Материалдар / Желдің күші

Желдің күші

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың жел туралы түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері: Білімділік: Сәбилерді желмен тәжірибелік жұмыс жасауға үйрету. Дамытушылық: Баланың ойда сақтау қабілетін, тіл байлығын, белсенділігін, шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға және жанашылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2023
361
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Детский сад «Өрлеу» ЖШС

Жоғары санатты тәрбиеші Бочарова Ирина Владимировна


Ересек тобыңдағы ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімдері: Жаралыстану, Сурет салу

Тақырыбы: «Желдің күші»

Мақсаты: Балалардың жел туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік: Сәбилерді желмен тәжірибелік жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: Баланың ойда сақтау қабілетін, тіл байлығын, белсенділігін, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға және жанашылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Үш тілдік компонент: Жел – ветер - wind, желдеткіш - вентилятор - fan, желпуіш – веер - fan, көлшік – водоем - water, саяхат – путешествие - journey.

Керекті құралдар: Желдеткіш, желпуіш, кеме, кайықтар, чашкелер, су, зырылдауықтар, бас киімдер (теңізшілер, ағаштар), сиқырлы таяқша.

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым, кел бері.

Толтырайық шаттыққа,

Дөңгеленген шеңберді.

Тәрбиеші:- Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма? Балалар: - Иә, ұнатамыз.

Онда мына теңізшінің бас киімі киіңдер. (Бас киімдерің киеді)

Тәрбиеші: - Бүгін біз кемемен теңізге саяхатқа шығамыз, кемеге отырыңдар.

Саяхатымыз сәтті болсын, балалар! - Балалар: - Рахмет! Сәтті болсын Ирина Владимировна.

(Теңіз шуы естілетін әуен қосылады.)

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу

Тәрбиеші: - Кеме көліктің қай түріне жатады? Балалар: - Суда жүретін көлікке жатады.

Тәрбиеші: - Тағы қандай суда жүретін көліктерді білесіңдер? Балалар: - Қайық, пароход.

Тәрбиеші: - Біздің кемемізге су бетінде жүзу үшін не қажет? Балалар: - Кемемен жүзу үшін су, жел қажет.

Тәрбиеші: - Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар.

Жұмбақтар

  1. Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз- есік ашады.(Жел)

  1. Жылт- жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.(Су)

  1. Қанаты жоқ – ұшады.

Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар! Ол жел. Жел көздерімізге көрінбейді, бірақ бетке

соққан желді сеземіз.

Қане қайталап жіберейік.

Тәрбиеші: - Желді неге көрінбейтін құбылыс дейміз? Балалар: - Өйткені, біз желді көрмейміз, тек қана сеземіз.

Тәрбиеші: - Жел қандай болады? Серуенге шыққанда қандай желді байқадыңдар? Балалар: - Суық жел, баяу жел, ыстық жел, қатты жел.

Тәрбиеші: - Далада жел бар жоғын, қалай білеміз? Балалар: - Зырылдауық арқылы, ағаштар тербеледі, бетімізге жел соғады.

Дидактикалық ойын: «Желдің күші»

Тәрбиеші: - Балалар зырылдауықтарды алады, ақырын оларға үрлейді, зырылдауық қалай айналады? Балалар: - Ақырын айналады.

Тәрбиеші: - Қатты үрлейді, зырылдауық қалай айналады? Балалар: - Тез айналады.

Тәрбиеші: - Жел не істей алады? Балалар: - Кеменің суда жүруіне көмектеседі, таза ауа кіргізеді.

Тәрбиеші: - Желдің бізге қандай көмегі бар? Балалар: - Зырылдауықты айналдырады, диірмені айналдырады, жерді кептіреді.

Тәрбиеші: - Балалар, менде мынандай сиқыршы таяқша бар. Сендер жаңа ғана кішкентай теңізші едіндер. Қазір мен сендерді биік ағашқа айналдырып жіберемін. (Бас киімдерін киеді.)

Орыңда тұрып айнал!

Биік ағашқа айнал!

Айнал! Айнал! Айнал!

Сергіту сәті:

Денеміз ағаш сабағы,

Аяғымыз тамыры.

Қолдарымыз бұтағы,

Саусағымыз жапырақ.

Жел ақырын демалады,

Жапырақтар қозғалады.

Жел қаттырақ соғады,

Бұтақ сырт- сырт сынады.

Жел тым қатты соғады,

Алай – дулей борады.

Жел тез тына қалады,

Тыныштық кеп орнады.

Тәрбиеші: - Ал, қазір ағаштардан қайтадан балаларға айналсын! балаларға айналсын!

Қалай ойлайсыңдар жасанды жел бола ма?

