Материалдар / ’’Жеті ұрпақ’’
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

’’Жеті ұрпақ’’

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық сананы дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі







Тараз қаласы №11 орта мектептің

педагог-психологі

Абитжанова Жанар Аманжоловна












Ұлттық сананы дамыту.


Сабақтың тақырыбы: ’’Жеті ұрпақ’’


Теориялық бөлім: Жеті атаңды біл. Жеті атасына дейін қыз алыспау дәстүрін ежелден берік сақтаған қазақ елі еңсегей бойлы Есім ханның тұсында мұсылмандықты әкелген арабтардың жақын туыстарына үйлене беретін әдеттерін әбес көріп, бұдан қатты сақтанған.Қазақтың ел басқарған көсемдері, ақылгөй ақсақалдары Есім ханға бұл араби дәстүрдің халық санын өсірмей текті аздыратынын жеткізген. Осы өтініштерді ескере отырып, еңсегей бойлы Есім хан мынадай заң – жарғы шығанған: «Туыстық араға жеті ата толғанша жастарға бір – бірімен үйленуге болмайды. Кімде – кім осы жарлықты бұзса, өлім жазасына кесілсін». Бізге жеткен бұл тарихи дерек халық жадында «еңсегей бойлы Есім ханның ескі жолы» деп аталады.

Осы жарлыққа сай аталарымыз әрбір жеткіншектің жеті атасын білуін міндеттеп, «Жет атасын білмеген жетесіз» деп қатты сөгіп, керісінше, жеті атасын таратып айта алатындарды «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деп, артына аталы сөз қалдырған.


Мақсаты :

1.Балалардың «Жеті атасын» білудің маңызын түсінуінің негізін дамыту.

2.Балалардың қазақ еліннің ежелгі дәстүрін күнделікті өмірде қолдануын әдет, дағдыға айналдыруын тәрбиелеу.

Міндеттер:

1. Оқушыларды жеті атасын білуге үйрету.

2. Адамгершілік - инабаттылық қасиеттер негізінде оқушыларды өзін қоршаған адамдармен үйде, мектепте қарым-қатынас жасауға үйрету, (қалай және не үшін бұл қасиеттерді көрсету, білдіру керек).

3. Ата-ана және басқа отбасы мүшелерін ұлттық қасиеттерін өз бойына дарыту іс - әрекеттерімен таныстыру, өнегелілікке тәрбиелеу ісіне тарту, баулу.

Жүргізілетін жұмыстар:

Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру.

Өнегелік сабақтары жайында жалпы түсінік беру.

Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы не білетінін анықтау.

Нұсқау:

1.Көңіл – күйді оң арнаға келтіру, жәйлі-күй әуенін тыңдау.

2.Қысқаша өнегелік сабақтарында олардың нені қалай оқитындарын айту.

3.Танысуға арналған ойын. Мысалы: бірінші оқушы өз атын атайды, екінші оқушы біріншісінің есімін қайталап, өз есімін қосып айтады. Үшінші оқушы алғашқы екеуінің есімімен бірге өз есімін қоса айтады, сөйтіп жалғаса береді. Соңғы оқушы бәрінің есімін қайталап, сосын өз атын айтумен аяқтайды.

Негізгі бөлім:

1. Ұлттық мүдде туралы әңгіме жүргізу. Мыналар жайында сұхбаттасыңдар:

а) Жеті атаңды білесің бе?

ә/ Қандай жақсы ұлттық мінез-құлықтар білесің?

б/ Қандай адамдар ұнайды, Қандай ұнамды және неліктен?

2. Өлең оқу.

3.«Ауызша волейбол» ойыны (балалар бір-біріне допты беріп жібереді де сол мезетте кез-келген жақсы сөздерді айтады, мысалы: мама, балмұздақ; әдемі, қуыршақ және т.б.)

4.Дәйексөзді жаттау: «Адамзат әлемін әрқайсыларын жарқыраған шам тәріздес өнегелі

қасиеттеріңмен нұрландырыңдар».

А/ түсініксіз сөздерді түсіндіру және дәйексөздің мағынасын ашу (сөздерді рет-ретімен есте сақтап қалу).

Оқушы:

Оң жол ізде өмірде көп ойланып,

Алдыңнан атар таңның арайланып

Азаматы бар ел, - деп бұл қазақтың

Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар.

