400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Жер тағдыры – ел тағдыры»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз елі, туған жері туралы білімдерін молайту, отанын қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру; Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру; Туған елін қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 27.12.2018ж.

Тобы: «Ұлан»

Тәрбиеші: Нәлібаева Мақпал

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Жер тағдыры – ел тағдыры»

Мақсаты: Оқушылардың өз елі, туған жері туралы білімдерін молайту, отанын қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру; Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру; Туған елін қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Әдісі: Пікірлесу.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау арқылы сыныптан тыс жұмысын бастаймын.



Кіріспе.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, әрі ғажайып туындысы. Табиғат, жер-ана, отан, туған жер, атамекн деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.

Негізгі бөлім.

Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.  Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Адам өзі Жер-Ананың перзенті, табиғатты, жер ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы, ал ендеше табиғат туралы халқымыздың даналы сөздеріне құлақ бұрайық.

Жер, ел туралы мақал – мәтелдер:

1. Әуелі тәңірі жерге береді, 
Жерге берсе елге береді, 
Елге берсе ерге береді. 


2. Жақсы жер жан тынысы, 
Жақсы өнер жігіт ырысы. 


3. Жерден жердің несі артық? — 
бір-ақ уыс шөбі артық. 
Ерден ердің несі артық? — 
бір-ақ ауыз сөзі артық. 


4. Су жүрген жер береке,

Ел жүрген жер мереке.

Табиғат- адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып төгіп пайдалануға тиісті емеспіз. Табиғат, несібесі, қызықтайтын қуанышы. Сондықтан бүгінгі ұрпақ келешектегі ұрпақтардың несібесін жеп тауысса, бүлдіріп кетсе, күнәнің үлкені сол болары хақ.  Адам өзіне қажетті тағамды, заттарды табиғаттан алады. Ас атасы-наннан жердің иісі шығады. Адамға қажетті көкөністер табиғаттың желісі. Табиғатпен етене өскен халқымыз сол ортаға байланысты ғасырлар бойы қалыптасып, жазылмаған заңға айналған дәстүрлері сан тарау. Біз ұрпағымызды табиғаттың көз тойғысыз көрінісін, сұлулығын тыныштығын бұзбай, аялап қамқор бола білуіміз қажет. Адам – табиғаттың перзенті. Демек адам баласы өзінің саламаттығын ойласа, барды күтіп аялағанымен қоса оны қалпыны келтіруге айрықша мән беру. Табиғат- халық қазынасы. Оны қастерлеп мәпелеу- адамның борышы.

Табиғаттың адамға қандай пайдасы бар?

Адамдар жер – анамызды қашаннан бері аялап келеді.Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қанақоймай, оның тазалығына көп мән берген. Жерді анамыз депқадірлеп, қастерлеп отыруды өздеріне міндет санайды. Табиғаттан біз табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілікатаулының өмір өзегі — таза ауаны, табиғаттың көркінажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлықкөзі-суды, жылу, жарық және жеміс-жидектер,  түрлі дәнді-дақылдарды аламыз. Табиғаттың қойнауында аң-жануарлар,адамдар тіршілік етеді. Адамның жақсы дем алып, дұрыс тынығуына пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да,  өсімдіктер де,  адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды.


Қорытынды:

Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.



Тексерілді: _______________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
3142
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі