Материалдар / «Жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартылуы көңіліңізден шыға ма, әлде жоқ па ?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартылуы көңіліңізден шыға ма, әлде жоқ па ?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрі: Дебат /пікірталас/ Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімдерін тереңдету, экологиялық және генетикалық сауаттылыққа тәрбиелеу, патротизмге және әлеуметтік проблемаларды шешудегі белсенді өмір ұстанымына тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2018
2232
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДЕБАТ (ПІКІРТАЛАС) САЙЫСЫ 
Дебаттың тақырыбы: «Жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартылуы көңіліңізден шыға ма, әлде жоқ па  

Түрі: Дебат /пікірталас/ 
Дебатқа қатысушылар: Жақтаушы –«Парасат» тобы, даттаушы – «Айқын» тобы. Екі фракцияда 3 спикерден болады. 

Мақсаты: 1. Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық 
мәселесі туралы білімдерін тереңдету, экологиялық және генетикалық сауаттылыққа тәрбиелеу, патротизмге және әлеуметтік проблемаларды шешудегі белсенді өмір ұстанымына тәрбиелеу. 
2. Студенттер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарастырылатын тақырыпты тыңдай білуге тәрбиелеу; 
3. Студенттерде адамдық қасиеттер туралы толық ой қалыптастыру, студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу; 
Әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/ 
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, бейнероликтер, презентация ,шарлар,гүлдер 
Бұл дебатта бағаланады: 
1. Мазмұны: 
- Анықтамалар; 
- Критерилер; 
- Аргументтер тереңдігі, тақырыпқа сәйкестілігі; 
- Фактілік қателіктер; 
- Сұрақты дұрыс қою; 
2. Құрылымы: 
- Таныстыру мен тақырып өзектілігін ашу; 
- Сөйлеудегі логикалылық; 
- Уақыт регламентінен аспау; 
3. Тәсіл: 
- Сөйлеу мәдениеті; 
- Қарым-қатынас мәдениеті; 
- Нақтылық; 

Дебат барысы: 

Жүргізуші: Бүгінгі таңда жергілікті жеріміздің экологиясы кімге жақсы,кімге жаман, ол әркімнің өзіне аян,бірақ бүгінгі ұрпақ ол туралы не ойлап жүр? Бәрімізді мазалайтын өзекті мәселелердің бірі жеріміздің экологиясы болып отыр.Оны жақсарту шаралары көңіліңізден шыға ма, әлде жоқ па?Осы сауалға жастарымыз қалай жауап береді екен?Жалпы осы жергілікті жеріміздің экологиясы біздің өмірімізде қандай орын алады?


Армысыздар, ұстаздар, қонақтар және студенттер! Бүгін біз І-ІІ курстар аралығында өткелі отырған «Жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартылуы көңіліңізден шыға ма, әлде жоқ па ?» атты дебатта бас қосып отырмыз. Қош келдіңіздер! Жалпы бүгінгі күні осы жергілікті жеріміздің экологиясы біздің өмірімізде қандай роль атқарады? «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, осы мәселе бойынша екі жақтың пікірлерін тыңдап, өзімізге керектіні алып, осы сұраққа байланысты жауапты дебатта табуға тырысып бағайық! 
Демек, алдарыңызда- бүгінгі дебат пікірталас сайысының қатысушылары Таныс болыңыздар, бүгінгі таңда жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартылуы көңіліңізден шығатыны туралы сіздерге «Парасат» тобы сөз қозғайды. Яғни, жақтаушылар құрамында: 
1. ІІ курс 17 топ студенті:
2. ІІкурс 18 топ студенті:
3. ІІкурс 18 топ студенті:

4. ІІкурс 18 топ студенті:
Ал, жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартылуы көңіліңізден шықпайтыны туралы «Айқын» тобы ой толғайды, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар 
1. І курс 26 топ студенті:
2. І курс 27 топ студенті:
3. І курс 28 топ студенті:

4. Ікурс 29 топ студенті:

Бүгінгі пікірталасымыздың әділ, дұрыс бағалануы үшін ортамызда сарапшыларымыз бар. Таныс болыңыздар. 
Сарапшылар (Жас Отан Жастар коммитетінің мүшелері және колледж басшылары) 
Бүгінгі ашық пікірталастың шарттарымен таныстырып өтейік. 
1. Сәлемдесу; 
2. Топтардың өздерін таныстыруы; 
3. Тақырып өзектілігін ашу; 
4. Аргументация (дәлелдер келтіру); 
5. Сұрақтар қою; 
6. Қорытынды; 
7. Сарапшылардың қорытындысы. 

Сайысымыздың ережесі: 
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу; 
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болмау; 
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды; 
4. Қарама- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану; 
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт. 