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.


Қазақпыз - қыз өсірген іңкәр қылып,

Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп.

Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,

Сайысқа түскен және тұлпар мініп!

Оқушы: Мұқағали Мақатаев.

Көшеде

Мен жолымды берейін өт қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың.

Анасының бергенін саған берген,

Аруағынан айналдым текті ананың!

Жалған-ай!

Жарасымды-ау ізет деген!

Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен,

Қасиетін халқының сыйламайды.

Атасының дәстүрін күзетпеген.


Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,

Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.

Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай

Тайраңдап алды-артына қарамаған.

Қарағым, ата-бабаң момын халық,

Өтіпті бір-бірінің жолын бағып,

Өсиетін бабаңның орындай сал.

Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.

Мен жолымды берейін, өт, қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың!?

Қор болмассың құлыны текті ананың,

Жолын алсаң өзіңдей текті ағаның.


Психологиялық ойындар: «Ұста ойыны», «Тігінші ойыны», «Тоқымашы ойыны», «Зергер ойыны» пантомимикамен көрсету.

Қорытынды: Өз әдет – ғұрыпын білген оны сыйлаған халықты басқаларда сыйлайды. Алдымен өз ата-аналарыңды сыйлаңдар.

Үйге тапсырма: Жеті аталарың туралы эссе жазу.


Қолданылған әдебиеттер:

1.Балалардың дарындылығын анықтаудың және дамытудың ұлттық ерекшеліктері, әдістемелік құрал жинағы, К.А.Ералиева, Тараз қаласы, ЖК «Байталиев Е» 2010ж

1Білім жетілдіру институтындағы лекция, тренингдер. Әдеп-инабаттылық мұраты оқулығы.

Сөйлеу және тыңдай білу әдептілігі

Тақырыбы: «Сөз анасы сәлем»

Мақсаты :

1.Сәлемдесудің мәнін түсінудің негізін дамыту.

2.Сәлемдесуді күнделікті өмірде қолдануын әдет, дағдыға

айналдыруға тәрбиелеу.

Міндеттер:

1.Оқушыларды әртүрлі сәлемдесу түрлерімен таныстыру

(қасиеттердің мағынасын ашу).

2.Әдеп, адамшылық – амандасудан басталуын түсіндіру арқылы оқушыларды өзін қоршаған адамдармен үйде, мектепте қарым-қатынас жасауға үйрету.

3.Ата-ана және басқа отбасы мүшелерімен таңертең сәлемдесе білу дағдысын өз бойына дарыту іс - әрекеттерімен таныстыру, өнергелілікке тәрбиелеу ісіне тарту, баулу.

Жүргізілетін жұмыстар:

«Сәлемдесу» тренингі. Әртүрлі ұлттың сәлемдесу рәсімдері.

«Сәлем» туралы түсінік беру.

Адамдар бір-бірін қалай қабылдайды? Адаммен жүздескендегі алғашқы әсер. Қарым-қатынастағы уақыт және ара қашықтығы. Адаммен шүйіркелесу ерекшеліктері. Қарым-қатынастағы бағыт-бағдар. Қарым-қатынас және өткен тәжірибе туралы пікір алысу.

Психологиялық тренинг: «Жаныңның тереңдігі» тақырыбы: «Сиқырлы қол».


Негізгі бөлім:

Сәлем – арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар бір-бірімен осы сөзді қолданып амандасады. Мұсылмандар Пайғамбарымыздың атынмен: ғаләйһиссәлем!(оған тыныштық болсын) сөзін қосып айтады.

Сәлемдесу түрлері: «Әс-сәләму аләйкум!» «Сәлеметсіз бе?», «Сәлем бердік», «Сәлем» т.б.

Өз халқыңның әдет- ғұрпын білу - үлкен мәдениеттілік. Адамның ұлттық мінезі әдет- ғұрыпты білу ,сақтау арқылы қалыптасады. Сондықтан қазақ халқының әдет-ғұрпын алдымен қазақтың ұл-қыздары білуге, үйренуге тиіс. Сонда ғана оны өзгелерде сыйлайды.

Есікті қатты жапқанда немесе теуіп ашқанды біздің халық ежелден әдепсіздікке санайды. Көбіне кесір, менмен, өзінің ақымақтығын артықшылық деп ұғатын адамдар сөйтеді. «Қайта келер есікті қатты жаппа»,- дегенді үлкендер күні кешеге дейін көп айтпаушы ма еді?

