Материалдар / Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың және сейсмикалық аймақтарды орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды. Сызбаларды, карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін ажырата алады және салдарын түсіндіреді. Жердің геохронологиялық кестесін ауызша сипаттай алады (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады. Пән бойынша сөздер мен терминдер: Геохронологиялық кесте, жер қыртысы, қозғалыс, сейсмикалық аймақтар, субдукция Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
2436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы


Уақыты:


Мұғалімнің аты – жөні : Тусыпова Айжан Толеубековна

Сынып: 7 «А» «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаты:

  • Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуын картадан көрсетіп, сипаттау;

  • Географиялық шартты белгілерді қолдана отырып, карталарды оқу.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Зерттеу және қорытынды жасау.

Бағалау критерийлері

Литосфералық тақталардың қозғалысына байланысты болатын жер бедерінің түрлерін анықтай алады.

Карта бойынша ірі литосфералық тақталарды көрсете алады, кескін картаға сыза алады.

Литосфералық тақталардың қазіргі қозғалысын карталардан анықтап, талдау жасайды, өз ойларын нақты дәлелдермен қорытындылай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың және сейсмикалық аймақтарды орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды.

Сызбаларды, карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін ажырата алады және салдарын түсіндіреді.

Жердің геохронологиялық кестесін ауызша сипаттай алады (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер:

Геохронологиялық кесте, жер қыртысы, қозғалыс, сейсмикалық аймақтар, субдукция

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)

Тектоникалық құрылымның таралу заңдылқтары мен Жер бедері арасындағы айырмашылықты анықта

Тектоникалық картада .................. орналасқан

Литосфералық тақталар ........................... тұрады

Сейсмикалық облыстар ............................... орналасқан

Құндылықтарды дарыту

Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу.

Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Химия, физика, геология

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнефильм, презентация

Алдыңғы білім


Оқушылар литосфера құрылысын және плиталардың қозғалысын білу қажет.

Картамен, сызба –нұсқалармен, фотосуреттермен, бейнематериалмен жұмыс істей алу керек.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Деректер

Сабақтың басы

01-05

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, көңіл - күйін сұрау.

Өткен сабақты қайталау ретінде «Cheek List» парақшасы арқылы сұрақтарға «Ия», «Жоқ» жауаптарын алу

Қимақағаздар

Сабақтың ортасы

06-12











13-19









20- 35













36-54
















55-75
























ІІ. Психологиялық ахуал орнату арқылы сабақтың тақырыбына шығу:

Оқушыларға түрлі түсті фишкалар беру арқылы топқа бөліп отырғызу (жасыл, сары, қызыл, көк).

Мұғалім жаңа сабақты бастау үшіноқушылардың назарын суретке аударып сұрақ қояды:

  • Литосфералық тақталар қалай қалыптасады?

Оқушылар өздері білетін литосфералық тақталардың қалыптасуына әсер ететін факторларын атап шығады.Сыныппен өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.

Оқушыларға Тақталар тектоникасыбойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериал көріп болған соң,бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады:

  • Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?

  • Жер қыртысы қандай литосфералық тақталалардан тұрады?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұппенен өз ойларын бөліседі.

ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.

Жұптық жұмыс.Қалыптастырушы жұмыс

1- тапсырма:Литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын анықтайды. (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг).

«Ойлан–жұптас-бөліс» әдісін ұйымдастыру.2 оқушы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын суреттерге қарап талқылайды, суретті қолдану арқылы литосфералық тақталалардың қозғалыс түрлерін жазады. Бұл жұмыста оқушылар суретарқылы бір-бірінің ойын тыңдайды, жұптасып жұмыс жасай алады. Тыңдалым, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастырады.

Бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағалау

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс

Кескін картамен жұмыс:

2- тапсырма. Кескін картаға литосфералық тақталардың шекараларын және негізгі қатпарлы аймақтарын түсіреді. Оқушылар литосфералық тақталар бойынша алған білімдерін қолдана алады. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады. Жеке әр оқушыға кері байланыс беріліп отырылады.

Бағалау:Бірін-бірі тексеру кезінде стикерлер арқылы бағалайды. «Жасыл» стикер дұрыс, «қызыл» стикер дұрыс еместігін білдіреді.

Оқушыларға «Жердің тектоникалық құрылымы» бойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериал арқылы келесі тапсырманы орындайды.

Топпен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс

Картамен жұмыс:

3- тапсырма. Атлас картаны пайдалана отырып, жоспар бойынша литосфералық тақталарды анықтаңыз.

