«Жіп сурет» технологиясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жіп сурет» технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жіп сурет» технологиясы Сурет салу өнері – жер бетіндегі өнердің ең көне түрі. Өнер тарихына үңіліп қарасақ... Алғашқы қоғам даму кезіндегі суретшілер әр түрлі бұйымдар мен жануарларды, тіпті адамдар бейнесін аса шеберлікпен тас бетіне немесе сүйекке қашап, ою арқылы айқын сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петроглифтер бұған дәлел. Қазақ халқының көне қолөнерінің даму тарихы Андронов мәдениетінен басталғанын Доспай тауларынан тасқа түсірілген суреттер және Ұлытаудан табылған керамика шынылары дәлел бола алады. Ертедегі тіршіліктің табиғатынан сыр шертетін суреттер әлемнің түкпір-түкпірінен табылып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жіп сурет» технологиясы

Сурет салу өнері – жер бетіндегі өнердің ең көне түрі. Өнер тарихына үңіліп қарасақ...

Алғашқы қоғам даму кезіндегі суретшілер әр түрлі бұйымдар мен жануарларды, тіпті адамдар бейнесін аса шеберлікпен тас бетіне немесе сүйекке қашап, ою арқылы айқын сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петроглифтер бұған дәлел.

Қазақ халқының көне қолөнерінің даму тарихы Андронов мәдениетінен басталғанын Доспай тауларынан тасқа түсірілген суреттер және Ұлытаудан табылған керамика шынылары дәлел бола алады. Ертедегі тіршіліктің табиғатынан сыр шертетін суреттер әлемнің түкпір-түкпірінен табылып отыр.

Осылай тараған көне өнердің бір түрі –жіппен сурет салу. «Жіп сурет техникасын халық арасында «жіп графикасы» немесе «жіп дизайны»деп те атайды.

«Жіп сурет» техникасымен жұмыс жасау сәндік - қолданбалы өнер түріне жатады. Бұл өнер көне заманнан бері қарапайым еңбек құрал жабдықтарын пайдаланып, шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын қолөнер өндірісі екендігі белгілі.

Сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп эстетикалық сапаларға ие, өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын заттармен, суреттерді, көркем туындыларды айтамыз. Сонымен бірге сәндік өнерді меңгеру нәтижесінде оқушылардың бойында өзінің ұлттық мәдени тарихына үңілуге, этнографиялық ерекшелігін білуге ынталандырып, ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып, жалпы өнерге деген құрмет сезімі пайда болады.

«Жіп сурет» өнерінің тарихына үңілсек, бұл өнердің түрі алғаш рет XVI шы – ғасырда тұманды Альбионда, яғни Ағылшын елінде пайда болған. Ағылшын тоқымашылары тақтайшаларға белгілі бір жүйемен шегелер қағып, сол шегелерге жіптерді керіп, орап байлаған. Нәтижесінде шілтерленген әдемі сурет өрнектері шыққан. Сол суреттерін үй ішін безендіруге пайдаланған. Тарихта бұл суреттер тоқымашылардың матаға салатын өрнектерінің эскизі деген де болжам бар.

«Жіп сурет» әдісімен қазіргі кезде декоративті паннолар, открыткалар, әдемі түрлі суреттер салып, сувенир қаптар, кітап арасына салатын белгілерді (закладка) безендіреді. Бұл әдіспен жұмыстану кезінде, өрнектер тез орындалып, ойдан шығармашылық бағытта түрлі сурет ойлап шығару қасиеті дамиды. Әр түрлі, әр түсті жіп түрлерімен ізденіс жұмыс түрлерін орындап жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып отыруға болады.

Үйрену жолдарының негізі болып жіппен схема арқылы ;

а) бұрыш; в) доғал; б) шеңбер; г) сопақша денелерін тігу





«Жіп сурет» техникасымен тігуге қажетті құрал- жабдықтар: Жұмысты тігіп үйрену барысында жұмыстың фоны ретінде түрлі – түсті қатты картон, былғары, барқыт қағазы, керілген бір түсті мата, CD дискілерін, пластика тақтайшаларын пайдалануға болады;


Жіптің түрлері: шарғы жіп, ирис, мулина, гарус, жүн жіп, алтын, күміс түсті люрекс жіптерін пайдалануға болады. Сонымен бірге қайшы, желімді лента, пенопласт тақтайшасы керек болады. Сызғыш түрлері, бұрыш, шеңбер трафареттері, лекал түрлері, шаблондар;

«Жіп сурет» техникасын салу, тігу жолдарын меңгере отырып көптеген нәтижелерге жетуге болады. Оқушының жігерлік сапасы, яғни жұмысты аяғына дейін жеткізу және өз

қолымен тігілген суреттерге қарай отырып сүйсіну сезіміне бөлену, логикалық ойлау, көзбен өлшеу қасиеті, бейненің конструктивті бөлігін көре білуіне т.с.с қасиеттерінің дамуына зор әсер етеді.

Схема салу жолдарын және түстерді сауатты меңгерсе, тіпті көркемдік біліктілігі жоқ адамның өзі көлемді композиция салып, тіге алады.

Болашақта осындай композициялармен үй ішін, мектеп дәліздерін немесе офистерге арналған безендіру жұмыстарына пайдалануға болады. Бұл туындылар адамдарға жақсы көңіл күй, әдемі сезімдер силайды.

Эскиздік жұмыстар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2022
909
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі