Материалдар / жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 7-сынып оқушысының қазақ тілінен Т2 жеке оқу бағдарламасы (үйден оқыту)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 7-сынып оқушысының қазақ тілінен Т2 жеке оқу бағдарламасы (үйден оқыту)

Материал туралы қысқаша түсінік
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 7-сынып оқушысының қазақ тілінен т2 жеке оқу бағдарламасы (үйден оқыту)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2023
337
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үйден жеке тегін оқыту

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 7- орыс сыныбының оқушысы . . . . . . үшін

«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы жеке оқу бағдарламасы

1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 7 орыс сынып оқушысы үшін «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы жекеоқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. «Қазақ тілі» пәнінің негізгі мақсаты – қарым-қатынас құралы ретінде қазақ тілін меңгерудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу этикетінің ережелеріне және сөздік қызметінде лингвистикалық бірліктерді пайдалану нормаларына сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлеріне (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) оқыту.

3. «Қазақ тілі» пәнінің оқыту міндеттері:

1) әлеуметтік-тұрмыстық және оқу жағдайында қарым-қатынасқа түсуге қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту;

2) сөйлеу тілінің фонетикалық жағын дамыту: қазақ тіліндегі дыбыстарды жеке, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға дағдыландыру; қазақ тіліне тән үндестік заңын практикалық түрде игеру, жуан, жіңішке дыбыстарды ажырата білу;

3) сөздік қорын дамыту: сөздік қорын заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздермен толықтыру, молайту; жаңа сөздердің мағынасын түсіну, мағынасы бойынша топтастыру; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

4) қазақ тілінің грамматикасы туралы білімдерін қалыптастыру; қазақ тілінің нормалары мен ережелеріне сәйкес сөйлемдерді синтаксистік дұрыс құру дағдыларын қалыптастыру;

5) байланыстырып сөйлеуін дамыту: диалогтік және монологтік сөйлеу 2 (ауызекі, жазбаша тіл) дағдыларын қалыптастыру;

6) қол жетімді мәтінді дұрыс және мұқият оқу дағдыларын қалыптастыру;

7) тілдің дыбыстық құрамын меңгеру, грамматика және емле туралы қарапайым ақпарат негізінде сауатты жазу дағдыларын дамыту;

8) білім алушылардың жалпы танымдық процестерін, интернационалдық, патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, ой-өрісін, зейінін, есте сақтауын, сөйлеу белсенділігін дамыту;

9) әртүрлі халықтардың тілі мен мәдениетіне төзімділік көзқарас қалыптастыру.

4. Екінші тілге оқыту үшін жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту қоршаған ортамен таныстыру, математика, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, кәсіби-еңбекке дайындық пәндерімен тығыз байланыста бірыңғай қазақ тілі сабағы өткізіледі.

5. Оқу процесін ұйымдастыруға арналған педагогикалық тәсілдердің іске асырылуы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың арнайы оқу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы білім беру принциптеріне негізделген:

1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың түзеудамытушылық бағыты, оның ерекше білім беру қажеттіліктері ескеріле отырып, оқу ісінің арнайы тәсілдері және әдістері арқылы жүзеге асырылады;

2) оқытудың әлеуметтік-бейімдеу бағыты тұлғаның бейімделмеушілігін жеңу немесе азайтуды білдіреді; білім алушылардың әлеуметтік өмірге қатысулары үшін қажетті тәртіп пен өмірлік нормаларының меңгерілуі бойынша арнайы жұмыстар қарастырылады;

3) әрекеттік ықпал ету принципі: оқыту барысында педагогтың басшылығымен заттық-практикалық, ізденушілік әрекеттер кең қолданылады, бұл оқу материалын түсінуге жағдайлар жасайды; заттық-практикалық әрекет жоғарғы психикалық функцияларының сенсомоторлық негізін дамытуға (қабылдауы, тілі, ойлау қабілеті), оқушылардың өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінің орнын толықтыруға, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдер мен дағдыларды меңгерулеріне мүмкіндік береді;

3

оқушылардың дербестігі, оқыту тәсілдері мен әдістері түрлендіріледі. Білім алушылардың топтарға бөлінуі шартты және қозғалмалы. Жіктемелі тәсіл оқытудың жекеленуімен толықтырылады;

5) оқытудың практикалық бағыттылығы оқылатын материал мен білім алушылардың практикалық әрекетімен арасындағы өзара тығыз байланысты анықтауды, практикалық-бағдарлық міндеттерді шешу үшін маңызды білім мен біліктерді қалыптастыруды білдіреді;

6) коммуникативтік тәсіл –ақпаратты беру және хабарлау, тілдік қатынас барысында білімдерімен, қабілеттерімен және дағдыларымен алмасу; тіл арқылы қатынас жасау қабілеттілігі оқыту нәтижесі болып табылады

6 Қазақ тілі сабағында білім алушылардың тілін дамыту үшінкөрнекіліктерді (салыстырма мазмұнды кестелер, заттық суреттер, кітап бетіндегі жаңа суреттер, сюжетті суреттер, сериялы суреттер, картиналық лотолар, картиналық сөздіктер) тиімді пайдалану сөздік қорды молайтып, жалпы сабақты меңгеруге көмектеседі, білім алушылардың қызығушылығын арттырады;

7. Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдер мен технологияларды кеңінен қолдана алады:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тимімді қолдану арқылы білім алушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;

2) ойын технологиясын қолдану;

3) тәжірибелік және ойлау іс-әрекеттерін сөзбен сүйемелдеу;

4) әртүрлі электронды жабдықтарды (принтер, сканер, слайдтарды) пайдалану.

8. Білім алушылардың ауызша сөйлеу тілі мен оқу техникасы сабақтан тыс оқу кезінде жетілдіріледі; ауызша сөйлеу тілін дамыту күнделікті өмірде әртүрлі әрекеттерде: тұрмыстық, еңбек, ойын әрекеттерінде жүзеге асырылады.

3-тарау. «Қазақ тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

9. «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

10. Оқу пәнінің мазмұны:

1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыға арналған арнайы бағдарлама концентрлік жүйе бойынша құрастырылған, яғни өткен тақырыптар қайталанып, тереңдетіліп кеңейтіліп, білім алушылардың білімі жүйеленіп отыр;

2) білім алушылардың өзіне тән қабілет, мүмкіндіктеріне қарай мұғалім оқу материалдарын білімалушының қабылдау деңгейіне байланысты жеңілдетіп бере алады;

3) Білім алушының мүмкіндіктерімен ерекше оқыту қажеттілігіне байланысты тақырыпты меңгеруге қажет сағат санын мұғалім өзі анықтап, жоспарлайды.

11. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

1) 1-бөлім «Тыңдалым»;

2) 2-бөлім «Айтылым»;

3) 3-бөлім «Оқылым»;

4) 4-бөлім «Жазылым»;

5) 5-бөлім «Тілдік бағдар беру».

13. «Тыңдалым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;

2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді түсіну;

3) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.

14. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) қарым-қатынастық дағдыларын дамыту;

2) қазақ тілі этикасын сақтап, сөйлеу мәдениетін меңгеру;

3) диалогті дамыту;

4) байланыстырып сөйлеу;

5) сенімді және еркін жауап беру.

15. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) оқу жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

2) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;

3) оқылым стратегияларын қолдану.

16. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс жаза білу;

2) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

3) іскерлік хат;

4) орфографиялық және пунктуациялық ережелерді сақтау.

17. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) жаңа сөздердің, омоним, синоним, антоним сөздерінің, сөз

тіркестерінің мағынасын түсіну;

5

2) дыбыстар, буындар; тасымал;

3) түбір мен қосымша; сөз таптары;

4) сөйлем



Жеке оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары

(зиятының жеңіл түрде бұзылысы бар білім алушылар үшін)

Үйден жеке тегін оқыту

Пән: қазақ тілі

Аптасына 1 сағат

Жылына 34 сағат


Ауыспалы тақырып тар

Сабақтардың тақырыбы

Оқудың мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту


І тоқсан






  1. 1

Менің туған өлкем

Менің Отаным – Қазақстан Дыбыстар

7.5.2.1 буын, буын түрлерін ажырату, тасымалдың дұрыс орындау

1

05.09.2023


  1. 2

Қазақстан жері Буындар

7.5.2.1 буын, буын түрлерін ажырату, тасымалдың дұрыс орындау

1

12.09.2023


  1. 3

Туған өлекемнің табиғаты

7.4.1.1 ү-ұ дыбыстарды таңбалай білу. Салыстыру. Естіп ажырату

1

19.09.2023


  1. 4

Табиғат тірі дүние Түбір мен қосымша; сөз таптары

7.5.3.1 септік жалғаулар мағынасын түсіну

1

26.09.2023


Денсаулық –

зор байлық

Дені саудың жаны сау. Сөйлем

7.5.4.1 сөйлем интонациясы бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажырату

1

03.10.2023


Спорт – бізді досымыз.

7.1.1.1 сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

1

10.10.2023


Қазақстан спортшылары БЖБ №1

7.2.2.1 мектепте, сыныпта өзін ұстау ережелерін білу, орындау


17.10.2023


Нәтиже сабақ

7.2.2.1 мектепте, сыныпта өзін ұстау ережелерін білу, орындау

1

24.10.2023



ІІ тоқсан



1



Табиғат

құбылыстары

Жыл мезгілдері

7.1.2.1 қарапайым әдеби мәтіндерді

тындау, түсіну

1

07.11.2023


Жыл мезгілдері. Айлар

7.2.1.5 тірек сөздерге сүйеніп 2-3 сөйлем

құрастыру

1

14.11.2023


Күз мезгілі

7.2.2.1 қоғамдық орындарда өзін ұстау

ережелерін білу, орындау

1

21.11.2023


Қыс мезгілі

7.2.4.1 сөйлем интонациясы бойынша

хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді үлгі

бойынша құрастыру

1

28.11.2023


Өнер

Ұлттық мәдениетіміздің мақтаныштары

7.3.2.1 мұғалімнің көмегімен

энциклопедиядан, сөздіктерден

қажетті ақпараттарды алу

1

05.12.2023


Күй ғұмыр

7.4.1.2 х, һ өзара және қ дыбысымен салыстыру;

1

12.12.2023


Қазақтың музыкалық аспаптары БЖБ№2

7.5.2.1 буын, буын түрлері туралы түсінік беру, буындарды ажырату, тасымалдың дұрыс орындау

1

19.12.2023


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!