Материалдар / Жер ғаламшарының көрінісі.1сынып.Жаратылыстану

Жер ғаламшарының көрінісі.1сынып.Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер ғаламшарының көрінісі туралы мағлұматпен оқушыларды таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2023
223
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: Ашметова Г.Д


Пәні:

Күні:

Жаратылыстану

25.01.2021





Мұғалім:

Кошакаева А





Мектеп, сынып:

О.Жандосов атындағы орта мектеп интернат КММ 1«а» сынып





Сабақ тақырыбы:

Жер ғаламшарының көрінісі





Оқу мақсаты

1.4.2.3 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау.

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Жасанды модельге сүйене отырып, жердің пішінін анықтайды.


Оқушылардың басым бөлігі:

Қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсінеді.


Кейбір оқушылар:

Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады.


Ресурстар

Шар, доп, желім, ойыншық кеме, ермексаз, таяқша, қолшам,суреттер


Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:

сабақ сонында жер ғаламшары туралы алған білімдерімен бөліседі;

жер ғаламшарының көрінісін сипаттау, талдау жұмыстарын жүргізеді;

аспан денелерімен танысады және өз беттерінше жер ғаламшары туралы жоба дайындайды.


Тірек сөздер

Шар-ball, Жер-земля-land


Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, «дұрыс-бұрыс ойыны»,сұрақ-жауап, акт,ой шақыру, топтастыру, жұптық жұмыс, модельдеу


Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру.

Психологиялық жағдай туғызу.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын, 
Жүрегіме басып ұстай қаламын. 
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, 
Болып кетер сонда дереу жан- жағым.

2.Үй жұмысын пысықтау.

Жұптық жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау. «Басбармақ»

3.Ой қозғау.

Жұмбақ шешу.

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)

4.Жаңа сабақ.

- Балалар біз бүгін сендермен «Жер ғаламшарының көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.


Сабақтың ортасы























































Сабақтың аяғы


  1. Жер дегенде не елестейді?

Мұғалімінің кіріспе әңгімесі.

(Берілген суреттер бойынша аспан денелері, жұлдыз т.б. туралы баяндау).

Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

Ғарышта не бар?

(Ғарыш бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар).

-Аспанда қандай денелер бар?

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Мына суреттерге назар аударайық

1-сурет. Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін мұхит шайып тұрады деп ойлаған.

2-сурет. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тік төртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған, сол себепті өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.

3-сурет. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.

Қалай ойлайсыңдар, жердің пішіні неге ұқсайды? (Оқушылар жауап береді).

Неге олай ойлайсыңдар?

3. Зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау.

Бізде екі тұжырым бар:

1-тұжырым: Жер тегіс.

2-тұжырым: Жер шар тәрізді.

Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның (тегіс жер) үстімен жүргізіп көремін. (Оқушылардың партаның бойымен қарағаны дұрыс).

Кеме қозғалғанда, оны тұтас көруге бола ма?»

Кеме партаның шетіне жеткенде не болады? (оқушылардың жауабы)

Енді сол кемені доптың (жердің) үстімен жүргіземін. Оқушылар алдымен кеменің жоғары жағы (төбесі) көрінгенін айтады.

Доппен кемені жүргізе берсек шыққан жеріне қайта оралады екен.

Бұл ненің дәлелі деп ойлайсыңдар?

Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі.

Ендеше мына таспаға назар аударайық.

Бейнекөрініс.

Сергіту сәті. «Дәулеткерей» күйі

Дәптермен жұмыс

Топтық жұмыс.

1-топ

Шарға ұқсас заттарды белгілі бір нысанның суретіне айналдыр.

2-топ

Қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз.

3-топ

Күн,жер,айдың суретін салып түсінік беру.

Бағалау «Бағдаршам» әдісі

Бекіту

«Дұрыс», «Бұрыс» ойыны

Сыныптың үш бұрышына осы сөздер жазылған парақтарды орналастырамын.

Сұрақ қойғанда, осы сөздер жазылған бұрыштарға барып тұрады.

  • Жер ғаламшары шарға ұқсайды.( Иә)

  • Жер ғаламшары теп-тегіс. (Жоқ)

  • Жердің шеті бар. (Жоқ)

  • Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.(Иә)

  • Аспан мен жердің түйіскен жері көкжиек сызығы. (Иә)




Рефлексия

«Күн», «Жер», «Ай»

Егер сабақта бәрі түсінікті болса, күнге стикерлерін жапсырады.

Егер сабақ көмек керек болса, онда айға стикерлерін жапсырады.

Егер сізге түсініксіз болса,онда жерге стикерлерін жапсырады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