Материалдар / Жеті санының құпия сырлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеті санының құпия сырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сагаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 01.02.2014

Сыныбы: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Жеті санының құпия сырлары.

Сабақтың мақсаты: Жеті санының маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, оқушыларды ойландыруға, пікір алмасуға, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тірек сызбаларымен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, презентациялар, видео роликтер.


С А Б А Қ Т Ы Ң Ө Т У Б А Р Ы С Ы :


І Ұйымдастыру

1) Амандасу.

2) Оқушылар назарын сабақ барысына аудару.

Сабақ жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Халық даналығы.

  3. Түсініктер әлемі.

  4. Ой түйін.

  5. Қорытындылау

І. Кіріспе.

Мұғалім сөзі.

Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Бүгінгі сабағымызды ата тарихтан бастасақ. Сұрақ: Қазақ хандығының құрылысы XV-XVI ғасырларда неше сатыдан тұрған?.

Қазақ хандығының құрылысы XV-XVI ғасырларда жеті сатыдан тұрды.

1. ауыл 2. ата-аймақ 3. Ру 4. арыс. 5. Ұлыс 6. Жүз 7. хандық

ІІ. Ендігі кезекте халық даналығына жол берсек. Көрініс:

Бірде Қазыбек биге бір адам келіп өзінің көкейінде жүрген сұраққа жауап беруін сұраған екен. Назар аударып тыңдап көрелік.

Бала:

Дара туған, заманменен таласа,

Билік еткен, халқыменен санаса.

Жауап іздеп шар айнаны шарладым.

Сол сауалды бір өзіне арнадым.

Дана би аға жөн сұрап жауап іздеген баланызға жауап берініз. Мына өмірде не жақын, не қымбат, не қиын. Деген екен.

Сол кезде Қазыбек би.

Жеті жақынды айтайын:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын,

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын,

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын – қарындасың,

Сыйлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Жеті қымбатты айтайын:

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт береке - атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Жеті қиынды айтайын:

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шаншылған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын,

Тентек болса ұл қиын,

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың!

Деп жауап қайтарған екен.

Сұрақ:

  1. Ал балалар жанағы көріністен не көрдік, не білдік, нені ойға түйдік?

  2. Сендер үшін не жақын, не қымбат, не қиын?

ІІІ. Түсініктер әлемі.

Ендігі кезекті құпия сырға толы жеті саны жайлы түсініктер әлеміне жол берейік.

Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата ерекше орын алады.

Сұрақ: Ал осы жеті ата жайлы не білеміз?.

Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады.

Сұрақ: Жеті ата қалай таратылады?

Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады:

1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата,

әке,

бала,

немере,

шөбере,

шөпшек,

немене.

Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:

1. Ер жігіт.

2. Сұлу әйел.

3. Ілім-білім.

4. Жүйрік ат.

5. Құмай тазы.

6. Қыран бүркіт.

7. Берен мылтық

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:

1. Адамның ақыл-ойы, санасы.

2. Денсаулық.

3. Ақ жаулық (ердің жары).

4. Бала (өмір жалғасы).

5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды).

6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»).

7. Ит.

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:

1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.

2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.

3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі). 

4. Денсаулық.

5. Ақ жаулық.

6.Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).

7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).

Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады:

1. Көк аспан.

2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады).

3. Ай (түнгі тіршлік нәрі).

4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 

5. Су. (сусыз тіршілік жоқ). 

6. Жер (тіршілік анасы).

7. Ит. 

Жігіттің жеті қазынасы

Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты

Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.

Құмай тазы - бастан берік сенімі,

Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі

Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы

Ау жылымы – амал, айла, әдісі

Қара қақпан серті себі тірліктің

Осы жеті қазынасы жігіттің.

Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар.

Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан.

Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар:

Ай,

Меркурий (Ғұтрад),

Шолпан (Зуһра),

Күн,

Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз),

Юпитер (Мүштари),

Сатурн (Зұхал).

Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай:

1. Тұңғиық. 2. Жылан.  3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер.

Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Кемпірқосақтың жеті түсі.

Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. 

Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Ол мынандай: 

1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пірәзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

2. «Төрелер мен қожалар-дың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».

3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек аттон айып тартады».

4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».

5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».

6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі». 

7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Жеті жұт. Бұлар:

1. Құрғақшылық. 2. Жұт 3. Өрт. 4. Оба (ауру).  5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. Ол былай: 

1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ.

5. Аллаһта бауыр жоқ.  6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. 

Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар:

Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім. 

Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.

Жеті ғашық.

Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ.

Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер

Вавилондықтардың түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден.

Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).

Жеті тозақ: 1. Сағир. 2. Лазо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5. Жаһаннам. 6. Хауия. 7. Хатома.

Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. 

Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады. 

Өлімге себепкер жеті күнә:

1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3. Нәпсіқұмарлық. 4. Өркөкіректік. 5. Ашу. 6. Қызғаншақтық.

7. Сараңдық.

Бұл жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша бейнелеген.

Әлемнің жеті кереметі

Алғашқы жеті керемет:

1. Египет пирамидасы. 2. Вавилонның аспалы бағы. 3. Ертедегі Артемида храмы. 4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 7. Александрия маягі.

Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет

1. Рим колизейі. 2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар. 3. Қытайдың ұлы қорғаны. 4. Англиядағы алып тас қорған. 5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы. 6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара. 7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы. 

Қазақстанның жеті кереметі:

Таңбалы тас, Алтын адам, Маңғыстау жер асты мешіті, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қазақ үй, Домбыра, Бәйтерек

Сұрақ. Өнер спорт саласында жеті санына байланысты қандай ерекшеліктер бар? (Жетіген, Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі, жеті нота.)

ІҮ. Ой түйін

Бұл не ойыны.

  1. Экранда көрсетілген суреттерді қарап жасырынған сөзді табу. (Наурыз көже және оның жеті құрамы)

  2. Жеті нота.

  3. Жетіген

  4. Мықты болсаң тауып көр. (мақалды жалғастыр)

1) Жеті рет өлше,
Бір рет кес.

2) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім ал.

3) Жеті атасын білген ұл 

жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

4) Жігітке жеті өнер де аз.

5) Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

6) Айла алтау, ақыл жетеу.

4) Жетелі елдің айшықты белгілері. (айшықты белгілерді анықтау мағынасы мен мәнін түсіндіріп айту)

Ү. Қорытынды.

Жеті жаманды білмегенді арзан деген,

Жеті жетімді білмегенді надан деген,

Жеті руды білмегенді ел аралап,

Жер көрмегенді көссіз деген,

Жеті жарғыны білмегенді жөнсіз деген,

Жеті атасын білмегенді жетесіз деген,

Жеті жетіні білгенді адам деген.

Халқымыз қасиетті жеті деген санынан осылайша талай - талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткен. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті ұғымның үлесі үлкен болған.

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!