Материалдар / "Жергілікті жерде өсетін қалақай өсімдігінің химиялық құрамы және оның пайдасы" тақырыбындағы шығармашылық жұмыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жергілікті жерде өсетін қалақай өсімдігінің химиялық құрамы және оның пайдасы" тақырыбындағы шығармашылық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, мұғалімдерге шығармашылық жұмыс жасағанына көмекші материал болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, экологиялық тәрбие мен білім беру, сабақта жергілікті жер материалдарын пайдалану мақсатында қолдануға қажет. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты- оқушылардың экологиялық танымын жетілдіріп, химиялық білім беру, баланың ізденімпаздығына бағыт-бағдар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2022
409
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«Өкпеті орта мектебі» КММ









Секциясы: химия

Тақырыбы:

Жергілікті жерде өсетін қалақай өсімдігінің химиялық құрамы және оның пайдасы










Жоба авторы: Асқарқызы Гүлайым

Тарбағатай ауданы «Өкпеті орта мектебі» КММ

7-сынып оқушысы



Жоба жетекшісі: Искакова Толеухан

Тарбағатай ауданы «Өкпеті орта мектебі» КММ

жоғарғы санатты химия пәні мұғалімі



ғылыми жетекшісі: Сатиева Калия Рамазановна

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеттің

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

факультетінің профессор м.а.

биология ғылымдарының доценті, аграрлық

бөлімнің аға оқытушысы





МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ ................................................................................................. 3-бет



ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ..................................................................................................................



2.1. Қалақай өсімдігіне ботаникалық сипаттама............................. 4-бет



2.2. Қалақайдың емдік қасиеттері ..................................................... 4-5- бет



2.3.Қалақайдың пайдалы басқа да қасиеттері................................ 5-6-бет



2.4. Қызық деректер:.............................................................................6-7- бет



ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................... бет


































Мақсаты: Ұлтымыздың жергілікті жерде өсетін қалақайдан емдік дәрілер жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану. Қалақай өсімдігі туралы мәлімет жинау, оның сан қырлы сипатын ашу. Қалақайдың адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиетін айқындау.

Міндеттері:

1. Қалақайдың таралу тарихынан деректер жинау;

2. Қалақай өсімдігіне сипаттама беру;

3. Қалақайды танып- біліп, кеппе шөптер жасау.

4. Қалақайдың емге дәру қасиеттерін айқындау;

5. Оның емдік тұнбалары, одан жасалатын тағамдар, косметикада пайдаланылуын танып-білу.

Зерттеу болжамы: егер тұрғындар қалақайдың пайдасы мен емдік қасиетін білетін болса, емдік дәрілерді қолдан жасай алады, себебі, практика жүзінде оның пайдасын біледі, экологиялық таза өнімді пайдалануға мүмкіндіктері болады.

Тақырып өзектілігі:

2015 жылғы мамырдағы Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» -ның

87-қадамында: Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ”- деп көрсетілген. Осы себеппен мен жергілікті жерде кезігетін емге қолданылатын өсімдіктерді анықтап, емдік жолдарын қарастырып, сондай-ақ жергілікті жерде қалақайдан емдік тұнба, дәрілер жасау туралы деректер жинақтап, оны “Қазақстан энциклопедиясы” интернет жобасына ұсынуды мақсат етіп қойдым.

Зерттеу нысаны: қалақай

Зерттеу пәні: қалақай өсімдігінің химиялық құрамы емдік қасиеттері

Зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдер: бақылау, сұқбат, тәжірибе, бейнебаян түсіру, ақпарат жинау, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену.

Зерттеу жаңашылдығы: қалақайды емге қолдану дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып, жетілдіру.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде:

  • өсімдіктердің бағалы қасиеттерін оның табиғаттағы, адам өміріндегі алатын орның анықтап, табиғатты аялай білудің маңызын түсіну.

  • қалақайдың тек арамшөп ретінде ғана емес, оның адам өміріндегі маңызды қасиеттерін жан-жақты түсіну.

  • алған білімді күнделікті тұрмыста, өмір тәжірибесінде пайдалана білу.





І КІРІСПЕ

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің көпшілігі белгілі болған.

Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ, ол өз дәуірінде емдік мақсатқа қолданылған 200-ден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса маңызды деп айтуға болады. Шипалы , емдік қасиеті бар өсімдіктерді көптеп жинайтын білгір адамдар азайған. Сондай емдік қасиетке ие өсімдіктің бірі-қалақай. «Жергілікті жерде өсетін қалақай өсімдігінің химиялық құрамы және оның пайдасы» атты жобамның тақырыбының өзектілігіне қарай келесі мақсат қойдым:

1. Ұлтымыздың жергілікті жерде өсетін қалақайдан емдік дәрілер жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану

2.Қалақай өсімдігі туралы мәлімет жинау, оның сан қырлы сипатын ашу.

3. Қалақайдың адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиетін айқындау.

Мақсатты шешу жолында төрт міндеттерді анықтадық:

- Қалақайдың таралу тарихынан деректер жинау;

- Қалақай өсімдігіне сипаттама беру;

- Қалақайдың емге дәру қасиеттерін айқындау;

- Оның емдік тұнбалары, одан жасалатын тағамдар, косметикада пайдаланылуын танып-білу.



























3



ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қалақай өсімдігіне ботаникалық сипаттама

Қалақай (лат. Urtica) — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы.

Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады.[4] Жемшөптік маңызды түрі — қосүйлі қалақай (Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарама-қарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш

безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. 

Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады.

2.2. Қалақайдың емдік қасиеттері

Қазақ халық емшілігінде қалақайды ежелгі заманнан пайдаланып келеді. Емге қалақайдың сабағы, жапырақтары, жанғаннан кейінгі күлі, қайнатынды суы, шағу жағдайындағы уының барлығы - ем.

Емдік қасиеті

Дәрі жасау үшін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында С, К, В дәрумендері, пантотен қышқылы, уртицин глюкозиді, хлорофилл, құмырсқа қышқылы, фитостерин, каротин, кальций және тағы басқа заттар бар. Медицинада қосүйлі қалақай өкпеден, жатырдан, ішектен, геморрой түйіндерінен, асқазаннан қан кеткенде дәрі ретінде қолданылады. Өсімдіктің құрамындағы хлорофилл денедегі зат алмасуын, жүрек пен өкпенің қызметін жақсартады.





4

Қосүйлі қалақайды көптен жазылмай жүрген жараларды емдеуге, ағзадағы дәруменнің жетіспеуін және қанның құрамын қалпына келтіру үшін пайдаланады.

Соңғы кезде өсімдікті диабетті емдеуге де пайдалана бастады.

Бауыр және өт жолдарының созылмалы ауруларын қалақаймен емдеуге болады. Қалақайды медицинада бауырды емдейтін дәрі- аллохолға және басқа да көп дәрілердің құрамына қосады. [5.127 бет]

Халық медицнасында қос үйлі қалақайдың жапырақтарымен ревматизмді, іштің қатуын, подаграны, бүйрек пен қуық ауруларын, өкпе туберкулезін, геморройды, дизентерияны емдейді.Тамырынан жасалған сулы тұнбаны бронх демікпесін, асқазан ауруларын емдеуге қолданады. Сонымен қатар, дене сыртындағы жарақаттарды, іріңді жараларды, сүйектің қабынуын емдеуге болады. Онымен шемен ауруын емдеп, дене қызуын басуға және жөтелге қарсы пайдаланған. Көбіне тұнба дайындайды. Жас қалақайдан салат жасайды. Жасыл бояу алу үшін қолданады. Мал азығына қосса, сиырдың сүттілігі артады.

Қалақаймен ұстамалы аурулары бар адамдарды емдеген. Ал жүкті әйелдер мен жүрек талмасы бар адамдарға пайдалануға болмайды.

Көктемде қалақай жаңа көктеп бой ала бастаған мезгілде ұсақтап турап беті жабулы эмальды ыдыста жарты сағаттай қайнатып алып, жас еттің сорпасына араластырып ішсе мың да бір дертке ем болатыны дәлелденген. Халық емшілерінің айтуынша, қалақай қанды тазартып, жүрек демікпесін басуға, тері ауруларын қайтаруға, жүйке жүйесін тыныштандыруға және есте сақтау қабілетіңізді нығайтуға әсері мол.

Қалақайдың уында адам денсаулығына аса қажетті қырықтан аса минерал түрінің бар екені дәлелденіп отыр. Оның құрамында калий, кальций, темір, мыс, қорғасын, фосфор, хлор, йод, оттегі, азот, марганец пен магний секілді аса пайдалы зат бар. [7.1.]



Жинау мерзімі:

Гүлдеп тұрған қалақайдың жас жапырағын, жас сабағын гүлімен жинап, қағаздың немесе шүберектің үстіне жайып, көлеңкелі жерде кептіреді. Кепкендігін жапырағының ортасы оңай сынғанынан біледі. Кепкен шөпті сақтау мерзімі-2 жыл. [5.127 бет]

2.3.Қалақайдың пайдалы басқа да қасиеттері

Жаз шыға салысымен, көрікті мекендерге саяхаттау, суға шомылу, сонымен бірге, тауға шығу маусымы да басталатыны белгілі. Саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерін басты назарда ұстаған дұрыс. Осы тұста айтпағым, «сақ бол қалақай шағып алмасын деп сақтандырып жатады. Қалақай – еліміздің барлық жерінде кездестін жабайы өсімдік. Бұл өсімдікті күйдіргіш түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе, түктің ұшы морт сынып, түбіндегі сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. «Қалақай шағып алмасын» деген сөзді үлкендер көп айтады.



5

Қалақайды тағам ретінде пайдаланады. Себебі, өсімдік құрамында ақуыз, К,С,В дәрумендері, минералды тұздар және әртүрлі органикалық қышқылдар болады. Халық медицинасында жаңа жұлынған жас қалақайдың жапырағын сүйелге жапсырып ем жасайды.

2.4. Қызық деректер:

Ұлыбританияда қалақайдан шарап жасайды. 3000 литр шарап алу үшін 40 келі қалақай жапырағы қажет екен.

Қалақай талшықтарынан мата да жасалады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлерінің киімі осындай матадан жасалған.

Англияда Маршвуд елді мекенінде жыл сайын өткізілетін қайырымдылық сыра фестивалінің шеңберінде қалақай жеуден әлем чемпионаты өткізіледі.

Қалақайды жеу - пайдалы. Оның құрамында магний, кальций және темір сияқты физиологиялық маңызды, адам денсаулығына пайдалы элементтер бар.

Қалақай репейница мен адмирал деген көбелектің 2 түріне азық болады.

Азықтық өнеркәсіпте жасыл бояғыш жасайды.

Көктемде қалақай жаңа көктеп бой ала бастаған мезгілде ұсақтап турап беті жабулы эмальды ыдыста жарты сағаттай қайнатып алып, жас еттің сорпасына араластырып ішсе мың да бір дертке ем болатыны дәлелденген.

Халық емшілерінің айтуынша, қалақай қанды тазартып, жүрек демікпесін басуға, тері ауруларын қайтаруға, жүйке жүйесін тыныштандыруға және есте сақтау қабілетіңізді нығайтуға әсері мол.

Қалақайдың уында адам денсаулығына аса қажетті қырықтан аса минерал түрінің бар екені дәлелденіп отыр. Оның құрамында калий, кальций, темір, мыс, қорғасын, фосфор, хлор, йод, оттегі, азот, марганец пен магний секілді аса пайдалы зат бар. [7.1.] Кейбір оңтүстік елдерде рами деген ерекше қалақайды арнайы өсіреді. Оның биік болып өсетіні сондай, жаяу кісі түгіл атты кісінің бойы әзер көрінеді. Мұндай қалақайдың талшықтарынан жібекке бергісіз мата тоқиды. Одан есілген арқандар мен балық аулайтын торлар өте берік болады. Рами шаққан жерін өте қатты күйдіреді, сондықтан оны жинаған кезде адамдар үстеріне қалың қиім, қолдарына қолғап киіп алады.

Ал Үндістан мен Үнді мұхитының кейбір тропиктік аралдарында шаққаны жылан уынан да қауіпті қалақайлар өседі.

Қалақайдың тұла бойы түкті болып келеді. Әр түгінде ішіне күйдіргіш қышқыл толтырып, ауызы тығындалған кіп-кішкентай қауашақ жасырулы тұрады. Қауашақтың мойны өте үшкір болады. Денеге оп-оңай кіріп кетеді де, бірден сынып, ішінен балалардың аяқ-қолдарын күлдіретіп, көздерінен жастарын сорғалата

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!