Жер табиғаты жайындағы ғылым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер табиғаты жайындағы ғылым

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 1
Мерзімі:
Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Мақсаты:
Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен іскерліктерін жан - жақты тексеру кезеңі
3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
7. Бағалау кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Білім мен іс - керліктерін жан - жақты тексеру кезеңі (10 мин)
1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меңгергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды:
1) Жер туралы не білесіңдер?
2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?
3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.
4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.
5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?

2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:
1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.
2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет.

3. Жаңа материалға көшу кезеңі (2 мин)
География түсінігін енгізеді: 6 - сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді – физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6 - сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.
География

ФГ
ЭӘГ

4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі. (15 мин)
1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.
География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.
Г - ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.
2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.
Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1 - слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.
Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2 - слайд. Орта ғасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.
Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519 - 1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ - ның түңғыш рет дж - ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2 - слайд.
Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.
Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2 - жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі (9 мин)
Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин)
Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Физикалық география немен шұғылданады?
3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?
4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?
5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.
6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы?

7. Бағалау кезеңі (1 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин)
1 - 2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
432
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі