Материалдар / ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа заман талабына сай білім беру – бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан- жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет.Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастырып, дамыту және оған жан- жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2018
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Туленова Айгул Налибековна

Бейнелеу, технология пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебі


Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға

Абай

Қазақстан Республикасында өмір сүріп отырған әрбір азамат еліміздің келешегі. Сондықтан да қазіргі ұрпақ барлық істе сауатты, өз- өзіне сенімді, өздігінен әрекет етуге қабілетті, жауапкершілігі мол азамат болуға тиісті.Ондай ұрпақ отбасы басынан тәрбие ала отырып, өзінің зеректігі мен білімін мектеп қабырғасында одан әрі шыңдай түседі. Осы мақсатта мектепте ұстаздар оқушылардың тәрбиелі, білімді де зерделі, заман талабына сай азамат болып қалыптасуы үшін қызмет етіп келеміз.

Оқушы- тәрбиеленуші, ізденуші тұлға. Сократ «Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау болса, өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы, білімін онсыз да біледі. Енді осы ғылымға түсірту – мұғалімнің жұмысы» –деп ұстаздың нақты бағыттарының рөлін белгілеп берді. Осыған сәйкес мұғалім оқушыны неге, қандай мәселеге жетелеу керектігін біліп, өздігінен тұжырымдай отырып, қорытынды жасай білуге үйрету, іс- әрекет дағдысын меңгерту керек. Оқушы бойындағы өзі ескере білмейтін қабілеттерінің жарық көруіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімдердің басшылығымен жүзеге асады. Осындай мүмкіндіктерді ескере отырып, біз сабақ беретін сыныптардың ішінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын, соған ұмтылысы бар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту қажеттілігі туындады. Осы көзделген міндетті, мақсатты орындауда төмендегідей танымды жүйені ұстанамыз.


ЖЕКЕ ТҰЛҒА

Оқушының өздігінен жұмыс істеуіне, ізденіп білім алуына ықпал ету


Оқушының танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру

Мектепте оқытылатын кез келген пәннің оқушыны қандай ортада болмасын өзінің айтар ойын, өмірге деген көзқарасы айқын жеке тұлға ретінде қалыптастыруда нәтижелі үлес қосары анық. Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Технология пәнінің мұғалімі ретінде жас ұрпақтың ғылыми негізде шығармашылықпен жұмыс атқара білуіне ықпал ете отырып, танымдық ойлау қабілетін жетілдіру арқылы кез келген ситуацияда өз бетінше шешім қабылдай алып, тығырықтан шығудың жолын таба

білетін , шығармашылықпен жұмыс істей отырып, өзін- өзі тәрбиелей алатын тұлға даярлау-ды мақсат етеміз.

Оқушы бойындағы табиғи қабілеттерді зерделеп дамыту үшін мұғалім алдына мынандай міндеттерді қоя алады:

- оқушының логикалық ойлану дағдысын жетілдіру;

- оқушының шығармашылық іскерлігі арқылы таным зеректігін дамыту;

- оқушының ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

- оқушымен қарым- қатынасты жүйелі орната отырып оқушының жетістігін әділ бағалай білу.

Мұғалім оқушының өз бетінше жұмыс атқарып, шығармашылық дербестік таныта білуіне мүмкіндіктер туғызып, іскерлік қабілетін жан- жақты дамыту үшін пәнге деген қызығушылық зейінін арттыру, өзін- өзі бағалауға әрекет жасауын ұйымдастыруы қажет. Қабілетті тұлға қалыптастыру барысында, оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуде, дағды қалыптастыруда төмендегідей жүйеге көңіл бөлу керек


Shape1

ТАНЫМДЫҚ ТАҢДАУ

Ақпараттану Зерделеу

ЗЕРТТЕУ

Сараптау Салыстыру



Shape2

Тұжырымдау

ОЙЛАУ

ҚАБІЛЕТІ

Шығармашылық жоба



Shape3


Shape4 Shape5

Shape6


Shape7 Shape8



Шығармашылық іс әрекеттерді дамыту арқылы оқушылар бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі.
- бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі.
- өз білімімен жолдастарының білімін саралай бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады.
- оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады.
- жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
- оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.
Жаңа заман талабына сай білім беру – бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан- жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет.Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастырып, дамыту және оған жан- жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда. Олар:

  • Дамыта оқыту технологиясы;

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы;

  • Саралап оқыту технологиясы ;

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

   Былтырғы оқу жылында өз білімімізді жетілдіру мақсатында «Оқу мен жазу арқылы сын

тұрғысынан ойлауды дамыту» курсына қатысып ,сабақта осы технологияның әдіс- тәсілдерін кеңінен қолданып, әріптестеріммен бөлісіп келемін.

СТО оқушының тұлғалық қабілетін ашып қана қоймайды, өзіндік көзқарасын, «менін» қалыптастырады.Осы жобаға негіздеп өткізген әр сабақ қорытындысы осыны көрсетіп отыр.

СТО тиімділігі:

Кез келген ұстазға уақытты ұтымды қолдануға болатындығымен;

Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен;

Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен;


СТО өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны

ажырату, ой толғаныс/ ;

Негізгі үш кезенінің маңыздылығы;

Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді. 
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады
- оқушыны басқа жақтарынан таниды
- өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады
- оқушының жұмысын бағалайды

Ең бастысы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалып-тасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы

шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Қорытындылай келе, жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, саналы да, сапалы білім нәрімен сусындату өте маңызды дегім келеді. Ал, ол үшін мұғалім жаңашыл, мотиватор, басты қозғаушы күш болуы шарт.Әрбір мұғалім балаға жүрек жылуымен қатар, ізгілендірген білім беруі тиіс. Елбасы өз жолдауында айтқандай «Мәңгілік ел» идеясының астары осында жатыр.Сондықтан да, өз әріптестерімді ел болашағын сапалы оқытып, озық идеялы азамат тәрбиелеуге шақырамын. Өзімнің осы жолда екендігімді мақтан тұтамын!


 

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. К.Өстеміров «Қазіргі педагогикалық технологиялармен оқыту құралдары» Алматы, 2007.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

3. «Мектептегі технология» журналы. 2012ж , №11


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!