Кірдің суын,тамақтың қалдығын, жуынды мен шайындыны есіктің көзіне төге салатын әйелді ауыл салақ санайды, ұнатпайды. Қазақ есікті кермейді, табалдырықты баспайды, жаман ырым санайды әрі өйткенді көргенсіздің ісі деп бағалайды.Үйде үлкен кісілер отырғанда,келін есіктен ту сыртымен шығады; үлкендерге артын қарату-келін үшін көргенсіздік. Қазақтың үйіне кірген адам үйде адам бар болса да, жоқ болса да амандаса кіру керек. Адамдарымен есік алдында амандассаң да, босағаны аттаған соң, бос үйге: «Әс-сәләму аләйкум!» - деу керек. Шаңыраққа сәлем беру деген сол болады.

Үйге кірген кісіні босағада ұзақ дағдартып тұрғызып қою- үй иесіне ұят іс.Танысқа да, бейтанысқа да жылы қабақ көрсетіп,төрге немесе қатарға шақыру қазақылық саналады: «Есігінен ит сығаламайтын» деген-қазақта отбасы үшін өте ауыр сөз. Үйге көрші-қолаң, ағайын- туыстың жиі келіп тұруы бауырмалдыққа тән. Босағасынан бөтен аттамайтын үйді «мола» деп кемсіту бар.

Киіз үйді есігін күншығысқа қаратып тігеді. Ал күмбезді бейіттің аузын қабылаға қаратады.

Тыстағы адаммен есіктің көзінде тұрып ұзақ сөйлесуге болмайды: не өзін сыртқа шығуын керек, не оны үйге кіргізіуін қажет. Әйтпесе, әбестік болады: жақтырмаған, менсінбеген кісі сөйтеді. Жалпы, үйдің қасында жолыққан кісіге: «Үйге кіріңіз!»-демеу-білместік. Оның арғы түбі сараңдыққа жалғасып жатады.

Төрге үлкендер мен сыйлы адамдар отырады. Бірақ ақсақал адамның босағада қалып, қарасақал әлдекімдердің төрге озып кетуі қазақтың үлкенді сыйлау әдетіне қайшы келеді. Әдепті жас өзі тұрып өзінен үлкенге орын береді.

Әлдекімге қызметін бұлдағанда немесе бағамды білмедің деп кейігенде: «Есіктегі басымды төрге шығардым»,-деп жатады. Онысы-сыйлы адамдардың қатарына сені мен қостым дегені. «Есіктен кіріп, төр менікі деме»,- деген де сөз бар. Мұны бұрыннан келе жатқан адамдарды сырттан келгендер басынғанда, ежелгі жұртты келімсектер шеттете бастаса, айтады. Адам баласының ең үлкен, ең жауапты тіршілігі - Отан үшін істелетін еңбек. «Отан отбасынан басталады»,-дейді қазақ. Өз отбасы қадірлемеген адам Отанын да қадірлеп жарытпайды.

Адамдар бір-бірін қалай қабылдайды? Пікір алысу.

Тренинг: «Сиқырлы қол»

Әрбір топтағы қатысушы қағаздың жоғарғы жағына өз есімін жазып, қарындашпен өз қолын айналдырып сызып шығады. Әр саусаққа өзінің қандай да бір қасиетін жазып, түрлі-түске бояуына болады. мұнан кейін «алақандар» шеңбер бойына жіберіледі де басқа қатысушылар алақан кімге тиесілі соның басқа қасиеттерін жазуға тиісті.

Талқылау:

Өзіңіз туралы жаңа не білдіңіз ? Біз өзімізді қалай қабылдаймыз және өзгелер бізді қалай көретіндігінде шындықтың бар екендігі талқыланады.


Қорытынды: Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да қақымыз жоқ.

Мақалдардың мәнін аш:

*«Сәлем беруде парыз, Сәлем алуда парыз».

* Адам сөйлескенше, Жылқы кісінескенше

* Әдепті елдің баласы - Алыстан сәлем береді.

Үйге тапсырма: Жанұялық әдеп-ғұрып туралы эссе жазу.


