Материалдар / Жеке бас гигиенасы, өзін-өзі күту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеке бас гигиенасы, өзін-өзі күту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
818
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлімі: 4В Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жеке бас гигиенасы, өзін- өзі күту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.3 Жеке гигиена ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау

5.2.5.4 Шектеулі қолдауда өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін таңдау және қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Жеке гигиена ережелерімен танысу,

  • Шаш пен тері түрлерімен танысу/өзара салысытыру,

  • Шектеулі қолдануда өзіне күтім жасау жолдарын қарастыру және қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Жеке гигиена ережелерін зерделейді және сипаттай алады

  2. Шаш пен дене күтімі түрлерін саралап салыстыра алады

  3. Адам ағзасы үшін қажетті күтімді атап, қолдану кезінде көрсете біледі

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

өз-өзіне күтім жасауға арналған заттарды және іс-әрекеттерді зерделейді, таңдайды және қолданады

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Гигиена, бактериялар, құрғақ/майлы/аралас тері, шаштың құрылымы, кептіру, шаш сәні, өсімдік шаруашылығы, жеміс, көкөніс дақылдары;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Мен… үшін таңдадым. … үшін қандай тәсілдер қолдануға болады?

  • Жеке бас гигиенасы құралдарына … жатады.

  • Менің тазалығым ... басталады.


Құндылықтарды дарыту



Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасып, жеке және топтағы жұмыс кезінде сыйластыққа шақыру. Пікірлесу барысында сөйлесу этикасын сақтайды.

Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады және сынып ішінде өзара қол ұшын беру.

Пәнаралық байланыстар

Биология, Химия

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану

Бастапқы білім


Алдыңғы бөлімдерде ағзаның тіршілікке беймділігін қолдау үшін дұрыс тамақтанудың негізін анықтай отырып, түрлі ақпарат көздерін қолданып, зерттеу кезеңдері мен эксперимент жасаған. Оқушылар күнделікті өмірде және келесі бөлімдерде мәліметтерді іздеу, өңдеу бойынша дағдылары мен білімдерін қолдану мүмкіндіктеріне ие болды.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқушылармен амандасу. Керекті материалдарды түгендеу, әзірлеу және оқушыларды тізім бойынша тексеру.

Қорапшалар/қалталарға алдын-ала жеке бас гигиенасы заттарын: сабын, тіс щеткасы, сабын, тарақ заттарды немесе дайын суреттердің түрлерін арқылы өзара 3 топқа бөлу.


Презентация 1 бет


Сабақтың ортасы


7 мин







3 мин



7 мин









12 мин












5 мин


Оқушыларға оқу мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

Топтық жұмыс:

Әр топ таңдаған элементтері мен бұйымдарын талқылай отырып, сыныпта өз ойларымен бөліседі.

Оқушылар өзара сынып ішінде өз ойларымен бөлісіп, сыныпқа идеяларын айтып, сипаттау мен талдау дағдыларын дамыту үшін өз ойларын бір-бірімен бөліседі.


Сыныпта

бактерияларға байланысты 13 себептер туралы бейнежазба көрсетіп, төмендегі сұрақтарды ұсыну.

Осы бейнежазбаға байланысты оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  • Бейнежазба не туралы?

  • Бактерияның не екенін білесіздер ме?

  • Адам ағзасында бактериялар мөлшерден тыс көп болған жағдайда не болады?

  • Қалай ойласыздар, олардың аз мөлшерде болуы үшін қандай шара қолдануға болады?


Қалыптастырушы бағалауды қолдау:

Оқушылар жеке бас гигиенасының ережелерін құрап, графикалық элементтерді пайдаланып отырып тұжырымдамалық карталарды A3 форматтағы қағаз бетіне суреттерін салады.

  • Композициялық ережелерді ескеру

  • Түстік шешімін қадағалау

  • Керекті бейнелеу өнер құралдарын қолдану

  • Қауіпсіздік ережелерді ескеріп суреттеу.

Оқушылар жұмыстарын аяқтап болған соң өзара пікір алмасып, өз ойларын сыныппен бөлісіп қорғайды.


Сыныпқа арналған:

Оқушылар жеке бас гигиенасы ережелерінің суреттерін сала отырып, таңдаған құралдарымен салыстыру, өз-өзін күту және қолдану, оны тұжырымдамалық картада қорғау.

Оқушылармен қол, бет терісі (қалыпты, аралас, құрғақ, майлы), шаш (жұқа, қалың) типтері туралы сынып ішінде талқылауға ұсынылады.

Оқушыларға таңдалған заттардың жеке бас гигиенасына қатыстылығын сынып ішінде таныстырады. Тарақ шаш күтіміне қолданылады және т.б. Ережелерді бейнелеудің визуалды үлгілері.

Презентация 2 бет



Арнайы карточка суреттері





https://www.youtube.com/watch?v=X8cAoGVEbL0

Бактерияняң 13 факторы








https://www.youtube.com/watch?v=J30j5TkE8p4










Жеке бас гигиенасы.

https://www.youtube.com/watch?v=dj7sjlNSrF0Шаш күтім.

Сабақтың соңы

5 мин












Рефлексия

3 мин

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалайды

Практикалық жұмыстың бағалау критерийлері:

  • Таңдалған тақырыбына ақпаратты сай

  • Жеке гигиена ережелерін зерделейді және сипаттай алады

  • Шаш пен дене күтімі түрлерін саралап салыстыра алады

  • Адам ағзасы үшін қажетті күтімді атап, қолдану кезінде көрсете біледі

  • Жұмысын дұрыс рәсімдейді

  • Берілген уақытты ұтымды пайдаланады

  • Қорытынды жасайды


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар Зерттеу жұмысын толық әрі нақты орындайды. Қосымша ақпараттар қолданады.

Қалыптастырушы бағалау

Өзара бағалау

Қауіпсіздік техникасы: Ноутбук немесе компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде өшіру

Сергіту сәті ретінде сабақ ортасында оқушыларға жаттығу жасатуға немесе бір-біріне жақсы тілектер айтқызуға болады


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!