Материалдар / Жердегі тіршілік үшін судың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Судың тіршілік үшін маңызын біледі; ауызсуды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
392
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шымкент қаласы Білім басқармасының

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК



Теориялық қысқа мерзімді сабақ жоспары № 1



Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

(cабақ тақырыбы)

Модуль / пән атауы: Биология


Дайындаған педагог: Бексұлтан Әйгерім Ерсұлтанқызы


  1. Жалпы мәліметтер


Күні






Оқу тобы









Пән: Биология


Қатысқандар саны:

Қатыспаған студенттер:

Оқу мақсаты:

10.3.3.6 Судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру;

10.1.2.1 Ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақтың

мақсаты:

Студенттер:

Судың тіршілік үшін маңызын біледі;

ауызсуды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді.

Бағалау критерийі

Суды үнемдеу жолдарын біледі, басқаларға түсіндіре алады.

Судың тіршілік үшін маңыздылығын анықтайды.


Тілдік мақсат

Студенттер:

Суды үнемдеу туралы өз ойлары мен пікірлерін жеткізеді;

Сөздік қорларын дамытады, сұрақтарға жауап береді;

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Транспирация

Су айналымы

Тиімді пайдалану

Ауызсу, үнемдеу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қандай су пайдалануға жарамды?

Суды қалай үнемдеуге болады?

Табиғаттағы судың маңызы қандай?

Біздің ғаламшардағы судың ластау көздері қандай?

Құндылықтар

Суды үнемдеу және қорғау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, жаратылыстану

АКТ қолдану

дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың табиғи көздерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы













Ұйымдастыру

Жеке жұмыс. Су сөзін суретпен сәйкестендіру:

Қызыл сызықпен – судың қатты күйі;

Жасыл сызықпен – судың сұйық күйі;

К өк сызықпен – судың бу күйіндегі түрі.


Суреттер бейнеленген парақша, түсті карындаштар





























Сабақтың ортасы


Суды пайдалану . Жұптық жұмыс

СПрямоугольник 1 у қайда пайдаланылады? тақырыбында жұппен сурет салу.Әр суретке ат қойып, қабырғаға іледі.


Прямоугольник 2 Прямоугольник 3


Прямоугольник 4 Прямоугольник 5



Судың жарамдылығы.Су тапшылығы бейнеленген суреттер көрсету арқылы оқушыларға сұрақтар қою.


  • Суреттерден не байқадыңдар?

  • Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?

  • Неліктен кей жерлерде ауызсу тапшы деп ойлайсың?

  • Ащы су, тұщы су сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?

  • Адамдар қандай суды пайдаланады?

Мұғалімнің түсіндіруі.

«Су – таза күйінде сутек пен оттектің химиялық байланысы болып табылатын мөлдір, түссіз сұйықтық».

Судың айналымында маңызы бар биологиялық процестерге транспирация жатады, ол өсімдік тіршілігі үшін аса қажетті де күрделі процесс болып табылады. Транспирация – бұл өсімдіктің жасыл бөліктерінің суды буландыруы. Транспирацияға жұмсалатын судың мөлшері (судың шығыны) сол өсімдіктің түріне, ауа райына және топырақтың ылғалдылығына байланысты болады. Транспирация кезіндегі судың шығыны орташа есеппен алғанда құрлықтағы жалпы булану мөлшерінің жартысын құрайды. (жылына 30-35 мың км – ге жуық).

Тұщы таза су – байлық. Жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 % ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады. Ауызсу – ішуге жарамды су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсу­дың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды.  Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет.

Қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны 55 литрге жуық су жұмсайды екен. Бірақ көп су

тұрмыста тектен-текке жұмсалуда. Әрдайым құбырдан аққан су қажетімізге қарай аға ма? (1 сағ – 12 л. 24 сағ – 300 л)





Жұпқа парақша
















Суреттер
















энциклопедия

газет, журналдар

постер жасау үшін ватман, түсті қарындаш, фломастер






Зертте. Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?

Топтық жұмыс. Студенттерді бірнеше топтарға бөлу. Ақпаратты топтың бір бөлігі баспа материалдарынан іздестіреді, қалған топ мектеп қауымдастығы мүшелерінен (мұғалімдерден, студенттерден және басқа мектеп қызметкерлерінен)сұхбат алады. Ең басты сұрақ: Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?

Ақпарат жинақтаған соң топта постер жасау және қорғау.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Туындаған сұрақтарды талдау.


ватман қағазы мен фломастерлер энциклопедия журналдар суреттер


Ойлан. Жұптасып «Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?» деген сұрақты талқылап, өз пікірлерін айту. Сусыз өз өлкесінің қандай күйде болатыны жайлы әңгіме құрастыру немесе сурет салу.

Сен білесің бе?

  • Адамдар суды қандай мақсатта көп қолданады?

  • Тұратын өлкеміздің әдемілігіне судың қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

  • Саяжайда немесе бақшада суды пайдалану жайлы не білесіңдер?

1 килограмм картоп өсіру үшін 300 литр су жұмсалатынын айту.

2- тапсырма «Борт журналы» әдісі арқылы тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйрету мақсатында жүргізіледі

1-топқа Ауыз суды үнемді қолдануға жарнама жаса

2-топқа.Судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастыр

3-топқа. «Су-тіршілік көзі» шағын сахналық көрініс құрастыр.

Дискриптор:

  1. Ауыз суды үнемді қолдануға жарнама жасайды

  2. Судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастырады

  3. «Су-тіршілік көзі» тақырыбында шағын сахналық көрініс ұйымдастырады

ҚБ: «Судың көлемі» әдісі арқылы бағалау

















Жұмыс парақшасы

















Сабақтың соңы


Рефлексия

  • Сабақта не қызықты болды?

  • Сабақта не қиын болды?

  • Сабақтан не үйрендің?




Қосымша ақпарат

Саралау – студенттерге қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары студенттерге қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – студенттердің материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



  1. Су жайлы мақал-мәтелдер кітапшасын жасау.

  2. Суды үнемдеу жайлы үндеу-парақшалар жасау

  3. Үйдегі ас бөлмесіндегі су тамшылап тұрған кранның астына 200 грамдық ыдысты қойып,оның қанша минутта толатынын бақыла.Сол 200 грамды сағатқа,күнге,айға көбейт. Бұзылған бір-ақ краннан қанша су ысырап болатынын анықта. 

Суды үнемдеу әдістеріне арналған постерді бағалау

Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Ақпарат іздестіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау




Тексерді:

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары __________________ Ж. Бозаева

_________________ 2022 жыл











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!