Қолданылған әдебиеттер:

1. С.М.Жақыпов, Ф.Бизакова «Білімберу жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар» оқу құралы. 2007ж. Парасат журналы 1990ж.

2.Балалардың дарындылығын анықтаудың және дамытудың ұлттық ерекшеліктері, әдістемелік құрал жинағы, К.А.Ералиева, Тараз қаласы, ЖК «Байталиев Е» 2010ж

3.Білім жетілдіру институтындағы лекция, тренингдер. Әдеп-инабаттылық мұраты оқулығы.


Азаматтық сапаны қалыптастыру

Әлеуметтік құндылықтарды құрметтеу сезімін дамыту

ПІКІРТАЛАС

Тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»

Мақсаты: а) Балалардың конститутциялық міндеттері мен құқықтары жайлы білімдерін бекіту,оны өз өмірінде қолдана білуге үйрету.

ә) Құқықтық сапаны қалыптастыруға, заңды құрметтеуге, конститутция талаптарын орындауға тәрбиелеу.

б) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттырып, өз бетімен іздену дағыдыларын қалыптастыру.

Әдіс – тәсілдері: пікірлесу, топтық сайыс, танымдық ойындар, психодраммалық қойылымдар.Психологиялық сергіту жаттығулары.

Құрал – жабдықтар: Ұлағатты сөздер, стоп-тест сауал аппараты, психологиялық ойындар үшін үлестірмелі кестелер, магнитті тақта, «Домино» ойыны үшін сөздер, фильмоскоп, «Ойлан тап» диафильм, үнтаспа.

Теориялық бөлім: Құқық – қоғамдық қатынастарды реттеп, жөнге салатын, қоғамдағы оның дамуына ықпал ететін, қоғамға зиянды қатынастарға тыйым салатын құрал. Біздің қоғамымыздағы құқықтың нормалары мен ерекшеліктері адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлықтары қоғамдық әлеуметтік ортаға, табиғатқа, адамдарға т.б. қарым-қатынасы, қоғамдық мүдде белгілеген тәртіпке сай болады.

Негізгі мақсаты – еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлау, оны орындау, жастарды азамат ретінде Отаншылдыққа баулу, еліміздің материалдық және рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуда, адал еңбек етуге тәрбиелеу, оқушыларды айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық – зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдылыққа, мейірімділікке ізгілікке бағыттау.


Жер жүзіндегі адамзат құқығы 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклерациясында» баяндалған. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді:

Психологиялық ойын: «Ойлан тап!» фильмоскоп арқылы көрсетіледі.

1.Бір қызбала үш ер бала тарелкадағы төрт конфетті бір-бірден алады. Талелкада неше конфет қалды ?

2. 12 тал сіріңкеден 5 төртбұрыш жаса.

- 2 тал сіріңкені алсаң 2 төрт бұрыш қалады.

Стоп-тест ойыны:

Қазақстан Республикасының азаматтық заңы қашан қабылданды?

а)1991 ж қараша.

ә) 1992 ж 1 наурыз

б) 1994 ж. 4 маусым

в) 1998 ж. 1 қыркүйек

2. БҰҰ –ң Бас Ассамблеясы адам құқықтары туралы деклерациясы қашан қабылданған?

а) 1946 ж

ә) 1945 ж.

б) 1948 ж.

в) 1941 ж.

«Адасқан әріптер» ойыны: магнитті тақтадан шешеді.

Психологиялық тренинг: « Сіз құқықтысыз»

Сергіту сәті: «Мен кіммін»

Пікірталас сұрақтары:

1.Құқықтық мемлекет дегеніміз не?

2.Мемлекетіміз құрылысы жағынан қандай мемлекет?

3.Азаматтық құқық дегеніміз не ?

4. Балалар конвенциясы туралы не білесің?

5. Елбасымыз қай елге барғанда «балалар» құқығы туралы халықаралық конвенцияға қол қойды.

8.Заң бұзушылық дегеніміз не ?

9.Конвенция дегеніміз не?

10.Әлемдегі 130 млн – дай баланың мектепке бармай, қайыршылық күйге душар болудың себебі неде ?

Дәлелденген эссе: «Еліміздің көркейіп, дамуына не жетіспейді?»

Психологиялық тренинг: «Құқық пен парыз»

Топ мүшелеріне ортақ психологиялық ситуация

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!