1 – кезең. Жүргізуші: Ал, енді, құрметті қатысушылар, сіздерге сәттілік тілей отырып, дебаттың І кезеңін, яғни өзімізді таныстыруды бастайық! 
Сөз кезегі қатысушыларға беріледі. 

Алғашқы сөз кезегін жақтаушы «Парасат» тобының мүшесі І курс 26 топ студенті: .......... мырза, сөз кезегін өзіңізге береміз. Естеріңізге сала кетейін, регламент 3-5 минут. 
«Парасат» тобының спикері.......... сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз. 
«Айқын » тобы «Парасат» тобына сұрақтарыңыз болса, 2 минут уақыт сіздердің еншілеріңізде, уақытты өз пайдаларыңызға асырыңыздар! 
Даттаушы «Айқын» тобының спикері .......... ханым І курс 29 топ студентіне сөз кезегі өзіңізде. 
Ал қарсылас топ қояр сұрақтарыңыз болса, 2 минут уақытты өз 
пайдаларыңызға асырыңыздар! 
2 - кезең. Жүргізуші:Қосымша сауалдарға арналған уақытымыз аяқталды, ендеше дебаттың негізгі бөліміне көшейік, осы бөлімде өз резолюцияларыңызды толықтыра түсіңіздер! Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Студенттер бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді 
Жақтаушы «Парасат» тобының спикері.......... сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз. 
«Айқын» тобы «Парасат» тобына сұрақтарыңыз болса 2 минут уақыт сіздердің еншілеріңізде, уақытты дұрыс пайдаланыңыздар! 
Даттаушы «Айқын» тобының спикері............ ........... сөз кезегі өзіңізде. 
Ал қарсылас топ қояр сұрақтарыңыз болса, 2 минут уақыт сіздердің еншілеріңізде! 
3-кезең. Жүргізуші:Дебаттың қатысушылары 3-кезеңде алдыңға кезеңдерде айтылған ой-пікірлеріңізді қорытындылап, тоқсан сөзге тобықтай түйін жасаңыздар! Естеріңізге сала кетейін, регламент 3-5 минут. 
Жүргізуші: 
«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Экологиялық сауатымызды ашсақ, экологиялық білім алсақ, өз бойымызда экологиялық мәдениет қалыптастыруға талпынсақ адамзатты экоапаттан құтқаратынымыз сөзсіз. Екі топта өз пікірлерін қорытындылап болды. Енді осы жайлы өз ойларыңызды айтсаңыздар. Ендеше, сөз тізгінін сарапшыларға береміз. 
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер бүгінгі дебат пікірталас сайысымыз өз мәресіне жетті! Сондықтан бәріміз, жергілікті жеріміздің экологиясының жақсаруына көп үлесімізді қосайық!

Достар, жақсылыққа көп талаптан, 
Талаппен атың шықса, сонда мақтан. 
Ақылды бала ешқашан бос жүрмес, 
Біз айтқан әңгіме бос емес! Қош сау болыңыздар! 


























Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі


Жылыой мұнай және газ

технологиялық колледжінің

директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

______А.Қойлыбаева.









ДЕБАТ (ПІКІРТАЛАС) САЙЫСЫ 

Тақырыбы: «Жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартылуы көңіліңізден шыға ма, әлде жоқ па ?»











Дайындаған: ЕрғалиеваНазгүл








Құлсары-2017жыл



1.Армысыздар, табиғатты сүйер колледж оқырмандары мен қонақтар! 

Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық экология мәселесіне үн қосу үшін ұйымдастырылған экологиялық пікірталассайысына кешіне қош

келдіңіздер! 
Халқымыздың даналық өрісіндегі мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің терең экологиялық мәні бар. Мысалы: «Таза ауа – дертке дауа» нақыл сөзін алайық. Бұл қағида ауаның тазалығы жер бетіндегі өндірістің, көліктің, тұрмыстың тазалығына байланысты. Ешбір заң мен қатал талап, техника мен технология жетістіктері егер адам-тіршілік алдында өзінің жауапкершілігін түсінбесе ешқандай оң нәтиже бермейді. «Атадан мал қалғанша – тал қалсын». «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап». «Ер елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен

шығады». «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Тірі нәрсе шөп деген, шипалы, қасиетті көгал деген, көкті жұлма обал деген» ата-баба 
өсиетінде керемет көрегенділік пен ақылдылық жатқан жоқ па? 
Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені өмірдің бәрі бақыттың бастамасы, тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады. Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым келтірмейді. Себебі, оны кессең сопиып жалғыз қаласың. Дүниеде жалғыздықтан жаман ештеңе жоқ! Қазақ баласы бастауды, бұлақты ластамайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да осы бұлақ. Ластасаң қарғыс тиеді. Суды арамдасаң арың кірленеді, абыройың төгіледі деп ырымдайды. Хайуанды, аңды, малды қырмау керек. 


