Сабақтың басы
Ұйымдастыру
кезеңі
10
минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал Бір түрлі кәмпит
алғандарды
1-топқа «», ал екіншісін
таңдағандарды
2-топқа «» тобына
бөлемін.
Ой қозғау
Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің
туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен
шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы
үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр
кезең болды. Құрметті қонақтар мен өскелең ұрпақ! 9 мамыр мерекесі
барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы
Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан
ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз
өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ
емеспіз.
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал Оқушылар дың пікірі
тыңдалады Оқушы: Кешегі неміс - фашист басқыншыларымен болған
қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат
елі, жері үшін жанын қиды. Оқушы: Бұл мереке әрқайсысымыз үшін
жақын да қымбат мереке. Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың
асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын
беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың
Компьютержүрегімізге жақын. Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға
қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған
үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы
тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің
мақтанышымыз, біздің даңқымыз
|
ҚБ
Мадақтау, қолдау
|
Қорапша, қима қағаздар,
стикер
|
Сабақтың
ортасы
20
минут
|
Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына
12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер
дивизиясы, 50 жеке полк батальондары қатысты. Ия, бұл Жеңіс
оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен
Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат
Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова
сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих
бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Кетпес олар естен мәңгі, Кектері
тұр кеудемізде,- Ерлік даңқы - жеңіс таңы Жарқыратып келді
бізге.
1-топ: Бауыржан Момышұлына
класстер жасайды 2-топ: Мәншүк пен Алия батыр қыздарымызға класстер
жасайды
|
Оқушы: Жүргенімде қуанышпен
қамданып, Керек – жарақ заттарымды қолға алып, Жиырма екінші
сағатында қырық бірдің Батыстан дауыл соқты долданып. Таң алдында
сағат бесті соққанда Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да, Тұтқиылдан
тыныш жатқан самарқау Шекараға келіп салды ойранды. Оқушы І. Еске
алып туған жер, ана жарын Биік ұстап абырой, намыс,
арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын. ІІ. Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым» Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын. І. Батырлықтың қашанда тұрағы –
елі Жүрегінде батырдың тұрады елі. Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.
|
Мадақтау және қолдау
көрсету.
|
Слайд
Маркер, стикер,
плакат
|
Сабақтың соңы
5
минут
|
1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей
жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс! Жеңістің туы жалтылдап, Жығылмай
мәңгі тұрады. Сол тумен өскен аршындап, Ерлердің бізбіз ұланы!
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін
толтыр.
Қандай ой пайда болды? Не сезіндім? Не
ұнады
|
Рефлексия жасайды. Сабақтан
кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған
әсерімен бөліседі
|
ҚБ. Мадақтау және қолдау
көрсету.
|
Стикерлер
қалам
|