Материалдар / "Жеке гигиена" туралы түсінігін қалыптастыру
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

"Жеке гигиена" туралы түсінігін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2018
1424
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеке түзету сабақ жоспары.

Түзету бағдарламасы: Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау.

Тақырыбы

Мақсаты

Түзету жұмысының барысы

Сабақ саны



Бірінші кезең



ІІ бөлім.

Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту (тамақтану,гигиена сақтау)


1. Жеке гигиена.

Жасөспірімнің жеке гигиенасы,

құралдары.







































































2.Дененің саулығы мен тазалығын сақтаудың ережелері.



- Дұрыс күн режимін құрауға үйрету.

-Жеке гигиеналық құралдарды қолдану және тазалыққа үйрету.

- Күнделікті гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру.




































































І.Білімділік:

Баланың тамақтану ережелерін қалыптастыру.


ІІ.Тәрбиелілік:

Тазалыққа,ұқыптылыққа баулу.


ІІІ.Дамытушы лық:

Өз бетінше тамақтану,гигиеналық ережелерді сақтауға дағдыландыру.













































І. Ұйымдастыру барысы:

Сәлемдесу

Балақай, біз қалай сәлемдесуші едік? Соны біз сәлемдесуді білмейтін «қонжыққа» үйретіп көрейікші. Ол үшін бірінші екеуміз көрсетейік.

Қане, алақан мен алақанды соғайық.

Енді, жанарамызбен бір-бірімізге күлімдеп қарайық.

Біз сәлемдестік, енді қонжықпен сәлемдесейік. (Маманмен жасаған іс- әрекетті қайталау.)

Түзету жұмыстары: Дұрыс күн режимін құруға, тиімді тамақтану ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Жеке гигиеналық құралдар, ойыншықтар, қуыршақ, тіс щеткасы, тарақ, сабын, сусабын, тіс пастасы, сүлгі, айна, жуыну құралдары.

Педагог балаға жеке гигиена туралы түсініктер беріп өтеді. Жуыну құралдары туралы толық түсінік береді.

-Адам күніне неше рет тамақтану керек?

- 3-4 рет

- Тамақтанар алдындағы жәнесоңындағы ережелер туралы не білесің?

- Әрдайым қолды жуып ,кептіріп жүру.

-Тамақтану уақыты?

- Таңертең, түсте, кешке және бесін ас.


ІІ. Танымдық қабілеттерін дамыту:

1. «Артығын тап» ойыны.

Мақсаты: Жеке гигиеналық заттарды тануға уйрету.

Құралдар: Жеке гигиеналық заттар және артық ойыншықтар.

Ойын барысы: Ойынның алдында заттарды үстелге орналастыру,бала алдымен заттарды көріп алады.

Сосын тапсырма беріледі.

Қатемен жұмыс: Бала берілген заттардың ішінен артығын алып тастайды.Педагог баланың жауабын толықтырып қайта көрсетіп өтеді.



2. «Менің күн тәртібім»

Мақсаты: Жеке гигиеналық заттарды тануға, пайдалануға, гигиеналық ережелерді сақтауға уйрету.

Құралдар: Жеке гигиеналық заттар, су, жуынатын заттар.

Ойын барысы: Ойынның алдында заттарды пайдаланып, баланы таныстыру,бала алдымен заттарды көріп алады. Маман бірінші өзі қолын жуып көрсетеді, бала маманның әрекетін қайталауы керек.

Қатемен жұмыс: Бала берілген заттарды пайдалана отырып жуынуға бейімделеді. Педагог баланың жауабын толықтырып қайта көрсетіп өтеді.


3. «Естігенде шапалақта» ойыны.

Мақсаты: Сөздердің ішінен тазалыққа қатысы бар сөздерді ажырата білуге үйрету.Фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Құралдары: сабын, доп, тақта, сөре, су, сүлгі, есік, сырғытпа,тіс щеткасы, шелек, бөлме, қалпақ, жемпір, қалам, туфли, орындық, тон, шұлық, гүл,кітап, тарақ,

Ойын барысы:

1 нұсқа. Айтылған сөздердің ішінен тазалыққа қатысы бар сөздерді естігенде шапалақпен белгі беру.

2 нұсқа. Айтылған сөздердің ішінен тазалыққа қатысы бар сөздерді естігенде алдындағы суретердің арасынан тақырыпқа сай суреттерді көрсету.


4. «Ойыншықты тазала» ойыны.

Құралдар:Бөлмедегі барлық ойыншықтар.

Ойын барысы: Ойын арқылы тазалыққа,ойыншықты таза, ұқыпты ұстауға бейімдеу.

Заттарды пайдалану, ойыншықтарды жуу, тазалау арқылы ұсақ –қол маторикасын дамыту.


5. « Түрлі –түсті әлем» ойыны.

Мақсаты: жеке гигиеналық заттарды тануға,ажыратуға үйрету.

Ойын барысы: Дайын тазалық құралдарының суретін бояу.

Құралдары: Дайын суреттер, қарындаштар,бояулар.


Түзету жұмыстары:

1.Өз бетінше жуыну,қолын жууға баулу,икемдеу.

2.Ұқыпты тамақтануға баулу.

3.Тамақтану және гигиеналық ережелерді сақтау туралы түсінік беру.


1.« Менің дене мүшелерім» ойыны.

Мақсаты: Дене мүшелерін қуыршақтан көрсетіп айту және қайталап сұрау арқылы дене мүшелерімен таныстыру.

Құралдар: Аяқ – қолы бүгілмелі қуыршақ, дене мүшелерінің бөлшектенген суреті.

