Материалдар / ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар фольклоры – жас өркеннің жан-дүниесін, ізгі қасиеттерін дамытуда үлкен қызмет атқаратына сөзсіз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2021
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 37.036:78

ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

EDUCATION OF THE YOUNGER GENERATION ON THE BASIS OF KAZAKH FOLKLORE

Нұрманова Сымбат Тиянақбайқызы

Қазақстан, Тараз қаласы

М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.

Педагогика психология ғылымдарының магистрі,

Қазақстан ұстазы қоғамының мүшесі

«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы

Аннотация

Трудовое, нравственное, идейно-политическое и эстетическое совершенствование подрастающего поколения

Аnnotation

Labor, moral, ideological, political and aesthetic improvement of the younger generation


Қазақ халық поэзиясындағы форманың әмбебаптығы мен әлеуметтік мазмұнымен қатар ұжымдық күш-жігер мен жеке-дара шығармашылықтың бірлігі де ерекше көрінеді. Фольклордың барлық нұсқалары – бір жағынан алғанда, ұжымдық, бүкілхалықтық еңбек, ал, екінші жағынан, жеке таланттың, нақты бір дарынның туындысы.

Шын мәнісінде қазақ халқының алғашқы дүниетанымының мол үлгісі фолькорда тұнып тұрды. Ұлттық дүниетанымның негізгі, мәдени рухани қазынасы байырғы ауыз әдебиеті түрлерінде тұрмыс-салт жырлары, аңыз, ертегілері, мифология, батырлар жырлары, лиро-эпостық және тарихи жырларда жатыр. Біздің бабаларымыз өз кезегінде өмір құбылыстарын, қоршаған табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, болмыстың мәні мен мақсатын образдық ой арқылы келесі ұрпағына жеткізе білді.

Сұлулық пен әдемілік деген ұғым фольклорлық шығармаларды ашқан бетте бадырайып көзге көрініп немесе мен мұндалап тұрмайды. олар дербес жүрер жеке дара қоғамдық қатынастарының негізінде көрінеді. Сондықтан да қазақтар тұрмыстағы, адамзаттағы сұлулықты жоғары бағалаған.

Халық өзінің фольклорлық шығармаларында сұлулықты да, әдептілікті де табиғаттан, адамның өзінен іздеген екен. оған максим горькийдің «адам өзінің жаратылысында суреткер. ол қайда болса да өз өміріне сұлулық еңгізуге тырысады... адам – суреткер, бұған біздіңі көзімізді жеткізетін «кішкене адамдар жасаған халықтың сөз творчествосы: мифтер, ертегілер, аңыздар, әртүрлі сенімдер, жырлар, мақалдар т.б. ... бұған қоса, фольклордың өзіне тән табиғаты бар. соның ішінде таңғажайып ертегілердің өз заңы, өз тәсілдері бар. мәселен, онда әйелдердің көпшілігі «ай десе аузы, күн десе көзі бар шетінен сұлу болып келеді» - деген пікірі дәлел болмақ.

Балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған. Қазақ балалар фолклоры балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра.

Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.

Қазақ балалар фолклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, т.б. шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ, т.б. балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, қазақ балалар фолклоры ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар: 1) әлпештеу поэзиясы. Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру-сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі; 2) жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады; 3) ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ, т.б.) мен өлең ойындарды (тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады.

Жалпы, балалар фольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады; 4) балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады. Балалар фольклоры қазіргі тарих, этнография, музыка, халық медицинасы, этика, эстетика, дене тәрбиесі т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамуда. Оның үлгілері ұзақ тарихи дәуірлерді өткізіп, тарихтан үлкен сынынан мақұлмай өтті.

Жастар фольклорының бірінші кезеңіне бесік жыры – анаңы әлдиі, тұсау кесер, ертегі, хайуанаттар мен шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа жайлы айтылатын өлеңдер, аңыз-әңгімелер, т.б. жанрлар жатады.

Қазақ фольклортану ғылымының бір саласы – балалар фольклоры. Бала туған күннен бастап ананың әлдиін естіп өседі. Сүйікті перзенті үшін шығарған жыр-әуен сәби санасына ана сүтімен ененді. Осылайша атаның немересіне, әкенің баласына, ананың перзентіне, ағаның інісіне, апаның сіңілісіне, әуенмен айтқан әлдиі, аңыз-ертегісі, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөздері, күлдіргі әңгімелер жинала келе кішкене бөбектер үшін қазіргі көлемді де көрнекті балалар фольклорын тудырады.

Қазақтың салт-дәстүрін, төл мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын ұғындыру, халқымыздың ерлік, жауынгерлік тарихын, хас батырлардың ұлт үшін басын бәйгеге тіккен жанкешті каһармандықтарын таныту. Сондай-ақ, мемлекетіміздің ата заңдарын білуге және оған сый-құрметпен қарауға, оны жүзеге асыруға дайын, ынталы болуға міндеттеу сияқты тағы да басқа басты-басты көптеген тәлім-өнегелер. Ал, мұндай тәрбиенің келешекте берер жемісі де мол болмақ.

Сөйтіп, жеткіншек ұрпақты қазақ фольклоры негізінде тәрбиелеудің мәселелері нақты формаларын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын қалыптастырып келген. «Бұл – балаларға қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, баланың асыл, адамгершілік сезімдерін ояту, жаңама ықпал жасау, моральдық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, жауапты да қызықты істерге тарту, реніш, наразылық, жалған сенімсіздік білдіру, немесе ашулану, айыптау, бұйыру, еркелете кінә арту, жалған енжарлық көрсету»

Осылайша атаның немересіне, әкенің баласына, ананың перзентіне, ағаның ініге, апаның сіңілісіне әуенмен айтқан әлдиі, аңыз ертегісі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, шешендік сөздері, күлдіргі әңгімелер жинала келе кішкене бөбектер үшін қазіргі көлемді де көрнекі балалар фольклорын тудырады. Балалар фольклоры – жас өркеннің жан-дүниесін, ізгі қасиеттерін дамытуда үлкен қызмет атқаратына сөзсіз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Әлібеков Ш. «Қазақ фольклорының эстетикасы» Алматы, «Рауан» 2001.

  2. Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы және студент жастар. Алматы, «Ана тілі»2001.

  3. Дүйсембінова Р.Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдықорған, 2006.

  4. Еңсепов Ж.Ж. Музыка мен әдебиет байланысы арқылы оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастыру Алматы, 2002.

  5. Иманбеков Т. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні. Бастауыш мектеп №7/2008.

  6. Қожахметова А. Баланы өнерге баули білеміз бе? // Бастауыш мектеп №5/2005.

  7. Момынов П. Музыкалы-эстетикалық тәрбие. – Алматы, 2000.

  8. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы, «Білім» 2005.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!