Материалдар / Жеткіншектердің тұлғалық ерекшеліктерін дамыту және түзету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеткіншектердің тұлғалық ерекшеліктерін дамыту және түзету

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға, жаңа ортаға бейімделуіне, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыруға, оқушылардың агрессиялы мінез-құлқын анықтау, агрессиялық мінез-құлықтың алдын алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2024
157
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеткіншектердің тұлғалық ерекшеліктерін дамыту және түзету

Агрессияға қарсы жаттығулар

Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуға, жаңа ортаға бейімделуіне, қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыруға, оқушылардың агрессиялы мінез-құлқын анықтау, агрессиялық мінез-құлықтың алдын алу.

Тренинг бағдарламасы:

  1. Таныстыру

  2. «Мен қандаймын?»

  3. Мақал мәтелдермен жұмыс.

  4. «Жылан туралы аңыз»

  5. Тренинг-жаттығулар

  6. «Ашулы шарлар» жаттығуы

  7. Психолог кеңесі

  8. Тілек шамы

  9. Қорытынды


  1. Таныстыру жаттығуы.


Әр оқушы өз есімдеріне сын есім қоса отырып, іс-қимылмен таныстырады.

Мысалы, ақылды Айсәуле, қолмен қимыл



  1. «Мен қандаймын?» жаттығуы.

Мақсаты: өзінің агрессивті мінез-құлық мәселесіне қатынасын сезіну және түйсіну.

Өту барысы: «Әр адамға табиғатынан агрессивті энергия беріледі. Бірақ ә радам оны әрқалай пайдаланады. Бірі – агрессияны пайдалану үшінсонда агрессивті энергияны сындарлы (конструктивті) деуге болады. Ал басқалары – қирату немесе бұзу үшін, сонда бұлардың агрессиясы деструктивті болады. Конструктивті энергия – бұл белсенділік, көздеген мақсатқа қол жеткізу, өзін және өзгені қорғау, бостандықты және тәуелсіздікті, өзіндік тұлғалық қасиеттерді қорғау. Деструктивті – зорлық, қатаңдық, жек көрушілік, теріс ниет білдіру, ашу, ыза, қырсықтық, өзін кінәлау. Өзімізбен не болып жатқанын түсіну үшін, өзінің агрессивті импульсін толықтай біліп, оның басқаларға зияны тимеуі үшін жағымды жаққа қарай бағыттау қажет.

Нұсқау: өзіңіздің тәртібіңізге талдау жасап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіздің агрессивті энергияңыз көбінесе қандай формада (конструктивті немесе деструктивті)

  2. Агрессивті энергиямен қалай, қандай тәсілмен күресетініңізді ойланыңыз: оған жол бересіз бе немесе керісінше, өз-өзіңізді қолға аласыз ба?

  3. Өзіндік агрессивті энергияңызға қалай қарайсыз: одан қорқасыз ба, рахаттанасыз ба, одан ләззат аласыз ба?

  4. Осы энергияға бәсеңдік беретін үйреншікті тәсілдерііз қандай?

  5. Жаттығуды орындау барысында уақыт аз болса да және қатысушы тақырыпқа сай келмейтін әңгімелер айтса да, әрбір топтың қатысушысына өз ойын айтуға ерік беру керек.

  6. Қажет етілетін уақыт: 1-2 сағат.


  1. Мақал мәтелдермен жұмыс.

Психолог: Біз өзімізді біреу түсінбегенде жиі жиырылып, жүйкеміз қысылады. Қазір біз бір – бірімізді жеткілікті түрде жақсы түсінеміз бе, соны тексерейік. Мен қазір ойдан шығарылған мақал – мәтелдері бар қағаздар таратамын. Әркім өз ойына жақын мақал – мәтелдерді таңдайды.

Тәуекелділік – қайырымдылық жұмыс.

Қандай болмасын өтірік - күнә.

Тағдырдың жазғанынан кетпейсің.

Ақша жинасаң – жоқтық көрмейсің.

Ақша сөйлегенде – шындық сөйлемейді.

Ақылдылықпен ұрласаң да - жамандықтан құтыла алмайсың.

Бір рет ұрласаң – өмір бойы ұры болғаның.

Кім күштірек – соныкі дұрыс.

Кіммен жолдас болсаң – содан аласың.

Қашып кетсең – сенікі жөн, ал ұсталып қалсаң кінәлісің.

Оқушылар өздері таңдап алған мақалдарының мағынасын түсіндірулері керек. Бір – бірінің қандай мақалды таңдағанын табуды ұсыну.

4. «Жылан туралы аңыз» тыңдап көрейік.


Ертеде улы жылан өмір сүріпті, оның уынан бәрі қорқатын және оны жақтырмайтын. Ешкім жыланмен қарым – қатынас жасамағандықтан ол ылғи да жалғыз болатын. Бір күні жылан удан құтылудың жолын ойлап оны бір үңгірге тастап жіберіпті. Мұны көрген бүркіт оны барлық аңдарға әңгімелеп айтады. Енді жыланнан қорықпайтын болған аңдарға батылдық бітіп, олар жыланды таспен атқылап өлтіреді.
Психолог: Бұл аңыздан қандай қортынды шығаруға болады? Адамға агрессия не үшін керек? Қандай жағдайларда?
Қорытындысында оқушылар адамға агрессия өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді. Агрессия кейде адамның арын және жауының алдында өзін қорғау үшін керек.



  1. Тренинг-жаттығулар.

Мақсаты: ашу мен агрессивті энергияны бәсеңдетуге арналған жиі қолданылатын тәсілді анықтау.

Өту барысы: «Ертеде айбарлы, улы және жауыз Жылан өмір сүріпті. Бір күні оған бір данышпан кездесіпті. Оның мейірімділігіне таң қалған жылан, өзінің ашуын жоғалтып алды. Данышпан оған адамдарды ренжітпеуге кеңес береді, содан жылан ешкімге зиянын тигізбей, ақпейіл өмір сүруге бел буады. Бірақ адамдар жыланның қауіпті емес екенін білген сәтте оған тас лақтырып, құйрығынан сүйреп мазақ етті. Данышпан болған жағдайды көріп, жыланның наразылығын тыңдап, былай деді: «Қымбаттым, мен саған адмдарға жамандық пен зиян жасама дедім, бірақ мен ешқашан оларды қорқытпа деп айтқан емеспін» деген екен.

Мораль: жаман адамға немесе дұшпанға өзіңізді қорғай алатыныңызды және жамандыққа қарсы тұра алатыныңызды көрсету үшін оларға қарсылық білдіруде тұрған ештеңе жоқ. Зиян тигізбей, жамандыққа қарсы шығуға болады.

Біздің жұмыс барысында сіздер ашу және агрессияны бәсеңдететін әртүрлі «зиянсыз» тәсілдермен танысасыздар.

Жайғасып орындыққа отырыңыз. Демалыңыз, 3-4 рет демалып, көзіңізді жұмыңыз. Өзіңізді кішігірім бір көрмеде жүргеініңзді елестетіңіз. Ол жерде өзіңізге жамандық, әділетсіздік жасаған, ренжіткен, ашуыңызға тиген адамдардың суреттері ілініп тұр.

Сол көрмеде жүріп портреттерді жақсылап қарап алуға тырысыңыз. Арасынан біреуін таңдап алып, сол адамға тоқталыңыз. Сол адаммен болған қандай да бір қақтығыс жағдайды еске түсіріңіз. Өзіңізді осы жағдайда ойша түйсіну арқылы көруге тырысыңыз. Қатты ашуыңызға тиген адамға сезіміңізді білдіріп отырғаныңызды елестетіңіз. Сезіміңізді тежемеңіз, ойыңызды жеткізуде қысылмаңыз, оған ойыңыздағыны ашық айтыңыз.

Ойыңызға келгенді сол адамға жасап жатқаныңызды елестетіңіз. Өз әрекеттеріңізді тежемеңіз, сол адамға істегіңіз келген барлық әрекеттерді жасаңыз.

Егер жаттығуды аяқтаған болсаңыз, белгі беріңіз-басыңызды изеңіз. 3-4 рет демалып, көзіңізді ашыңыз. Өз тәжірибеңізбен топпен бөлісіңіз. Бұл жаттығуда не жеңіл, не ауыр болды? Не ұнады, не ұнамады? Көрмеге қоршаған адамдардан кімдер кірді? Сіз кімге тоқталдыңыз? Қандай жағдайды елестеттіңіз, ол туралы айта кетсеңіз? Жаттығу барысында жағдайыңыз қалай өзгеріп тұрды? Жаттығу басталғандағы сезім мен аяғындағы сезім несімен ерекшеленеді?

Қажет етілетін уақыт 1 сағат.


Мақсаты: агрессивті мінез-құлқымызды түрткілерді зерттеу, жағымсыз эмоцияларды сезімдер арқылы көрсету.

Нұсқау: «Сіздің әрқайсыңыз агрессияның соңы не болатынын білесіз, бірақ әрқашанда оның шынайы түрткісін түсінбейсіздер, яғни агрессияны тудыратын себептерді түсіндіре алмайсыздар. Біздің шынайы түрткілеріміз немесе ниеттеріміз бізден жасырынып тұрады. Агрессияңыздың себебеін, оны мақсатының не екенін тапсаңыз,онда сіз оның табиғатын түсінуді үйренесіз. Қазір біз осы мәселені шешуге тырысамыз.

Жұпқа бөлініп, бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыз. Ойша «жағымсыз» бейнелерге, көрмеге оралуға тырысыңыз. Кез-келген кейіпкерге баруыңызға болады. Бұл адамнан сізге не ұнамайтынын анықтаңыз, енді алдыңыздағы отырған адамды сол деп ойлап оған бәрін дауыстап айтыңыз.

Сонымен, алдыңызда сіздің шамыңызға тиетін, ашуыңызды келтіретін және сіздің ренішіңізді тудыратын адам тұр.

Сөзді мына сөйлеммен бастаңыз: «бұл адамда маған ұнамайтыны…дәл сол сөзді мынадай сөйлеммен бітіріңіз «сондықтан мен оны ұрғым келеді» және т.с.с. Сөйлемді аяқтап болғаннан кейін сөзді жұбыңызға беріңіз, сосын ол кезекпен өзінің сөзін айтып шығады».

Жаттығу аяқталғаннан соң оны орындауда болған қиындықтар талқыланады: өз сезіміңізді қай кейіпкерге көрсету қиынырақ болды, ашуды және агрессияны не тудыратынын табу оңай болды ма?

Сосын топ жаттығу барысында болған сезімдерімен бөліседі.

Керек уақыт 20-30 минут.


  1. «Ашулы шарлар» жаттығуы


Шарты: шеңбер болып тұрып, шарды үрлеп, оларды байлау.  Шарлар адам денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды жаруы керек.

  • Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды солай шығару дұрыс жолма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде болдыңдар?

  • Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

  • Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана ауасын шығарайық. Шар кішерейеді, бірақ жарылмайды. Бұл нені білдіреді? Ергер біз ашумыздыбақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

  • Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.

  1. Оқушыларға арналған кеңестер

«Стресс және одан арылу жолдары»

Мақсаты: стресстің алдын алу

«Стресстен қалай арылуға болады?»

- Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында сырыңды айтуға болады.

- Егер сен жалғыз болсаң, көпшікті не су орамалды қысып сығып таратуа болады. Өйткені барлық қысым қолдың, саусақтың иықтың бұлшық еттерінде сақталып қалады.

- Кеттен дыбыстар шығар, қысым тамақта да қалып қоюы мүмкін.

- Спорттың қандай да бір түрімен айналысу да көмек береді.

- Табиғат бізге күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтан қорғаныс ретінде жаратқан.


«Қиындыққа тап болғанда не істеу керек?» оқушыларға психологиялық кеңес


- Әлемде ешбір адам мәселесіз емес, барлығында өзіне тән қиындығы бар.

- Сабырлы болыңыз

- Өзіңе жақын адамнан көмек сұраңыз

- Сіз жалғыз емессіз

- Мәселенің оңай шешілу жағын қараңыз


  1. Тілек шамы

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

(екі шам туралы аңыз айта кету)

Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.

  1. Қорытынды:


Бүгінгі сабақты осы өлең жолдарымен аяқтағым келеді
Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегісіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға, Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен, Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтерсің, Түбі терең қуысқа?!
Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!