/Еуразия тақтасы, Африка тақтасы, Солтүстік Америка тақтасы, Оңтүстік Америка тақтасы, Үнді-Австралия тақтасы, Тынық мұхит тақтасы, Антарктида тақтасы, Наска тақтасы/

  • Тақтаның атауы

  • Шекараласатын тақталар

  • Қозғалу жылдамдығы

  • Қозғалу бағыты

Мұғалім оқушыларға Жердің тектоникалық құрылымы картасымен жұмыс жасауды ұсынады.

Оқушылар карта бойынша литосфералық тақталардың атаулары мен шекараларын анықтайды, шекараласатын тақталарды көрсетеді, литосфералық тақталардың қозғалу жылдамдығы мен қозғалу бағытына сипаттама береді.Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.

Тапсырманы қорғау

Оқушылар топпен өздерінің зерттеген литосфералық тақталар туралы зерттеулерін ұсынады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.

Бағалау: Топтар бір-бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.



Фишкалар




Picture 4

«Тақталар тектоникасы»

https://twig-bilim.kz/film/structure-of-the-earth-5403/

/3 минуттық көрсетілім/











Сурет





7 сынып Атлас













«Жердің тектоникалық құрылымы»

https://twig-bilim.kz/film/plate-tectonics-5413/

/3 минуттық көрсетілім/




Карта




Флипчарт, маркер





Презентация






Соңы

76-80

IV. Рефлексия«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жинайтын себет» әдісін ұйымдастыру.

Сары стикер: сабақтан алған ең маңыздысы, нені осы сабақтан өзімен алып кетесіз (чемоданға іледі);

Көк стикерде: не тиімді болған жоқ, нені керек емес деп санайды (себетке);

Қызыл стикерде: не қызықты болды, бірақ әлі де түсініксіз, нені әлі еттартқышта етті қалай айналдырады, солай өз ойымызда айналдырып түсіну қажет.

С тикер






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақты саралау (физика және химия пәні бойынша интеграция) және сыни ойлауды дамыту бойынша негізделген. Дарынды және тез орындайтын оқушыларға практика ретінде жетілдіру және постер жасау үшін шығармашылықтарын дамыту, сонымен қоса білім мен дағдыларын тек география пәнімен ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндермен талдау жасау.

Бағалау критерийлері әрбір тапсырмада оқушылардың білімін тексеру үшін ғана емес, сонымен қатар, оқыту үшін бағалау ретінде көрсетілген.

Осы критерийлерді пайдалану мақсатында, оқушылар өзін-өзі бағалауға және оны әрі қарай жетілдіруді жоспарлай алады.

Бағалау критерийлері әрбір тапсырма бойынша нақты қадаммен және оқушыларға түсінікті ретінде жасалынған.



АКТ- мен жұмыс жасау бұл сабақта тек мұғалімнің презентациясы пайдаланылған.

Бірақ кейбір топтар постердің орнына презентация дайындап көрсетуге болады.


Сабақ бойынша рефлексия







Мақсаттар нақты, түсінікті берілді. Оқушылар осы сабақтагеохронологиялық кесте, жер қыртысы, қозғалыс, субдукция, коллизияұғымдарымен танысты.

Атлас картаны пайдалана отырып, кескін картаға литосфералық плиталардың шекараларының және негізгі қатпарлы аймақтарын түсірді, шартты белгілер арқылы сипаттады.

Литосфералық плиталардың қозғалыс түрлерін және салдарын анықтады.

CLIL әдісі қолданылды, атласпен жұмыс жасады, жұптық, топтық бағалау жүргізілді.

Жеке және жұптық жұмыстар оқушыларға сабақ мақсатына жетуіне негіз болды. Уақыт жеткілікті болды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушылардың картамен жұмыс жасай алуы және тақталардың қозғалу жылдамдығына нақты сипаттамалар берілді.

2: Оқушылар зерттеу жүргізу барысында өздерін жас зерттеушілер ретінде сезінді. Оқушылар тек топ ішінде ғана емес, сондай-ақ басқа топтар арасында бір-біріне көмектесті. Зерттеу нәтижелерін талқылау кезінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріліп, сабақ дискуссияға айналып қызықты өтті.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бұл сабақта мұғалім зерттеу процесінің бағыттаушы, кеңесшісі болды, бірақ бірден барлық топтардың назарын ұстап тұру қиын болды.


2: Рефлексияға көп уақыт жұмсау. Себебі әрбір оқушы сабақтан қандай әсерін алғанын, не үйренгені туралы, қаншалықты сабақтың маңызды болғаны туралы жазып, сенуі керек.


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Флегматик темпераменты қалыптасқан оқушылар зерттеу жүргізу барысында, берілген мақсаттарын тез және нақты орындағандары байқалды. Сонымен қатар әр топта әр түрлі темпераменты бар оқушыларды біріктіріп отырғызу байқалды. Себебі ол сабақты өте тиімді өткізу үшін көмектеседі.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!