"Жігіт сұлтаны-2021" Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жігіт сұлтаны-2021" Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жігіт сұлтаны-2021" Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара сценарий Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жігіт сұлтаны-2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара

Қатысатын сыныптар: 7,8,9,10 сынып ұлдары

( әр сыныптан екі оқушыдан қатысуы керек)

Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.

Фоновая музыка ойналып тұрады

Экран қосылып тұрады

«Испан биімен» ортаға мың бұралған бишілер шығады

Жүргізушілер фанфар әуенімен ортаға шығып сайыстың қатысушыларын сахна төріне шақырады

1 - жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!
Бармысыздар жан күйер әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салайық.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойға шаршағанды

2 - Жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.

Қазақ батырлары әуені ойналып тұрады, сол кезде жүргізушілер қатысушыларды бір біріден сахна төріне шақырады

Бірінші болыр ортаға 7 сынып оқушысы:


Екінші болып ортаға 7 сынып оқушысы:


--------------------------8 сынып оқушысы:


--------------------------8 сынып оқушысы:


--------------------------9 сынып оқушысы:


-------------------------9 сынып оқушысы:


-------------------------10 сынып оқушысы:


-------------------------10 сынып оқушысы:

Жүргізуші сайыстың бағдарламасымен таныстырады

Экранда бағдарлама көрсетіледі

Сайысымыздың бағдарламасы:

І кезең «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру. (өлең жолдарымен, домбырамен, әуен қосып таныстыруға болады)


ІІ кезең «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өз өнер көрсету сайысы.(әр түрлі өнер көсетуге болады)


ІІІ кезең «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы. (салт дәстүрге байланысты сұрақтарға дайындалу)

ІV кезең «Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру

V кезең «Шебердің қолы ортақ»-( қолөнер бұйымдарын жасап келу, жасалу жолдарын түсіндіру


VІ кезең «Сән үлгісі» Ұлттық киім үлгісі

1 жүргізуші:


Сөз тауып күн қылатын көңіл – күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
9сыныптың ер жігіті, сұлтаны
Шығарайық ортамызға Жандәулетті

Өнерменен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар ортада Нұржігітті
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан

2 жүргізуші:

Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Нүркен атты жігіт болған сарбазды

Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдауы бар ойында
Талғатұлы Қанаттай жігітті - деп сайыскерлерімізді жеребе алуға шақырайық.

І – жүргізуші: Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың
І - кезеңі
«Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру. (өлең жолдарымен, домбырамен, әуен қосып таныстыруға болады)

деп аталады. Сонымен талапкерлерімізді ортаға шақырайық.
ІІ - кезең І – жүргізуші

Жігіттің көркі - өнері
Талап кісі - мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті күні бүгінге дейін
өз құнын жоғалтқан емес. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың келесі кезеңі

ІІ кезең «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өз өнер көрсету сайысы.(әр түрлі өнер көсетуге болады)

ІІ - жүргізуші Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата - баба үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.
Енді ақыл - ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салар кез келген сияқты.
ІІІ кезең «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы. (салт дәстүрге байланысты сұрақтарға дайындалу)Бұл кезеңде жігіттеріміз сұрақтарға жауап береді.

І - жүргізуші Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың

келесі кезеңі

ІV кезең «Күш атасын танымас» - «Асық ату» және «Мергендер» сайысы



V кезең «Шебердің қолы ортақ»-( қолөнер бұйымдарын жасап келу, жасалу жолдарын түсіндіру




«Еңбек ердің – санаты, білім - ердің қанаты»- демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, Ақылды жігіт ата - анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта жігіттерді былай атаған.
«Көсем жігіт»- ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт»- дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт»- еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт»- аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса ортаға жігіттерімізді соңғы кезеңге шақырайық!

VІ кезең «Сән үлгісі» Ұлттық киім үлгісі



Қорытынды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2022
2554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі