Материалдар / Жеті модуль бойынша оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеті модуль бойынша оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарламаның тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2018
682
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеті модуль бойынша оқыту

    XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда  жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы  және инновациялық технологияларды  меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан  жылға күрделі және өзекті  мәселеге  айналуда.Оқыту барысында  озық,тиімді технологиялар тәжірибеге  енгізілуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген. Алайда, математикалық білім беру ісінде осындай жағдайлардың орын алуына қарап, Қазақстанда ХХ ғасырдың басына дейін математиканы оқытудың өзіндік принциптері, мазмұны мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан жоқ деуге болмайды. Орта ғасырлардың өзінде-ақ Қазақстан жерінен математиканы игерудегі қиындықтың себебі - балалардың қабілетінің бар-жоқтығында емес, оны оқытудың әдіс-тәсілдерінің нашарлығында екені түсінді. Сондай-ақ бастауыш математиканы оқыту туралы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп отырған қазақ халқының өзіндік ой-пікір, тәжірибелері, анығырақ айтқанда, математиканы оқытудың “қағаз бетіне жазылмаған әдістемелік жүйесі” қалыптасты.

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы  пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударға негіз болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл – оқытуға керекті сағат санын арттырмай – ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.

Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп,  оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық  тәсілдер балаларға ақпараттық  технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.

Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойын программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп  келеді.

    Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым салас
ында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін-білім» деп  айтқандай,білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу-біздің  мақсатымыз.Сондықтанда  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек.Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі,жаңа тәжірибе ,жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.

Математиканы оқыту барысында сабақта  берілген  тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.

Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді, өз пікірлерін дәлелдеп айтады. Манағы  флип чартқа түсіргендерін  топпен қорғайды.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. 
   
           Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын арты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру.

























Пайдаланылған әдебиеттер:


1 .Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей
 2.
Портал материалдары
 3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 3-деңгей
 4.К. Дайрабаев, А. Дайрабаева Педагогика негіздері
5.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013
6.Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!