Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жапсырма қалтаны машина тігістерімен өңдеу; алжапқыш бөліктерін біріктіру ЫЖӨ жұмыстарын орындау; Тігін операциялары барысында техника қауіпсіздігін сақтау Біріктіру тігістерінің түрлерін білe, ажырата алe
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар 3 бөлімі: Дизайн және технология

Мектеп: №34 орта мектебі

Күні: 15.03.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні:Азаматова Г.К.

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны: 0


Сабақ тақырыбы

Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1 Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

6.2.2.2 Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.

6.2.6.2 Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

  • Жапсырма қалтаны машина тігістерімен өңдеу; алжапқыш бөліктерін біріктіру

  • ЫЖӨ жұмыстарын орындау;

  • Тігін операциялары барысында техника қауіпсіздігін сақтау;

Бағалау критерийлері

  • Біріктіру тігістерінің түрлерін біледі, ажырата алады;

  • Техника қауіпсіздігі ережесін ұстанады;

  • Технологиялық карта бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізеді;

  • Тігін машинасымен жұмыс жасай алады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Жапсырмалы қалта – накладные карманы – patch pockets

ЫЖӨ – ВТО - wet-heat treatment

Біріктіру – соединение - connection

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен жапсырмалы қалтаны ... пішінін қолдану арқылы орындадым.

Жапсырмалы қалтаны өңдеу үшін ең алдымен, ...

Мен бөлшектерді біріктірудің ... әдісін таңдадым

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта балалардың бойына еңбек және шығармашылық жалпыадамзаттық құндылықтарын бұйымды өңдеу барысында сіңіру арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыс

Геометрия – түзу және қисық сызық бойымен тігіс жүргізу

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар бейнероликтер көреді, талқылайды.

Бастапқы білім


Оқушылар алжапқыштың бөліктерін пішіп, жапсырмалы қалтаны қол тігісімен өңдеп шықты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал. Оқушыларға «Наурыз қалтадан» тәттілер ұсыну, наурыз тілек тілеу. Тәттілер орамасының түсіне қарай, жұптасып отырғызу. Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарын талқылау.




















Сабақтың ортасы


Алжапқыш туралы өткен білімдерін wordwall қосымшасында дайындалған қорапшалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы еске түсіру.

1)Алжапқыштың түрлерін ата?

2)Алжапқышқа қажетті өлшемдер?

3)Алжапқыш қандай бөліктерден тұрады?

4)Алжапқышқа қолданатын мата түрлері?

Алжапқышты тігу кезеңдері (нобай салу, өлшем алу, сызба сызу, бұйымды матада пішу)

Жұппен жұмыс. Қол тігістерін (көктеу, көктеп тігу, бүгіп көктеу, көшіру тігісі) үлгі матада орындау. Қауіпсіздік ережесі

Алжапқыш бөліктерін өңдеу

  1. алжапқыштың көкірекшесін өңдеу

  2. төменгі бөлігін өңдеу

  3. белдік пен аспабауды өңдеу

  4. жапсырма қалтаны өңдеу

Бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық-нұсқау карта құрастырып көрсету.

Қалталар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Сыртқы қалталар – тілме, тілме емес, жапсырма қалталар болып бөлінеді. Қалталардың барлық түрі өңдеу тісілі жағынан алуан түрлі болып келеді. Алжапқышқа жапсырма қалталар қолданылады.

Жапсырма қалтаны өңдеу үшін:

Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз;

Кесілген пішім ішке қарай ауыз жағынан 2см аралықта бүгіледі, ал іш жағынан 0,5см бүгіледі;көктеу тігісін қолдану

Тігістер үтіктеледі.

Қалтаны алжапқышқа орнату үшін:

Алжапқышқа қалтаның орнын анықтау, көшіргі тігісті орындау

Қиып алған қалтаны алжапқышқа белгіленген жеріне көктеп қою керек немесе ағылшындық түйреуішпен екі жерден бекіту керек;

Тігін машинасымен бастырып тігіп аламыз;

Тігістер үтіктеледі.