Ойын барысы: Ойынның алдында заттарды үстелге орналастыру, бала алдымен заттарды көріп алады. Бала берілген заттарды пайдалана отырып дене мүшелерін айтып немесе көрсетіп беруі керек.

Педагог баланың жауабын толықтырып қайта көрсетіп өтеді.



2. «Менің ас үйім »

Мақсаты: Қасықты өз бетінше пайдалана білуге үйрету.

Құралдар:Қағаз, қалам, ойыншық сағат, қасық, бос ыдыстар,топтағы тұрмыстық ойыншықтар.

Ойын барысы: Ойнай отырып уақытты бөлу.

1.Таңертеңгі ұйқыдан тұру,жуыну,киіну

2.Таңғы ас

3.Ойын уақыты

4.Ұйқыға дайындалу (жуыну, киім алмастыру)

Қасықты ұстауға,қасығы бар қолын дірілдетпей аузына апаруға дағдыландыру. Қасықты педагог ұстап қолын бірнеше рет аузына апарып балаға көрсетеді.Соңынан осы әрекетті қайталауды баладан сұрайды.

Қолымен бос қасықты аузына апарып қолын дағдыландырады.

Қатемен жұмыс: Қалып кеткен жерлерді педагог толықтырып,уақытқа бөлуіне көмектеседі.

3. "Қасықпен сал"

Мақсаты: Балаларды ыдыс түрлерімен таныстыру.Тамақты төкпей-шашпай ішуге ұқыптылыққа,тазалыққа ептілікке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Бала тамақтануға қажетті заттарды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Құралдар: қасық, шұңғыл тәрелке, дәнді дақыл,жарма,су.

Ойын барысы. Балалар анасының алдында отырады. Маман балалардың көңілін ыдыстарға аудартады. Алдын ала шұңғыл тәрелкенің ішіне дәнді дақылды салып дайындап, жанына қасықты қояды. Балалар (аналарымен бірге) тамақтануға қажетті барлық заттарды қолына алып маманның іс-әрекетін қайталайды:

-алдымен оң қолына қасықты алып, ыдыстың ішіндегі дақылды аузына апаруы керек. Бала дақылды шашпай аузына апарса, оны мадақтау керек.

Егер бала тапсырманы дұрыс орындай алмаса анасының көмегіне жүгінеді.


4. "Қасықты тап "

Мақсаты: Балаларды ыдыс түрлерімен таныстыру.Тамақты төкпей-шашпай ішуге ұқыптылыққа,тазалыққа ептілікке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Баланы тамақтануға қажетті заттарды түгелдей білуге үйрету.

Құралдар: қасық, шұңғыл тәрелке, жарма.

Ойын барысы. Бала анасының алдында отырады. Маман балалардың көңілін ыдыстарға аудартады. Алдын ала шұңғыл тәрелкенің ішіне жарманы салып дайындап қояды да, қасықты жасырып қояды. Бала (анасымен бірге) тамақтануына қажетті барлық заттарды түгелдеп қолына алып маманның іс-әрекетін қайталайды:

-алдымен қасықты іздеп тауып алып, ыдыстың ішіндегі жарманы төкпей аузына апаруы керек. Бала жарманы төкпей аузына апарса, оны мадақтау керек.

Егер бала тапсырманы дұрыс орындай алмаса анасының көмегіне жүгінеді.

5. "Төкпей апар"

Мақсаты: Балаларды ыдыс түрлерімен таныстыру.Тамақты төкпей-шашпай ішуге ұқыптылыққа,тазалыққа ептілікке тәрбиелеу.

Ойын шарты: Суды төкпей ішуге үйрету.

Құралдар: қасық, шұңғыл тәрелке, су.

Ойын барысы.

-алдымен оң қолына қасықты алып, ыдыстың ішіндегі суды төкпей аузына апаруы керек. Бала суды төкпей аузына апарса, оны мадақтау керек.

Егер бала тапсырманы дұрыс орындай алмаса анасының көмегіне жүгінеді.


6. «Жемістерді жинау.»

Мақсаты:Балаға жеміс-жидектер мен көкөністерді жинау және жууды үйрету.Қозғалысты үйлестіру,өз-өзіне қызмет етуге өз бетінше жемістерді жуып жеуге үйрету.Тазалыққа,ұқыптылыққа баулу.

Құралдар:екі жемістер салуға арналған себет,ойыншық жемістер,жеміс жуатын ыдыс және сүртетін майлық,қол сүртетін сүлгі,құмыра,шелек.

Ойын барысы: Педагог баланың көңілін заттарға аударады және бұл жерде көкөністер мен жемістерді жууға болатынын айтады.Балаға жеміс-жидектерді жууды ұсынады.Бала педагогтің көмегімен жемістерді жуады.

Қатемен жұмыс: Баладан басқа алмаларды өзі жууын сұрайды.Түрлі формадағы жемістерді жуу,жемістерді сүрту.

7. «Тіл алғыш қолдар.»

Мақсаты: Баланы қолын жууға үйрету.Қозғалысты үйлестіру,зейінді шоғырландыру.Денінің саулығы тазалықтан басталатынын түсіндіру.

Құралдар:Құмыра,сабын,щётка,сүлгі,қолға жағуға арналған крем.

Ойын барысы:Көрсетілімге арналған барлық заттар алдын – ала үстел үстіне қойылады.Бала заттарды алдын – ала көреді.Алдымен педагог өз қолын жуып көрсетеді,соңынан бала жасауға ұсыныс жасайды.

Қатемен жұмыс: Бала қолын дұрыс жууға тырысады.Педагог балаға көмектесіп қолдың жуылу ретін көрсетеді.


Маман: Сақтағанова М



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!