Желілік қоғамдастық-кәсіби өсу негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Желілік қоғамдастық-кәсіби өсу негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестацияға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Желілік қоғамдастық-кәсіби өсу негізі

Мұғалімдер –өзгеріс енгізу тетігі.

Басшылар мұғалім жұмысының тиімділігін бақылап, мониторинг және бағамдау жүргізу үшін жаңа педагогикалық тәсілдерді игеруі қажет. Оқытудағы көшбасшы ретінде мектеп басшылары тиімді тәжірибе қоғамдастығын құрып, онда үздіксіз кәсіби дамудың жоғары деңгейге көтеріліп, мектептегі жұмыстың ажырамас бөлігіне айналуына ықпал ете алады. Осы орайда Сарқан ауданның 7 мектебі желілік қоғамдастыққа біріктіріп, жұмысты циклды түрде ұйымдастыруды жөн көрдік. Ол сауалнама жүргізу арқылы қажеттілікті анықтаудан басталды. Жаңа деректерге сәйкес, қазіргі ақпараттық қоғамда табысты болу үшін балалар мен жастар түсінік пен тәуелсіздікті арттыратын белсенді сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы тиіс.

Желілік қоғамдастықтың мақсаты: бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру, тәжірибе алмасу, қолдау, ынтымақтастық орнату, табысты педагогикалық практикаларды тарату, кәсіби тақырыпқа формалды және формалды емес байланысты ұйымдастыру, жаңа білім бастамаларын қолдау. Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып 2020 жылдың 28 ақпан күні Беисова Назгүл Ахметовна басқарып отырған Екіаша орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты тақырыбында жетекші мектептің тірек мектептерге арналған семинары ұйымдастырылды. Аманбөктер, Теректі, Бірлік, Тасарық, Жетісу, Қараултөбе, Көкөзек орта мектептерінің қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің басын қосып «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерінің оқу мақсатына жетудің тиімді жолдарын дамыту» мақсатында ашық сабақтарын назарларына ұсынды. Жұмыс кезеңдері екіге бөлінді: бірінші кезеңі «Тәжірибе алмасу алаңы» және екінші кезеңі «Флеш алаңы».

Бірінші алаңда ашық сабақтар көрсетілді. Онда қазақ тілі сабағын 7 «А» сыныбында «Ас-адамның арқауы» тақырыбы бойынша Н.Калкеева, Л.Габдулина, Ж.Шарова; орыс тілінен 8 «А» сыныбында «Национальная еда» - С.Жаксылыкова, Б.Нусупов, Б.Сыдыкова; ағылшын тілінен 6 «А» сыныбында «Yong writers» - Т.Догоманова, М.Каирбекова, Н.Рымбаева; тарих пәнінен 9 «А» сыныбында «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесімен ғылымның дамуы» К.Жаксылыкова, Ч.Каирбеков, З.Баликенова өз тәжірибелерімен бөлісті. «Үштік» әдісі арқылы үш пән мұғалімі бірігіп сабақ өткізді. Дайындық кезеңінде бірлесіп отырып сабақ жоспарын құру барысында әр кезеңдерін ойластырып, онда сабақ мақсаттарының қолжетімділігі, оның орындалуы, тиімді жолдары, мұғалімнің сабақтың әр кезеңінде уақытты тиімді пайдалануы, мұғалімнің рефлексиялық әрекеттерді жүзеге асыруы, сабақтағы топтық жұмыс, мұғалімнің сабақ барысында критериалды бағалау жүйесін пайдалана білуіне көп назар аударылды. Бірге жасаған жұмыс та жемісті болғаны анық болды.

Қалыптастырушы бағалау тәсілдерін білу, осы тәсілдердің тиімділігін түсіну және іс-тәжірибесіне енгізу мақсатында «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында мектептің көшбасшылары З.Рымбаева, Г.Ескендирова және А.Акимжанова коучинг өткізді. Критериалды бағалаудың басты ерекшеліктеріне тоқталды: алдын-ала ұсынылған бағалау шәкілі, балдардың әділдігі және өзін бағалауға мүмкіндіктің берулуі. Мұғалімдердің ойларын қорытып, рефлексия барысында алған әсерлерімен бөлісті.

«Флеш» алаңында мектептің педагогтары Б.Калкеева, К.Молдахметова семинарда өткен сабақтары бойынша мұғалімдерімен «SWOT» талдау жүргізілді. Нәтижесінде: негізінде өздерін оқушы ретінде көретін мұғалімдер мол табысқа жетеді, себебі олар өздері де білім алады. Жұмыстың жаңа жолдарын және жаңа идеяларды оқыту туралы ойланудың нәтижесінде алған тәжірибесі ол мұғалімдердің жұмыс стилін дамытуға ықпал етеді. Желі көшбасшысы өзгеріз енгізіп, эксперимент жүргізуге арналған негіз ретінде сенім қалыптастыра отырып, желі мүшелерінің арасында делдал болып, бұл қарым-қатынастарға қолдау мүмкіндігі дағдысы қалыптасты.



Рисунок 1 Picture 1







Ибраева Асель Ертулеувна

«Екіаша орта мектебінің» КММ

әдістеме жөніндегі орынбасары

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2020
281
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі