Материалдар / "Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
қауіпті еліктеулердің адам ағзасына тигізетін зияны туралы оқушыларға ақпарат беріп, оның алдын алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
991
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері


Мақсаты: қауіпті еліктеулердің адам ағзасына тигізетін зияны туралы оқушыларға ақпарат беріп, оның алдын алу.


Жоспар:
1.    Темекі шегу - әлеуметтік дерт. Жасөспірім денсаулығына тигізер әсері. Алдын алуға кеңестер.
2.     Есірткі адамзаттың соры.
3.    
Алкоголь адам ағзасына зияны

" Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы  И. М. Догель.
Өйткені адам баласында темекіге  деген табиғи қажеттілік жоқ.
    Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәмі
н бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған "барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты.
Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. 
   Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.

Темекі құрамындағы заттар.
   Темекі түтігінде 4000-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
   Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.  
   Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады,  бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
   СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.
Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.
Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.
Мышьяк - өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады).
Жасөспірімдердің темекі шегуі ең алдымен оның нерв жүйесіне және жүрек тамыр жүйесіне тиеді. Жасөспірім нееліктен темекі шеге бастайды? Олардың түсінігі бойынша – ерліктің, сенімділіктің, есеюдің көрінісі, соншалықты рахаттанбаса да, ересек болып көрінгісі келіп, темекі шегуді бастайдыы. Темекі шегу оның денсаулығына, тәртібіне үлкен әсер етеді, сабақ оқу үлгерімі төмендейді, нәтижесінде зер салуы және есте сақтау қабілеті нашарлайды. Темекі шегетін құыздардың беті ескірген, ерте әжім түсіреді, дауысы ашық емес, күрілдеген, қырылдаған, аузынан жағымсыз иісітің шығуы, тістері сарғайып, түсін жоғалтады және бұзылады, инфаркт, өкпе рагы болады. Егер адам күніне 1-ден 9 сигаретке дейін шексе, өз ғұмырын 4,6 жылға кемітеді, асқазан жарақатымен – 10 есе, өкпе рагымен – 30 есе артық ауырады. Ғалымдар зерттеулер жүргізіп, темекінің адам ағзасына келтіретін зиянының орасан екенін анықтады: тері солады, дауысы қатты бәсеңдейді. Темекі шеккен уақытта адам ағзасына 20-25% улы заттар кіреді. Осы ауамен адамдардың барлығы дем алады. Осылайша, темекі шекпейтіндер «шегетін» болып шығады. Тіпті арнайы термин – «пассивті темекі шегуші» шығады. (кестеден көрсету)

Адам темекіден бас тартқысы келсе, ол мына 10 кеңесті есіңде сақтауы тиіс:

  • Беліңді бу! Темекіден бас тарту ниеті пайда болатын кез келген себепті тап: өзіңді өзің қадірлеу, денсаулыққа қамқорлық жасау, өзіңді дене және мораль тұрғысында таза ұста.

  • Темекі тастайтын күнің мерзімін анықта және оны ұстан. Оны созба! Неғұрлық тезірек болса, соғұрлым жақсы болады.

  • Әдеттен арылу үшін барлық шараны қолдан! Темекіні сындырып, таста, темекі сасыған киімдерінді жақсылап жу. Жаңа өмір баста! өзіңді жаңарғандай сезін!

  • Темекі шегуге болмайтын орындарға бар! Темекі түтіні будақтаған жерден және темекі шегуші достарыңнан аулақ бол!

  • Ақшаңды үнемде! Темекі сатып алудың орнына, өзіңне қажетті заттарыңды сатып ал!

  • Темекі шеккің келіп бара жатса, сағыз шайна! Тамақтан соң темекінің орнын тісіңді тазартумен алмастыр! Серуенге шық, жақсы көретін ісіңмен шұғылдан!

  • Қысылған немесе шарасыздық сәтінде терең және ақырын дем ал! Темекі алудың орнына су іш! Сұйық ағзаны тазартады.

  • Өз мүмкіндігін бойынша жаттығулар жаса!

  • Ешқандай жағдайда да ішімдік ішпе!

  • Денсаулығын мықты болса, сырттан күтпе, өзің қамдаң!



  
Есірткі қайдан алынады?
Есірткі тобындағы заттар,көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрл
і жолмен жасалады.
1.    Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.
2.    Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі.

 
   Героин деген не?
Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға езіндісін тамырға құю арқылы пайданылады.

  
Басқа да құмарлық тудыратын заттар.
   Морфий мен кодеин мед
ицинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүдінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. Гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.
Кокайн Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200 кг кока жапырағынан 0,5 кг кокайн алынады.

 
Есірткі адамзаттың соры.
   Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз?
   Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.

   Есерткі және денсаулық.
   Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.
   Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.
   Кокайн қолданған кезде орталық жүйке  жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек  соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді.
   Ұзақ жылдар бойы кокайн қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокайннің жүрек бұлшық етті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар.

   Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар.
Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған.

НАШАҚОР ДЕГЕНІМІЗ...

Балаң не қызың есірткі пайдаланып, «инеге отырды». Ата ана үшін бұдан ауыр қасірет болмас. «Жұт жеті ағайынды» демекші, күн мен түнге ұласқан жаныңды көзіңе көрсетер шаншу,айқай... түсініксіз агрессия ... одан оны тыныштандыру үшін егілген кезекті доза... Емделу.Дәрі дәрмек.Емделіп шығу...Үйден заттардың ұрлануы... Жарқылсыз көз.Немқұрайлылық. Ал содан соң одан әрі осы көріністің қайталануы...

Бұл нашақорлықпен бетпе - бет келген жанға таныс жайт. Оларға нашақорлардың есірткінің өмірлерін құртатынын мойындағысы келмей,өздерін қиялмен жұбатып, сендіргілі келетіні де өте таныс.Бұл нашақорлардың басты психологиялық келбеті. Нашақорлық сор сияқты. Түскен жан сордан шыға ма? Неғайбыл. Жалпы нашақорлыққа тоқталып, жіктесек.
Шындығына келгенде кейбір адамдар неліктен нашақорлар есірткіге тәуелді болып, есірткінің олардың миына қатты әсер ете отырып, оны өзгертетінін,есірткіні маникалды қабылдау белгілерінің күшеюін түсіне алмай дал болады.Адамдар есіркіні теріс пайдалану мен оған тәуелді болуды өте-мөте әлеуметтік мәселе, ал есірткі пайдаланушыларды моральдық әлсіз жандар деп пайымдап, қателеседі.
Мынандай жалпы пікір қалыптасқан: егер нашақорлар өз еріктерімен өмір салтын өзгерткісі келсе, онда олар қалыпты жағдайға түсіп, есірткіден бас тартады деп. Көбіне адамдар есірткі қабылдау әдетінен арылу қиындығын, күрделілігін жете түсіне бермейді.
Есірткіге тәуелділілік дегеніміз – адам миына әсер ететін ауру, сондықтан да есірткі пайдалану әдетінен арылу әшейін ерік – жігер емес.Өйткені есірткі химиялық зат болғандықтан, мидың коммуникативтік жүйесіне түсіп,нерв талшықшаларының жұмысын бұзады. Барлық есірткілер ми талшықтарын дофаминмен толықтыруға бағытталған. Дофамин дегеніміз нейротрансмиттер, бұл мидағы бөлім, ол адамның қозғалысына, үйлесім табуына, сезім, түйсігіне, қанағаттану сезіміне жауап береді. Әшейінде өмір сүрумен байланысты, (тамақ қабылдау, сүйіктісімен уақыт өткізу т.б.) кәдуілгі жүріс– тұрысқа әрекет жасайтын бұл жүйе есірткі пайдалану әсерінен шектен шыға қозуып, адамға желік бітіреді.Бұл адамдарды есірткі пайдалануды әдетке айналдыруға ықпал етеді. Сөйтіп, дофаминнің миға әсері азайып, нашақор есірткіден қанағат алудан қалып,оның орнын толтыру үшін нашақор есірткінің үлкен дозасын пайдаланады.
Нашақорға айналған адам осылай ерік – жігерден айрылып, өзінің іс – әрекетін ақылмен ойлай алмай, бақылауға ала алмай, есірткі пайдалануға ашкөздікпен кірісіп, барлық келеңсіз әрекеттерге барады. Есірткіге осылай толық тәуелді болады.
Есірткіге тәуелді болу дегенді қалай түсінуге болады?
Медициналық дерек көздеріне қарағанда, тәуелділік- бұл адамды өзіне және басқаларға зиян әкелуіне қарамастан, оның еркінен тыс есірткі қабылдатып,соған мойынсұнып, көндіретін, мидың созылмалы, жиі рецидивті ауруы. Есірткіге тәуелділілік дегеніміз - бұл ми ауруы, өйткені есірткіні теріс пайдалану мидың құрылымы мен функциясын өзгертеді.Көптеген адамдар есірткіні бірінші рет пайдаланғанда өз еріктерімен пайдаланады да, кейін есірткіні пайдалануды әдетке айналдырғандардың миында өзгерістер болып, олар өз өздерін бақылаудан айрылып, адамның ақыл есі тұманданады, ерік жігері болмай, организмі есірткінің құрсауынан шыға алмай қалады. Осыған қарап,дәрігерлер есірткіге тәуелділікті жеңуге болады дейді.Олар емдеуді дәрі - дәрмекпен қатар психологиялық емдеуді ұсынып отыр.Бұл басқа әңгіме. Менің айтайын дегенім, осы аурудың алдын алу, келешек ұрпақты нашақорлықтан сақтандыру. Бұл зұлматты болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Жалпы нашақор болуға не итермелейді?
Негізінде адам еш уақытта нашақор болам деп ойламайды. Кім мәселен шұңқырға барып түседі? Кім өзінің жанын ауыртар қадамға бой алдырады? Ал нашақорлық атты келеңсіздікке апаратын, итермелейтін жер адамның жүрген ортасы. Адамның жүрген ортасы мықты әсер етеді. Тіпті жанұядан бастап достарына және адамның әлеуметтік–экономикалық жағдайы мен оның өмір сүру деңгейіне дейін. Ен алдымен баланы осы жағдайга жеткізер жайттарға тоқталсақ, олар ең алдымен отбасына, балаға ата - ана тарапынан берілер тәрбиеге байланысты. Содан кейін баланың мектеп, оқу орынан алар тәрбие тағылымы. Сондай ақ, баланың жора - жолдастары мен жүрген ортасы, аралас - құралас достары мен сыныптастары да аса ықпал жасайды. Тағы бір айта кетер мәселе, баланың өмірінде кездесер қиындықтарды қалай қабылдауы. Балиғат жастағы өтпелі кезең де бала өміріне үлкен бетбұрыс жасайды.
Әсіресе, есірткіні пайдалануға адам жасөспірім шағында, өтпелі кезеңде ұрынып қалады. Организмі әлі даму үстінде әрі өмірдің қараңғы тұстарын танып үлгермеген жасөпірім қызығушылықпен есірткі құрбанына айналады. Оған біріншіден, баланың жүрген ортасы әсер етеді. Адам жастық шағында көруге, білуге құмартып отырады. Наша таратушылар да құрбандығын осы жасөспірімдер арасынан бастайды. Өйткені, оларды алдау,арбау оңай.Алдаудан бұрын, қызыққыш жас бала өзі келіп қақпанға түседі. Осылай тауқымет тартып, есірткі кесепатының құрбанына айналады. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, әрбір ата ана жасөспірім баласының тәрбиесіне назар аударып, оның жүріс тұрысын жіті қадағалағаны жөн.Әсіресе, үйден ақша, бағалы заттардың жоғалуына, баланың ақшаны жиі сұрап, әртүрлі сылтау айтуына, көңіл күйінің біресе сынаптай бұзылып, біресе көңілденуіне,оқуға, сүйікті ісіне ынтасының жоғалуына т.б. бала бойындағы өзгерістерге аса мән беріп, зер салу керек. Көңілге күдік орнаса, дәрігерлердің кеңесіне дер кезінде жүгініп, төніп тұрған бақытсыздық бұлтын сейілтуге болады.
Ата ана баланың басындағы ауыр жағдайға көп көңіл бөлетіні соншама, олар жасөспіріммен болған әңгіме барысында оның есірткіге тәуеділігі жайында қайта қайта айтып отыратыны өтірік емес. Сенімсіздік, баланы қайта қайта тексеру т.б. оны одан сайын тұқыртып, өз өзіне деген сенімін жойып, өмірге деген көзқарасын әлсіретеді.Сөйтіп қамқор болар ата анадан үміт үзген жасөспірім қайтадан есірткімен «достасады».
Ең бастысы баланың жан дүниесіне терең үңіліп, оған қамқор болып, жан жақты түсініп, мәселені бірігіп шешу бақытсыздықтан құтылудың басты жолы деп білемін.


АРАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
   Алкоголъ атауы арабша термін болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ¥па бейнесіндегі ұнтақ мағнасына келетін "ЕЛ-КҮҰЛ" терміні, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, Түрікше оқылу формасымен Алкоголъ болып кірген.Яғни, алкоголь – бұл қосындыларды ашытудан тұратын есірткі.алкоголизм – бұл алкогольді ішімдіктерді үнемсі қолданумен, оны көтере алмаудың біртіндеп көтере алуымен, оны тоқтатқан жағдайда адам ағзасы қызметінің бұзылуы мен аурудың біртіндеп тереңдеуімен сипатталатын ауру.
   Құрамында Алкоголъ бар ішімдіктерде химиялық жақтан бір неше түрлі алкоголъ болғанымен, ең бастысы Этил (еШуіе) Ал-коголъ. Б
ұл зат химиялық жақтан Этанол, жалпылық ретінде де, Дақыл спирті (£гаіп аісоһоі) деп аталады.
   Арақта болатын басқаша алкоголъ тұрі де метил алкоголъ, немесе Метанол. БҮЛ алкоголъ халық арасында көбінесе Эгил Смирті ретінде білінеді. Метил (Меіһуіе) алкоголъ антифр
издерде (қатырмайтын зат) және жанарзаттарда болғанындай, кейбір өмдіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады. Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мелшерінің өзі соқырлыққа және өлімге жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып, көптеген өлімге себеп болған.
   Тағы бір алкоголъ түрі изопропил алкоголъы, арақтыц
бұл түрі де улы. Алайда алкоголъ (арақ) дегенде көбінесе этил спирті меңзеледі.

  • Алкогольдің адам ағзасына зияны:
    - асқазан және жіңішке ішекке

  • Бауыр. Бауыр циррозы – бұл бауырдың бұзылуы, бауырдағы сау клеткалардың өлуі және оның майлы немесе біріктіретін ткандермен алмастырылуы. Ол ішімдікті шамадан тыс көп ішуден пайда болады.

  • ми. Санаулы минуттардан соң миға да келеді. Есте сақтау мен есте қлған ақпараттарды шығаруға жағымсыз әсер етеді.

  • Сезім органдары. Дәм тату, иіс сезу әлсірейді.

  • Адамның дене салмағы. Алкоголь миға жеткенде немесе бауыр оны өңдей алмағанда адам мас болады. Алкоголь тамақ сияқты қорытылмайды, ол қан тамырлары жүйесіне сіңеді.

  • Қан құрамындағы алкоголь 0,4% болса, ол ес-түстен айырылуға әкеледі.

Мас деп аталған жағдай қалай туылады?
   Алкоголь бір түрлі анистетик, яғни, жансыздарушы зат. Ол қан арқылы миға жетеді.
   Миды дененің басшылық орталығы деп ТҮСІНІҢІЗ, арақ миға келген соң, мидың әрекетіне зиян жеткізеді. Ал-дымен шешім жасау не
месе тергеу қуатын бүзады. Мас адам қате қарарлар береді және есептерін қате есептейді. Одан кейін, адам-дардың басты ерекшелігі болған үялу сезімін өлтіреді. Мас адам, сау кезінде қолы бармайтын ұятты қимылдар көрсеткенін аңғармайды. Арақ осыдан кейін, көруге және сөйлеуге кедергі болады. Мас адам, жалпы алғанда, дөрекі, тәртіпсіз болады, қажетсіз әрі айғайлап көп сөйлейді. Әсіресе арақ, естіу қуатына, мишыққа әсер етіп бүлшық ет-тердің тәртіпті қимылын бұзады. Сол себепті, мастар көрінгеніндей тәлтіректеп жүреді, денесінің тепе -теңдігін сақтай алмайды.
   Міне, осындай КҮЙГЕ ТҮСК
ЕН мас адам, ойламайтын, ақылдан адасқан, сыртқы дүниемен қатысы азайган, адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген, тек қана тыныс алған, айналым, сіңіру жгйелері ав-томатты ғана әрекеттенген бір жаратылысқа айналады, бгдан да ілгерлеп ішілген арақ, жоғардағы қимылдарды да тоқтатады. Жүрегі тоқтап, тынысы тарылады да ажалға жегелейді. Асырып ішкен арақтан дастарқан басында тұра алмай өлгендер аз емес.

    Мінеки, маскүнемнің халі. Қоғамға рухани және заттық ау-ыртпалық, қиындық туғызған масыл күйіне түседі. Арак ішкендердің "Маскүнем боламыз" деп араққа бастамайтыны шүбәсіз. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып, өмірінде, ақыретінде ілікке алғысыз етеді.
    Алкоголъды арақтар әуелі төте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды. Мысалы, ауызда рак, өңеште қабыну, тіпгі қылтамақ рагы, асқазанда бастабында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға әкеледі. Тіпті асқазан тесілуіне де жолашады. Әрі, арақ ас сіңіру жүиесін бүзады. Ұйқы безін қабындырады. Дененің "химия зертханасы" сияқты болған бауырға арақтың тигізетін зияны ерек-ше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соны өліммен бітетін ауру.
    Арақ жүйке ЖҮЙЕСІ ҮШІН, әсіресе миға іетенше ауыр зақым келтіреді. Арак, ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға үшырайды, тіпті өледі.


    СЫРА, ШАРАП,ЛИКЕР ЖӘНЕ ДЖИН
  Арақтар, спирт пен судан тыс, басқа да ләззат беретін және рең беретін заттарды қамтиды. Алкоголь құрамды арақта азықтық құн болмайды. Суретте, ішіне тең мөлшерде этил спирті қосылған түрлі арақтар көрсетілген. Бір құмыра сыра ішкен адамның денесі, бір тостаған шарап ішкендей этил спирті қабылдағанмен тең болады.

    "Денсаулығыңды ақсатқаның - өзіңді өзің қақсатқаның” – дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білу керек. Денсаулыққа жат қылықтардан арылу үшін бүкіл елдің барлық адамының күш біріктіріп күрескені жөн деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!