Материалдар / «Жер Ана – ортақ үйіміз, табиғат – тылсым жұмбағы» (Қорытынды кеш)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жер Ана – ортақ үйіміз, табиғат – тылсым жұмбағы» (Қорытынды кеш)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтарында қосымша ретінде пайдалану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2018
803
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғажайыптар әлемі»танымдық сайыс


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Ғажайыптар әлемі» атты 6.7.8 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

  • Көңілді тапқыштар, білімділер,

  • Бар өнерін алдарыңа салады.

  • Кім білімді, көп оқыған болса егер,

  • Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

деп білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін

« Жас ұландар » тобы

« Жас қырандар » тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

Мектеп директоры: Дәулетова Қ

Мектеп директорының орынбасары: Жұбанов Д

Бейіндік орынбасары: Құсайынова Н

Қосымша білім беру педагогы: Алдабергенова А

Математика пәнінің мұғалімі: Ешниязова П

Жүргізуші: Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

  • І. “Таныстыру”

  • ІІ. “Ғажайып ондық”

  • ІІІ. “Образға ену”

  • ІV. “Табиғи туынды”\

  • V. “Егерде мен ...”

  • VI. “Сандар жырлайды”

Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1 кезең «Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз атауларын,эмблемасын,ұранын айтады.

10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

Жүргізуші:

1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:

2 кезең «Ғажайып ондық» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.

І топ сұрақтары:

  1. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым

  2. Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет қай жылы шықты?

  3. Жасушаны ашқан ғалым

  4. Өсімдіктің вегетативті мүшелері

  5. Өсімдік ұлпаларын атаңыз

  6. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі

  7. Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр

  8. Микроскоптың негізгі бөлігі

  9. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі -

  10. Түтікше пішінді ұзынша жасушасы бар ұлпа –

ІІ топ сұрақтары:

1.Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым

2.Өсімдіктерге арналған Қазақстанның “Қызыл кітабы” қай жылы шықты?

3. Жасушалары ұдайы бөлінетін ұлпа

4.Өсімдіктің генеративті мүшесі

5. Жасушаның тығыз,сыртында екі қабат қабықшасы бар бөлімі

6. Жасушасына су жинаушы ұлпа



7. Негізгі тамырдың жан-жағына шығатын тамыр

8. Дара жарнақты өсімдіктер тұқымында ғана болады

9. Жасуша ішіндегі желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйықтық

10. Тек өсімдік жасушасына тән органоид

Жүргізуші:

3 кезең «Образға ену» 20 ұпай

  1. Көктеп шығып,гүл жарған раушан гүлдің бейнесін салыңыз

  2. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болыңыз

  3. Суға кеткен адамға алғашқы көмек көрсету

  4. Жүрегі тоқтап қалған жағдайда жасанды тыныс беру

  5. Бір-біріне ысылдасқан екі жылан болыңыз

  6. Ұшып келіп,ағашқа отырып,елді оятқан тауықтың бейнесін сомдаңыз

  7. Қасқырдан қашқан қоян бейнесін көрсетіңіз

  8. Гүлдеп шығып солып қалған гүл

Жүргізуші: Ғажайып ондық кезеңінің ұпайын білсек.

4 кезең Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді. «Табиғи туынды» екі топ өздерінің қол өнерімен,табиғаттың берген сиын пайдалана отырып туынды жасап,оны қорғай білу қажет.

20 ұпай

Жүргізуші:

5 кезең «Егерде мен...»

Егерде мен табиғат қорғаушысы болсам

Егерде мен эколог болсам


6 кезең «Сандар жырлайды»

Әр сұраққа 10 ұпайдан

Қазақстанда «Қызыл кітаптың » бірінші басылымы қай жылы жарық көрді?

(1978ж)

Адам демалуға болатын оттегі қанша пайыз?

(21%)

Ламинария балдыры қанша метр тереңдікте өседі?

(20-30 м)

Құстың жүрегі қанша бөліктен тұрады?

(2 қарынша,2 құлақша)

Бақаның табан саусақтары қанща?

(5 саусақ)

Мидың орташа салмағы қаншаға тең?

(1300-1400 г)

Алқа тұқымдасының күлте жапырақшалар саны қанша?

(5 күлте)

\Адам сыртқы ортада болып жатқан қанша пайызын көзбен қабылдайды?

(80-90%)

Зеравшан аршасы неше жылда жеміс береді?

(50 жылда)

Жүректің массасы қанша?

(250-300 г)

Жүрек минутына нене рет соғуы қажет?

(60-70 рет)

Ортан жілік тік бағытта қанша т көтереді?

(1,5 т)





И.Тургеневтің миының массасы қанша?

(2012 г)

1850 жылы Ресейден Францияға қанша миллион сүлік апарған?

(100 млн)

Таңқышаянның қысқыштарының салмағы қанша кг болды?

(18 кг)

Ұлулардың қанша түрі бар.

(130 мың)

Закавказь елінде пісіп жетілген мандарин ағашы 1 жылда қанша жеміс береді?

(3000 дана)

Адамда қанша сүйек болады 200

Жүргізуші:

Көрермендер көрімдігі

  1. Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөлде жығылып,жалғыз қалады.Шөлден әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп,аузына су тамызып,оны өлімнен құтқарған.Бұл қандай құс?

Жауабы: Аққу

  1. Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және бір “құс” аспанда тұрыпты.Бірде үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,үйде Ай мен бір “құс” қалыпты.Ай барып тұрған сотқанақ екен.Жаңағы “құсқа” тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.Ойланып отырып,Айға былай депті:”Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын тұрің жоқ екен.Қайтып енді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың”.Содан бері әлгі бір “құс” қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: “Қайырлы таң, мейірімді аға !” – деп шақыратын болыпты.Ал Күн батып,Ай көріне бастаған кезде әлгі бір “құс” үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.Бұл қандай құс?

Жүргізуші: Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

               Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.

             Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,

                      Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп  әділ-алқазыларға сөз кезегін ұсынамыз

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ғажайыптар әлемі»  сайысы өз мәресіне жетті.

Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Қош сау болыңызда











2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернат









«Ғажайыптар әлемі»

Биологиядан сыныптан тыс жұмыс

6-10 сынып арасыдағы сайыс

Өткізген: Құлмырзаева Айгүл.



















2015-2016 оқу жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!