Материалдар / Жігітке жеті өнер де аз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жігітке жеті өнер де аз

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
595
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 5,6,8 -сынып оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1.
2.

3.

4.

5.
2 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Қазақ тілі мұғалімі: Ильмбаев Құсайын Өмірбекұлы
2. Тарих пәнінің мұғалімі: Алимбаев Жәнібек Абрахимұлы
3. Мектеп психологы : Смагулов Бекзат Рамазанұлы

1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» сұрақ – жауап сайысы.
ІV бөлім «Ақылына күші сай» жерден тартылу сайысы.
V бөлім «Тығырыққа тірелгенде» картоп аршу.

V І бөлім «Ролдерге ену»

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің бар да жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Өлең оқып, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай -ақ жан салыпты.

1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.




1 – кеспе қағаз.
1. 6-ның квадраты нешеге тең?
2. Садақтың оғы және садақтың қабы қалай аталады? /жебе, қынап/
3. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

4. Жылқының өсуіне қарай әр жаста қалай аталады?

Құлын-1жас, жабағы- жүні түспеген 1 жас, тай-2жас, құнан, дөнен, бесті.
2– кеспе қағаз.
1. 3 санының кубы нешеге тең?( 27)
2. Жеті атаны ата
3. Түйенің пірі? (Ойсылқара)

4. Сетер ат қандай ат? /құлыннан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат./
3– кеспе қағаз.
1. 8 санының квадраты нешеге тең?( 64)
2. Үш жұртты ата
3. Қой пірі? (Шопан ата)

4. Екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер қалай аталады? /Ашамай/
4– кеспе қағаз.
1. 5+5+5+5+5+5 нешеге тең?
2. Тозып кеткен ел-жұртын

Тегіс жиып алады.

Тентегі мен телісін

Түзетіп жөнге салады.

Атасы мен анасын

Боз биенің сүтіне

Шомылдырып алады.

Әкесін таққа мінгізіп,

Сыртынан өзі қарады.

Жоғарыдағы жырдан үзінді қандай батырдың ерлігі суреттелген? /Алпамыс/
3. Сиыр пірі? (Зеңгібаба)

4. Бес қаруды ата /садақ,мылтық,найза,қылыш,айбалта/
5– кеспе қағаз.
1. Кез келген санды 1-ге көбейткенде ...шығады.
2. 25 жыл әскерде болған және «Жаным – арымның садағасы», халқым үшін қасықтай қаным пида деген батыр жазушы кім? /Бауыржан Момышұлы/
3. Жылқы пірі? (Қамбарата)

4. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын , 1836 ж шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы кім? /М. Өтемісұлы/


Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Жерден тартылыс» өткізіледі.

1 – жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. Жігіттеріміздің бұл тығырықтан қалай шығатындарын тамашалайық. /Картошка аршу/
Жігіттің көркі өнері

Талап – адам мұраты

Өнер қалмақ артында

Дүниенің өшпес шырағы

V І бөлім «Ролдерге ену»

2 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, Мөлдірдің әнін тыңдасақ. Қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
















1 – кеспе қағаз.
1. 6-ның квадраты нешеге тең?
2. Садақтың оғы және садақтың қабы қалай аталады?
3. Қазақтың үш биін ата?

4. Жылқының өсуіне қарай әр жаста қалай аталады?

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------


2– кеспе қағаз.
1. 3 санының кубы нешеге тең?
2. Жеті атаны ата
3. Түйенің пірі?

4. Сетер ат қандай ат?

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3– кеспе қағаз.
1. 8 санының квадраты нешеге тең?
2. Үш жұртты ата
3. Қой пірі?

4. Екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер қалай аталады?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4– кеспе қағаз.
1. 5+5+5+5+5+5 нешеге тең?
2. Тозып кеткен ел-жұртын

Тегіс жиып алады.

Тентегі мен телісін

Түзетіп жөнге салады.

Атасы мен анасын

Боз биенің сүтіне

Шомылдырып алады.

Әкесін таққа мінгізіп,

Сыртынан өзі қарады.

Жоғарыдағы жырдан үзінді қандай батырдың ерлігі суреттелген?
3. Сиыр пірі?

4. Бес қаруды ата

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5– кеспе қағаз.
1. Кез келген санды 1-ге көбейткенде ...шығады.
2. 25 жыл әскерде болған және «Жаным – арымның садағасы», халқым үшін қасықтай қаным пида деген батыр жазушы кім?
3. Жылқы пірі?

4. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын , 1836 ж шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы кім?


--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!