Оқушылар алжапқыштың жапсырмалы қалтасын өңдеуді орындайды

Дескрипторлар:

  1. нұсқау бойынша өңдеу жүргізеді;

  2. жапсырма қалтаны машинамен сырып тігеді;

  3. тігісті ЫЖӨ-ден өткізеді;

  4. техника қауіпсіздік ережесін ұстанады;

  5. қол тігісі жіптерінен бұйымды тазалайды.

  6. Соңғы ЫЖӨ-ден өткізеді.

Оқушылар нұсқау карта бойынша жапсырма қалтаны өз бетімен өңдейді. Оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізу. Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару керек.

Оқушыларға бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру.

Оқушылар нұсқау карта бойынша дайын болған бөліктерін біріктіруге кіріседі. Келесі өңдеу түйіні – бұйымды жинау.

(Ө) Тапсырма: Алжапқыш бөліктерін біріктіру.

1. белдік пен аспабау бөлшектерін қол тігісімен алжапқышқа біріктіреді;

2. машинамен сырып тігеді;

3. Қол тігісі жіптерінен тазартады;

4. Соңғы ЫЖӨ-ден өткізеді.

Дайын бұйым бөлшектерінің біріктіру үлгісін қарастыруды ұсыну. Бөлшектердің қандай тәсілмен біріктірілгенін, дайындау барысында қандай әрлеу қолданылғанын талқылау.

(К) Бөлшектерді біріктіру тәсілдерін көрсету.

(Ұ) Оқушыларды бұйымды өңдеу және біріктіру жұмыстарын реттілікпен орындауға бағыттау.

(Ө) Оқушыларға алған ақпараттары негізінде аспабауды көкірекшемен, белдікті алжапқыштың төменгі бөлігімен біріктіруді ұсыну. Сонан соң оқушылар қалтаны алжапқыштың төменгі бөлшегіне қосып тігеді. Мұғалім оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізеді.

Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару. Оқушыларға бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру

ПОПС (ҰНМС) әдісі.«Ас пісірерде алжапқышты киген дұрыс па?»

П-позиция(ұстаным) «Менің ойымша, »

О-обоснобание (негіздеу) «Себебі….»

П- пример (мысал) «Мен мұны келесі мысалдармен дәлелдеймін»

С- следствие (салдары) «…..осыларға сүйене отырып,….»

Тест тапсырмасы https://quizizz.com/admin/quiz/622f72fc869c68001ea0e292

  1. Алжапқышқа қандай қалта пайдаланылады? (жапсырма қалта, тілме, тілме емес )

  2. Жұмыс орнына жарық түсу керек? (соң жақтан, артқы жақтан, ол жақтан немесе алдыңғы жақтан)

  3. Тігін машинасы мен отыратын орындықтың ара қашықтығы қанша болуы керек? (10-15 см, 5-7 см, 30-40 см)

  4. Алжапқышта қалтаның орны қандай тігіс арқылы анықталады? (көшіргі тігіс, көктеу тігісі, жөрмеу тігісі)

  5. Көктеу тігісін қолдану үшін үшін жіптің түсі қалай алынады? (матамен түстес, матаға кереғар түс, түсі маңызды емес)

Интербелсенді тақта

wordwall қосымшасы

слайд

































Тігін машинасы, электрлі үтік, марля, ине, жіп, қайшы, арнайы киім /фартук, орамал/, матадан пішілген бөлшектер, нұсқау карта





































































Ұялы телефон

quizizz.com

Сабақтың соңы


  • Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі https://PollEv.com/free_text_polls/bWb26pBdjWji6t7uk3WyH/respond

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді – машина тігістері, жапсырма қалта пішіні, өңдеу әдістері

Оқушының жапсырма қалтаны өңдеу ұқыптылығы мен өз ойын жеткізе алуы арқылы бағалау.

Қауіпсіздік техникасы сақталынды


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2023
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі