Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Желтоқсан жаңғырығы». Сыр-сұхбат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ТАҚЫРЫБЫ: «Желтоқсан жаңғырығы». Сыр-сұхбат
МАҚСАТЫ:
1. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
ЖОСПАРЫ:
Сыр-сұхбат барысы
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 35 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын!!!
2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты ұлтжанды екендігін көрсетті. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйеге бірінші болып қарсы шықты. Жастар бұдан әрі кез келген ұлтқа, ұлттың мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» деп жазды. Ұлт тағдырына өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасын ойға алғанда дір етпейтін жүрек жоқ. Желтоқсан – күллі кеңестік кеңістіктегі айтулы өзгерістердің бастауы. Желтоқсан – қалғып бара жатқан қазақтың қайта оянған ұлттық рухы. Сонымен бірге бұл – өршіл намыс пен мұқалмас жігердің Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира сынды жүздеген, мыңдаған жастар бейнесінде лапылдап жанған алауы. Бір тәубе етеріміз, солардың қажырлы қайраты мен жастық тегеуріні нәтижесінде тоталитарлық құрсаудың тоңы жібіп, Тәуелсіздік таңы атты. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
1-жүргізуші:
Желтоқсан-жастықтың жалыны,
Желтоқсан –батылдық адымы
2-жүргізуші:
Желтоқсан- ұлтымның ұраны,
Желтоқсан- халқымның қадірі.
1-жүргізуші:
Желтоқсан – елдіктің бастауы,
Желтоқсан – еркіндік ақ таңы
1-жүргізуші:
Желтоқсан - өр рухты ұл мен қыз
Желтоқсан – елімнің мақтаны
1-жүргізуші:
Желтоқсан – тарихтың белесі
Желтоқсан – ертеннің елесі
1-жүргізуші:
Желтоқсан – аңсаған азаттық
Желтоқсан – тәуелсіздік күресі
1-жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан оқиғасы туралы сыр-сұхбат жүргіземіз. Бүгінгі танымдық сыр-сұқбатымызға шақырылған қонақтармен танысайық: арнайы 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» куәгерін шақырып отырмыз. Желтоқсан ардагер – Рымбеков Ерлан Каирович және сол желтоқсанға қатысқан Анар Рахымжанова Құрметті қонақтар,қош келіпсіздер
1-жүргізуші: Бүгінгі ”Желтоқсан жаңғырығы” деп аталатын танымдық сыр-сұқбатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.
1-жүргізуші: Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Бүгінгі сыр-сұқбатымыз сол тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалған 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Жазықсыз жапа шегіп, қапылыста мерт болған өршіл өрендер рухына тағзым ретінде Желтоқсан құрбандарын бір минут еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
2-жүргізуші: Рахмет
Темірхан Медетбек. «Тәуелсізбін». Оқитын: Молданова Арайлым
Ж. Молағалиев «Мен қазақпын» Оқитын:Жолдыбай Дінмұхаммед
1-жүргізуші:
«Қобызым, жеткіз баһадүрлердің дауысын,
делебем қозсын!
Жасындай ойнап намысым.
Қобызым, жеткіз Құлагер аттың шабысын,
рухына мінсін Ақандай туған арысым!» - деп, Мұхаммедкәрім Жасминді қобызымен ортаға шақырсақ.
2-жүргізуші: : Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
Бейнематериалдан жауабын тағы бір еске түсіріп көрейік.
1-жүргізуші:
(1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта (Желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды.)
2-жүргізуші:
Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
(Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып, оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.)
1-жүргізуші:
Құрметті, қонақтар, Желтоқсан оқиғасын оқулықтан, теледидар тағы басқада ақпарат көздерінен естігенбіз, көргенбіз, енді куәгерлердің көзімен қарасақ. Сіздермен сұхбаттасып, естеліктеріңізбен бөліскіміз келеді. Бізге 1986 жылы Алматыда болған оқиға жайлы әңгімелесеңіздер.
2-жүргізуші:
«Желтоқсан оқиғасының» қалай басталғаны жайында, құрметті біздің бүгінгі қонағымыз, Желтоқсан ардагері Рымбеков Ерлан Каирович, кіріспе сөзді өзіңіз бастасаңыз.
1-жүргізуші:
1. Әр жыл сайын осы айда оқу орындарынан, баспасөздерден сіздерді кездесуге шақырып хабарласып жатады, сізге желтоқсан айы келгенде қандай естеліктер ойыңыздан кетпейді?
2. Сізді осы суретіңіз туралы әлеуметтік желі қолданушысы Раушан Қалмомынұлы «Жендеттердің ұстап алып бара жатқанның өзінде қандай пандықпен өр мінезділігін көрсетіп бара жатыр. Қазақтың қыздарының өзі кеудесін басқызбаған. Рухтарың шат болсын!» деп жазған. Дәл осы суреттегі кезде сіздің жағдайыңыз қандай күйде еді?
3. Сіз алаңға қандай мақсатпен шықтыңыз?
4. Осы оқиғаға қатысушы ретінде кейіннен билік органдарынан қудалау болған жоқпа?
5. Сіздің Желтоқсан оқиғасына қатысқаныңызға өкінген кездеріңіз болды ма?
6. Мен де қонақтардың барлығына сұрақ қойғым келіп отыр тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл деп қуанып жатырмыз. Бірақ та Желтоқсан оқиғасы толық ашылып, өз бағасын алды ма?
7. Сол кездегі жастар мен қазіргі жастар арасынан алшақтық байқайсыз ба?
1-жүргізуші:
Мектеп ұстаздарына, оқушыларына жалпы халыққа осы желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында мерекелік тілектеріңізді жеткізсеңіздер.
2-жүргізуші:
Төрт жыл кешіккен шындық
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ,
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.
1-жүргізуші:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
2-жүргізуші: Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік». Өлеңді оқитын Берешев Илияс
1-жүргізуші: Келесі сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақыпбекова Салия ұстазға сөз берсек.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біз сіз сияқты аға, апаларымыздың бармен шынымен мақтанамыз, қуанамыз. Сіздерге көп рахмет, отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз.
1-жүргізуші: Мінеки құрметті көрермендер ”Желтоқсан жаңғырығы” атты сыр-сұқбатымыз өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштаспас бұрын естелікке суретке түсіп алайық.
Бірге: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!