Материалдар / "ЖІГІТТІҢ ДЕНІ САУ БОЛСА-СОЛ ДӘУЛЕТ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ЖІГІТТІҢ ДЕНІ САУ БОЛСА-СОЛ ДӘУЛЕТ"

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сәуір денсаулық күніне арналып жасалған ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2018
798
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жігіттің дені сау болса- сол дәулет»

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық:
- жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру

Тәрбиелік: денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға,
тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Даналық сөздер, слайдтар, бейнеролик

Барысы:

1. Баяндама

2. Шағын әдеби-монтаж

3. нақыл сөздер

4. Денсаулық жайлы мақал-мәтелдер (бейнеролик)

5. Бейнеролик

1.Баяндама

7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту  1948 жылдың 7 сәуірінен басталған.  Жер бетіндегі барша ұлт пен ұлысқа ортақ бұл күн  өз елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері аталып келеді. Аталған күнді көктемнің дәл осы күні атап өту бекерден-бекер емес, себебі сәуір көктемнің ортасы болса, бұл табиғаттың жаңғыру кезеңі. Яғни, өткен-кеткен қателіктерді қайталамай, барлығын жаңадан бастағың келеді.

Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара. Жыл сайын Денсаулық күні ерекше назар аударылатын, нақты бір жаһанды проблемаға арналады. Денсаулықты сақтауға байланысты адамзат алдында өткір тұрған мәселелер көп: қоршаған ортаның ластануынан, қозғалыстың аздығынан, зиянды әдеттердің кең таралуынан туындап отырған дерттер, басқа да мәселелер бар.

Биыл Денсаулық күні «Жақсы денсаулық өмір жасыңызды  ұзартады» ұранымен өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ жасау үшін егде жастағы ерлер мен әйелдерге толыққанды өмір сүріп, отбасы мен қоғамның  белсенді мүшесі болатынына  көңіл бөлуге шақырады.

Бүгінгі таңда қазіргі заманғы технологиялар және көптеген адамдардың өмір сүру деңгейі денсаулықты сақтауға, өмір сүру сапасын және ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда, созылмалы инфекциялық аурулардың (жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпе ауруы, обыр және қант диабеті) профилактикасы, геронтология саласында медицина қызметкерлерін және халықты жеткіліксіз ақпараттандыру орын алады. Көп ретте проблема адамдардың өз денсаулығына жауапсыз қарауынан, оны сақтау мен нығайту тәсілдері туралы жеткіліксіз ақпараттың, немесе сапалы медициналық көмекке қол жетімділігінің болмауынан болады.

Денсаулық күнінің аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар (мекемелерде, оқу орындарында, мектептерде, балабақшаларда) ұйымдастырылып өткізілуде.Денсаулық күніне арналған іс-шаралар барлық балабақшаларда, мектептерде аталып өтілуде. Сондай-ақ мемлекеттік орындарда, бюджеттік мекемелерде және халықтың көп шоғырланатын орындарында тұрғындардың қан қысымын өлшеу жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Жер бетіндегі барша халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында құрылған ұйымның жарғысы 1948 жылы 7 сәуірде қабылданып, бұл күн «Дүниежүзілік денсаулық күні» болып бекітілген болатын. Денсаулық күнін жыл сайын атап өту дәстүрі 1950 жылдан басталды. Атаулы күн адамзат баласына денсаулықтың басты байлық екенін ұғындыру және әлем халықтарының сау денелі болуы үшін маңызды шешімдер қабылдау мақсатында аталып өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы көкейтесті мәселелердің біріне арнап келеді. 2017 жылғы  денсаулық күнінің тақырыбы «Күйзеліспен күрес» деп аталып отырғанын ДДҰ-ның ресми сайты хабарлады. 2017 жылдың 31 наурызындағы дерек бойынша, жер бетінде 300 млн. астам адам күйзеліске ұшыраған екен. Бұл 2005-2015 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда 18%-ға артқан. Сондықтан да аталған халықаралық ұйым қоғам болып күйзеліске түскен жандарға қолдау көрсетіп, олардың тығырықтан шығуына көмектесуге шақырады.Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 1992 жылдың 19 тамызында 180-мүше мемлекет болып тіркелген болатын. Географиялық тұрғыдан еліміз ДДҰ-ның Еуропалық аймағына кіреді. Еліміздің ширек ғасыр тарихында денсаулық сақтау саласы бойынша жеткен жетістіктері мол. Оған дәлел – еліміздегі орташа өмір сүру жасының 2010 жылғы 68,45 жастан, өткен жылғы көрсеткіш бойынша 71,62 жасқа жетуі. Ал, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы негізінде еліміздегі орташа өмір сүру жасы 2020 жылы 73-ке дейін барады деп жоспарланып отыр.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жолға қойылмақ.Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты, 5 сәуір мен 31 маусым аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау керек» деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева.

ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиеваның айтуынша еліміз 2019 жылы электронды медицинаға тұтастай көшпек.


1-жүргізуші: Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
 Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
 -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты.

Слайд. «Тазалық – денсаулық кепілі.»

2-жүргізуші: Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын-салауатты өмір салтын сақтау.
Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді                            қоректену керек..
» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.
» Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

1-жүргізуші: -Елбасының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауында денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген, Қазақстандықтар  спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын. Дәрі-дәрмектердің 50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген. Бұл-үкіметіміздің ұрпақ денсаулығына қатты көңіл бөліп отырғандығы.7-сәуір–Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі. Бұл күні барлық халықтар осы айтулы мерекені атап өтеді.

2-жүргізуші:   - «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Слайд. Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.


Мектебіміздің дәрігері Мамыр ағайға сөз берсек


1-жүргізуші: Ендігі кезекте оқушылардың шағын әдеби-монтажы

1-оқушы:

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі

2-оқушы:

Спорт деген денсаулықтың кемесі,

Спорт деген асар шыңның белесі.

Спорт деген біле білсең достарым,

Жан мен тәннің, сұлулықтың төресі

3-оқушы:

Спорт қалған емес қазақ қазақ болғалы,

Денсаулықтың құлпысы деп ұғынамыз ал дағы

Салауатты өмір салтын біз бен сіздер ұстанып,

Желбіреген қазақ туын көтерейік жоғары!

4-оқушы: Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

5-оқушы: Денсаулықтың кепілі.

Жаттығу мен шынығу.

Әрбір жастың үлесі,

Жастайынан шынығу.

6-оқушы: Шымырлықпен денсаулық,

Жаттығумен келеді.

Жалқау болмай әрдайым,

Шынығайық үнемі.

7-оқушы: Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай

8-оқушы: Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.

2-жүргізуші:Ескірмейтін есті сөз. Нақыл сөздер атадан балаға сонау ерте замандардан бері айтылып, ұрпақтан – ұрпаққа сұрыпталып, беріліп келеді.Құмнан шайып алған алтын түйіріндей тарих сүзгісінен шыққан сол асыл ойлы, айшықты сөздерді әрқайсысымыздың білуіміз керек.

Енді сол даналарымыздың қалдырған нақыл сөздерді айтып көрсек

  • Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақытта қонбайды.

Жүсіп Баласағұни.

  • Бас аман болса, бөрік табылады. Қорқыт ата

  • Жігіттің дені сау болса,сол – дәулет. Құтып.

  • Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді. Саир Сараии

  • Түсіне қарама, ісіне қара. Махмуд Қашқар

  • Шешен кісі сөзбастар

Адал кісі – ел бастар. Жамбыл Жабаев

Нақыл сөздермен қатар жүретін денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерге де құлақ түре кетейік.

Денсаулыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдер бейнеролик

1-жүргізуші: - "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле. Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
-  Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің.

2-жүргізуші:     -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

Слайд   «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы
. Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)

1-жүргізуші: :- Халық даналығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақтарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген.Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайдаболды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар:  «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

2-жүргізуші: Адам денсаулығына жақын не деп ойлайсыңдар балалар ?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.
не деп ойлайсыңдар ?
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)

Слайд. Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор
1-жүргізуші:Қорытынды: Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!