«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Эко – 
логиялық сауатымызды ашсақ, экологиялық білім алсақ, өз 
бойымызда экологиялық мәдениет қалыптастыруға талпын – 
сақ адамзатты экоапаттан құтқаратынымыз сөзсіз












Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар, қатысушы топтармен қолдаушы көрермендер! «Жергілікті жердің экологиялық шараларының жақсартуы көңіліңізден шыға ма, әлде жоқ па ?» тақырыбындағы экологиялық пікірталасқа қош келдіңіздер! 
Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, 
Табиғатқа көз салып қарайсыңдар. 
Табиғат – адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. 
Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше бүгінгі іс шарамызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып, мына өлең жолдарын бірге айтайық ! 
Табиғатпен сәлемдесу:

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім , құсым, көлдерім, 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі ! 





















Қайырлы күн, табиғат жанашырлары! 
Табиғат; Жер-Ана; Отан; Туған жер; Атамекен деген сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі табиғат пен Жер-Ананың перзенті. Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау әр адамның азаматтық борышы. Қазақ халқының

мәдениетінде суды қорғау да келелі парыз «Судың да сұрауы бар» деп өскен халқымыз оны тіршіліктің бастауы, адалдық пен тазалықтың рәмізі деп құрметтеген. «Құлазыған шөл – жетім, құс қонбаған көл – жетім, сортаңға құйған сел - жетім», «Ағын су – өмір, тоқтау су – өлім» деген нақыл осы судың қасиетіне байланысты айтылған. 
Табиғатты қорғау – өлең, жырға арқау болғалы қашан! 
Мысалы, ақын Сағынғали Сейітовтың тамаша өлеңі: 
− Жасайды десең, күн қанша? 
− Жарығы сөнбей тұрғанша. 
− Жасайды – дейсің ай қанша? 
− Бетінен нұры тайғанша. 
− Жасайды – дейсің тау қанша? 
− Басынан шыңы ауғанша. 
− Жасайды – дейсің көл қанша? 
− Арнасы кеуіп солғанша. 
− Жасайды – дейсің жол қанша? 
− Жүргінші жүріп болғанша. 
− Жасайды – дейсің жер қанша? 
− Мекендесе ел қанша. 
− Ендеше бәрі мәңгі ме? 
− Әлбетте. Сонда әңгіме. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде дүниенің екі бөлігі – табиғат пен адам егіз. Қазақ ырымдарына назар аударайық. ,


жерге көмеді. Құс шашты 
алып кетсе адам бас ауруына, ұмытшақтық дертіне шалды – 
ғады деп пайымдайды. 
Қазақтың үлкендері балаларына құстардың жұмыртқасына 
тиіспеуді, балапанын өлтірмеуді міндеттеп отырады. 








Адам - табиғаттың  ажырамас  бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.

Табиғат тіршіліктің  құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында.  Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті,  ауру тудырушы бактерияларды  жоюшы тал, жасыл желек.  Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді.  Мен өзімнің туған өлкеме қарағай,  шырша, терек  т.б. ағаш түрлерін ексе екен, -деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.

Табиғат тылсым дүние, ол бізді өзіне баурап алады. Табиғат өте әдемі оның көркіне көз тоймайды. Оның мөлдір бұлағы, ну орманы, сарқырап аққан тау суы ақының шабытын оятатын, суретшінің суретіне жан бітірітін осы бізді қоршап тұратын табиғат. Біздің табиғатымыз ол Жер – Ана, туған жер. Туған жер қасиетті кіндік қаның тамған қасиетті жер. Шыр етіп жерге түскен минутыңнан–ақ туған жердің исін сезе бастайсын. Туған жерді сан жылдардан бері ата-бабамыз біліктің күшімен, найзаның ұшымен анталаған жаудан қорғап ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Туған жердің табиғатын қорғау біздің парызымыз.

Асан Қайғы бабамызды алғашқы қазақтың тұнғыш эколыгы және табиғат жанашыры деуге болады. Ол желмаяға мініп алып «Жер ұйықты іздеуі, қазақ жерінің кең байтақ жерін,өзен-көлдерін аралап жүріп Сыр бойындағы шөлді алқапты көзі шалып, аңызақ желіне кеудесін айқара ашып  былай деген екен.

Шөлге көшіп келесің
Қиындыққа көнесің
Өсіп-өнесің
Арықпен су әкеліп,
Тегістеп қырат белесің
Ағаш-бұта егесің
Жердің төсін емесін
Ерінбесең ертен -ақ
Несібеңді шөптен тересің деген екен.

