Материалдар / Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілерге арналған.Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда көмегі тиеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2020
1333
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ,
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ,
№2 ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ,
ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
КОРАЛАСБАЕВА ГУЛЬНАРА ИЛИМХАНОВНА



Тақырыбы:Жеке түлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы жолдары.

Шеберлік сыныбы


Мақсаты:Ұлттық сана-сезімі жоғары өз елінің салт- дәстүрін,тарихын,жақсы білетін,сүйетін,ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

.

Көрнекілігі:плакаттар,маркер,,стикерлер,желім, макеттер,ұлттық ою-өрнектер .

Өткізілу формасы: шеберлік сыныбы.


Жұмыстың барысы:


I.Кіріспе:

Кез келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы,ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек.Ұлттық тәрбиені ұрпақ бойына дарытуда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып кқркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!»

Ұлттың ұлт болып калыптасуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше.Ұлттық құндылыққа –ұлтымыздың мәдениеті,әдебиеті,тілі мен діні,салт-дәстүрі жатады.

Рухы биік халықтың іргесі де берік,әлеуеті де қуатты,ынтымағы да жарасты болмақ.Рухани –мәдени таным арқылы тарихи сана негізінде патриоттық сезім,отаншылдық рух қалыптасатыны бәрімізге белгілі.Әрбір азаматтың патриоттық сезімі-елдің дамуы,ұлттық құндылықтар,ұлттық мәдениет,экология,ұлттық дәстүр.тарихи тұлғаларға құрмет арқылы өрбиді.

Қазақ елі кең,жері байтақ.Көлемі жағынан «бесФранция,тоқсан тоғыз Бельгия сыйып кететін» мұндай ұлан-байтақ жер ата-бабаларымыздың мәңгілікке бізге қалдырған аысл мұрасы.Тәуелсіздіктің басты міндеттерінің бірі жерімізді әртүрлі сыртқы қауіп-қатерден сақтауболмақ.Тәелсіздікті тұғырлы да ғұмырлы ету,жер байлығы мен ел байлығын сақтау біз тәрбиелеп отырған келер ұрпақтың үлесі. Осы құндылықтарымызды ұрпақ санасына құйып өсіру біздің басыт міндетіміз.

Ұлт пен тіл ешуақытта ажырамайтын,бір бірінен бөліп қарауға болмайтын аса маңызды құндылық.Рухсыз тіл-тіл емес.Ұлттың болмысын басқалалардан ерекшелендіріп тұратын табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері ешқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған.А.Байтұрсынұлы «Ұлттық сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы –тіл.Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады.»деді.

II.Топқа бөлу.

Шеберлік сыныбына қатысушылар қызыл және жасыл түсті өю-өрнектерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ «Қазақ елі» тобы

2-топ «Ана тілі» тобы

III.Экраннан «Ұлттық құндылық деген не?» сұрағы көрсетіледі.

Екі топтың қатысушылары алдыларындағы жығулы тұрған қазақ үй макетін тігуі керек.Әр топ өз ойларын ортаға салып постерлерін қорғайды.

IV.Тыйым сөздер-тәрбиенің өлшемі.

Тыйым-жамандыққа қарсы жасалатын әрекет,тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау,тәртіптілікке үйрету жолы.Тыйым сөздер-халықтың тәлім-тәрбие,үлгі -өнеге,ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. «Тыйымсыз елдің жастары дуана» деп айтылатын қазақ мәтелінің астарында қоғамдық тәжірибеден туындайтын ой-тжырым жатыр.Адам бойындағы жаман қылықтан арылу –имандылықтың басты шарты.Аталарымыздың сан ғасырдан бергі ұрпағына айтар өсиеті,өмір тәжірибесінің жиынтығы да осы тыйым сөздерде жатыр.

