«Бекітемін»
Директордың ОТІЖ
орынбасары
_________________ Бисенгалиева
Э.К.
«________» ______________
20____ж
Тәрбие
сағаты:
«ЖИТС- қатерлі
дерт»
Дайындаған: №78 топ
жетекшісі
Ж.Ж.Ихсанова
2022-2023 оқу
жылы
Мақсаты: Студенттерге
ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның
зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің
залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға
шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың
сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты
жауапкершілітерін орнықтыру.
Көрнекіліктері: интерактивті
тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл
сөздер.
ЖИТС
(СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС –
ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды.
Яғни адамның қорғаныш қабілетін
төмендетеді.
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш
20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81
жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан
иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома
Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын
адамдар.
1982 жылы
ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы
француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы
туралы алғашқы мәлімет айтты.
1981 жылы
Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша
гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа
түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың
көбеюі үреймен баяндалған.
Осыдан соң
олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен
өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС
еді.
Бұл
аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның
иммунитет тапшылық вирусы) деп
белгіленеді.
ЖИТС –
бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге
жеткізетін кесел.
ЖИТС-пен
ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы
уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол
сақтану, алдын алу.
Есірткі
қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу
инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен
гепатит осылай тарайды.
Алтауы (бірге):
Ей,
ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық
құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы
қуатыңды жоғалтып
Жақсы
үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты
өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа
нық қадам бастаңдар!!!
Денсаулық
тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат
қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне,
біліміне байланысты.
Жер
үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен
мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына
байланысты.
Салауатты
өмір салтын қолдайық!
Әдеттен
жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің
өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген
гүлдей болып солмайық! – деп жастарды салауатылыққа шақыратын
«Болашақ» тобымен таныс болайық.
Тобымыздың аты –
«Болашақ»,
Келгеніміз жоқ жай
бірақ.
Денсаулығымызды
қорғауға
Шықтық біз де топ
құрап.
Кілең сайдың
тасындай
Сегіз ұланнан
тұрамыз.
Сөз сөйлейміз
жасындай,
Осындай топ
боламыз.
Иманыңды,
дидарыңды
Тазалап ал,
қазағым,
Ұрпақтарың,
ұл-қыздарың
Түзу бассын қадамын! – деп
келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген «Денсаулық» тобын
ортаға шақырайық,
Салем бердік
қауымға,
Үлкен- кіші
ауылға.
«Денсаулық»
тобымызды
Таныстырдық
баршаға.
Зиянды әдеттерден
озбайтын,
Жамандыққа
бармайтын,
Салауатты өмір салтын ұран
ғып,
Баршағымызға келіп
тұрмыз.
Жігерің бар, талабың бар,
қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар
талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең
тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын,
– дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер,
денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын
табуға кезек берейік. (Екі топ кезек-кезекпен
айтады).
Амина: Болашақ
тобына
Ауырып ем іздегенше ,
(Ауырмайтын жол ізде )
Денсаулық
тобына
Шылымқор өзін ғана емес,
(өзгелерді де улайды)
Болашақ
тобына
Темекінің көк түтіні (Екі
өкпеңді ыстайды)
Денсаулық
тобына
Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста
арақ пен шылымды)
Болашақ
тобына
Ішпеген, шылым тартпаған –
(Денсаулығын сақтаған)
Тест «Сіз
ЖҚТБ туралы не білесіз?»
«Д» –
дұрыс, «Қ» – қате1 ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Д
Қ
2. Жұртшылық пайдаланатын дәретханада
ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Д Қ
3. Күре
тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін
пайдаланбауға тиісті. Д Қ
4.
ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты
тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д
Қ
5. Егер
мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату
керек. Д Қ
6. Егер
сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға
болады. Д Қ
7.
Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін колледжде талқылау – дұрыс идея. Д
Қ
8. ЖҚТБ-ны
вирус қоздырады. Д Қ
9. ЖҚТБ
қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Д Қ
10. ЖҚТБ
денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Д
Қ
Сіз ЖҚТБ
туралы не білесіз? тестінің дұрыс жауаптардың
тізімі
1.
ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті
Қ
2.
Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады.
Қ
3. Күре
тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін
пайдаланбауға тиісті Д
4.
ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты
тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес.
Д
5.
Егер колледжде біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен
тоқтату керек. Қ
6. Егер
сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға
болады. Қ
7.
Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін колледжде талқылау – дұрыс идея. Д
8. ЖҚТБ-ны
вирус қоздырады. Д
9. ЖҚТБ
қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Қ
10. ЖҚТБ
денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады.
Қ
Оқытушының
сөзі:
Міне, студенттер ауруды
жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол
іздейік!».