Материалдар / Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары. әдістемелік нұсқаулық.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары. әдістемелік нұсқаулық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
1116
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ















ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


















Шымкент

2019


ӘОЖ 373(072)

КБЖ 74.268.1

О-52



«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедра отырысының №8 хаттамасы, 01.10.2019 жылғы шешімімен қаралып, баспаға ұсынылды.


Пікір жазғандар:

Медетбекова Меруерт Аскарбековна –Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.к.

Куанышбаева Зауре Бикеновна - «Өрлеу» БАҰО» АҚФ бойынша Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к

Құрастырушылар:

Кужимова Жанагул Турабековна, Керимбекова Фатима Кайратовна – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.



Oқушылардың оқу танымдық қажеттілігін ұйымдастыруда қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту: әдістемелік көмекші құрал/ құраст: Ж.Т.Кужимова, Ф.К.Керимбекова - Шымкент, 2019.- б.

Әдістемелік көмекші құралда тренерлік жұмыс тәжірибесі негізінде жаңа тұрпаттағы (форматтағы) сабақ барысында оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастырып дамытудың тиімді нұсқалары ұсынылған.

Ұсынылып отырған материал жаңартылған білім мазмұнын меңгертуде қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.






ӘОЖ 373(072)

КБЖ 74.268.1



© «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы

және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, 2019







МАЗМҰНЫ




Кіріспе

4

ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫ


І. Жазылым дағдысының алты бөлімі


5

І.І. Жоспар құру

6

І.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

11

І.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну


16

І.4 Эссе жазу


20

І.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу


28



І.6 . Мәтіндерді түзету және редакциялау


31

ІІ. Бірлескен жазылым


ІІ.1 Жазылым дағдысы бойынша оқушылардың жазатын жұмыстары және оның үлгісі



24

ІІ.2 Жазылым дағдысы бойынша қысқа мерзімді жоспарлар




40

Қорытынды


63





















КІРІСПЕ



Қазақ тілі – қарым-қатынас жасау негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оқушылар қазақ тілін үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру,  анализ,  салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге оларды қоғамда тиімді қолдана білуді үйренеді.  Тілді меңгеру әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды  түсінетін  жеке тұлға   қалыптастыруға ықпал етеді.

Тілдік дағдылардың ішінде, әсіресе, жазылым дағдысы 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын, оқушының нәтиже көрсететін дағдысы болып табылады.

«Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды баска біреуге түсінікті болу үшін кағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.Жазылым тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалык жүйесіне негізделген; лингвистикалык, психологиялык, физиологиялык, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей камтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалык таңбалар белгілі бір фонемалык, мағыналык касиетке ие болады; үшіншіден, жазылым кұбылысында сөйлесім әрекетінің барлык түрі катысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады: бесіншіден, жазылым кағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.

Жазылымның психологиялык ерекшелігі: жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалык, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті ұштау.

Жазылымның әдістемелік ерекшелігі: графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу.Жазылымды тез әрі сауатты үйретудің ұтымды тәсілдерін пайдалану.

Бұл әдістемелік құрал жазылым дағдысының әдістемелік те, психологиялық та ерекшеліктерін ескере отырып мұғалімдерге оқушы бойына жазылым дағдысы бойынша оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттарын ашық, анық, тиімді етіп түсіндіріп, бойларына сіңіртуге үлкен септігін тигізетін көмекші құрал.


ІІ. Жазылым дағдысы алты бөлімнен тұрады:



5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1. Жос

пар құру

5.3.1.1

берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

6.3.1.1

әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру

7.3.1.1

әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру

8.3.1.1

тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру

9.3.1.1

жинақтал

ған материал дар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру

2. Әртүр

лі жанрда мәтін дер құрас тыру

5.3.2.1

жанрлық ерекшеліктері не сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу



6.3.2.1

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу

7.3.2.1

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

8.3.2.1

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу

9.3.2.1

мақсатты аудитория

ның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

3.

Жазба жұмыстарын әртүрлі форма

да ұсыну

5.3.3.1

сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

6.3.3.1

ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру

7.3.3.1

мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

8.3.3.1

мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

9.3.3.1

мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу

4.

Эссе жазу

5. 3.4.1

эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

6.3.4.1

эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу

(«келісу, келіспеу» эссесі)

7.3.4.1

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу

(дискуссивті эссе)

8.3.4.1

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу

(аргументативті эссе)

9.3.4.1

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу

(аргумента тивті эссе)

5. Оқы лым және тыңда лым материалдары негізінде жина қы мәтін (компрессия) жазу

5.3.5.1

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

6.3.5.1

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу

7.3.5.1

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

8.3.5.1

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу


9.3.5.1

оқылым және тыңдалым материал дары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!