Ғалым Аюбай Құралұлы қазақы тыйымдар мен ырымдарды мазмұнына қарай бірнеше топқа бөледі: адамның әрекетіне,әйелге қатысты,балаға,малға,киімге,қару-жараққа,аңшылыққа,тамаққа қатысты топтастырады.Мысалы :мектепте мектептегі оқушылардың тамақтану ісін пайдалана отырып, балалардың есіне мынадай тыйым сөздерді саламыз:

1.Нан үстіне басқа затты қойма.

2.Нанды лақтырма.

3.Нанды аяққа баспа.

4.Нанды бір қолмен үзбе.т.с.с.

Аталған ескертпелерге қарама-қайшы іс-әрекеттер балалар арасында жиі кездеседі.Осы ескертпелерді дүниеден өткен данагөй аталарымыздың өсиеті екенін бала есіне салып отыру абзал.

V.Слайдта тыйым сөздерге байланысты суреттер көрсетіледі.

а) Тізеңді құшақтама- бұл «Ұрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа құшақтар нәрсе қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.

Б) Белді таянбайды-бұл жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.

В) Есікті керме- бұл үйдегі құт- береке кетеді

Г) Тырнағыңды тістеме-үйдегі ырыс несібең кетеді.

Жұмысқа қатысушылар алдындағы постерге тыйым сөздерді жазып,қорғайды.

VI.Шыныдағы сұрақтар.

Столдың үстінде екі шыны ыдыс тұрады.Бір шыныда араласып тыйым сөздер мен қазақтың мәтелдері жазылған.Екі топ тыйым сөздерді теріп жинақтап екінші шыныға салады.Бірінші топ тыйым сөздерді оқиды,екінші топ мәтелдерді оқып мағынасын ажыратады.

Тыйым сөздер:

1.Бетті басуға болмайды.(Қайғы қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.)

2.Таңдай қағуға бомайды(Үй ішіне жаманшылық шақыру белгісі)

3.Кемтар адамға күлуге болмайды.(Кемтар адамға күлсең өз басыңа келеді)

4.Итті,мысықты тебуге бломайды.(әрбір жануардың кмесі болады.)

5.Күн батар алдында ұйықтауға болмайды.(Батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға бастайды)

6.Баланы сыпырғышпен ұрмайды.(Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды)

7.Адам басын санамайды.(басымыз көбеймей қалады дейді)

8.Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды.(өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді).

9.Құран оқығанда күлуге болмайды.(Өйткені ол киелі)

10.Басты маңдайдан бастап жуады.(Өйткені жақсылықтың бәрі маңдайда жазылады).

Мәтелдер:

1.Қарға қарғаның көзін шұқымас.

2.Бақыт кілті –еңбекте.

3.Аюдан қорыққан орманға бармас.

4.Иілген басты қылыш кеспес.

5.Шын орақшы орақ таңдамайды.

6.Жаман етікші біз таңдайды.

7.Сөздің басы бір пышақ,аяғы бір құшақ.

8.Болат біз- қап түінде жатпас.

9.Дүниеқор –дүниенің құлы.

10.Көпті сөккен көгермес.


VII.Кері байланыс: Сіз бүгін ұлттық құндылықтар бойынша бойыңызға не сіңірдіңіз? (қатысушылар өз ойларын бір ауыз сөзбен қорытындылайды)

Қорытынды:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің жас мемлекетіміз өсіп- жетіліп,кемелденеді.Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар бабаларымыздың дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы жағдайда жұмыс істеуге даяр болады »деген.

Бүгінгі ұстаз жоғары мәдениетті,ой-өрісі кең,халықтың ғасырлар бойы келе жатқан ата-баба мұрасын,салт-дәстүрін,өнерін,дәріптейтін мінез-құлық қасиеттерді жастардың бойына қалыптастыру керек.Сонда ғана біз заман талабына сай тәлім-тәрбиені ата дәстүрмен үнемі байланыстыра отырып оның құдіретті күшін жастарға түсіндіре аламыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!