Материалдар / "Жігіт сұлтаны" Наурыз мерекесіне орай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жігіт сұлтаны" Наурыз мерекесіне орай

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Жігіт сұлтаны сайысының сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
114
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.Наргиза: Құрметті ата — аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!

Ал балалар тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық,
Думандатып, би билеп,
Әнмен күйді төгілдіріп,
Інжу — маржан шашайық,
Келген қонақ таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!

Құрметті, көрермен 2 «А» сыныбында өткелі отырған «Жігіт сұлтаны» байқауына қош келдіңіздер!


2.Сезім: Армысыздар, ағайын, құрбы құрдас!

Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.

«Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп «Жігіт Сұлтаны» байқауын ашық деп жариялаймыз.

Енді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.«Таныстырсам өзімді ...»

2.«Күш атасын танымас»

3.«Білімді мыңды жығады»

4.«Өнерлінің өрісі кең»

5.«Батаменен ел көгерер»

Жігіттер келіп қалды танысуға,


3.Жансая: Бойындағы бар дарынды дамытуға.

Кезекпенен сахнаға келіп жетті,

Әдеп сақтап сіздермен танысуға.

Бірінші кезең «Таныстырсам өзімді ...», таныстырумен қатар ұлдарымыз жеті атасын айтады.

4.Кәусар:

Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Жадыраған өмірде,
Айтылады жырымыз.

Наурыз мерекесіне арналған жырларымызды оқиық.

Жансая:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Аяна

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Гүлімжан

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Даяна

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан наурыз.

Раяна

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін наурыз.


5.Даяна:

Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі кезеңі «Күш атасын танымас». Бұл кезеңде жігіттеріміз біздің нұсқауымыз бойынша білек күшін сынасады. Ұпай жеңіске жеткен сайыскерге ғана қосылады. Әр күш сынасудың жоғары балы-2 ұпай


Наргиза: Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Наргиза

Наурыз айы келгенде,

Күн шуағы шашылып.

Жылғалардан су ағып,

Ақ әжелер құлпырып.

Наурыз көже пісіріп,

Қонақтарға тартамыз.

Инара

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

Сезім

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Әмина

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты

Аиша

Наурыз тойым, Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Кәусар

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

6.Әмина:

Жайнатады гүл — гүлді,
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.

Қыздардың «Гүлдер» биін тамашалайық.

7.Аяна:

Ей, Жігіттер!
Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

Жігіттеріміздің өнерлерін, білек күштерін сынадық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын , ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды меңгеруін сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі кезең «Білімді мыңды жығады». Бұл кезеңде жігіттеріміз қазақы ұлттық салт-сана жоралғылар бойынша қойылған 2 сұраққа  жауап береді. Ендеше бастаймыз!

8.Аиша:

Көктем келді, балақай,
Жасарды қыр, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Сынып қыздарының «Дастархан» әнін қабыл алыңыздар.

9.Раяна:

«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.

10.Гүлімжан: Олай болса келесі кезеңіміз «Өнерлінің өрісі кең». Бұл кезеңде жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетіп сайысқа түседі.

Ата бабамыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бекер айтпаған. Бата адамдарға ізгі жақсылықтар тілейді.Жас үлкен адам береді.

Олай болса сайыскерлер өздері жаттаған баталарын ортаға салады.

11.Инара:

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ-қазыларға берейік. (Әділ-қазылар марапаттайды)

12.Даяна:

Құрметті сайыскерлер,оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» байқауына келіп қатысып, тамашалағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Жүлделі орынға ие болған жгіттерімізді құттықтаймыз! Сау саламатта болыңыздар!

Бәрі бірге:

Көріскенше! Қош сау болыңыздар!


 


Сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз.

Жауап: 1. Ер жігіт 2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім 4. Жүйрік ат 5. Қыран бүркіт 6. Берен мылтық 7. Жүйрік тазы.

Сұрақ: Ер қаруы бес қаруды атаңыз.

Жауап: 1.Айбалта 2.Садақ 3.Қылыш 4.Найза 5.Шоқпар

Сұрақ : Бес асыл іс пен бес дұшпанға нелер жатады?

Жауап: Бес асыл іс-талап,еңбек терең ой,қанағат,рахым

Бес дұшпан-өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,қанағатсыздық (яғни бекер мал шашпақ)

Сұрақ : Үш бәйтеректі атаңыз.
Жауап: Бейімбет Майлин,Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров

Сұрақ : Қазақтың қандай ұлтық ойындарын білесің?        

Жауап: күрес,ат жарыс,аударыспақ,жамбы ату т.с.с

СұрақҚазақтың қандай ырым мен тыйымдарын білесің?

Жауап: Бос бесікті тербетпе!,Табалдырыққа тұрма!,Үйге кірген жыланды өлтірмейді!т.б

СұрақБата деген не?

Жауап: Бата адамдарға ізгі жақсылықтар тілейді.Жас үлкен адам береді.Әумин сөзімен аяқталады.

СұрақХалқымыздың ұлы мерекесі туралы айтып берсең?!

Жауап: Наурыз мерекесі.22 наурыз күні күн мен теңеледі.Көктемде өтеді.Көріседі т.с.с

Сұрақ: Айдар деген не?

Жауап: Ер баланы тіл - көзден сақтау үшін қойылатын шаш

Сұрақ Байғазы деген  қандай дәстүр?

Жауап: «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

Сұрақ Бір отбасындағы туыстық атаулар?

Жауап: Ата, әже, әке, ана, апа, аға, іні, сіңлі, қарындас, әпке, бауыр.

Сұрақ: Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен?

Жауап: Қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би.

Сұрақ: Ұлттық ойындардың түрлерін ата.

Жауап: Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу, көкпар.

Сұрақ: Төрт түліктің пірін атаңыз.

Жауап: Түйе пірі— Ойсыл қара, жылқы пірі— Қамбар ата, сиыр пірі— Зеңгі баба, қой пірі Шопан ата, ешкі пірі— Шекшек ата.

Сұрақ: Ұлы ақын.

Жауап: Абай Құнанбаев

Сұрақ: Екінші ұстаз кім?

Жауап: Әбу —Насыр Әл —Фараби













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!