Мотивациялық
ынталандырушылық
|
Сәлемдесу.
Балаға смайликтерді
беріп, көңіл күйін таңдату.
Баланы оқу қызметіне
психологиялық дайындау.
1. Қолдың ұсақ
моторикасын дамыту.
Нұркелді біз оқу
қызметімізді бастамас бұрын қолымызға, саусақтарымызға жаттығу
жасап алайық.
Массажды доппен
алақанға массаж жасау.
Саусақтар амандасады
(екі қолдың саусақтарын бір бірімен
амандастырады).
Балалар жүгіреді (үстелдің
үстіне сұқ және ортаңғы саусақтарымызды қойып, оларды
жүгіртеміз).
|
Бала смайликті
таңдап, көңіл күйін
көрсетеді.
Қонақтармен
сәлемдеседі.
Бала қолына, саусақтарына
массаж жасайды.
|
Ұйымдастырушылық
ізденушілік
|
Нұркелді қазір
жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде
қандай өзгерістер болады?
Дұрыс айтасың
Нұркелді!
Ал енді біз тыныс
алу жаттығуын жасайық.
2. Тыныс алу
жаттығуы – «Қолғаптағы
қар».
Мақсаты: ауыз арқылы
еркін дем алып, шығару, ерін бұлшық еттерін
белсендіру.
Нұркелді біз тыныс
алуымызды қалыптастырып алдық, енді оқу қызметімізді
бастайық.
Нұркелді өткен
аптада біз қандай дыбыспен
таныстық?
Олай болса мына
суреттерді ата.
Қане, айнаға қарап Ш
дыбысын айтқанда ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады
екен қарайықшы.
3. Дыбыстың
артикуляциялық қалпын
анықтау.
Сонымен біз бүгін
«Ш» дыбысын дұрыс және әдемі етіп айтуға
үйренеміз.
«Ш» дыбысын дұрыс
айтуымыз үшін тіл мен ерінді жаттықтыруымыз
қажет.
4. Артикуляциялық
жаттығу.
Педагог балаға
артикуляциялық жаттығу
жасатады.
5. Дыбысты
қою.
Еліктеу
тәсілі: Жел соққанда ағаштағы
жапырақтардан қандай дыбыс
шығады?
Ш – ш – ш – ш
–ш
Машинаның дөңгелегі
жарылып қалды, қандай дыбыс
шығады?
Механикалық
тәсіл: Зондтың көмегімен тіл астын
көтеріп жаттығу жасау арқылы Ш дыбысын
айтқызу.
|
Қыс
Күн суытады, қар
жауады, үстімізге қалың киінеміз, шанамен
ойнаймыз.
Бала алдында тұрған
қолғапты қолына қойып, бетіндегі қарды үрлеп
түсіреді.
Ш дыбысымен
таныстық.
Шана, қайшы,
шар
Бала айнаға қарап
дыбыстың артикуляциялық қалпын
анықтайды.
-Тілдің ұшы
таңдайдың алдыңғы жағына (альвеолға ) көтеріледі, бірақ таңдайға
тимейді;
- Бүйірлері жоғарғы
азуларға тиеді;
- Ерін аздап
дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы
келеді;
- Тістер не
қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм саңылау
қалады;
- Алақанды ауызға
жақындатқанда жылы дем
сезіледі.
Бала педагогпен
бірге артикуляциялық жаттығуларды
жасайды.
Жымию- тістерін көрсетіп
жымию.
Тіс
тазалау - ауызды ашып, тілдің ұшымен
үстіңгі және төменгі тістерді
тазалау.
Тәтті
тосап -ауызды ашып, тілдің ұшымен
үстіңгі және төменгі еріндерді
жалау.
Саңырауқұлақ – ауызды ашып, тілдің ұшын
таңдайға жапсырып ұстап
тұру.
Ш –ш –ш
–ш
Ш –ш –ш
–ш
|
Рефлексивті
түзетушілік
|
Үйге
тапсырма.
Үйде бүгін жасаған
артикуляциялық жаттығуларды қайталап
жасау.
Оқу қызметін
сұрақтар қою арқылы
қорытындылау.
Сонымен біз бүгін
айнаға қарап қай дыбысты әдемі, дұрыс айтуды
үйрендік?
Дөңгелек жарылғанда
қандай дыбыс шығады?
Жарайсың, сен бүгін
оқу қызметіне белсене қатыстың. Мен саған ризамын. Олай болса саған
мына жұлдызшаны беремін.
Сау
бол!
|
Бала қойылған
сұрақтарға жауап береді.
Ш дыбысын дұрыс
айтуды үйрендік.
Ш –ш –ш
–ш
Рахмет.
Қош
сауболыңыз!
|