Материалдар / Жемістер 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жемістер 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемістер маңызын оқушыларға түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
640
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

Жемістер /Fruits

Сабақтың мақсаты


1. Жемістердің құрлысы, түрлері, адам өміріндегі маңызы туралы түсінігін қалыптастыру. 2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту 3. Ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже


Мәтінді өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады; мәтінді тапсырма тұрғысынан саралай оқи алады; сыныптастарымен қарым-қатынасы қалыптасады; өз жұмысын сыныптастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады, бір-бірін тыңдай білуге қалыптасады.

Сабақтың түрі:

Жаңа форматтағы СТО

Негізгі идеялар:

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сілтеме

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар ОМЖ, ҚМЖ. Атамұра 2015ж, 6 сынып Биология оқулығы

Пайдаланатын модульдер

Сынтұрғысынан ойлау, диолог, оқыту үшін бағалау. АКТ

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта,оқулық,маркер ,үлестірме қағазы, тақта, стикерлер.

Сабақтың әдісі

Сын тұрғысынан топтастыру стратегиясының элементтерін пайдалану.



Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері.

Ұйымдастыру.Топтастыру

1– топ: Сабақ

2 – топ: Өркен

3– топ: Жапырақ

4- топ: Гүл

1.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

Миға шабуыл жасау стратегиясы. «Жұмбақтар аялдамасы» 1)Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс-сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар (Өрік) (apricot)
2)
Өзі қызыл, өзі қызық,
Ортасында бір сызық. (Шабдалы) (peach) 3) Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма) (apple) 4)Ирек - ирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар. (Шие) (cherry)

5) Домалақ қана әлі бар 
Ішінде тәтті дәні бар (Анар) (pomegranate) 6) Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады (жуа) (leaf)

сабақта нені білеміз, нені білгіміз келеді? Мақсат койайық.

2. «Білім кілті танымдылықта» оқып білу стратегиясы 1. Жемістер туралы түсінік.

2. Шырынды жемістер

3. Құрғақ жемістер.

4. Жемістердің пайдасы.

3. Адасқан әріптер ойыны бойынша тақырыпқа қатысты тапсырмалармен жұмыс жасау

1. жемістер – ретмісже

2. шырынды - дыныршы
3. Генеративті – негеративті

4. орамжапырақ – рақыпжармо

5. витаминдер – редминатив

6. қақырайтын - ақықнытрай

7. қақырамайтын – ақымқнытрай

8. бұршаққап – апқашұрб

Енді балалар сергізу сәтіне кезек берейік.

4. Сергіту сәті. «Түс жорып көрейік»

  • Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

  • Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

  • Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

  • Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

  • Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадман ғұмыр кешеді.

  • Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

  • Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

  • Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

  • Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

5. «Сұрақтар аялдамасы»

1. Жеміс серігі дегеніміз не? 2. Жемістер гүлдің қай бөлігінен пайда болады? 3. Жемістер тұқымына қарай қаншаға бөлінеді? 4. Шырынды жемістерге мысал келтіріңіз? 5. Сүйекті шырынды жемістерге мыналар жатады? 6 . Қақырайтын құрғақ жемістерді атаңыздар? 7. Жинақталған жемістерді атаңыздар? 8. Қақырамайтын құрғақ жемістерге мысал келтіріңіздер? 9. Жемістер қандай өсімдік мүшесіне жатады? 10. Өсімдік мүшелерін ата? 11. Жемістердің адам өміріндегі маңызы? 12. Құрғақ жемістер деп аталу себебі? 6. Қорытындылау. Тест тапсырмалары

Тест 1 Жемістер гүлдің қай бөлімінен пайда болады? А) аналық жатын В) тостағанша С) күлте 2. Қабығы қатты сүректенген жемістер? А) шырынды В) сүйекті С) құрғақ 3. Жидек тәрізді шырынды жеміс? А) мандарин В) өрік С) алма 4. Сүйекті шырынды жеміс? А) мандарин В) өрік С) бұршақ 5. Қанатты құрғақ жеміс? А) үйеңкі В) асбұршақ С) картоп 6. Жемістер өсімдіктің қай мүшесіне жатады? А) вегетативті В) споралы С) генеративті 7. Тосап, шырын компот дайындайды? А) долана В) итмұрын С) таңқұрай 8. Бидай жемістердің қай түріне жатады? А) дәнек В) сүйекті С) қанатты 9. Өсімдік мүшелерін қаншаға бөлінеді? А) 3   В) 4 С) 2 10. Егін өнімдерінде пайдалатын жемістер? А) бидай, тары  В) алма, сұлы С) орамжапырақ, мандарин 7.Үйге тапсырма.Тақырыпты оқу. 1. Бағалау парағы.




Оқушының аты-жөні

Білім кілті танымдылықта

( 5балл)

Адасқан әріптер

(5 балл)

Сұрақтар

аялдамасы

(5балл)



«Білгенге маржан»

(5 балл)

Тест тапсырмалары (5балл)


1








2








3








4








5








6








7








8









16-20 – «5»

10-15 – 4

5-10 – 3

1-4 -2


2. Кері байланыс. «Бағдаршам» 


 – түсінген жоқпын;
 – әлі де практика қажет;
 – барлығы түсінікті.
Оқушылар «Бағдаршам» түстері арқылы сабаққа баға береді.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!