процесіндегі ойын рөліне шолуды қорытындылай келе, біз басқалармен осы әдісті салыстыруымыз керек. И.П. Подласогтың пікірінше, танымдық ойын әр түрлі психологиялық процестер мен қасиеттердің (ойлау, танымдық қызығушылық, белсенділік, жад, ерік және т.б.) дамуына ықпал ететін әдістердің бірі болып табылады. Адамның жеке қалыптасуындағы ойынның рөлі – ол ойлау кеңістігін, алған білім мен дағдысын қолдануды, ұжымдық ынтымақтастықты қалыптастырады.
Жалпы, танымдық ойын - жаттығулар, пікірталас, бағдарламаланған оқыту әдістерін, практика, т.б. сияқты тиімді оқыту әдістердің арасында лайықты орын алады деп айтуға болады.
Ойын арқылы оқытушылық әдістің ерекшеліктері туралы білгендерімізді қалай қолдануға болады? Оқушылармен жұмыс барысында мұғалім өзі танымдық ойындарды жобалап, іс жүзінде олардың тиімділігін тексеру керек. Осы мақаланың авторы ойын арқылы ойлау кезінде келесі принциптерді қолдануды ұсынады:
-
тартымдылық
-
командалық немесе топтық жұмыс
-
сараланған тәсіл
-
қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану
Мысал ретінде, сынып 1 және 2 сыныптар үшін ойынның жобасын ұсынамын:
КВН Винни-Пухтың үйінде қонақта» (3 класс)
Мақсаты: «Үстел басындағы этикет», «Сандық есімдік», «Бет және дене бөліктері», «1-ден 20-ға дейінгі сандар» (Оқу қуралы «Enjoy English-3», авторы М.З. Биболетова, Н.В. Добрынина, Н.Н. Трубанева) туралы материалдарды жинақтау және қайталау.
Ойын шарты:
Сынып 2 топқа бөлінеді және топ атауы мен символы таңдалады.
-
«Винни-Пухты бал арасынан құтқар» ойыны. Тақтаға Винни-Пухтың бейнесі салынған сурет, ұшатын шарлар ілінеді. Жанына нөмірленген бала арасының суреттері ілінеді. Винни-Пухты бал арасынан құтқару үшін, әр команда мүшесі бал араларындағы санды дұрыс жазуы керек. Кім сандарды көбірек дұрыс жазса, сол команда Винни-Пухты бал арасынан құтқарған болады және жоғары ұпайлар алады.
-
Қоянның үйінде диалог құрастыру. Винни-Пух қоянның үйіне қонаққа келеді. Бірақ ол сыпайылық ережелерін білмейді. Әр команда мүшелері тақтаға барып бір-бірден азық-түлік ұсынып, ризашылық білдіріп диалог құрады. Қатесіз және дұрыс сөз тіркестерін пайдаланып диалог құрған командаға ұпай беріледі.
-
Қоянның үйіндегі эстафета. Винни-Пух қоянның үйінде көп тамақ жеді. Тақтада олардың суреттері бар «сиқырлы» қорапша тұрады. Команда мүшелері кезекпен келіп қорапшадан азық-түліктің суреттері бар карточкаларды алып, оларға сан есім бойынша сөз тіркесін құрайды (2 apple; 3 banana;).
-
«Жапалақтың үйіне барамыз» ойыны. Мейірімді жапалақ баларды қонаққа шақырады. Алайда оның үйіне қонаққа бару үшін («Азық-түлік», «Бет және дене бөліктері» тақырыбындағы) сөзжұмбақты шешіп, кілт сөзді табу керек. Қай команда тез шешсе сол команда жапалақтың үйіне бірінші болып қонақа барады.
-
«ИА-ның үйіне қонақта» сурет байқауы. ИА маймылдың туған күні. Команда мүшелеріне оған сыйлық ретінде сүйікті жануарларына сурет салу тапсырылады. Мұғалім бет және дене бөліктерінің аттарын ағылшынша айтады, ал балалар қағазға түрлі-түсті қаламмен суретін салады. Содан кейін үздік портреттер көрмесін жасап, бағалауға болады.
Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақта ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады. Мысалы:
The ABC
A B C D E F G
H I J K L M N O P
Q R S T U V W
X Y Z
X Y Z
This is called the alphabet
Which we never must forget
Оқушылардың жазу дағдысын қалыптастыруға арналған ойындар:
-
«Әріпті аяқтап жаз» ойыны
Мақсаты: қолжазба әрпітерінің графикалық бейнесі туралы білімдерін жинақтау және бекіту.
Құрал – жабдықтар: әрбір оқушы бір әріптің элементі жазылған бір-бір парақтан алады.
Ойын барысы: Мұғалім оқушылардан берілген элементтен әріпті аяқтауды сұрайды.
-
«Әріп қайда?» ойыны
Мұғалім тақтаға бірнеше сөз жазып, солардың ішінен берілген әріп басқаша оқылатындай үш сөз табуды тапсырады. Мысалы: cat, country, city, century… Кім бұрын тапса сол жеңімпаз.
Ағылшын тілінің ерекше дыбыстарының анық айтылуын оқушыларға меңгерту үшін, мұғалім ойын үстінде тілдің орфоэпиялық, орфографиялық ережелерін де есепке алуы керек. Мысалы, орфографиялық лотоны қолдану арқылы ерекше дыбыстардың айтылуын оқушылардың берік меңгеруіне ықпал жасайды, оларды шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге үйретеді.
-
Лексиканы меңгеруде төменгі сыныптар үшін ойын
Қажетті материал: таратпа қағаздар (карточка)
Ойын барысы: оқушыларға таратпа қағаздар таратылады. Карточкада белгілі бір сөз беріледі, бірақ сөздің бірінші әрпі жазылмайды.
