Материалдар / жеткіншек кезеңдегі қиын баланың тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жеткіншек кезеңдегі қиын баланың тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
қиын бала тәрбиесі, тәрбие жеткішшек кезеңдегі қиыншылықтар мен оларға көрсетілетін көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2021
547
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеткіншек кезеңдегі қиын баланың тәрбиесі


«Қазақстан – 2030» Стратегиясында мақсат етіп алып отырған Қазақстанның дамыған 50 елдер қатарына кіріп, бәсекеге қабілетті ел болуы үшін келешекте рухани – адамгершілігі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу қазіргі педагогтардың үлкен парызы

«Жеткіншек» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жеткіншек шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады

Жеткіншектік кезең аса айқын, қиын, және өзгерісі көп қауіпті кезең. Бұл кезеңнің қиындығы баланың денсаулығына бұрын қалыптасып қалауымен байланысты. Егер жеткіншектің денсаулығына қатынас бірыңғай, барабар болмаса, ол өтпелі кезеңде жағдай асқынып кетеді. Ағзаның маңызды жүйелерінің қайта құрылуы жеткіншектің өзіне де елеусіз өтпейді, әр жеткіншек жаңа және ылғи сүйкімді бола бермейтін өзгерістерге дайын емес. Көбінесе бұл бас айналу, әлсіреу жүрек ауруы арқылы білінеді т.б.

Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың белгілі бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болады, бірақ жас ерекшелігінің заңдылығы сондай, онда кісі аралық қатынастар сонша жаңа қиындықтарды қосады. Әсіресе, жеткіншектік кезеңдегі мектеп неврозы мен дидактогенді невроз бір-бірімен өте байланысты. Мектеп неврозы себепсіз агрессиялықтан, мектепке баруға қорқудан, сабаққа қатынасудан, тақтаға шығып жауап беруге бас тартудан көрінеді яғни дезадаптивті мінез-құлықтан көрінеді.

«Қиын балалар», «мінез – құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа «қиындықпен тәрбиелену» ұғымы да кеңінен қолданылады.

Мінез – құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П.П). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950 – 60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.

Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог, мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Бельский (1917ж., 1924ж.) болды, ол өз мінез – құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен, сонымен қатар Ч.Ломбрододан да бірталай мағлұматтар алды.

Ал әр жас ерекшілік кезеңінің дамуын Л.С.Выготский дамудың «бүтін дәуіріне» ұқсастырады, ал әр «дәуір» басталуын жеке – бастың және әрекеттің жаңа түрінің құрылуын бейнелейтін психикалық жаңадан пайда болған түрлердің тууымен байланыстырды

Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік – экономикалық жағдайларға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта, дәрігерлік қызметтің нашарлығы т.б. балалардың денсаулығына, мінез – құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.

Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: «қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құкықтық білім беру мен жоғарғы әлеуметтік-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін табу.

Жалпы «қиын» жасөспірімдермен жұмыс әдістемесі нені қамтиды?

1. Қолдау әдістемесі - ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын қолдап отыру т.б ой- пікірлерін, ұсыныстарын қолдау.

2. Жеке талап қою әдістемесі оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу үшін оның мүмкіндігіне қарай сабақ жүктемелерін беру.

З.Жеке тұлғалық қатынас әдістемесі. Өзінің мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал ету.

4. Окушының жетістігі жағдаяттарын туғызу әдістемесі. Бұл арқылы сынып ұжымында оқушының беделін, оның мектепке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Ал мектеп ішінде ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен түзету жұмысы үшін мектепте психологиялық-педагогикалык консилиум кұрылады. Осыған тоқтала кетейік.

Консилиум - оқушыларды зерттеудің ұжымдық әдісі.

Консилиумнің міндеттері:

1. Оқушылардың мінез-кұлкы мен оқу үлгеріміндегі ауытқу себептері мен сипатын анықтау.

2. Дамудағы ауытқушылықтарға түзету максаттарындағы тәрбие шаралардың жоспарын құру

3. Күрделі және нақты қақтығысты жағдайларды шешу үшін кеңес беру. Консилиум жұмысын ұйымдастыру принциптері (қағидалары).

- адамның жеке басын сыйлау;

- жақсы қасиеттеріне сүйену;

- зиян келтірмеу;

- психологиялық және әдістемелік білімдерді интеграциялау;

- диагностиканы барынша педагогикаландыру.

Консилиумның жұмысына қатысушылар құрамы оның мақсатына байланысты құралады. Олар - сынып жетекшісі, психолог, мектеп дәрігері, жасөспірім.

Консилиум екі кезеңнен тұрады:

1-даярлық кезеңі. Бұл кезенде оқушының диагностикалық картасы жасалады.

2-кезенде консилиум мәжілісі өткізіледі. Мәжілісті өткізу барысында:

- оқушының мінездемесі тыңдалады;

- оны консилиум мүшелері толықтырады;

- ата-аналары мен оқушыға сөз беріліп, олармен әңгіме жүргізіледі;

- педагогикалық диагноз койылады;

- оқушыларды түзетуге байланысты ұсыныстар мен пікірлер тындалып, ше-шім шығарылады.

Консилиум мәжілісі хатталып, тігіліп отырады. Аталған нақты әдістемелерге сүйене отырып, нақты қағидаларды ұстана жүргізілген «қиын» балаларды түзету жұмысы ғана жақсы нәтижелерге кол жеткізудің кепілі болмақ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!