Материалдар / Желтоқсанның алауы-тәуелсіздік бастауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Желтоқсанның алауы-тәуелсіздік бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
1287
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Желтоқсанныңалауы – тәуелсіздікбастауы»

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Мұғалімсөзі:

 Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, найзаның ұшымен,ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған «Желтоқсан алауы – тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

 Осыдан 26 –жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.

Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л. Асанова жәнет.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қолжеткізу үшін қатысқан.

Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен

апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.


Бірминуттықүзіліс.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үміт пен күдік ,наланың.

Желтоқсан – Қайрат , Ләззат пенен Сәбира

Желтоқсанда құрбаны болған жаланың.

Көрініс:    Қайраттың өлім жазасына кесілеунен үзінді:

Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбеков кетеле орталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айыптағылды. Сөйтіп, Семейдегі №21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)

Тергеуші- Ырысқұл,

Қайрат – Жанатбек,

Милиционер – Әбілмансұр,Жүніс

Васеленко – Дамир

                         Т: Қайратты тергеугеәкеледі.

                       Қ: Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,

                         Балағаттайсың маған, біртүйінін түсіндім.

                        Жазықты емеспін, қайталай берем несіне

                        Оқып көрміне өлеңге түнде түсірдім

        Т: Түкірдім мен жырларыңа

Ит, не деген өткір едің,

Ине сұқтым тырнағыңа,

Өлердейғып, тепкіледім.

Алдап-арбау тәсілімен,

Мойындата алмадым

Қ:Мойындата алмайсың.


Т: Байқа, 87-бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,

Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең

Савицкиді өлтірдің алаңда сен.

Қ:Бітер екен осы бір “Кеңес”қашан

Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан

Сенбесеңіз құдайменен достар куә.

      Т: Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға

Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?

Бәрібір іске аспады амалдарың

Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың

Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.

Паспортыңды атуға даярлаймыз.

Қ:Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

  Ал олжерде “Қайрат өзін-өзі өлтірді” деп ресми жорамал хабар таратады.





Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.

Желтоқсан айы естісең ,

Дауыл боп бұрқып ескенсің.

Азаттық күні қашаннан

Көкейтін елдің тескенсің,

Шектел іпана тіліміз,

Оқылмай өлең – тіліміз.

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз?

1986 жылдың 16 –желтоқсанында Республика Орталық Комитетінің 5- пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы Пленумда респуликаны ширек ғасыр бойы басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды.

Кеңес өкіметі өмір сүрген жетпіс жылда Қазақстанды басқарған 21 басшысының 18-і жоғарыдан күшпен жіберілгендер және басқа да ұлт өкілдері болса, қазақтың үш-ақ басшы болған екен. Олар: Мұхаметәлиев, Шаяхметов, Қонаев.

 1986 жылы 16-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеругешықты. Олар: «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Оларға желтоқсанның ызғарлы күніне зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар» деген кінә тағайындалды.

Хор ән: “Желтоқсан желі”.

Егемен болмай ел болмас,

Етек жеңі кең болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас.

Тарихи жылнамалар шер тертеді:

1991 жылы 1 –желтоқсандаҚазақстан тарихында тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы16 желтоқсанда Қазақ КСР-і Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып жарияланды.

1992 жылы Біріккен ұлттар ұйымына кірді.

1992 жылы 4 – маусымда Қазақстан Республикасының жаңа нышандары бой түзеді.

1993 жылы төл теңгеміз айналымға енді.

1995 жылы 30 тамызда Конституция қабылданды.

1997 жылы 11 шілдедеТіл туралы заң қабылданды.

1997 жылы 10 қазанда «Қазақстан – 2030» жолдауы шықты.

1998 жылы 6 маусымда астанамыз Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

2009 жылы Қазақстанда «Дағдарыстан – Жаңару мен дамуға» атты Президент жолдау шықты.

2010 жылы 1-2 желтоқсанда Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етті.

Ілеспе сұрақтары:

1.      Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл?

2.      Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?

3.      Қандай рәміздеріміз бар?

4.      Тіл туралы заң қашан қабылданды?

5.      Конституция қашан қабылданды?

6.      Дағдарысқа байланысты қандай жолдау шықты?

7.      Соңғы рет ЕҚЫҰ 1999 жылы қай елде өткен?









Топпен жұмыс: (Болашаққа саяхат) пікірталас.

І – топ:

«Қазақстан – 2030» жыл

ІІ – топ:

«ЕҚЫҰ – саммиті»

Екі топ болашыққа саяхат ретінде «Қазақстан-2030» жыл болған кездегі өмірді бейнелейді. Ал екінші топ Астанада өтілген саммиттен кейінгі (бірнешежылдан) Қазақстанның өмірін елестетіп айтады. Әртопқа 1 минут уақыт беріледі.

Қорытынды:

Құрметті оқушылар ,бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Ата заманнан күресіп келе жатқан халқымыз бүгін Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестердің жемісі.

    Міне, балалар, сіздер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыздар. Жақсы оқып, үлгілі тәртіпті, азамат бола білсеңдер – өз еліңді, жеріңді көркейтетін, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек, ұрпақтың ақылшысы, тірегісіздерсіздер.

Мақтанамын, кең байтақ елім үшін,

Құнарлы мол шырынды жерім үшін.

Әрқашан биік шыңнаң көрінсін деп,

Тілерім сол, туған жер, пейілім шын.Осымен Тәуелсізеліміздің 26 жылдығына арналған мерекелік шарамыз аяқталды.













Х.Шаяхметоватындағыжалпыбілімберетін орта мектеп















«Желтоқсанның алауы – тәуелсіздік бастауы»

(5-сынып)







Өткізген :Садуова Г.К













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!