Үш тілдік компонент: Жел – ветер - wind, желдеткіш - вентилятор - fan, желпуіш – веер - fan, көлшік – водоем - water, саяхат – путешествие - journey.

Бір құралдың көмегімен соққан жел жасанды – деп аталады.

  • Қазір, бір тәжірибе істеп көрейік.

Тәжірибе №1

Әр бір бала қолдарына желпеуішті алады, енді онымен желпейді.

Тәрбиеші: - Беттеріне не сезілді? Балалар: - Жел сезілді.

Тәрбиеші: - Ақырын желпісек, баяу жел соғады.

  • Қаттырақ желпісек, қандай жел

соғады? Балалар: - Қатты жел соғады.

Тәрбиеші: - Балалар мұқият қарандаршы, бұл не деген зат, кім біледі?

Балалар: Бұл тоқпен жел беретін зат, желдеткіш –деп аталады.

Тәрбиеші: - Желдеткішті қай кезде қосады, кім біледі? Балалар: - Үй ыстық болғанда қосады. Күн ыстықта.

Тәрбиеші: - Кімнің үйінде желдеткіш бар?

Желдеткішті қосып көрейік.

  • Балалар, біз адам аяғы баспаған аралға келіп жеттік.

Бұл жерде кішкене- кішкіне көлшіктер бар.

Кане суға жақындап көрейікші.

  • Қарандаршы, мына жерде жел соғып тұр ма, әлде жоқ па? Балалар: - Жел соққан жоқ, өйткені судың беті тыныш.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар судың беті тыныш, ешқандай қозғалыс жоқ, толқындар жоқ.

Енді, тағы бір тәжірибе жасайық.

Тәжірибе №2

Үстелдің үстінде қайықтар жатыр, балалар өздеріне ұнаған қайықты таңдап алады.

Тәрбиеші: - Енді қайықтарың судың бетіне қойыңдар, не байқадыңдар? Балалар: - Қайық қозғалмайды.

Тәрбиеші: - Қайық неге жүзбей тұр? Балалар: - Өйткені жел жоқ.

Тәрбиеші: - Не істеуміз керек, кім айтады?

Онда, қайықтарға жақындап үрлейік, қайық не істейді?

  • Балалар, қатты желдің зияны да бар екенін білесіңдер ме?

Бейне - сюжет тамашалайық.

  • Ал балалар, біздің саяхатымыз да аяқталып қалды. Енді біз үйге, балабақшамызға қайтуымыз керек.

Ол үшін мен сиқырлы таяғымды аламын.

1,2, 3 балабақшамызға келдік біз!

Тәрбиеші:-Балалар, сендер байқадыңдар ма, жел соққанда қалай ағаштар қозгалды?

Балалар: - Ағаштардың бұтақтары қозғалып тұрды.

Тәрбиеші: - Қазір сендер түрлі-түске боялған қағазды таңдап алыңдар, алдарында тұрған гуашь, бояу, түрлі-түсті қарындаштарды таңдап алып ағаштардың бейнесін саламыз.

Жұмыс реттілігі:

  1. Кағазды таңдау.

2. Бояуды (гуашь, түрлі-түсті қарындаштар) таңдау.

3. Діңі қоныр түспен салу.

  1. Бұтақтарды қоныр түспен, қылқаламның үшімен салу.

  2. Жапырақтарды жасыл түспен салу.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар,балалар!Қандай әдемі ағаштар шықты.

Көрме ұйымдастырады.

Рефлексивті– түзетушілік

Қорытынды

Сұрақтар қояды:

Тәрбиеші: - Бүгін біз қайда бардық? Балалар: - Бүгін біз саяхатқа бардық.

Тәрбиеші: Немен бардық? Балалар: - Кемемен бардық.

Тәрбиеші: Қандай тәжірибе жасадық? Балалар: - Тәжірибе жасап, желді бақыладық.

Тәрбиеші: - Ненің суретің салдық?

Балалар: - Ағаштардың суретін салдық.

Рефлексия

Кімнің көңіл - күйі көтеренкі болды, сол балалар қызыл кеме алады, ал кімнің көңіл - күйі қөңілдерінен шыққан жоқ, олар жасыл кеме алады.














































Жұмбақтар

  1. Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз- есік ашады.

  1. Жылт- жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.

  1. Қанаты жоқ – ұшады.

Аяғы жоқ – қашады.






Сергіту сәті:

Денеміз ағаш сабағы,

Аяғымыз тамыры.

Қолдарымыз бұтағы,

Саусағымыз жапырақ.

Жел ақырын демалады,

Жапырақтар қозғалады.

Жел қаттырақ соғады,

Бұтақ сырт- сырт сынады.

Жел тым қатты соғады,

Алай – дулей борады.

Жел тез тына қалады,

Тыныштық кеп орнады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