Туған жердің табиғатына не жетсін шіркін. Табиғат бұл қоршаған орта. Табиғаттың керемет құблыстарын ғалымдар күні бүгінге дейін зеріктеуде. Қазіргі кезде табиғат қорлары азайып бара жатыр. Оның негізгі себебі адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарағандығынан болады. Судың да сұрауы бар демекші әр заттың сұрауы болады. Табиғатымыз ластанып бара жатыр мысалы: көліктердің түтіні, мұнай завоттарының қалдықтары, қоқыстар бұның барлығы экалогияның ластануына алып келеді. Алайда қазіргі кезде «Жасыл экалогия» бағдарламасын қолға алуда. Қазіргі кезде қоқыстарды қайта өңдеу завоттары жұмыс жасап жатыр.                                

Табиғаттың өзі адамзаты еңбек етуге итермелеген яғни адазат табиғаттан үйренген. Қазіргі кезде өсімдіктер мен жануарлардың түрлері жойылуда. Өсімдіктер мен жануарлардың құрып бара жатқан түрлерін "Қызыл кітапқа" енгізеді. Табиғаттағы аң–құстарды қазіргі кезде қорықтарға, қорғау орындарына қамқорлыққа алып жатыр. Біз адамдар аңдарды аулап терісін сатып, етін азық етіп өз қажеттілігімізге пайдаланып келеміз. Ал өсімдіктердің мал азықтық өсімдіктер және дәрілік өсімдіктердің гүлін тамырын алып дәрі–дәрмек жасап пайдаланып өсімдіктерге зиян келтірудеміз. Өсімдіктердің тамырымен қопарғаннан соң өсімдіктің тіршілігін жойылуына алып келеді. Өсімдік тұқымы жойылмау үшін жас өркендерін отырғызып табиғат тепе-теңдігін сақтауға болады. Өсімдік пен жануарлардың жойылған түрін немен толтырамыз. Табиғат қорларының азайып кетпеуіне сіз болып біз болып ат салысып табиғатты қорғап қалуымызға болады. Табиғат келешек ұрпақ жалғасы егер біз табиғатты қорғауға алмасақ табиғит қорларымыз азайып жойылып кетеді. Табиғатты аялайық, қастерлеп келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырайық.



Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.

Экология – «мекен ететін табиғи орта туралы ғылым» деген мағыныны білдіреді. Шынындада экология өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығынсақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш1866 жылы «экология» терминін неміс биологы Э.Геккель өзінің еңбегінде қолданған және  «Экология – тірі ағзалардың бір-бірімен қарым–қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым» деген анықтама берген.

Ауылдық жерлерде экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әліде тартуда: рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғарлауы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндіріс, құралдарын жасап, сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде. Семей аумағында кәзір 700 мыңға радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топрақтан, күн сәулесіне келетін немесе жасанды жолмен, флюорография, теледидар арқылы, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан, т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді. Өсімдік – тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегі қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактериялардың жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Оның медицинада алатын орны ұшаң – теңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде–бір жетілген механизм атқара алмайды.

Табиғи ортаны ластанбауына адамдардың терең түсінігі  керек. Біз қоршаған ортаны қорғаймыз десек, балабақшадан бастап экологиялық  тәрбиені үйреткеніміз дұрыс. Ата аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді.    


Мақалдың жалғасын айт: 
1. Бір тал кессең, (он тал ек) 
2. Бұлақ көрсең көзін аш, (құдық көрсең шегенде) 
3. Тау бұлағымен көрікті, (бұлақ құрағымен көрікті) 
4. Сулы жер – (нулы жер) 
5. Бабалар еккен шынарды, (балалары саялайды) 
6. Арманымен ер сұлу, (орманымен жер сұлу) 
7. Жері байдың (елі бай) 
8. Қара жерге не ексең, соны орасың, (табиғаттан алсаң – қарыз боласың) 
9. Орман – ел дәулеті, (жер сәулеті) 
10. Атаңнан мал қалғанша, (тал қалсын) 
11. Дала көркі – мал, (өзен көркі – тал) 
12. Ер – елдің көркі, (орман-тоғай – жердің көркі) 
13. Көк құрақ – көлдің сәулеті, (құс пен аң – елдің дәулеті) 
14. Су анасы – бұлақ 
15. Ат – ерді сақтайды, Ер – .... (елді сақтайды) 
16. Ат айналып ...... (қазығын табады) 
17. Құс патшасы – .... (бүркіт) 
18. Аң патшасы – ...... (арыстан) 
19. Су атасы – ..... (бұлақ); 
Сөз атасы – ..... (құлақ); 
Жол атасы – ....... (тұяқ). 
20. Құртақандай торғай да, (өз ұясын қорғайды) 
21. Есек мақтанып тұлпар болмас, (қарға мақтанып, сұңқар болмас) 
22. Арыстан тышқан ауламас, (қыран шыбын ауламас) 
23. Аттың бәрі тұлпар болмас, (құстың бәрі сұңқар болмас) 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!