Материалдар / Жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың сипаты мен маңызын қарастырған.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың сипаты мен маңызын қарастырған.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
453
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани-адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру.»


А.А. Джумабаева


Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі,Ақсай қ.,БҚО

Burlin_1967@mail.ru



Аңдатпа. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Мақалада Жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың сипаты мен маңызын қарастырған.


Түйін сөздер: Рухани-адамгершілік құндылық , жеке тұлға , ұлттық рух,

гуманизм.


«Формирование духовно-нравственных ценностей у личности»


А.А. Джумабаева


Средняя общеобразовательная школа №4, г. Аксай, ЗКО

Burlin_1967@mail.ru


Аннотация:В концепции развития образования Республики Казахстан до 2020 года говорится, что «цель образования - формирование здоровой личности, способной свободно ориентироваться на основе глубоких знаний, профессиональных навыков, полученных в условиях быстро меняющегося мира, к самореализации, саморазвитию и самостоятельному принятию правильных, нравственно ответственных решений». Учитывая национальные и общечеловеческие ценности, исторический опыт, многовековые культурные национальные традиции в Казахстане, считаем необходимым воспитывать в национальном духе будущих поколений, предъявляя новые требования к обновлению содержания современного образования.

В статье рассматриваются характер и значение формирования духовно-нравственных и общечеловеческих ценностей личности.


Ключевые слова: Духовно-нравственные ,ценности,личность,национальный дух,гуманизм.


«Formation of spiritual and moral values in the individual»


A.A. Dzhumabayeva


Secondary General Education School № 4, Aksai, ZKO

Burlin_1967@mail.ru


Abstract: The concept of development of education of the Republic of Kazakhstan until 2020 states that "the goal of education is to form a healthy personality, able to freely navigate on the basis of deep knowledge, professional skills obtained in a rapidly changing world, to self-realization, self-development and independent making of correct, morally responsible decisions." Taking into account national and universal values, historical experience, centuries-old cultural traditions in Kazakhstan, we consider it necessary to educate future generations in the national spirit, imposing new requirements for updating the content of modern education.

The article considers the nature and importance of the formation of spiritual, moral and universal values of the individual.

Key words: Spiritual and moral, values, personality, national spirit, humanism.




Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, рухани-адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймын.

Аамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Рухани-адамгершілік тәрбиеніжеке тұлғаның бойында қалай қалыптастырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді.

Егер:

тәрбие үрдісі оқушылардың рухани- адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;

оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;





оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.

«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек.

М.Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе»-деді. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.

Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол

себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – балаларымыздың бойында ұлттық рухани –адамгершілік құндылықтар болуы қажет.

«Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама –қарсы ағыстар бар. Бір ағыс қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі.

Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В.Г.Белинский: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім –есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Біздің мақсатымыз –оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы –жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да артық душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін-бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.

Ендеше, тәрбие — ауадай қажет. Оқушы жастарды гуманистік рухта тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қойды:

оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;

оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;






оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;

оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік, дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;

оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік менін оятуға бағдар беру.

Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.

Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады. Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады.

«Мен өмірде неге қол жеткізуім керек?» — деген сұраққа жауап берместен бұрын: «Мен қандай болуға тиіспін?». «Адам болу деген не?» — тәрізді

сұрақтарға ойлануымыз керек. Мысалы, теректің «жақсы» өсіп-дамуына құнарлы топырақ, ауа-райының қолайлы болуы,т.б. жағдайлар әсер етеді. Ал өсімдіктің өсуіне кедергі келтіретін «жаман» жағдайларға: құрғақшылық,



өсімдікті бүлдіретін зиянкестер, дауылдар жататыны белгілі. Дәл осы тәрізді адам үшін де жақсы мен жамандық алмасып келіп тұрады. Жақсы жағдайда

адам бойындағы адамшылық қасиеттер өніп, адамның Адам болып қалыптасуына көмектеседі. Жақсылыққа қайшы жамандық бар.

Қайшылық сатысы. Адам бойындағы жақсылық пен жамандық тек сыртқы жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, олар адамның ішкі жан

дүниесінен де орын алады. Адамгершілік дегеніміз айналамызға қайырымдылық нұрын шашудан тұрады екен.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі — залымдық», — деп білемін дейді 38 қара сөзінде ұлы Абай.

Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу — өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуынан басқа табиғат жылуы, күн жылуының да әсері мол.

Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық





педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады».

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам рухани-адамгершілік құнды қасиеттерді күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан

Баланың бойына ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып өсіру сынып жетекшісіне, ұстазға да байланысты. Тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алады. Сондықтан да сынып жетекшісі ұстаздың білімді де білікті болуы керек. «Білім туралы» заңда «Педагогикалық қызметкер

мәртебесі» бөлімінің енгізілуі бізді қуантады әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.

Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан.

Қазіргі таңдағы мұғалімдерге оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруды қатаң талаппен сұрайды. Оған негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі.

- тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;

- сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;

- мектеппен отбасының байланысын жасау;


Ұстаз болу- жауапты, өте күрделі іс. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарап, барлық күш-жігерін салып еңбектену қажет. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік,тренингтік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады.

Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін «Өзін-өзі тану» сабағы мен сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.







Пайдаланылған әдебиеттер

1. Серікқалиұлы.З.«Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл./224 б.C/

2. Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007 ж. /42-43 бет. 118-бет/. Алматы-/168 бет.C/

3. Сәрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000.79б

4.Оразбекова.К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»-Алматы.2000. 543 /б.Б.31-38,58-70,90-94,218-220;С./

5. С.Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995 ж. /1.3.7.бет, 26бет/

6.Ш. Құдайбердіұлы «Үш анық» Алматы1991ж

7.М. Арын «Бес анық» Алматы Арыс 1996ж

8.Сейтбеков С. «Имандылық негіздері»Алматы, Қаскелен-Б 2008 -376б

9.М.М Бахтин. «Жеке тұлға туралы»

10. Білім журналы 2010ж №2,3,5






































Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы

орта білім беретін мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Джумабаева Анаргуль Айдангалиевнаның «Рухани-адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру.»

баяндамасына



ПІКІР

Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің екінші санатты «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Джумабаева Анаргуль Айдангалиевнаның «Рухани-адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру» баяндамасы



Баяндаманың қысқаша сипаттамасы тұрғысынан қарайтын болсақ,баяндама «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың бойында руханилықтың негізінде мінез-құлқы қалыптасуын, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамитынын дәлелдейді. Рухани-адамгершілік құндылықты жеке тұлғаның бойында қалыптастыру оларды мейірімділікке, ізгілікке , адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің бойына сіңіреді.

Рухани –адамгершілік құнды қасиеттерді қалыптастыра отырып,ұлттық салтт дістүрлерді,мәдениеттіліктерін,мінез-құлықтарын,өмірге деген қызығушылықтарын арттырады.

Баяндама өзектілігі. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген. Әр оқушының сана-сезімінің , ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашуға бағыттайды.

Баяндаманың маңызды аспектілері.Тәрбие бастамаларының негізі- оқушылардың бойында ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді дамыту,оны қалыптастыру. Автор оқушылардың бойына ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып тәрбиелеуді ұсынады.

Жариялаудың ұсынымдары. Джумабаева Анаргуль Айдангалиевнаның

«Рухани-адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасы осы талаптардың бәріне сәйкестікте жауап бере алатындай жұмыс.


Мектеп директоры: Е.Кенжегарин



Пікір жазған : Директордың оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары, педагог –зерттеуші Ғ.Ғабдуллина

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!