Ойынның мақсаты: Оқушы бірінші қандай әріп тұратынын тауып жазуы керек.
-
«Кім жылдам» ойыны
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаның оң және сол жағына бірдей сөздер жазылады. Мұғалім сөздерді бірінен кейін бірін айтып отырады, ойыншылар сол сөздерді тез тауып, сызып тастап отырады. Тапсырманы бірінші орындаған топ жеңіске жетеді. Ойын нәтижесінде балалардың қаншалықты меңгергені тексеріледі.
-
«Сөзден сөз» ойыны
Бұл ойында оқушылар екіге бөлінеді. Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы: schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: school, shoe, he, she, side, nose, ill, red, doll, line, child және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.
-
«Қай әріпті жоғалттым» ойыны
Мұғалім тақтаға бірнеше сөздерді қате жазады. Мысалы: bok, scool, had, тағы басқа. Бұл ойынға өтілген тақырыпқа байланысты сөздерді алынуы да мүмкін.
-
«Артық сөзді тап» ойыны
Мұғалім тақтаға бірнеше сөздер жазады. Оқушылар әр қатардан артық сөзді тауып, сызып тастауы керек
Apple Banana Red
Tea Green White
-
«Естимін- Естімеймін» ойыны
Бұл ойын барысында оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім сөздерді айтып отырады, оқушылар сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың кездесуіне орай шарт бойынша қолдарын немесе екі қолымен бірдей көрсетеді, мұғалім тақтаға ойнап тұрған балалардың қателерін жазып тұрады. Қатесі аз болған топ жеңімпаз атанады. Бұл ойын оқушылардың есту дағдысын қалыптастырады.
-
«Жалғасын тап» ойыны
Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.
Sum |
ter |
Au |
ple |
But |
mer |
Chic |
cil |
Pur |
gust |
pen |
ken |
-
«Әңгімені аяқта» ойыны
Берілген сөйлеммен аяқталатындай етіп, әңгіме құрау.
-
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны
Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (E, O, F).
-
Сен бүгін нешеде тұрдың?
-
Сен қандай үйірмеге барасың?
-
Демалыста қайда барасың?
-
Сабақ нешеде басталады?
-
«Сөз жарысы» ойыны
Берілген сөздердің қазақша немесе ағылшынша аудармасын табу.
-
«Тізбек» ойыны
Оқушы берілген сөздің соңғы дыбысынан басталатын жаңа бір сөз тауып айту керек. Мысалы: cat – tree – elephant…
-
«Орныңды тап» ойыны
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға who? what? where? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді үлестірмелі қағазға немесе стикерге жазып, оқушыларға тарату. Әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың астына жабыстырады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.
-
Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар. «Кім тез?» ойыны. Ай аттарын дұрыс жаз.
-
aryjanu
-
ruaryfeb
-
rchma
-
rilap
-
amy
-
neju
-
lyju
-
ustaug
-
sepbertem
-
ocberto
-
bernovem
-
debercem
-
Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар».
Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.
-
«Бұл қалай өзгерген» ойыны ағылшын тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын және әріп түрінде жазылуын оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді:
-
Алфавитті дұрыс меңгерту;
-
Орфографияны дұрыс оқыту;
-
Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
-
Лексиканы меңгерту;
-
Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту,дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып,сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына ,тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез - келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
-
Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы;
-
Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу;
-
Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау;
-
Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
-
Қолданылған сөздер,сөз тіркестері,өлең таңдау;
-
Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
-
«Board race» (Тақта сайысы) ойыны
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп,ойынның ережесімен таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер, сандар, сөздер айтады сол айтылған сөздерді, сандарды оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды. Мысалы:
P –1 |
P - 2 |
Red |
Red |
10 – Ten |
10 - Ten |
Winter |
Winter |
Book |
Book |
Bag |
Bag |
Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, есте сақтау қабілеттері артады.
Нәтиже:
-
Әр оқушының шығармашылығы артады;
-
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
-
Оқушының жеке қабілеті анықталады;
-
Оқушы топ жаруға ұмтылады;
-
Оқушының ойлау қабілеті дамиды;
-
Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.
Өз кезегінде ойынмен оқыту төмендегідей ықпал етеді:
-
дамытушылық: ақыл-ой және ерік белсенділігі, зейін, жады, сөйлеу дағдыларын, танымдық белсенділігін дамытады:
-
қалыптастыру: жігерлендіріп (мотивация), топпен жұмыс істей алу, біліктілік пен дағдыларын қалыптастырады;
-
тәрбиелілік: төзімділік танытып, қарсыласына және әңгімелесушісіне сыпайы болуға тәрбиелейді.
Сонымен қатар, ойын сабақты сапалы, әсерлі, қызықты етіп, шығармашылыққа баулиды, жағымды психологиялық әсер беріп, сабаққа дайын емес оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятады.
Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі 1-сыныптардан бастап пән ретінде жүріп жатыр. Себебі өскелең жас ұрпақ ағылшын тілін меңгеруі тиіс. 1-сынып оқушыларына ағылшын тілінде сабақ беру мұғалімдер үшін қиындық туғызары сөзсіз. Бастауыш сыныптағы әрбір сабақ басынан аяғына дейін балаға деген мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта Ш.А.Амонашвили мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімімен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге құлшыныс беруі тиіс деген. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты оятуы қажет.тЯғни, мұғалім оқушыларға жымиып, оқушыларман жылы амандасып, хал жағдайларын сұрап, 45 минут ішінде оқушыларды өзіне тарта білуі керек.